55
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
жылғы 22 шілде қылмыстардың құрбаны
болған балаларға және куәгерлерге қарайласу
мәселелерін реттейді. Осы Жетекші қағидаттарда
қылмыстардың құрбаны болған балалар және
куәгерлердің өздеріне тиісті қарау және жан
ашырлық құқығы, кемсітушіліктен қорғау құқығы,
ақпарат алу құқығы, тыңдалу және өз пікірін
және қаупін білдіру құқығы, тиімді көмек алу
құқығы, жеке өмір құқығы, әділ сотты жүзеге асы-
ру кезіндегі
қиын жағдайларда қорғау құқығы,
қауіпсіздік құқығы, зиянды өтеу құқығы, арнайы
алдын алу шараларына құқығы сияқты құқықтары
атап көрсетілген.
ҚР ҚІК-де ата-анасы немесе асыраушысы ұсталған,
тұтқындалған және оларға басқа да процессуалдық
шаралар қолданылған жағдайларда, кәмелетке
толмағандардың құқықтары мен мүдделері
қорғалуы көзделген. ҚР ҚІК-нің 155-бабында бы-
лай деп айқындалған:
«Ата-анасы немесе асыраушысының тұтқындалуы,
сол сияқты, қылмыстық процесті жүргізуші
органның басқа да әрекеттері нәтижесінде
қараусыз, күтімсіз және күн көріссіз қалған
кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ, еңбекке
қабілетсіз адамдардың қамқоршылыққа құқығы
бар, оны аталған орган республикалық бюд-
жет қаражаты есебінен қамтамасыз етуге тиіс.
Қылмыстық процесті жүргізуші
органның
әлеуметтік көмектің мемлекеттік органдарына не-
месе медицина ұйымына еңбекке қабілетсіз адам-
дар үшін қарау, күтім және уақытша үй-жай беруді
ұйымдастыру туралы тапсырмасы қамқоршы
және қорғаншы орган үшін, сондай-ақ, аталған
ұйымдардың басшылары үшін міндетті болып
табылады. Сонымен бірге қылмыстық процесті
жүргізуші орган кәмелетке толмағандарға және
еңбекке қабілетсіз адамдарға қамқорлықты
олардың келісімімен олардың туыстарына сеніп
беруге құқылы».
Ұлттық заңнаманың даму үрдісі баланың құқықтары
мен мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған:
кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол
сұғылғаны үшін құқық бұзушылықтар тізбесі
кеңейтіліп, жауапкершілік күшейтілуде, қылмыстық
сот ісін жүргізудің рәсімдік мәселелері жетілдірілуде.
Мысалы ретінде «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне
баланың құқықтарын
қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойын-
ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2010 жылғы 23 қарашадағы № 354-IV Қазақстан
Республикасының Заңын атауға болады.
3. 2. кәмелетке
толмағандарға қатысты
әділсотты жүзеге асыру
3. 2.1. жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының заңнамасында
тек ересектер емес, кәмелетке толмаған адам-
дар жасаған қылмыстар үшін жауапкершілік
көзделген.
1997 жылы қабылданған кодекстің арнайы
бөлімдерінде және үш тарауында кәмелетке
толмағандардың істері және сот жүйесінде
балаларға қарасу мәселелері бойынша әділсот
үшін жалпы құқықтық негіз қаланған: Қылмыстық
кодекс (VI бөлім), Қылмыстық іс жүргізу кодексі
(52-тарау) және Қылмыстық-атқарушылық ко-
декс (17 бөлім). «Қазақстан Республикасындағы
баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8
тамыздағы № 345
Қазақстан Республикасының
Заңы және «Кәмелетке толмағандар арасындағы
құқық бұзушылықтың профилактикасы және
балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының
алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591
Қазақстан Республикасының Заңы осы саладағы
маңызды заңдар болып табылады.
Қазақстан заңнамасында кәмелетке
толмағандардың істері жөнінде сот ісін жүргізудің
ересек айыпталушылар бойынша сот істерінен
өзінің арнайы мақсаты және түрлері бойынша
түбірлі өзгеше рәсім ретінде қаралмайтынын атап
өту қажет. Кәмелетке толмағандарға қатысты
қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу және
сот талқылауы жалпы рәсімдер мен нормалардың
жекелеген жағдайлары ретінде ғана белгілі.
ҚР ҚІК 52-тарауы кәмелетке толмағандардың
процессуалдық мәртебесінің ерекшеліктеріне
арналған.
Заңнамада
кәмелетке толмаған баланың
психологиялық, жасы ерекшеліктері ескеріле оты-
рып, осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу және
қарау кезінде қолданылатын айрықша қағидалар
белгіленген. Осы қағидалармен кәмелетке
толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғаудың қосымша кепілдіктері көзделген. Ол
13-тармақ, Қылмыстың құрбаны болған
және куәгер балалардың қатысуымен бай-
ланысты мәселелердегі сот төрелігіне
қатысты басшылыққа алынатын принцип-
тер, ЭКОСОС, 2005
Балаға қосымша қиындықтар келтірмес
үшін сұрауды, жауап алуды және тергеудің
басқа да түрлерін баланың мүдделерін еске-
ру, құрметтеу және жан-жақты зерделеу
жағдайларында іс-қимыл жасайтын, білікті
мамандар жүргізулері керек.
56
қылмыстың
жан-жақты, толық және оъективті
қаралуына, олардың жасалуына ықпал ететін се-
бептер мен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ,
қылмыстық сот ісін жүргізудің тәрбиелік маңызын
қамтамасыз етуге бағытталған.
Атап айтқанда, кәмелетке толмаған балаға қатысты
қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері:
•
айыптаушылыққа жол бермеу және кінәсіздік
ақиқат принципі;
•
кәмелетке толмаған баланың ары мен қадір-
қасиетін құрметтеу, оның жеке басына қол
сұғылмаушылықты сақтау;
•
кәмелетке толмаған баланы міндетті
психологиялық және көңіл-күйін қолдау (іс
бойынша заңды өкілді қатысуға жіберу) және
құқықтық көмек беру (ҚП ҚІК 486, 487-бапта-
ры);
•
жариялылықтың шектелуі (ҚР ҚІК 482-бабы);
•
істі жүргізу қажет
етілмейтін жағдайлар болған
кезде, мысалы, задап шегушілермен келісімге
келген кезде қылмыстық іс жүргізуді сот ісін
жүргізу ісінің бастапқы кезеңінде тоқтату (ҚР
ҚІК 67-бабының 1,2, 3 бөліктері);
•
16 жасқа толмаған, сондай-ақ, осы жасқа толған,
бірақ психикалық дамуында кенже қалған
адамға қатысты істі қарау кезінде педагог пен
психологтың міндетті түрде қатысуы (ҚР ҚІК
488-бабы);
•
сотқа кәмелетке толмаған айыпталушыны оның
ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері
арқылы, олар болмаған кезде – қорғаншы және
қамқоршы органдар арқылы шақыру тәртібі
(ҚР ҚІК 484-бабы);
•
кәмелетке толмаған балаға қатысты істі жеке іс
жүргізуге бөлу мүмкіндігі (ҚР ҚІК 483-бабы);
•
қажет болған кезде
кәмелетке толмаған балада
психикалық ауру немесе дамуында ауытқушылық
болғанын және оның өз іс-әрекеттеріне толық
немесе ішінара ие болу қабілетін және нақты
жағдайда өзін билей алуын анықтау үшін сот
психологиялық-психиатрикалық сараптама
тағайындау (ҚР ҚІК 489-бабы);
•
зерттелетін мән-жайлардың жасөспірімге
кері әсерін болғызбау үшін кәмелетке
толмаған баланың қатысуынсыз жекелеген
дәлелдемелерді зерттеу мүмкіндігі (ҚР ҚІК
493-бабы);
•
анықталуы қажет: кәмелетке толмаған баланың
жасы; кәмелетке толмаған баланың тұрмыс
жағдайлары және тәрбиесі; зияткерлік, күш-
жігері және психикалық дамуы; мінезінің си-
паты, қажеттіліктері,
кәмелетке толмаған балаға
ересек адамдардың және басқа да кәмелетке
толмағандардың ықпалы (ҚР ҚІК 481-бабы);
•
кәмелетке толмаған баланы қылмыстық
жауапкершіліктен (ҚР ҚІК 81-бабы және жа-
задан босату ерекшелігі (ҚР ҚІК 79-бабы, ҚР
ҚІК 495-бабы);
•
тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын
қолдану мүмкіндігі (ҚР ҚІК 82-бабыК, ҚР ҚІК
495-бабы).
1-тарау.
Балалардың құқықтарына қатысты ұлттық заңнама