Технологиясы


Әмбебап-жинақ электрмонтаждық конструкциялардың көмегімен



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет85/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Әмбебап-жинақ электрмонтаждық конструкциялардың көмегімен 
бекіту
 (ӘЖЭК).
Соңғы уақытта ӘЖЭК зауыттық шығарылымы әзірленді 
және игерілді, ол бірыңғайланған тасымалдайтын, қосу және бекіту 
бөлшектерінің жинағы болып табылады. 
Бұл бөлшектерден ЭМШ немесе тікелей нысанда дәнекерлеусіз және 
тесусіз әртүрлі электротехникалық және коммуникациялық (шиналық 
сым, жаймалар, қораптар, жарықтандыру арматурасы және б.) әртүрлі 
металдық конструкциялар жиналады (кронштейндер, аспалар, бекітпелер). 
ӘЖЭК бұйымдарының номенклатурасына бұранда, сомын және 
шайбалы 35 типтік өлшемдер кіреді, мысалы қапсырмалар, бұрыштар, 
негіздер, патрубоктар, профильдер, жолақтар, топсалар, қысқыштар, 
шпилькалар, қондыру және төсеме сомындар, қосқыштар, анкерлер. 
ӘЖЭК шамдалдар мен шиносымдарды ілу үшін қолдану 7.4. суретте 


196 
берілген. 
ӘЖЭК элементтерінің көмегімен бекіту қажетті ұзындықтың 
профильдерін таңдау немесе кесуге бағытталған және типтік альбомдар 
немесе өлшеулер бойынша оларды жинауға негізделген, бұл ретте 
механикалық жұмыстар барынша қысқарады (профильдерді өлшемдік 
қималарға бөлу немесе кесу ғана қалады), дәнекерлеу және жабын жабу 
операциялары жойылады, қосылыстарды орындау оңайлайды. 
Бекіту бөлшектері мен бұйымдарын жапсыру.
Қазіргі уақытта 
электр желілері, электр қондырғы бұйымдары және қрылыс негіздері үшін 
ұсақ конструкциялар үшін полимерлік материалдардан бөлшектерді қосу 
орындалады. Жапсыру тесу жұмыстарын алып тастайды, еңбек жағдайын 
жеңілдетеді, монтаждауды арзандатады, негіздің тұтастығы мен беріктігін 
сақтайды. Алайда соңғы уақытқа дейін бұл әдіс тәжірибелі енгізу шегінен 
өткен жоқ, себебі бірде бір желім тез, берік қосылуды қамтамасыз еткен 
жоқ. Және акрил шайыры негізіндегі БМК-5К желімін қолдану бекітудің 
осы әдісінің сенімділігі мен болашақтығын көрсетті. Осы желімнің 
құрамына БМК-5 шайыры (180 мас. ч.), ацетон еріткіш ретінде (420 мас. 
ч.) және каолин толтырма ретінде (400 мас. ч.) қолданылады. 
Еріткіштер ретінде тез ұшатын сұйықтықтар қолданылады: ацетон, бензол, 
спирттер мен б. Ацетон — бұл өзіндің иісі бар түссіз сұйықтық, тез 
тұтанғыш, оның булары жарылуға қауіпті. Сумен, спиртпен, бензинмен 
жақсы араласады. Эпоксидті шайырларды еріту және майсыздандыру үшін 
қолданылады. 
Сур. 7.4. Шамдалдар (а) және шинасымды аспалар үшін (б) ӘЖЭК 
қолдану


197 
е )
Толтырмалар — ұнтақ түріндегі немесе талшықты заттар, 
пластмассалық бұйымдардың механикалық беріктігін көтереді және 
көлемін азайтады. Механикалық беріктікті көтеру үшін әйнек, асбесттік 
және мақта талшықтар қолданылады, ал пластмассалардың жылу 
өткізгіштігін және қыздыруды сақтағыштығын көтеру үшін кварцтық 
және слюдалық ұнтақтар қолданылады. Барлығы пластмассада 40...60 % 
толтырма бар. 
Желім құрамына толтырма енгізу оның беріктігін мен созылғыштығын 
көтереді, отыру құбылыстарын азайтады және қату уақытын қысқартады. 
Желім сыйымдылығы 0,1 дм
3
тубаға немесе басқа сыйымдылығы 0,25 
дм

герметикалық жабылатын ыдысқа сығымдалып жеткізіледі. Тікелей 
жұмыс 
орнында 
толтырманы 
шайыр 
ерітіндісімен 
араластыру 
ұсынылмайды. БМК-5К желімі ұзақ сақатған соң да құрамның 
бірқалыптылығын сақтайды, сондықтан қосымша араластыруды қажет 
етпейді. Сымдарды, жерге тұйықтау жолақтарын және ұсақ орнату 
бұйымдарын және бекіту бөлшектерін орнату
Сур. 7.5. Бекіту бөлшектері мен жапсыруға арналған орнату бұйымдары: 
(сур. 7.5), осылай жарықтандыру қораптары мен кемінде 6 см
2
жалпақ 
тіректік бетке ие басқа пластамассалық бұйымдармен
а
— тоғасы бар қаңылтырлы бөлшек; б — поливинилхлоридті лента және 
полистрол батырмасы бар жинақтағы пластмасса немесе металл бөлшек; в 
— жалпақ жолақ және тоғасы бар жинақтағы пластмасса немесе металл 
бөлшек; г — сымдарды бекітуге арналған пластамасса бөлшек; 
д
— қосу 
қораптары; е — жартылай герметикалық ажыратқыш


198 
Жапсыру алдында құрылыс беттерін дайындау қажет, яғни қосылу 
орнын болат қалақша немесе болат қышақпен тегіссіздіктерден мен кірден 
тазарту қажет. Әкке, майлы бояуға, майлы немесе қақталған беттерге 
желімдеуге болмайды. Құрылыс негізінің беті құрғақ, тегіс, таза болуы 
тиіс. темір беттерді тоттан тазартып, ацетон немесе М-72 төмен емес 
бензинге салынған таза тампонмен тазартады. Сонымен бірге 
жапсырылатын беттердң тре беттерін тексереді, қажет болса шаңнан, 
майлы дақтардан және тоттан тазартады, қылауды жояды, ал металл 
бөлшектерді негізге нық жату үшін түзетеді.
Жапсыруды келесі тәртіпте орындайды: қалақшамен желім құрылыс 
негізіне және жапсырылатын бөлшектің бүкіл бетіне жағылады. Жағылған 
қабаттың жуандығы 0,5...1,0 мм болуы тиіс; артық желім қосылу беріктігін 
азайтады. Содан кейін бөлшекті күшпен басып тұрып, бұйымның 
салмағына қарай 2.5 с ішінде ұстап тұрады. Бұл ретте пайда болатын 
желімнің ұстау күші бұйымды ұта үшін жеткілікті. Әрі қарай жұмыстарды 
жүргізу үшін қажетті беріктікке 24 с. кейін жетеді. Желімнің кепілді 
сақтау мерзімі 9 ай. Бұл мерзім аяқталған соң желім жұлынып алуға қайта 
сыналуы тиіс.
Сымдарды немесе кабельдерді БМК-5К желімімен құрылыс негізіне
жапсыру ұсынылмайды, себебі тез кебуіне байланысты сымның ұзындығы 
бойынша консистенция бірдей болмайды, демек қосылу беріктігі де бірдей 
болмайды және бұдан басқа сымның бір ұшы қалғанда, екінші ұшы да аса 
күшсіз де ажырауы мүмкін.
БМК-5К 
желімінің 
минималды 
үлестік 
беріктігі 
бетоннан, 
темрбетоннан, керамикадан алынуы — 50 Н/см
2
, кірпіштен — 10 Н/см
2

Бекіту сапасы мен беріктігі желімнің дұрыс дайындалуынан және жапсыру 
технологиясына байланысты. 
Сынақ кезінде, сонымен қатар БМК-К желімін енгізу тәжірибесінің 
негізінде келесі шектеуулер орнатылды: онымен соққыға, қатты дірілге 
ұшырайтын бөлшектерді жапсыруға болмайды (желімнің нәзіктігіне 
байланысты) және оны ылғал бөлмелерде қолдануға болмайды (кір 
жуатын, моншаларла). БМК-5К желімі қатқан соң, суға төзімді болады, 
құрылыс негізінің ылғалдануынан беткі қабатының беріктігінің 
төмендеуіне сәйкес оның қабатының беріктігі болмашы азаяды. Сумен 
әрекеттекенде, БМК-5К сұйық желім қоюланып, өзінің қасиеттерн 
жоғалтады, сондықтан бөдшектерді ылғал негіздерге жапсыруға 
болмайды. 
Қатқан желім аязға төзімді, бірақ сұйық күйінде ол төменгі 
температураларда қолдануға жарамайды, яғни оны плюстік температурада 
ғана қолдануға болады. Электр қондырғы бұйымдарын гипсолиттік, 
гиспсобетондық, ылғал әдіспен сыланған құрылыс конструкцияларына 
және беткі қабатының беріктігі жеткіліксіз құрғақ сылаққа жапсыруға 
болмайды. 
Желім болатқа, винипластқа, әйнекке, фарфорға, ағашқа, карболитке 
және пластмассаға жақсы агдезияға ие (екі түрлі денелердің беттерінің 


199 
жабысуы). Бірақ оның алюминий мен мырышталған темірге агдезиясы 
болатқа қарағанда екі есе кем. Белгілі атмосфералық жағдайда болаттың 
коррозияға ұшырау мүмкіндігін ескере отырып, жапсыру кезінде 
пластмассалы бекіту бөлшектерін (полиэтилендерді қоспағанда) қолдану 
ұсынылады. БМК-5К желімін қолдану нормасы 100 бекітпеге 100 г 
құрайды. 
Сымдар мен қондыру құралдарын осы әдіспен жапсыру, басқа 
әдістерге қарағанда еңбек өнімділігін 2-3 есе арттырады. 
БМК-5К желімімен жұмыс істеу кезінде кейбір еңбекті қорғау және өрт 
қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет. Жұқа созылмалы резеңке қолғаппен 
жұмыс істеу ұсынылады, ал бөлшектерді тік жазықтықтар мен төбеге 
жабыстырғанда қорғаныс көзілдірігін кию ұсынылады. Клейді сақтықты 
сақтап, қорғаныстық көзілдірікпен сұйылту қажет. Ацетон немесе БМК-К 
аз мөлшерде ішке қабылдаудың өзі улану немесе көрмей қалуға әкелуі 
мүмкін.Клей теріге тиген жағдайда, жұмыс аяқталған соң күнделікті теріні 
ыстық сумен және сабынмен жуу қажет. 
Ашық от пен жылыту аспаптарының жанында желіммен жұмыс істеуге 
болмайды. Желім дайындалатын немесе онымен жұмыс істелінетін 
бөлмелерде тамақтануға және шылым шегуге тыйым салынады. Бұл 
бөлмелерде желдеткіш болуы тиіс және жүйелі түрде желдетілуі керек. 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау