Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
201__ жылғы______ «___»
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жасау қағидалары (250.00-нысан)
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы салық есептілігін (декларацияны) (250.00-нысан) жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы салық есептілігінің (декларацияның) нысанын құрастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – декларация).
2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар ұсынылатын жылдың 1 қаңтарына болып табылатын, декларацияны мынадай жеке тұлғалар жасайды:
1) Салық кодексінің ережелеріне сәйкес мынадай адамдардың бірі:
Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа толған азаматы;
оралман;
тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденті;
2) осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында:
мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ сол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік болған;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттер туындаған жағдайларда;
3) мынадай кез келген адамдардың заңды өкілдерінің бірі:
а) мынадай жағдайда он сегіз жасқа (кәмелет жасына) толмаған адамның активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында:
мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ олар бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркеуге жататын мүлік (жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлікті қоспағанда) болған;
тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде осындай үлесі болған;
банк шоттарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде барлық банк салымдары бойынша Салық кодексімен белгіленген шегінен жиынтықты түрде асатын ақша сомасы болған;
басқа тұлғалардың осы тұлға алдындағы берешегінің (дебиторлық берешегінің) және (немесе) осы тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегінің (кредиторлық берешегінің) Салық кодексімен белгіленген шегінен асатын сомалары болған.
b) әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын кәмелетке толған адамның.
3. Декларация – декларацияның өзінен (250.00-нысан) және оған қосымшалардан (250.01-ден 250.04-ке дейінгі нысандар) тұрады.
4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және шимайлауға жол берілмейді.
5. Декларацияның тиісті ұяшығында көрсеткіштер болмаған кезде толтырылмайды.
6. Декларацияға қосымша декларацияның өзінде толтырылмайтын қосымша жолдарды толтыру қажет болған жағдайда жасалады.
7. Онда көрсетуге жататын деректер болмаған кезде декларацияға қосымша жасалмайды.
8. Декларацияны жасаған кезде:
1) қағаз тасымалдағышында – қара немесе көк сиялы шарикті қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғыларын пайдаланумен толтырылады;
2) электрондық тасымалдағышында – салық есептілігін қабылдау және өңдеу есептілігі арқылы толтырылады.
9. Қағаз тасымалдағышында жасалған декларацияға жеке тұлға не оның өкілі қол қоюы тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған салық төлеушінің (салық агенті) не оның өкілінің мөрімен расталады.
Электрондық тасымалдағышында жасалған декларация жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталуы тиіс.
10. Декларацияны ұсынған кезде:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз тасымалдағышында – салық төлеуші хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымдары арқылы алады;
2) электрондық түрде – салық төлеуші мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылдауы немесе қабылдамауы туралы хабарламаны алады;
3) келу тәртібінде қағаз тасымалдағышында – екі дана жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісі қойылып салық төлеушіге қайтарылады.
2-тарау. Декларацияны (250.00-нысан) жасау
11. Декларацияда жеке тұлға 2А немесе 2В жолдарында көрсетілген күніндегі жағдай бойынша тиісті ұяшықтарда (жолдарда) мынадай деректерді көрсетеді:
1) 1-жолда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі;
2) 2А жолда – барлық жеке тұлғалар, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес сайланбалы лауазымға кандидаттарды немесе 2В жолын толтыратын 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», 2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Сақтандыру қызметі туралы», 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болуды қалайтын тұлғаларды қоспағанда, декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанын көрсетеді;
2В жолында көрсетіледі:
1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайланбалы лауазымға кандидаттар болып табылатын тұлғалар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихат депутаттығына, сондай-ақ сайланбалы жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне кандидаттар), сондай-ақ оның жұбайы үшін – ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні;
1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», 2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Сақтандыру қызметі туралы», 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болуды қалайтын тұлғалар үшін – декларацияны ұсыну айының бірінші күні.
3) 3-жолда – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
4) 4-жолда – декларацияның түрі көрсетіледі.
Тиісті ұяшықтар салық есептілігінің мынадай түрлеріне декларацияны жатқызуды есепке ала отырып белгіленеді:
бастапқы – жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация, себебі мұндай декларацияны ұсыну бойынша белгіленген міндетк алғаш рет туындады;
кезекті – мұндай жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынғаннан кейін 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», 2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Сақтандыру қызметі туралы», 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
қосымша – осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың қатысы бар жеке тұлғаның бұрын ұсынған активтері мен міндеттемелері туралы декларациясына өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізген кезде жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
хабарлама бойынша қосымша – жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы бұзушылықтарды анықтаған, бұрын тапсырылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация.
Хабарламаның нөмірі мен күні Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларация түрі табыс етілген жағдайда толтырылады.
5) 5А-жолда – жеке тұлға жұмыс істейтін немесе оқитын ұйымның атауы көрстіледі. Егер декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанына жеке тұлға жұмыс істемесе немесе оқымаған жағдайда, онда осы жол толтырылмайды;
5В-жолда – қалалық телефондар үшін елдің және өңірдің (ұялы оператордың) кодын қоса, байланыс телефонының нөмірі көрсетіледі;
6) 6-жолда – резиденттік белгісі көрсетіледі:
А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі белгілейді;
В торкөзін Қазақстан Республикасының резидент емес салық төлеушісі белгілейді;
7) 7А-жолда – заңды өкілмен, ұсынылатын тұлғаның (кәмелетке толмаған және / немесе қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі және т.б.) жеке сейкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі;
7В-жолда – егер жеке тұлға некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) жеке сейкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі.
12. «Жылжымайтын мүліктің, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде, болуы туралы мәліметтер» деген бөлімі (барлық көрсеткіштер 2А немесе 2В жолында көрсетілген күнге болған кезде көрсетіледі), мысалы, жер учаскесі, ғимарат (үй, гараж, саяжай, коммерциялық ғимарат және басқа), ғимараттың бір бөлігі (пәтер, кеңсе, жабық паркингтегі тұрақ орны және басқа), құрылыс, әуе кемесі (ұшақ, тікұшақ және басқа), теңіз кемесі, ішкі суда жүзетін кеме, «өзен-теңіз» жүзетін кеме сияқты ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлікке меншік құқығының болу фактісін көрсетуге арналған.
Бұл ретте 8-жолда көрсетіледі:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В бағанында – меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің түрі (оның ішінде үлестік немесе бірлескен меншік), ол бойынша құқық және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын немесе мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жатады (жер учаскесі; ғимарат, үй, гараж, саяжай, коммерциялық ғимарат, ғимараттың бір бөлігі, пәтер, кеңсе, жабық паркингтегі тұрақ орны және тағы басқа; құрылыс; әуе кемесі (ұшақ, тікұшақ және т.б.); теңіз кемесі; ішкі суда жүзетін кеме, «өзен-теңіз» жүзетін кеме және басқалар);
3) С бағанында – В бағанында көрсетілген құқық белгілеу құжаттарының негізінде жылжымайтын мүліктің кадастрлық немесе басқа сәйкестендіру нөмірін көрсетуге арналған. Осы баған Қазақстан Республикасында тіркелген және кадастрлық немесе басқа сәйкестендіру нөмірі бар жылжымайтын мүлік бойынша ғана толтырылады. С бағанын толтырған кезде D бағанын толтыру талап етілмейді;
4) D бағанында – осы мүліктің орналасқан елінің, елді-мекеннің және көшенің (даңғыл, тұйық көше және басқа) атауын, үйдің (корпустың, құрылыстың және басқа) нөмірін, пәтердің (офистің, бөлменің және басқа) нөмірін көрсету бөлігінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген немесе кадастрлық немесе басқа сәйкестендіру нөмірі жоқ жылжымайтын мүліктің мекенжайы бойынша ғана толтырылады. Жер учаскесіне, ғимаратқа (үй, гараж, саяжай, коммерциялық ғимарат және басқа), ғимараттың бір бөлігіне (пәтер, кеңсе, жабық паркингтегі тұрақ орны және басқа), құрылысқа қатысты орналасу орындарының мекенжайы көрсетіледі, әуе кемесіне (ұшақ, тікұшақ және басқа), теңіз кемесіне, ішкі суда жүзетін кемеге, «өзен-теңіз» жүзетін кемеге қатысты орналасу орындарының немесе тіркелу портының мекенжайы, басқа жылжымайтын мүлікке қатысты тіркелу орнының мекенжайы көрсетіледі;
Мәліметтер көрсету үшін жолдар саны жеткіліксіз болған кезде 1-қосымша (250.01-нысан) толтырылады.
13. «Көлік құралдары туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімі меншік құқығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдарының және/немесе тіркемелердің бар болу фактісін көрсету үшін арналған.
9-жолда көрсетіледі:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В бағанында – меншік құқығындағы көлік құралының түрі (жеңіл автомобиль, мотоцикл, жүк машинасы және басқалар);
3) С бағанында – көлік құралының мемлекеттік тіркелу туралы куәлігіне сәйкес көлік құралының санаты;
4) D бағанында – көлік құралының мемлекеттік нөмірі;
5) Е бағанында – автокөлік құралдарына арналған көлік құралының тіркелуі туралы куәлікте көрсетілген VIN-код (шанақ нөмірі), теміржол көлігіне арналған жылжымалы құрамның зауыттық нөмірі, механикалық көлік құралдарына арналған қозғалтқыш нөмірі;
6) F бағанында – көлік құралы тіркелген елдің коды.
Мәліметтер көрсету үшін жолдар саны жеткіліксіз болған кезде 1-қосымша (250.01-нысан) толтырылады.
14. 10-жол Қазақстан Республикасының банк шоттарында ақшаның бар болу фактісін көрсетуге арналған (ағымдағы, оның ішінде карточкалық және жинақ). Мұндай факті бар болған кезде «Х» белгісі қойылады.
15. «Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген шегінде қолма-қол ақша туралы мәлімет» деген бөлімі Салық кодексінде белгіленген шектен аспайтын сомада қолма-қол ақшаның бар болу фактісін көрсету үшін арналған. Осы шек «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақшаларға қолданылмайды.
11-жолда көрсетіледі:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В бағанында – қолма-қол ақшасы бар валютаның коды. Валюта коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Валюта жіктеуіштері» деген 23-қосымшада белгіленген үш мәнді әріпті кодтауға сәйкес көрсетіледі;
3) С бағанында – В бағанында көрсетілген валютада қолма-қол ақшаның жалпы сомасы. Декларацияланатын қолма-қол ақшалардың жалпы сомасы, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақшаны қоспағанда, Салық кодексінде белгіленген шектен аса алмайды.
Белгіленген шектен асатын қолма-қол ақша сомасын көрсеткен кезде, декларацияланатын қолма-қол ақша сомасы салықтық бақылау мақсаты үшін Салық кодексінде белгіленген шек мөлшерінде қабылданады.
Осы шекті айқындау мақсаты үшін шетелдік валютадағы қолма-қол ақша декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанының алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгеге ауыстырылады.
Мәліметтер көрсету үшін жолдар саны жеткіліксіз болған кезде 2-қосымша (250. 02-нысан) толтырылады.
16. «Жылжымайтын мүлік құрылысына қатысу туралы мәлімет, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімі тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу шартының немесе ол бойынша тұрғын үй ғимаратын (мысалы, пәтерді) немесе сондай ғимараттың бір бөлігін меншікке ұсынуға міндетті тараппен талап ету құқығын басқаға беру шартының, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болу фактісін көрсету үшін арналған.
12-жолда көрсетіледі:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В бағанында – шарт бойынша тарап болып табылатын, тұрғын үй ғимаратын немесе мұндай ғимараттың бір бөлігін (мысалы, пәтерді) меншікке ұсынуға міндетті құрылыс салушы немесе тұлға тіркелген елдің атауы;
3) С бағанында – Қазақстан Республикасында тіркелген тұлғаның (құрылыс салушы) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, немесе шарт бойынша тарап болып табылатын, тұрғын үй ғимаратын немесе мұндай ғимараттың бір бөлігін (мысалы, пәтерді) меншікке ұсынуға міндетті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген тұлғаның басқа сәйкестендіру нөмірі;
4) D бағанында – тұлғаның (құрылыс салушының) немесе шарт бойынша тарап болып табылатын, тұрғын үй ғимаратын немесе мұндай ғимараттың бір бөлігін (мысалы, пәтерді) меншікке ұсынуға міндетті тұлғаның атауы;
5) Е бағанында –шарт бойынша міндеттемелерді төлеу есебіне ақша салынған валютаның коды. Валюта коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Валюта жіктеуіштері» деген 23-қосымшада белгіленген үш мәнді әріпті кодтауға сәйкес көрсетіледі;
6) F бағанында – шарт бойынша міндеттемелерді төлеу шотына салынған ақшаның жалпы сомасы.
Мәліметтерді көрсету үшін жолдар саны жеткіліксіз болған кезде 2-қосымша (250. 02-нысан) толтырылады.
17. «Басқа да активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімі мынадай активтер мен міндеттемелердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болу фактісін көрсетуге арналған.
1) 13-жол, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан заңды тұлғадағы (акционерлік қоғамды қоспағанда) қатысу үлесіне меншік құқығының болу фактісін көрсетуге арналған. Мұндай факті болған кезде «Х» белгі қойылады және 2-қосымша (250.02-нысаны) толтырылады;
2) 14-жол Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан банк шоттарында ақшаның болу фактісін көрсетуге арналған. Мұндай факті болған кезде «Х» белгісі қойылады және 3-қосымша (250.03-нысаны) толтырылады.
3) 15-жол Салық кодексімен белгіленген мөлшерде, талаптың туындау негізі болып табылатын шарт немесе өзге де құжаттар негізінде, басқа тұлғалардың осы тұлға алдындағы берешегінің (дебиторлық берешегінің) және (немесе) осы тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегінің (кредиторлық берешегінің), оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сомасының болу фактісін көрсетуге арналған. Мұндай факті болған кезде «Х» белгісі қойылады және 3-қосымша (250.03-нысаны) толтырылады.
16) 16-жол бағалы қағаздарға (акциялар, қарыздық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, исламдық бағалы қағаздар, пайлық инвестициялық қорлардың пайларын қоспағанда) меншік құқығының, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болу фактісін көрсетуге арналған. Мұндай факті болған кезде «Х» белгісі қойылады және 3-қосымша (250.03-нысаны) толтырылады.
17) 17-жол пайлық инвестициялық қорлардың пайларына меншік құқығының, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болу фактісін көрсетуге арналған. Мұндай факті болған кезде «Х» белгісі қойылады және 4-қосымша (250.04-нысаны) толтырылады.
18) 18-жол, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде, оның ішінде тіркеуге жататын немесе құқығы (мәмілелер) Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шет мемлекеттің мемлекеттік органдарында осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркеуге жататын басқа да мүліктерге меншік құқығында болу фактісін көрсетуге арналған. Мұндай факті болған кезде «Х» белгісі қойылады және 4-қосымша (250.04-нысаны) толтырылады.
19) 19-жолда бухгалтерлік немесе салық есебінде көрсетілген декларациялардың басқа жолдарында көрсетілмеген, олардың қызметінде пайдаланылатын дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың активтерінің құны көрсетіледі.
«Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде көрсетіледі:
1) «салық төлеушінің/заңды өкiлдiң Т.А.Ә.» деген ашық жолда – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіледі;
2) «декларацияны берген күні» деген ашық жолда – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс еткен күні көрсетіледі.
3-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.01-нысанын (1-қосымша) жасау
Декларацияға 1-қосымша «Жылжымайтын мүліктің, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерінде болуы туралы мәліметтер» деген бөлімінен және «Көлік құралдары туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімінен құралады.
«Жылжымайтын мүліктің, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерінде болуы туралы мәліметтер» деген 8-бөлім, 250.00-декларациясының негізгі нысанының 8-жолында жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді толтыруға орын жеткіліксіз болған жағдайда, толтырылады.
1-қосымшаның 8-бөлімінде көрсетіледі:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В бағанында – меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің түрі (оның ішінде үлестік немесе бірлескен меншік), ол бойынша құқық және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын немесе мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жатады (жер учаскесі; ғимарат, үй, гараж, саяжай, коммерциялық ғимарат, ғимараттың бір бөлігі, пәтер, кеңсе, жабық паркингтегі тұрақ орны және тағы басқа; құрылыс; әуе кемесі (ұшақ, тікұшақ және т.б.); теңіз кемесі; ішкі суда жүзетін кеме, «өзен-теңіз» жүзетін кеме және басқалар);
3) С бағанында – В бағанында көрсетілген құқық белгілеу құжаттарының негізінде жылжымайтын мүліктің кадастрлық немесе басқа сәйкестендіру нөмірін көрсетуге арналған. Осы баған Қазақстан Республикасында тіркелген және кадастрлық немесе басқа сәйкестендіру нөмірі бар жылжымайтын мүлік бойынша ғана толтырылады. С бағанын толтырған кезде D бағанын толтыру талап етілмейді;
4) D бағанында – осы мүліктің орналасқан елінің, елді-мекеннің және көшенің (даңғыл, тұйық көше және басқа) атауын, үйдің (корпустың, құрылыстың және басқа) нөмірін, пәтердің (офистің, бөлменің және басқа) нөмірін көрсету бөлігінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген немесе кадастрлық немесе басқа сәйкестендіру нөмірі жоқ жылжымайтын мүліктің мекенжайы бойынша ғана толтырылады. Жер учаскесіне, ғимаратқа (үй, гараж, саяжай, коммерциялық ғимарат және басқа), ғимараттың бір бөлігіне (пәтер, кеңсе, жабық паркингтегі тұрақ орны және басқа), құрылысқа қатысты орналасу орындарының мекенжайы көрсетіледі, әуе кемесіне (ұшақ, тікұшақ және басқа), теңіз кемесіне, ішкі суда жүзетін кемеге, «өзен-теңіз» жүзетін кемеге қатысты орналасу орындарының немесе тіркелу портының мекенжайы, басқа жылжымайтын мүлікке қатысты тіркелу орнының мекенжайы көрсетіледі;
«Көлік құралдары туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімі 250.00-декларациясының негізгі нысанының 9-жолында көлік құралдары туралы мәліметтерді толтыруға орын жеткіліксіз болған жағдайда, толтырылады.
1-қосымшаның 9-бөлімінде көрсетіледі:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В бағанында – меншік құқығындағы көлік құралының түрі (жеңіл автомобиль, мотоцикл, жүк машинасы және басқалар);
3) C бағанында – көлік құралы немесе шанақ тіркелген елдің коды. Елдің коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 22-қосымшада белгіленген екі мәнді әріпті кодтауға сәйкес көрсетіледі.
4) D бағанында – көлік құралдарының мемлекеттік нөмірі;
5) Е бағанында – автокөлік құралдарына арналған көлік құралын тіркеу туралы куәлікте көрсетілген VIN-код (шанақ нөмірі), теміржол көлігіне арналған жылжымалы құрамның зауыттық нөмірі, механикалық көлік құралдарына арналған қозғалтқыш нөмірі;
6) F бағанында – көлік құралы тіркелген елдің коды.
4-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.02-нысанын (2-қосымша) жасау
Декларацияға 2-қосымша «Ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын қолма-қол ақша туралы мәліметтер» деген бөлімнен, «Жылжымайтын мүлік құрылысына қатысу туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімінен және «Басқа да активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімінен тұрады.
«Ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын қолма-қол ақша туралы мәліметтер» деген бөлімі 250.00-декларациясының негізгі нысанының 11-жолында қолма-қол ақша туралы мәліметтерді толтыруға орын жеткіліксіз болған жағдайда, толтырылады.
2-қосымшаның 11-бөлімінде көрсетіледі:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В бағанында – қолма-қол ақшасы бар валютаның коды. Валюта коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Валюта жіктеуіштері» деген 23-қосымшада белгіленген үш мәнді әріпті кодтауға сәйкес көрсетіледі;
3) С бағанында – В бағанында көрсетілген валютада қолма-қол ақшаның жалпы сомасы. Декларацияланатын қолма-қол ақшалардың жалпы сомасы, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақшаны қоспағанда, Салық кодексінде белгіленген шектен аса алмайды.
Белгіленген шектен асатын қолма-қол ақша сомасын көрсеткен кезде, декларацияланатын қолма-қол ақша сомасы салықтық бақылау мақсаты үшін Салық кодексінде белгіленген шек мөлшерінде қабылданады.
Осы шекті айқындау мақсаты үшін шетелдік валютадағы қолма-қол ақша декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанының алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгеге ауыстырылады.
«Жылжымайтын мүлік құрылысына қатысу туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімі, 250.00-декларациясының негізгі нысанының 12-жолда тұрғын үй құрылысына қатысу жөнінде мәліметтер толтыру үшін орын жеткіліксіз болған жағдайда, толтырылады.
2-қосымшаның 12-бөлімінде көрсетіледі:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В бағанында – шарт бойынша тарап болып табылатын, тұрғын үй ғимаратын немесе мұндай ғимараттың бір бөлігін (мысалы, пәтерді) меншікке ұсынуға міндетті құрылыс салушы немесе тұлға тіркелген елдің атауы;
3) С бағанында – Қазақстан Республикасында тіркелген тұлғаның (құрылыс салушы) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, немесе шарт бойынша тарап болып табылатын, тұрғын үй ғимаратын немесе мұндай ғимараттың бір бөлігін (мысалы, пәтерді) меншікке ұсынуға міндетті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген тұлғаның басқа сәйкестендіру нөмірі;
4) D бағанында – тұлғаның (құрылыс салушының) немесе шарт бойынша тарап болып табылатын, тұрғын үй ғимаратын немесе мұндай ғимараттың бір бөлігін (мысалы, пәтерді) меншікке ұсынуға міндетті тұлғаның атауы;
5) Е бағанында – шарт бойынша міндеттемелерді төлеу есебіне ақша салынған валютаның коды. Валюта коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Валюта жіктеуіштері» деген 23-қосымшада белгіленген үш мәнді әріпті кодтауға сәйкес көрсетіледі;
6) F бағанында – шарт бойынша міндеттемелерді төлеу есебіне салынған ақшаның жалпы сомасы.
«Басқа да активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімі егер 250.00-декларациясының негізгі нысанының 13-жолы белгіленген және оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан заңды тұлғадағы (акционерлік қоғамдарды қоспағанда) қатысу үлесін декларациялауға арналған жағдайда толтырылады және ұсынылады.
2-қосымшаның 13-бөлімінде көрсетіледі:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В бағанында – қатысу үлесі бар тұлға тіркелген елдің атауы;
3) С бағанында – қатысу үлесі бар Қазақстан Республикасында тіркелген адамның бизнес сәйкестендіру нөмірін, немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген адамның басқа сәйкестендіру нөмірін көрсетуге арналған;
4) D бағанында – қатысу үлесінің мөлшерін жүзге дейінгі бөліктерге дөңгелетумен пайыздарда көрсетуге арналған;
5) Е бағанында, егер аталған жолда көрсетілген қатысу үлесі сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, «Х» белгіленеді.
5-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.03-нысанын (3-қосымша) жасау
Декларацияға 3-қосымша «Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан банк шоттардағы ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен артық ақша туралы мәліметтер» деген бөлімінен, «Дебиторлық/кредиторлық берешектердің болуы туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімінен және «Бағалы қағаздардың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімдерінен тұрады.
«Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан банк шоттардағы ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен артық ақша туралы мәліметтер» деген бөлімі, егер 250.00-декларациясының негізгі нысанының 14-жолы белгіленген және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан банк шоттардағы (ағымдағы, оның ішінде карточкалық және жинақ) ақша сомасын декларациялауға арналған жағдайда толтырылады.
3-қосымшаның 14-бөлімінде көрсетіледі:
1) А жолында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В жолында – банк тіркелген елдің атауы;
3) С жолында – SWIFT BIC (сегіз– немесе он бір мәнді әріпті-цифрлық код) болып табылатын, шот (-тар) ашылған банктің банктік сәйкестендіру кодын (БСК) көрсетуге арналған, ол болмаған кезде ел ішінде қолда бар басқа сәйкестендіруші (мысалы: ABA, BLZ жүйелері және басқа) көрсетіледі. Банктік сәйкестендіру коды банк шотының шартында және «Банк деректемелері» деген бөлімдегі банктің веб-сайтында көрсетіледі;
4) D бағанында – шот (-тар) ашылған валютаның кодын көрсетуге арналған. Валюта коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Валюта жіктеуіштері» деген 23-қосымшада белгіленген үш мәнді әріпті кодтауға сәйкес көрсетіледі.
5) Е бағанында – банктік сәйкестендіру коды В бағанында көрсетілген банкте (банк филиалында) С бағанында көрсетілген шетел валютасында ашылған барлық банк шоттары бойынша қалған ақшаның жалпы сомасын көрсетуге арналған. Келесі жұмыс күніне ауысатын есепті күннің жергілікті уақытындағы сағат 24:00 жағдайы бойынша қалған сома көрсетіледі.
«Дебиторлық/кредиторлық берешектердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде, болуы туралы мәліметтер» деген бөлімі, егер 250.00-декларациясының негізгі нысанының 15-жолы белгіленген және банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарға берешекті қоспағанда, талаптың немесе міндеттеменің туындауына негіздеме болып табылатын шарт немесе өзге құжат болған кезде Салық кодексінде белгіленген мөлшерде Сіздің (дебиторлық берешектер) алдыңызда басқа тұлғалардың берешектерін және Сіздің басқа тұлғалардың алдында берешектеріңізді (кредиторлық берешектер) декларациялауға арналған жағдайда толтырылады.
3-қосымшаның 15-бөлімінде көрсетіледі:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В бағанында – дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешектер түрі. Бұл ретте, дебиторлық берешек болған жағдайда «Д» әрпі бейнеленеді, ал кредиторлық берешек кезінде «К» әрпі көрсетіледі;
3) С бағанында – дебитор/кредитор тіркелген елдің атауы;
4) D бағанында – Қазақстан Республикасының жеке тұлға-азаматының жеке сәйкестендіру нөмірін немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының бизнес сәйкестендіру нөмірін, немесе берешегі құжатпен расталған дебитор (борышкер) болып табылатын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген тұлғаның басқа да сәйкестендіру нөмірін көрсетуге арналған;
5) Е бағанында – берешек номиналданған валютаның кодын көрсетуге арналған. Валюта коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Валюта жіктеуіштері» деген 23-қосымшада белгіленген үш мәнді әріпті кодтауға сәйкес көрсетіледі;
6) F бағанында – есептелген сыйақы сомасымен (пайыз) қоса, берешектер сомасы.
«Бағалы қағаздардың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімі, егер 250.00-декларациясының негізгі нысанының 16-жолы белгіленген және оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан бағалы қағаздарды (пайлық инвестициялық қорлардың пайларын қоспағанда) декларациялауға арналған жағдайда толтырылады.
3-қосымшаның 16-бөлімінде көрсетіледі:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В бағанында – бағалы қағаздар эмиссиясының ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
3) С бағанында – бағалы қағаздар шығарылған елдің атауы көрсетілген;
4) D бағанында – декларация берушіге тиесілі бағалы қағаздар саны;
5) Е бағанында – басқа тұлғаға сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздар саны;
6) F бағанында – бір бағалы қағазды сатып алу бағасы;
7) G бағанында – бағалы қағаздар сатып алынған валюта коды. Валюта коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Валюта жіктеуіштері» деген 23-қосымшада белгіленген үш мәнді әріпті кодтауға сәйкес көрсетіледі.
6-тарау. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға 250.04-нысанын (4-қосымша) жасау
Декларацияға 4-қосымша «Пайлық инвестициялық қорлардағы пайларының болуы туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімінен және «Басқа да мүліктің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімінен тұрады.
«Пайлық инвестициялық қорлардағы пайларының болуы туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімі, егер 250.00-декларациясының негізгі нысанының 17-жолы белгіленген және оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде пайлық инвестициялық қорлардағы пайларды декларациялауға арналған жағдайда толтырылады.
4-қосымшаның 17-бөлімінде көрсетіледі:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В бағанында – пайлық инвестициялық қор пайлары эмиссиясының сәйкестендіру нөмірі, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген;
3) С бағаныда – пайлық инвестициялық қор тіркелген елдің атауы;
4) D бағанында – декларация берушіге тиесілі пайлар саны;
5) Е бағанында – басқа тұлғаға сенімгерлік басқаруға берілген пайлар саны;
6) F бағанында –пайлар шығарылған валюта коды. Валюта коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Валюта жіктеуіштері» деген 23-қосымшада белгіленген үш мәнді әріпті кодтауға сәйкес көрсетіледі;
7) G бағанында – пайлардың номиналдық құны;
«Басқа да мүліктің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде» деген бөлімі, егер 250.00-декларациясының негізгі нысанының 18-жолы белгіленген және мынадай мүліктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде декларациялауға арналған жағдайда толтырылады:
тіркеуге жататын немесе құқығы (мәмілелер) Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шет мемлекеттің мемлекеттік органдарында осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркеуге жататын, декларацияның 1-3-қосымшаларында көрсетілмеген мүлікті;
мәдени құндылықтар – Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне мәдениет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен енгізуді растайтын құжаттың негізінде;
биологиялық активтер – мұндай активтерге меншік құқығын растайтын ветеринарлық төлқұжаттың немесе өзге де құжат, оның ішінде ауыл, кент әкімдіктерінің шаруашылық бойынша есепке алу жүйесіндегі жазбаның негізінде;
қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарға, олардан жасалған зергерлік бұйымдарға, және қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдары бар басқа да заттарға, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариатқа, аталған мүліктің бір бірлігі үшін бағасы (құны) Салық кодексінде белгіленген шектен артқан жағдайда – мұндай мүліктің құнын растайтын құжаттардың негізінде;
жоғарыда көрсетілмеген өзге мүлікке – Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау туралы есепте айқындалған құнды қоса, мұндай мүліктің құнын растайтын құжаттың немесе мұндай мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттың негізінде.
4-қосымшаның 18-бөлімінде көрсетіледі:
1) А бағанында – толтырылатын жолдың реттік нөмірі (мысалы, 1, 2 және т.б.);
2) В бағанында – мүліктің атауы;
3) С бағанында – В бағанында көрсетілген мүліктің саны;
4) D бағанында – В бағанында көрсетілген мүлік тіркелген елдің атауы;
5) Е бағанында – егер В жолында көрсетілген мүлік (объект) сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, «Х» белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |