Осы Стандарт екі баулы аналогты абоненттік жолға қосылатын және қоректендіру көпірінің номинал кедергісі 500×2 Ом болғанда тұрақты кернеудің номинал мәні 60 В және қоректендіру көпірінің номинал кедергісі 400×2 Ом болғанда тұрақты кернеудің номинал мәні 48 В және абоненттік автоматты телефон стансасымен жұмыс істеуге арналған жаңадан жасалынатын, дайындалатын, импортталатын жалпы қолданымды күрделіліктің әртүрлі тобына жататын телефон аппаратарына таратылады
Осы Стандарт дискілік немесе түймелік нөміртергішті, импульсті және/немесе жиілікті нөмір терімді, үнділі немесе механикалық шақыру құрылғысы бар телефон аппараттарына таратылады.
Стандарт арнаулы телефон аппараттарына, таксофондарға және көмір микрофонды телефон аппараттарына, сонымен қатар кәдесый түрінде рәсімделінген және өндіруші қарастырмаған сұлбалық және құрылымдық өзгерістері бар телефон аппараттарына таралмайды.
Нормативтік сілтемелер
Осы Стандартты қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:
ҚР СТ 2.177-2009 (ГОСТ Р 51318.22-2006, MOD) ГСИ РК. Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Ақпараттық технологиялар жабдықтарынан индустриалды радиокедергі.
ҚР СТ 1151-2002 Радиожиіліктің электромагнитік өрістері. Рұқсат етілген деңгейлері мен бақылау жүргізуге талаптар.
ҚР СТ 34.014-2002. Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге стандарттар кешені. Автоматтандырылған жүйелер. Терминдер мен анықтамалар.
ҚР СТ ГОСТ Р 51317.4.2-2008 (ГОСТ Р 51317-99, IDT) ГСИ РК. Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Техникалық талаптар мен сынақ әдістері.
ҚР СТ ГОСТ Р 51317.4.5-2008 (ГОСТ Р 51317-99, IDT) ГСИ РК. Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Үлкен энергиялы микросекундтық импульстік бөгеулерге тұрақтылық. Техникалық талаптар мен сынақ әдістері.
ҚР СТ ГОСТ Р 51317.4.5-2008 (ГОСТ Р 51317-99, IDT) ГСИ РК. Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Электрқорек желісі кернеуінің динамикалық өзгеруіне тұрақтылық. Талаптар мен сынақ әдістері.
ГОСТ 12.1.002-84. Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік жиіліктердің электрлік өрістері. Жұмыс орнында рұқсат етілген деңгей және бақылау жүргізуге талаптар.
Жоба
ГОСТ 12.1.004-91 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.
ГОСТ 12.1.006-84 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Радиожиіліктің электромагниттік өрісі. Жұмыс орнында рұқсат етілген деңгей және бақылау жүргізуге талаптар.
ГОСТ 12.1.044-89: Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Заттар мен материалдардың өртжарылыс қауіптілігі. Көрсеткіштер номенклатурасы мен оларды анықтау әдістері.
ГОСТ 12.2.006-87 (МЭК 65-85) Электрондық желілік аппаратурасы мен оған ұқсас тұрмыстық және жалпы ұқсасты қолдану үшін арналған құрылғылардың қауіпсіздігі. Жалпы талаптар мен сынақ әдістері.
ГОСТ 14254 Қауыз қамтамасыз ететін қорғаныс дәрежесі (IP коды).
ГОСТ 15150-69 Машиналар, аспаптар және басқа техникалық бұйымдар. Әртүрлі климаттық аудандар үшін орындаулар. Қоршаған ортаның климаттық факторларының ықпалы бөлігінде категориялар, пайдалану шарттары, сақтау және тасымалдау.
ГОСТ 23088-80 Электронндық техника бұйымдары. Қаптамаға, тасымалдауға, талаптар мен сынақ әдістері.
ГОСТ 30428-96 Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Сымды байланыс аппаратурасынан индустриалды радиобөгеу. Сынақ нормалары мен әдістері.
ГОСТ Р 51287-99 Телефондық абоненттік техника. Қауіпсіздікке талаптар мен сынақ әдістері.
ГОСТ 7153-85 Жалпы қолданылатын телефондық аппараттар. Жалпы техникалық талаптар.
ЕСКЕРТПЕ Осы стандартты пайдалану кезінде сілтемелік стандарттар мен жіктеуіштердің қолданысын ағымдағы жылдағы жай-күйі бойынша жыл сайын басылып шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар сілтемесі» ақпараттық сілтемесі бойынша жəне ағымдағы жылда жарияланған тиісті ай сайын басылып шығарылатын ақпараттық сілтемелер бойынша тексерген дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса, (өзгертілсе), онда осы стандартты пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) стандартты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.
Терминдер, анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар
Осы Стандартта сәйкес анықтамалары, белгілелеурі және қысқартулары бар келесі терминдер қолданылады:
Абонент: Байланыс қызметін көрсетуге келесім-шарт жасалынған және осы мақсатта оған абоненттік жол, абоненттік нөмір және (немесе) идентификациялық код бөлінген жеке немесе заңды тұлға [8].
Абоненттік жоғары жиілікті нығыздау; АЖН.
Абоненттік жол; АЖ: Жергілікті телекоммуникация желісінің бөлігі болатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен қосатын байланыс жолы тұлға [8].
Абоненттік радиотелефондық тұтқа; АРТ.
Автосоғу: Қажет нөмірге, егер ол "бос емес" немесе жауап бермесе, абонентті автоматты шақыруды шамалы уақыт аралығында қайталай отырып, қосуға мүмкіндік беретін функция.
Автоматты қалааралық телефон стансасы; АҚТС.
Автоматты телефон стансасы; АТС.
Автоматты номірді анықтау; АНА.
Автотергіш: Нөмір теру сигналдарын импульсті жіберу әдісімен нөмірді көп рет автоматты теретін жабдық.
Автоанықтағыш: Шақырушы абоненттің нөмірін автоматты түрде анықтайтын құрылғы.
Автожауапбергіш: Кіретін қоңырауға автоматты түрде жауап беретін құрылғы.
Базалық блок; ББ.
Баусыз телефон аппараты; БТА.
Өзарабайланған байланыс желісі; ӨБЖ.
Децибел; дБ (dB): Дыбыстың қысым деңгейін өлщеу бірлігі.
Децибел абсолютный; дБА (dBA): Дыбыстың 2×10-5 Паскаль абсолюттік нөл деңгейіне салыстырғандағы дыбыстың қысым деңгейін өлщеу бірлігі.
Қосымша қызмет түрі; ҚҚТ.
Қосымша шақырушы құрылғы: Көрші бөлмедегі шақырушы сигналдың естілуі қажет болғанда телефон аппаратына қосу үшін арналған шақырушы құрылғы.
Импульстік коэффициент: Нөмір теру сигналын импульстік әдіспен жібергенде абоненттік жол шлейфін ажырату уақытының ұзақтығының түйістіру уақытының ұзақтығына қатынасы немесе батырмалы нөміртергіш үшін тоқсыз жіберудің тоқты жіберуге қатынасы.
Жасанды ауыз: Электродинамикалық акустикалық түрленгіші мен акустикалық тізбектің қосымша элементі бар шығару бағытының диаграммасы адам аузының орта қасиетіне ұқсас белгілі көлемдегі ауасы бар өтпелі электродинамикалық акустикалық камера
ЕСКЕРТПЕ Жасанды ауыз пішімі жағынан сөйлеу кезіндегі адамның аузындағы дыбыстық өріске жақын дыбыстық өріс шартында телефон аппараттарының микротелефондық тұтқасының микрофонын қоздыруға арналған.
Жасанды құлақ: Өлшеуші микрофоны және толық акустикалық кедергісі жиіліктің берілген диапазонында адам құлағының акустикалық кедергісіне ұқсас акустикалық тізбектің қосымша элементі бар ауаның белгілі көлемімен қамтылған өтпелі жабық акустикалық камера.
ЕСКЕРТПЕ Жасанды құлақ телефон аппараттарының микротелефондық тұтқасының электроакустикалық түрлендіргіші жасайтын дыбыстық қысымды өлшеуге арналған.
Бос емес: Нөмір терілгеннен кейін шақырылатын абонентің бос еместігі туралы немесе сөйлеу біткеннен кейін басқа абоненттің бас тартқандығы туралы немесе барлық өндірістік емес жағдайларда хабарлайтын сигнал.
Телефон аппаратының пернетақтасы: Шақырылатын абонент нөмірін және хабар мәтінін теруге арналған түймелер мен телефон аппаратының жұмысын басқаруға арналған батырмалар бар такташа.
ЕСКЕРТПЕ Телефон аппаратының пернетақтасында қазақ әріптерінің орналасуы 1-суретте көрсетілген.
«Атаулы» батырмалар пернетақтасы: «Атаулы» батырмаларды басу арқылы нөмір теруді программалауға, сақтауға және кейін абоненттің программаланған нөмірін автоматты теруді жүзеге асыруға мүмкіншілік беретін телефон аппаратының қосымша пернетақтасы.
IР коды: ТА қабықшасының ТА ішіне бөгде қатты және шаң бөлшектері енбеуді қамтамасыз ететін қорғау дәрежесі.
1 ЕСКЕРТПЕ IР коды IPn1n2 түрінде бейнеленеді, мұнда n1 мәні 0 ден 6 дейін бұйымның ішіне бөгде зат және шаң енуден қорғауды қамтамасыз ету дәрежесі; n2 мәні 0 ден 8 дейін ылғал ықпалына тұрақтылықты көрсетеді, неғұрлым мән үлкен болса, соғұрлым қорғау жоғары;
2 ЕСКЕРТПЕ ІР3Х коды мөлшері 2,5 мм көп бөгде зат енуден қорғауды білдіреді.
Кодтық бет: Әріптер, цифрлар, тыныс белгілер мен арнаулы символдар тобына сәйкес қойылатын сандық мәндер.
ЕСКЕРТПЕ Телефон аппараттары үшін казақ әрітерінің 8-биттік кодтық беті 14 - кестеде, ал 16-биттік кодтық беті 15 - кестеде көрсетілген.
Шақыру жіберуді бақылау: Шақырушы абонентті шақырылатын сигналды жіберу тералы хабарлайтын және оған шақырылатын сигналды жіберетін сигнал.
Қорек көпірі: Абоненттік жолға қорек кернеуін бергенді жүзеге асыратын құрылғы.
ЕСКЕРТПЕ Қорек көпірінің сұлбасы А.2-суретте (А-қосымшасы) келтірілген.
Ақырғы абоненттік телефондық құрылғы; ААТҚ.
Байланыс операторы: Байланыс қызметін көрсетуге Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамалық актысымен орнатылған тәртіппен лицензия алған физикалық немесе заңды тұлға [8].
Станса жауабы: Абонентті стансаның нөмір теруді қабылдауға дайын екендігі несесе қосымша қызмет түрлері туралы хабарлайтын сигнал.
Дауыстылық көрсеткіші; ДК: Даустылықты салмақталған электроакустикалық өшуімен анықталған объективті және салстырмалы өлшемі [1].
Сөйлеуші дауыстылығының жергілікті әсер көрсеткіші; ДКжес: Жергілікті әсер тізбегі арқылы естілген өзі сөйлеу дауыстылығының салыстырмалы өлшемі [1].
Естуші дауыстылығының жергілікті әсер көрсеткіші; ДКжее: Жергілікті әсер тізбегі арқылы естіген өз сөйлеу дауыстылығының салыстырмалы өлшемі [1].
Жіберу дауыстылығының көрсеткіші; ДКжіб: Қорек көзінің шығу қыстырмасында өлшенген кернеудің ортаквадратты мәніне салыстырғанда микрофонды қоздыратын акустикалық қысымның ортаөлшемді шамасы [1].
Қабылдау дауыстылығының көрсеткіші; ДКқаб: Жасанды құлақпен өлшенген акустикалық қысым шамасына салыстырғанда қорек көпірінің кіру қыстырмасында әрекет жасайтын элетрқозғалтушы күштің ортаөлшемді шамасы [1].
Портативті абоненттік радиоблок; ПАРБ.
Керіжергілікті сұлба: Телефон аппаратының жергілікті әсерді басуды жүзеге асыратын сөйлеу торабының құрамды бөлігі.
Шудың псофометриялық кернеуі: Жиілігі 800 Гц таза тон кернеунің телефон байланысына кедергі ықпалы шудың барлық арна жолағындағы кедергі ықпалына эквивалентті нақты мәні; мВпсоф.
Сөйлеу торабы: Телефонды, микрофонды, микрофон сигналын күшейткішті (қажет болғанда), жолдан қабылданған дыбыс жиілігін күшейткішті(қажет болғанда), керіжергілікті сұлбаны, қоректену сұлбасын қамтитын микротелефонды тұтқа көмегімен сөйлеу ақпаратын жіберетін және қабылдайтын телефон аппаратының құрамды бөлігі.
Спикерфон: Микротелефон тұтқасын алмай-ақ қатты дауыстап сөйлетін құрылғы
Қайсыбір параметрдің ортаквадратты мәні; ОКМ.
Абоненттің телефондық адресі; Екі топтан тұратын цифрлар тізбегі: бірінші топ жергілікті телефон стансасына маршруттау туралы ақпарат береді; екініші топ жергілікті телефон стансасындағы жеке абоненттік нөмірді бенейлейді.
Телефон аппараты; ТА: Микротелефондық тұтқадан, шақыру құрылғысынан, трансформатордан, бөлінгіш конденсатордан, нөміртергіштен, иінтіректі қайтақосқыштан тұратын электрлік сигналды дыбыстық сигналға түрлендіру мен адамның құлағына күш түсіру жағдайында жұмыс істеу үшін арналған аспап.
Терминалды абоненттік радиоблок; ТАРБ.
Техникалық шарт; ТШ.
Тондық шақырушы құрылғы: Индукторлық шақыруды қабылдайтын және оны тондық жиілікті дыбыстық сигналға түрлендіретін құрылғы.
Байланыс қызметі: Пошталық және арнаулы жолдауларды, пошталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарларын қабылдау, өңдеу, сақтау, жіберу, тасымалдау, жеткізу бойынша әрекет [8].
Мекемелік автоматты телефон стансасы; МАТС.
Жиілікті нөмір теру тәсілі; ЖНТ.
Жиілікті сипаттама; ЖС: Әрдайым 20 Гц тен (ең төмен тон) бастап 20.000 Гц-ке (естілім табылдырағынан жоғары) дейін тұрақты дыбыс қысымында өлшенетін сезгіштіктің үн жоғарылына тәуелділігінің көрсеткіші.
Жіберуде сезгіштіктің жиілікті сипаттамасы; ЖСжіб (SmJ) [2].
Қабылдауда сезгіштіктің жиілікті сипаттамасы; ЖСқаб (SJе) [2].
Жіберуге сезгіштік: Берілген жиіліктегі немесе қорек көпірінің шығысында өлшенген жиіліктің тар жолағындағы шығыс кернеуінің ортаквадратты мәнінің жасанды ауыздың эталонды нүктесіндегі бос өрістегі акустикалық қысым мәніне қатынасы.
Қабылдауға сезгіштік: Берілген жиіліктегі немесе жасанды құлақ өлшеген жиіліктің тар жолағындағы шығыс акустикалық қысым мәнінің қорек көпірінің кіріс қыстырмасында өлшенген кернеудің ортаквадратты мәніне қатынасы.
Электромагнитті үйлесімділік; ЭМҮ.
Жасанды ауыздың эталондық нүктесі: Бағыттау сақинасының жазықтығынан 25 мм қашықтықта болатын жасанды ауыздың осіндегі нүкте.
Еуропалық цифрлық баусыз қолжетімді желі (Digital European Cordless Telecommunications); DECT.
Жалпы қолданылатын коммутацияланатын телефон желісі (Public switched telephone network); PSTN.
Уникодтағы түрлендіру пішімі (Unicode Transformation Format); UTF.
Достарыңызбен бөлісу: |