Тақырып: Афферентті жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер.
Тапсырма №1
Жергілікті анестетиктерге қандай дәрілер жатады, олардың қолданылуы.
Қазіргі заманғы жергілікті анестетиктерге мыналар жатады: бупивакаин (маркаин), ропивакаин (наропин), левобупивацин (хирокаин), лидокаин және прокаин (новокаин), соңғы препарат сирек қолданылады және негізінен инфильтрациялық анестезияға қолданылады (мысалы, үлкен тамырларды катетерлеу кезінде). Жергілікті анестетиктер хирургиялық анестезия және ауырсынуды басу үшін, жедел және созылмалы ауырсынуды емдеу үшін қолданылады
Novocainum - новокаин (Б): 0,25% және 0,5% 200 және 400 мл еріт. флаконда; 0,25% және 0,5% 1; 2; 5; 10 және 20 мл еріт. амп. (инфильтрациялық анестезияда - улпа кдбаттарына); 1% және 2 % 1; 2; 5; және 10 мл ерітінді ампулада (өткізгіштік анөстезияда - жүйке жолдарына);0,1 супп.; 0,25% 100-150 мл немесе 0,5% 50-80 мл бүйрек маңы клетчаткасына Ф. В. Вишневский блокадасы; 0,25-0,5% 30-50 мл еріт. ішке; 5-15 мл б/е және к/т;
Anaesthesinum - анестезин (Б): 5-10% жағылма; сеппе; 0,3 таб. және «Павәстезин таб.; 0,1 супп. және «Анестезол» супп.; «Анестезин-Ментол» дражесі (1-2дражеден ауыз қуысында толық сіңірілгенше); Ампровизоль, аэрозолы 50, 80, 170 мл баллоншада (закымдалған жерге бір немесе бірнөше per енгізіледі) шығарылады.
Dicainum - дикаин (A): 0,25- 3% еріт. - терминальды анестезияда; қабаққа қою үшін көз пленкасы түрінде шығарылады.
Кокаин (А) - 0,25-3% еріт.-терминальды анестезия үшін белгіленеді.
Lidocainum - лидокаин (Б): 1% 10 мл және 20 мл еріт. амп.; 2% 2 және 10 мл еріт.; 10% 2 мл еріт.; инфильтрациялық анестезияда 0,125- 0,25-0,5% еріт.; өткізгіштік анестезия үшін 1-2% еріт.; терминальды анестезия үшін 1-5% еріт. Әсері 1-2 сағ. созылады.
Trimecainum - тримекаин (Б): 2% 1; 2; 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылады. Инфильтрациялык, және өткізгіштік анестезияларда, қолданылуы лидокаинге үқсас. Перидуральды анестезияда: 1-2% еріт.; жулынды анестезияда: 5% еріт.; беткейлі анестезияда: 2-5% еріт. белгіленеді. Әсері 1-2 сағатқа созылады.
Pyromecainum - пиромекаин (Б): 0,5%, 1% және 2% 10 мл амп. (терминальды анестезия үшін) және 5%-30,0 жағылма түрінде (гингивостоматитте ауыз қуысына жағу үшін) шығарылады.
Articain - артикаин: 2% 10 мл еріт. амп. - инфильтрациялық, өткізгіштік, эпи- және перидуральды анестезияда; жүлынды анестезияда 5% 2 мл еріт. белгіленеді.
Прилокаин (3% 1 мл еріт. амп.) және бензофурокаин (1% 2 мл еріт, амп.) - стоматологияда инфильтрациялык, анестезияда белгіленеді.
Белсендірілген көмір
Фармакотерапиялық тобы: Ішек адсорбенттері. Көмір препараттары.
Қолданылуы:
Төмендегі ауруларда біріктірілген ем құрамында:
- тағамдық токсикоинфекция
- дизентерия, сальмонеллез
- энтероколит, холецистопанкреатит
- диарея, метеоризм, шіру, іру үдерістері, шырыш, тұз қышқылдары гиперсекрециясы
- химиялық қосылыстармен және дәрілік заттармен (оның ішінде фосфорорганикалық және хлорорганикалық қосылыстармен, психотропты препараттармен) улану
- алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен улану
- токсемия және септикотоксемия сатысындағы күйік ауруы
- абстинентті алкогольдік синдром
- рентгенологиялық зерттеулерге дайындау (газ түзілуін азайту үшін)
Қыша қағазы
Фармакологиялық тобы: Жергілікті тітіркендіргіш.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қабынуға қарсы дәрілер ретінде ( алаңдатушы) тыныс жолдарының аурулары, жүрек соғуы, невралгия, миалгия және т.б. аурулар кезінде қолданылады. 4-5 қыша қақазды күніне 1 рет. Эфирлі қышы майын 2% спирттік ерітінді түрінде жергілікті тітіркендіруші және алаңдатушы заттар ретінде қолданады.
Мүсәтір спиртінің
фармакологиялық тобы: Аналептикалық, антисептикалық дәрі.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел жәрдем ретінде естен танған кезде тынысты қоздыру үшін, мақтаға тамызып мұрынға 1 сек. иіскетеді. Кейде құстыру үшін 5-10 тамшысын 100 мл суға қосып береді. Жәндік шаққанда сыртқа дәріленген дәкені басу ретінде қолданады. Хирургиялық практикада С.И. Спасокукоцкий және И.Г.Кочергин әдісімен қолды жуу үшін
Емен қабығы қайнатпасына рецепт жаз.
Rp.: Dec. corticis Quercus 20,0 – 200 ml
D.S. Ауыз қуысын шаюға.
Достарыңызбен бөлісу: |