2.5 Автоматтандырудың функционалдық сұлбасы
Сепарациядан кейіінгі газ шығынын бақылау көп параметрлі датчик -
Yakogava массалық шығынөлшегішімен жүзеге асады, одан кейін сигнал
шығын өлшеу датчигіне келіп түседі, одан кейін қашықтан берілетін
құрылғыға, содан соң унифицирленген сигналға түрленіп Honeywell
контроллерінің AI келеді.
Негізгі
жобалау
құжаттарының
негізгілері
технологиялық
қондырғыларды автоматтандырудың фунциялық құрылымы мен көлемінің
функционалдық схемасы болып табылады. Схема шартты белгілердің
көмегімен бейнеленген сызба болып табылады: басқару органдары,
автоматтандыру құралдары, Технологиялық жабдықтар, коммуникациялар.
Сонымен қатар схемада технологиялық жабдықтар мен автоматика
элементтері арасындағы байланыс көрсетіледі.
Қосалқы жабдықтар мен құрылғылар, қорек көздері, жалғау қораптары
және АФС-дағы басқа да монтаждық элементтер көрсетпейді. Технологиялық
процесті автоматтандырудың функционалдық схемасын әзірлеу кезінде келесі
міндеттер шешілді:
– жабдықтың және технологиялық процестің жай-күйі туралы ақпарат
алу;
– технологиялық үдеріске әсер ету және оның параметрлерін
тұрақтандыру үшін атқарушы механизмдерді басқару;
– жабдықтың техникалық жағдайын бақылау және технологиялық
процесс параметрлерін тіркеу.
АФС әзірлеу ГОСТ 2188–2013 және ГОСТ 21.408-93 бойынша
жасалынды. Сонымен қатар ANSI/ISA стандартына сәйкес жасалынды.
33
Жоғары қысымдағы шикі мұнайды ілеспе заттардан бөлу
технологиялық үрдісін автоматты басқару жүйесінде техникалық база ретінде
CPU 314C-2PtP орталық процессоры бар Honeywell бағдарламалық логикалық
контроллері алынған. Бұл жүйенің төменгі деңгейінде ақпаратты жинау және
оны контроллерге қолжетімді түрге түрлендіруді қамтамасыз ететін
датчиктер, түрлендіргіштер қолданылады, сонымен қатар басқару объектісінің
жағдайы туралы ақпаратты оператордың қабылдауына ыңғайлы түрде
көрсетіп тіркеу үшін әртүрлі екіншілік құралғылар да бар. Басқару жүйеснің
негізгі қызметі ЖҚ F-201 сепараторындағы қысымға тәуелді газ шығынын
реттеу болып табылады. Бұл режим сепаратордың жоғары деңгейіне қысымды
беруді реттеу арқылы жүзеге асады, яғни шығынды реттеу ЖҚ F-201
сепараторындағы қысымға және тазалауға келетін қоспа шығынына тәуелді.
Ақпаратты жинау, түрлендіру және көрсету үшін келесі құрылғылар мен
жабдықтар қолданылады:
– ЖҚ F-201 сепараторындағы қысымды бақылау Honeywell
контроллерінің аналогты сигнал AI кіріс модуліне келіп түсетін, 4-20мА
унифицирленген шығыс сигналы бар қысым өлшеуге арналған Rosemount
5400 радарлы деңгей өлшейтін түрлендіргіштер көмегімен жүзеге асады;
– келіп түсетін мұнай температурасын бақылау температура өлшеуге
арналған Yakogava біріншілік электрлік түрлендіргіштерімен жүзеге асады,
одан кейін сигнал қашықтықтан беру құрылғыларына келіп түседі, содан соң
унифицирленген сигналға түрленіп Honeywell контроллерінің AI келеді;
– келіп түсетін мұнай деңгейін бақылау үшін SITRANS LR-400 радарлы
деңгейөлшеуіші таңдалған, сигнал деңгей өлшеуге арналған құрылғыға
беріледі, одан кейін қашықтан берілетін құрылғыға, содан соң
унифицирленген сигналға түрленіп Honeywell контроллерінің AI келеді;
– сепаратордағы мұнайды бақылау SITRANS LR-400 радарлы
деңгейөлшегішімен жүзеге асады, содан кейін сигнал деңгей өлшеуге
арналған құрылғыға беріледі, одан кейін қашықтан берілетін құрылғыға,
содан соң унифицирленген сигналға түрленіп Honeywell контроллерінің AI
келеді;
– сепарациядан кейінгі газ қысымын бақылау Rosemount қысым
датчигімен жүзеге асады, одан кейін сигнал қысым өлшеу датчигіне келіп
түседі, одан кейін қашықтан берілетін құрылғыға, содан соң унифицирленген
сигналға түрленіп Honeywell контроллерінің AI келеді;
|