Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Табиғат қалай сенің жағдайың?!»
Мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың қоршаған ортаға деген құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;
2.Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;
3.Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген видео-роликтер,табиғат туралы нақыл сөздер, табиғат көріністері
Ұйымдастыру кезеңі:
Арайлым: Табиғатым-жарқын менің тағдырым,
Саған ғана аян менің жан сырым.
Қасетті ауасымен демалып,
Тіршілікті сүріп жүрміз бал шырын.
Жыр тұнады жүректерде жағалып,
Шабыт келсе көмейіңе ағылып.
Табиғаттан таңғажайып жаралған,
Сый алады пендесі одан табынып.
Меруерт: Табиғатым-тербелген тал бесігім,
Дүниенің маған ашқан есігін.
Аяушылық жасамаған пендеңе,
О Жер Ана, бере көрші, кешірім!
Табиғатым-тылсым менің тынысым,
Күш-қуатым, сарқылмайтын ырысым.
Табиғатым-жан азығым бойдағы,
Сенсіз менің көрген күнім құрысын!
Қайырлы күн құретті ұстаздар, оқушылар! Байқап отырғанымыздай бүгінгі қасиетті Жұма күні Сіздермен бірге Табиғатқа саяхат жасамақпыз. Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі.
Әрбір адам өзінің туып өскен жерін жамандық атаулыға қимасы анық.Біздің ортақ мемлекетіміз-Қазақстан. Қазақстан табиғаты өте тамаша, жер қойнауы байлыққа толы.Қазақстан жерінде аңдар мен құстар және өзгеде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлері бар. Қазақстанның тамаша табиғатын бірге тамашалайық.
Видео-ролик жіберіледі.
Иә, көріп отырғанымыздай өзге елдердегі кереметтер өз елімізде бар екені жанымызды жадырата түседі, кеудемізді қуаныш кернейді. Табиғат Ана мен адамзат баласы үндестікте қаншама жылдан бері бір ғаламда өмір сүріп келеді. Жақсы, Табиғат деген сөздің адам өмірінде қандай алар орны бар? Оқушылар өз пікірлеріңді білдіріп көріңдерші.
Оқушылар өз пікірлерін білдіреді...
Әр адамның ойы әртүрлі екенін байқап отырған болармыз иә? Олай болса біз түрлі ойлардың жинақтамасын жасау үшін топтарға бөлінейік.
Топтарға бөліп отырғызамыз. АҚ түсті алған оқушылар 1-топ «АЙ» тобы, көк түсті таңдаған оқушылар 2-топ «ЖҰЛДЫЗ» тобы, сары түсті таңдағандар «КҮН» тобы.
Жайғасып болсақ онда назар аударайық, бұл сіздерге берілген суреттер бойынша «Сурет сөйлесін» ойынында топпен бірге атсалысып өз ойымызды тұжырымды жеткізіп көрейік.
Келесі кезекте СПИНЕР ӘДІСІ бойынша сұрақ-жауап жүргізейік.
Тәрбие қайдан бастау алады?
Тәрбиеге құл болмайды деп айтқан кім?
Адамды тәрбиелейтін орта қай жер?
Ең жақсы тәрбие құралы не?
Ең үлкен өсімдік?
Ең үлкен жұлдыз?
Қазақстанда неше қорық бар?
Бір ағаштан екі жеміс алуға боладыма?
Ағаштан ағаш сәнін алады, Адамнан адам тәлім алады. Мағынасын түсіндір.
Жалпы бізде тәрбие сағат қызықты өтуде. Келесі біздің ойнымыз тәрбие мен табиғатты ұштастырып нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер айту.
Ал ендеше біздің сабақтарымыз аяқталуға жақын. Көңіл-күйімізді көтеру үшін осы сыныптың белсенді оқушысы Қарақатты ортаға шақырамыз.
Марапаттаймыз.
ҚОРЫТЫНДЫ: Осымен біздің сабағымыз өз мәресіне жетті. Уақыттарыңызды бөлгендеріңіз үшін баршаңызға алғысымыз шексіз. Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |