ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1) жалпы;
2) Әр түрлі құралдарды пайдалану ережелері;
3) Жұмыс орнын ұйымдастыру
Техника қауісіздігінің жалпы ережелері
-Пайдалану ережелерін білмейтін құралдармен жұмыс істеме. Құралдармен жұмыс істер алдында қолдану нұсқаумен танысып, онымен қалай жұмыс істелінетінін үйрен.
-Құралдар мен жабдықтарды мұғалім көрсеткен ретімен орналастыр.
-Жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен баста.
-Жөнделмеген немесе мұқалған аспаптармен жұмыс істеме.
-Құралдар мен аспаптарды тек қана арналған іске пайдалан.
-Жұмыс кезінде құралды мұғалім көрсеткеніндей ұста.
-Жұмыс кезінде сөйлеме. Мұғалім саған көңіл аударғанда, жұмысыңды тоқтат.
-Жұмысты орындаған кезде зейінді бол, басқа жұмысқа көңіл бөлме.
-Жұмыс орнын таза да тәртіпті ұста.
-Құралдар мен жабдықтарды арнайы жерде сақта, бір-біріне үйіп, сапырылыстыра сақтауға болмайды.
Әр түрлі құралдарды пайдалану ережелері
-Пышақ, қайшы және арамен жұмыс істегенде сол қолды олардың жүзінен алшақ ұста.
-Тақтайды, ағашты жонғанда қолынды пышақ жүзінен жоғары ұста. Өзіңнен әрі қарай жон.
-Пышақ пен қайшының жүзін жоғары қаратып ұстама.
-Жолдасына жабық қайшыны шеңберше жағымен, пышақты сап жағымен ұсын.
-Беті жылтыр қаииы заттарды: кепкен жанғақ қабыршығын, қарағай бүршігін, жаңғақ қабығын бізбен теспе. Ол үшін арнайы жіңішке бұрғышаны қолдан.
-Жұмыс алдында балға сабының нық орнауын қадағала.
-БФ, ПВА желімдерін қолданғанда, бөлме мейлінше желдетілетін болсын.
-Инені шашпа және кез келген жерге тастама, матаға немесе киімге шанышпа. Ешқашанда инені ауызға салма.
-Қауіпті жағдайда немесе апат болса, мұғалімді шақырту қажет, содан кейін алғашқы көмек көрсетіп, жарақаттанушыны дәрігерге жеткізу керек.
Жұмыс орнын ұйымдастыру
-Өз жұмысынды ақырына дейін ойластыр. Жұмыс жоспарын құрып, суреттер мен сызуларды дайындап ал.
-Жұмыс орнын дайында, қажетті құралдарды алдан ала таңдап ал да, жарамдылығын тексер, содан кейін дұрыс орналыстыр. Оң қолмен (алатыңды) ұстайтынды оң жаққа, сол қолмен ұстайтын құралдарды сол жаққа қойған жөн.
-Жұмысқа керекті материалды өзің таңдап ал немесе алдын ала дайында.
-Орындап жатқан жұмыс сапасын бақылап, тексеретін және өлшейтін құралдарды тиімді қолдан.
- Құралдар мен жабдықтарға ұқыпты болып, жұмсалатын бұйымдарды үнемдей біл.
-Жүмыс барысында орнның таза да тәртіпті болуын қадағала.
-Жұмыс соңында орныңды тазалап, материалдар мен құралдарды тиянақты жиыстыр.
Сабақ барысында әрбір оқушы мынадай ережеледі сақтауы тиіс.
Сабақтың алдында:
Мектеп шеберханасына қоңырау соғылғанға дейін келу керек. Өздеріңмен бірге арнайы киім, күнделік, дәптер, оқулық, қарындаш, сызғыш, өшіргіш болуы қажет. Арнаулы киімді және баскиімді міндетті түрде кию керек.
Өздеріңнің жұмыс орындарыңды сабақ басталғанға дейін дайындандар.
Жұмыс барысында:
Тапсырмаларды жұмыс орындарыңда орындаңдар. Мұғалімнің рұқсатынсыз жұмыс орнын қараусыз қалдырмаңдар. Құрал – саймандарды күтіп ұстап, материалдарды мүмкіндігінше үнемдеңдер. Мұғалім сабақты түсіндіргенде мұқият тыңдаңдар. Жұмысты ретімен мұғалімнің нұсқауы бойынша істеу керек.
Үзіліс кезінде терезені ашып, шеберхананың ішін желдетіп алу керек. Үзілістен кейін өздеріңнің жұмыс орындарына келіп, жұмысты әрі қарай жалғастыруларыңа болады.
Сабақ соңында:
Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, құрал – саймандарды өз орындарына қойыңдар. Жұмыс орнын тазалап, дайын бұйымдарды өткізіңдер.
|