«Теориялық механика» пәні бойынша емтихан сұрақтары Кинематика



жүктеу 31,52 Kb.
бет2/2
Дата21.01.2022
өлшемі31,52 Kb.
#34033
1   2
Емтихан сұрақтары ТеорМех

Динамика

  1. Динамиканың негізгі заңдарына жеке тоқталыңыз.Ньютонның негізгі заңына сүйене отырып, нүктенің дифференциалдық теңдеулерін түрлі координаттар жүйесінде алыңыз.

  2. Динамиканың екі есебін сипаттаңыз. Нүкте динамикасының есептерін шешу жолдарын келтіріңіз.

  3. Динамиканың негізгі есебін сипаттап, жалпы шешу жолын көрсетіңіз. Бірінші интегралдардың маңыздылығын түсіндіріңіз.

  4. Материялық нүктенің түзусызықты қозғалысы кезіндегі динамиканың негізгі есебін келтіріп, мысал келтіріңіз. Кейбір квадратураға келтірілетін түрлерін қарастырыңыз.

  5. Материялық нүктенің қисық сызықты қозғалысы кезіндегі динамиканың негізгі есебін қарастырып, мысал келтіріңіз.

  6. Жүйенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теореманы дәлелдеңіз. Қозғалыс мөлшерінің сақталу заңын табыңыз.

  7. Нүктенің кинетикалық моментінің өзгеруі туралы теореманы дәлелдіңіз. Бірінші итегралдарын алуға болатын дербес жағдайларын келтіріңіз.

  8. Нүктенің және механикалық жүйенің кинетикалық моментінің өзгеруі туралы теоремаларын беріңіз. Олардың арасындағы айырмашылықты сипаттаңыз.

  9. Нүктенің кинетикалық моментінің өзгеруі туралы теореманы дәлелдеңіз. Центрлік күш әсерінен болатын нүктенің қозғалыс теңдеуі үшін алғашқы интегралды табыңыз.

  10. Нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теореманы дәлелдеңіз. Күш жұмысын сипаттаңыз.

  11. Нүктенің гармоникалық тербелісі қандай жағдайда орын алады? Есептің математикалық моделін сипаттаңыз. Тербеліс параметрлерін келтіріңіз.

  12. Кедергілі ортадағы нүктенің түзусызықты қозғалысын қарастырып, тербеліс теориясын келтіріңіз. Өшетін гармоникалық тербелісті сипаттаңыз.

  13. Кедергісі аз ортадағы нүктенің мәжбүрлі тербелістер теориясын беріп, жалпы шешімін алыңыз. Мәжбүрлі тербелістер амплитудасын сипаттаңыз.

  14. Кедергісі аз ортадағы нүктенің мәжбүрлі тербелістер теориясын беріп, жалпы шешімін талдаңыз. Резонанс құбылысын сипаттаңыз.

  15. Кедергісі бар және жоқ орталардағы мәжбүрлі тербеліс теориясын беріп, тербеліс амплитудаларын сипаттаңыз. Резонанс құбылысын түсіндіріңіз.

  16. Еркін және еркін емес механикалық жүйені түсіндіріп, олардың қозғалысының дифференциалдық теңдеулерін сипаттаңыз. Жүйенің массалар центрі мен ауырлық центрінің сәйкес келетін жағдайын түсіндіріңіз.

  17. Жүйенің қозғалыс мөлшерін сипаттап, қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теореманы дәлелдеңіз. Қозғалыс мөлшерінің сақталу заңын анықтаңыз.

  18. Жүйенің қозғалыс мөлшерінің анықтамасына сүйене отырып, жүйенің массалар центрінің қозғалысы туралы теореманы алыңыз. Массалар центрі жылдамдығының сақталу заңын сипаттаңыз.

  19. Жүйенің қозғалыс мөлшерінің бас моментін сипаттаңыз. Қозғалмайтын центрге қатысты алынған кинетикалық моменттің өзгеруі туралы теореманы дәлелдеп, қозғалыстың бірінші интегралын алыңыз.

  20. Жүйенің күрделі қозғалысы үшін кинетикалық энергиясын анықтап, Кёниг теоремасын түсіндіріңіз.

  21. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теореманы дәлелдеп, ішкі күштер жұмысын сипаттаңыз. Ауырлық күш жұмысын есептеңіз.

  22. Байланыс түрлерін анықтап, оларға мысал келтіріңіз. Жүйе қай кезде голономды және голономды емес деп аталады?

  23. Нақты және мүмкін болатын орынауыстыруларды түсіндіріп, оларға қойлатын шарттарды сипаттаңыз. Жүйенің еркіндік дәрежесін анықтап, мысал келтіріңіз.

  24. Күштің мүмкін болатын жұмысын түсіндіріңіз. Мүмкін болатын орынауыстыру принципін дәлелдеп, жүйенің тепе-теңдік шарттарын сипаттаңыз.

  25. Даламбер және мүмкін болатын орынауыстыру принциптерін сипаттаңыз. Динамиканың жалпы теңдеуін қорытып шығарып, талдау жасаңыз.

  26. Жалпылама координаттар, жылдамдықтар және күштерді сипаттап, мысал келтіріңіз. Жалпылама координаттар арқылы жүйенің тепе-теңдік шарттарын жазыңыз.

жүктеу 31,52 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау