Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» Мақсаты


«Қазақ хрестоматиясының» дүниеге келуі-



жүктеу 135,14 Kb.
бет6/15
Дата11.01.2022
өлшемі135,14 Kb.
#32292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Алғашқы ұстаз

«Қазақ хрестоматиясының» дүниеге келуі- Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бір де кітаптың жоқтығынан, оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан көзге көрінер ешқандай пайдасы болмаса да, шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемшілігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келеді. Екінші жағынан, татардың кітап тілі, бұл тілді татарлардан шыққан оқымыстылардың өздері де менсінбегендіктен араб, парсы сөздеріне лық толған; сондықтан ол сауатсыз қазақтарға түсініксіз. Бұл тілде басылып шыққан кітаптардың бәрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар осы жағынан алып қарағанда да дүниеяуи мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пайдалану үшін, мысалы, орыс тіліне аудартып жаттықтыру үшін қолайсыз. Осылармен қабат бір ескертетін нәрсе — қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды, оның ой-пікірі еркін, оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр. Ал осы айтылған мақсаттарға жету жолында, мен білсем, осы күнге дейін ешқандай жетекші құрал болған жоқ. Жалпы бастауыш оқу құралдары, хрестоматиялар сияқты кітаптар шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми, күрделі оқу құралдарына жол салып беретіндігін, ал мұндай жалпы білім беретін кітаптардың Азия халықтарының ешбірінде жоқ екенін еске алып, біз мұндай жетекші оқу құралдарын жақын жердегі орыс тілінен іздеуге мәжбүр болдық, сондықтан бұл шығарғалы отырған кітабымыз көздеген мақсатына сәйкес болып, орыстың ғылыми және жалпы пайдалы кітаптарына тікелей жол салып беру үшін және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да, әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп, біз осы кітабымызды орыс әрпімен бастырғанды қолайлы деп таптық.

Жоғарыда айтылған қолайсыздықтарды оқу ведомствосының көптеген білімді қайраткерлері бұрын да көрсетіп келген болатын, сондықтан мен сол білімді адамдардың ақылын алып, екінші жағынан, өзім де осылай етуді қажет деп тауып, осы хрестоматияны құрастыруға кірістім. Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім, екіншіден, бұл кітапта келтірілген әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздедім, сондықтан бұл кітапқа енгізген әңгімелерді тергенде көп қиыншылықтарға кездестім, әрбір мақаланы әр жағынан ойлап барып қосу керек болды.

Бұл хрестоматияны мен екі кітап етіп шығаруды ойладым. Бұл басылып отырған бірінші кітаптағы мақалалар мынадай төрт тарауға бөлінді:

1)Балалар өмірінен алынған әңгімелер, бұлар түрлі орыс хрестоматияларын, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан алынды, мысалдар мен халық әдебиеті, балалардың туғандарына жазған хаттары.

2) Әр түрлі жастағы адамдардың өмірінен алынған әңгімелер.

3) Ең жақсы қазақ ақындарының өлең-жырларынан үзінді.

4) Қазақтың мақал-мәтелдері.

Екінші кітапта қазақтың төл әңгіме,аңыздарынан басқа, табиғат тарихы мен жалпы тарих жөнінен, география, өндірістехникасы жөнінен және кеңсе ісін жүргізу үлгілері жөнінен мақалалар қоспақшымыз.

Ыбырай Алтынсарин ақын, жазушы, этнограф

1) Ыбырай -ақын

Ы.Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған. Өз шығармаларында Отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды. Оның «Бұл кім?», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», «Жаз», «Өзен», «Ананың сүйюі» және т.б. өлеңдері бар.

Кел, балалар, оқылық!

«Бір Аллаға сиынып,

Мұнтаздай боп киініп,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Оқысаңыз, балалар

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар!»,-деп Ыбырай атамыз осы өлеңінде ақын оқу-білімнің пайдасы мен қараңғылықтың зиянын салыстыра отырып сипаттайды. Ғылым-білімнің басты жауы — қараңғылықтың мән – жайын ашып береді. Ақын мұнымен де қанағаттанбайды, сол оқудың үйдегі әке-шешенің үміт тілегімен ұштасып жататынын да әсерлі жеткізеді.

Ақын «Өнер, білім бар жұрттар» атты өлеңінде оқу, білім алудағы мақсатты аша түседі. Балғожа сықылдылардың бала оқытқандағы арманы «ата-ананы асырау» болса, Алтынсарин оқушылардың білімді адам болғандағы мақсат-міндеттері өз халқының бір керегіне асу, оның прогрестік жолмен ілгерілеуіне жетекшілік жасау, мәдениет жағынан салыстырғанда, басқалардан бірнеше ғасырлық кейін қалған өз елін, «Тастан сарай салдырып, айшылық алыс жолдардан, көзіңді ашып-жұмғанша хабар алдыратын» елдердің қатарына жеткізу деп білді. Радио, телеграф, телефон, самолет, электр, т.б. техника тетіктері қазақ тілінде көп тарламаса да, ақын сол сөздерді ұғындыруға тыңнан жол салып, үлкен шеберлік танытады. Оқып білім алудағы мақсат халықтың қажетіне жарау, өз еліңді өркениетті елдер қатарына қосу деп түсіндіреді.

Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырды. Былайынша айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуды насихаттап, жастарға дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды. Сондықтан өзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды.


жүктеу 135,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау