«Әлеуметтік педагогика» пәні бойынша
магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М020 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша
кадрларын даярлау
шифр білім беру бағдармалар тобы
|
|
3. Тест мазмұны: Тестіге «Әлеуметтік педагогика» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
|
Тақырыптың мазмұны
|
Тапсыр
малар саны
|
Қиындық деңгейі
|
1
|
Әлеуметтік педагогика, оның пәні, міндеттері
Әлеуметтік педагогика - жалпы педагогиканың құрамдас бөлігі. Әлеуметтік педагогиканың мақсаты, міндеттері, қызметі, қолданбалы міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы. Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары.
|
3
|
(C)
|
2
|
Әлеуметтік педагогиканың негізгі қағидалары
Әлеуметтік педагогикадағы қағидалар ұғымы және олардың мәні. Әлеуметтік педагогиканың қағидаларының жалпы сипаттамасы: табиғатқа сәйкестілік, тұлғалық тұғыр, гуманизм, мәдениетке сәйкестілік, кәсібилік және әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің өзара байланысы.
|
3
|
(C)
|
3
|
Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс және оны жетілдірудің жолдары
Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс ұғымы, мәні мен мазмұны. Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің негізгі компоненттерінің сипаттамасы: ішкі және сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдеріс.
|
3
|
(C)
|
4
|
Тұлғаның әлеуметтік қалыптасу педагогикасы
Әлеуметтендіру - әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде. Баланың әлеуметтік дамуының көздері. Әлеуметтік дамудың қозғаушы күштері.
|
2
|
(В)
|
5
|
Әлеуметтендіру факторлары
Мемлекет, этнос және ұлт, менталитет. Әлеуметтік құрылым және қоғам. Әлеуметтендірудің факторлары: мегафакторлар, макрофакторлар, мезафакторлар, микрофакторлар.
|
3
|
(A)
|
6
|
Бейімделу, дезадаптация және реадаптация
Тұлғаның әлеуметтік дамуындағы бейімделудің рөлі. Дезадаптация ұғымы, оның алдын алу және жеңу жолдары. Реадаптация ұғымы.
|
1
|
(B)
|
7
|
Балалар, жасөспірімдер және жастардың дамуындағы әлеуметтік ауытқулар
Адамның әлеуметтік дамуындағы қалып және патология. Әлеуметтік ауытқулардың себептері.
|
1
|
(B)
|
8
|
Девиантты және делинквентті мінез-құлық
Девиантты мінез-құлық ұғымы, оның түрлері. Делинквентті мінез-құлықтың сипаттамасы.
|
2
|
(B)
|
9
|
Отбасы тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың ортасы ретінде
Отбасының әлеуметтік-мәдени ортасы. Отбасының тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттыру жолдары.
|
2
|
(A)
|
10
|
Көше тәрбиелеу ортасы ретінде
Көше тәрбиелеу факторы ретінде. «Көше баласы» ұғымы. Көше балаларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс.
|
2
|
(A)
|
11
|
Өмірлік қиын жағдайлар және оған кезіккен балалардың орнығуы
«Өмірлік қиын жағдайлар» ұғымының мәні және олардың типологиясы. Өмірлік қиын жағдайларға кезіккен балалардың сипаттамасы.
|
2
|
(B)
|
12
|
Пенитенциарлы мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мәселелері
Пенитенциарлы мекемелердегі жұмыс түрлері мен ерекшеліктері. Пенитенциарлы мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері.
|
2
|
(B)
|
13
|
Әлеуметтік-педагогикалық виктимология
«Виктимділік» ұғымы және оның түрлері, формалары. Әлеуметтендірудің және әлеуметтік тәрбиенің құрбаны болған балалардың ерекшеліктері.
|
2
|
(A)
|
14
|
Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекеті мен педагогикалық мәдениеті
Кәсіби іс-әрекеттің факторлары. Тұлғаның кәсіби деформациясы: ұғымы, мәні, мазмұны.
|
2
|
(B)
|
Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны
|
30
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары «Әлеуметтік педагогика» пәні бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалын қамтиды.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);
орташа (B) – 12 тапсырма (40%);
қиын (C) – 9 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл беріледі, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика.: Оқулық. - Алматы, 2012. -272 б.
2. Мардахаев Л.В., Беркімбаева Ш.К., Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Тастемірова Л.Ө., Майғаранова Ш.М., Абаева Ғ.А., Колумбаева Ш.Ж. Әлеуметтік педагогика. Оқулық. –Алматы. - 2011. - 300 б.
3. Айтбаева А.Б. Әлеуметтік педагогика негіздері./оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 165 б.
4. Нұрмұхаметова Р.Ә., Баярыстанова Э.Т. Н 86 Әлеуметтік педагогика: Оқу құралы. – Ақтау: Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, 2010. – 79 бет.
5. Дуйсенбекова Ш. Әлеуметтік педагогика./Оқу құралы. Семей: Семей мемлекеттік педагогикалық институт. 2010. – 81 б.
6. Қабекенов Ғ.У. Есенбаева Б.Ә. Әлеуметтік педагогика тарихы. Алматы, 2011.
Достарыңызбен бөлісу: |