191
лыпқа түсіруде З. Ахметов, Қ. Шəріпов, Қ. Қанафиева тəрізді
зерттеушілердің осы елуінші жылдары жазылған еңбек-
терінің де рөлі болғанын атап айтамыз
75
.
1958 жылы аудармашылардың Алматыда болып өткен
кеңесі тек республика жұртшылығы үшін ғана емес, бүкіл
түркі тілдес туыс халықтардың мəдени өмірінде елеулі
оқиға саналады. Мұнда Орта Азия, Қазақстан жəне Əзір-
байжан ғалымдары бас қосып, орыс тілінен осы аталған
елдер тіліне аударудың сан түрлі проблемаларын сарапқа
салды. Мəжілісте жасалған баяндамалардың мазмұнына
қарасаңыз, аударма əдебиет, баспа орындарының ең мəнді
күрделі саласының біріне айналған екен. Осы мəнді де,
маңызды шаруашылығымызда көбімізге ортақ елеулі кем-
шіліктердің басы ашылып, оларды түзеп, жолға қоюдың
амалдары қарастырылды. Міне, сондықтан да туысқан ха-
лықтар тіліне аударудың ортақ мүдделерін таразыға салған
бұл тұңғыш мəжілістің мəні айрықша болды деп баға-
лаймыз.
Жасалған 20 баяндама аударма саласындағы бүгінгі
көкейкесті проблемалардың біразын терең талдап, жоғары
ғылыми-теориялық деңгейде əңгімелейді. Бұл республика-
аралық кеңестің материалдары кейін жеке жинақ есебінде
жарық көрді
76
.
Мұның ішінде, орыс тілінен қазақ тіліне аударудың əр-
түрлі проблемаларын сөз ететін төрт баяндаманың жеке
басылуы
77
, əсіресе, біздің республика аударма ғылымының
75
Ахметов З. Лермонтов и Абай. Алма-Ата, 1954; Шарипов К. Некоторые
вопросы перевода произведений классиков марксизма-ленинизма. Алма-Ата,
1954; Канафиева К. Развитие переводческого искусства в Казахстане: Тезисы
докл. на научной конференции филол. факультета КазГУ, посвящ. 40-летию
Октября. Алма-Ата, 1957.
76
Материалы регионального совещания по переводу литературы с русского
на языки народов Средней Азии, Казахстана и Азербайджана (15-18 январь,
1958). Алма-Ата, 1960.
77
Доклады от Казахстана. Алма-Ата, 1958.
192
тарихындағы елеулі құбылыс. Атап айтқанда, М. Жанғалин-
нің «Орыс тілінен қазақ тіліне аударудың негізгі принцип-
тері туралы», М. Қаратаевтың «Тынық Донның» қазақшаға
аударылуы жəне көркем аударманың кейбір мəселелері»,
Қ. Сағындықовтың «Ленин шығармаларында кездесетін
мақал-мəтелдер, қанатты сөздер, идиомдарды қазақ тіліне
аудару жайында» жəне А. Сыздықовтың «Оқу құралдарын
түсінікті аударудың кейбір жолдары» деген баяндамалары
бар.
50-жылдардың екпіні 60-жылдары үдей түспесе бəсең-
деген жоқ. Бұл жылдары аударманың практикалық мəсе-
лелерінде аздап саябырсу байқалғанмен, аударылған
дүниелердің сапасына тереңдеп, жаңа қалыптасып келе
жатқан аударманың ғылыми болмысына байыппен, зерт-
теуші көзімен қарау жағы таразының екінші жағын баса
бастаған тəрізді. Аударылған дүние көп, аударуға шебер-
леніп алған мамандар да жетерлік, сол көл-көсір дүниенің
халқымыздың рухани байлығын толықтыра түсетін қасие-
тінен де көрінеді. Тіліміздің бар мүмкіндігін пайдалану-
дағы табысымыз қандай, орыс тілінің, орыс жазушылары-
ның, олардың керемет туындыларының сан-салалы қасиет,
қатпар-қыртыстарын жеткізуде нендей амал, тəсілдерге ба-
рып жүрміз жəне соларды меңгеруге көзбен көріп, қолмен
ұстайтындай заңдылықтар қайсы? деген түрлі мəселелерге
бет бұрылды.
Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтында
тіл мəдениеті мен аударма мəселелерін ғылыми тұрғыда
тексеріп, талдаудың жоспары түзіліп, арнаулы бөлім
мен топ құрылды. Зерттелетін объекті, проблемалардың
басы ашылып, бағдар-бағыты белгіленді. Аударманы
ғылыми-зерттеу жұмыстарының объектісіне түбегейлі
айналдыруда С. Талжанов пен Ə. Сатыбалдиевты алды-
мен ауызға алуға міндеттіміз. Бұл екі азаматтың бірі –
Н.В. Гоголь шығармашылығының, екіншісі Л.Н. Толстой
193
шығармашылығының қазақша аудармасын тексере
78
келе,
қазақ аударма теориясының негізін жасауда өз үлестерін
қосты. Мұндай зерттеу жұмыстарының арқасында, біз
аударма мəселесінің көптеген ғылыми проблемалары бар
екенін, бұл ғылымның қиын да қызықты саласы екенін
танып, оның жеке-жеке салалары диссертациялық тақы-
рыптарға нысан бола бастады. Əрине, бұл зерттеулер-
де нақты ғылыми талдау жағынан əбден жетілген, піскен
жұмыстар еді деп кесіп айту қиын. Əрқайсысының өзіндік
жетістігіне қоса, кемшіліктерден де құр алақан емес-тін.
Əбен Сатыбалдиевтің аталған диссертациялық жұмы-
сында жəне кейінірек жеке кітап болып шыққан моно-
графиялық зерттеуінде
79
біраз ғылыми проблемалар өз
шешімін тапты. Онда ол аудармашыға үш түрлі шарт қояды
жəне реалистік аударма дегенге анықтама бере отырып,
бұл проблеманы біршама тілдік тұрғыдан зерттегісі келеді.
Оның, əсіресе, түпнұсқадағы күрделі, құрмалас сөйлемдер-
дің табиғатына барып, Толстойдың стильдік өрнектерінің
берілуін əңгімелеуі құнды. Сондай-ақ, Қазақстанда аудар-
ма жайындағы ғылыми ой-пікірлердің өрбуін бір жүйеге
келтіріп, оның эволюциялық даму барысын бағдарлауы
бір адым ілгері басқандық болып табылады.
Бұл əңгіме болып отырған соңғы мəселе жоғарыда атал-
ған филология ғылымының докторы Қ. Қанафиеваның ең-
бегінде де біршама зерттелген.
78
Талжанов С. О некоторых основных проблемах художественного перевода
(на материале перевода «Ревизора», «Мертвых душ» Н.В.Гоголя на казахский
язык). Автореф. дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 1961; Сатыбалдиев А.С.
Развитие культуры художественного перевода в казахской литературе (на ма-
териале перевода произведений Л.Н.Толстого на казахский язык). Автореф.
дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 1964.
79
Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. Алматы, 1965.
Достарыңызбен бөлісу: |