Технологиясы



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет58/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

R
3
= 3,5 Ом, ал бейтарап сымының жерге тұйықтау кедергісіR = 0,5 Ом 
болсын. А фазасы корпусқа қайнаркөз орамасымен, А фазасының жетегімен, 
қозғалтқыштың корпусымен және жерге тұйықталуымен, сонымен қатар 
жермен және байтарап сымның жерге тұйықталуымен құрылған тұйық 
тізбекте тұйықталған кездетоқ ағады. 220 В тең фазалық кернеу 
кезінде,желінің, корпустың және жердің кедергісін елемеу керек және жерге 
бір фазалы тұйықталудың тоқ күшін есептеу керек: 
1о.з = 
U
0
/(
 R
0

R) =
220/(0,5 + 3,5) = 55 А. 
Осы тоқ бейтарап сымның жерге тұйықталуында 
U
0
= I
0,3
R
0
 =
55-0,5 = 27,5В 
және қозғалтқыштың жерге тұйықталуында кернеудің төмендеуін құрайды 
U
3
 =
43
R
3
= 55-3,5 = 192,5 В. 
Осылайша, электрлік қозғалтқыш корпусы және жер арасында 193 В 
жеткілікті қауіпті кернеуі туындайды, және корпусқа жанасқан адам қатты тоқ 
соққысын алуы мүмкін. Сондықтан кернеуі 220/380 В болатын 
қондырғыларда жерге тұйықтау жүйесі қолданылады, осы жүйе кезінде 
жабдықтардың барлық тоқ өткізбейтін металл бөліктері жермен емес, 
қайнаркөздің жерге тұйықталған бейтарап сымымен электрлік жолмен 
жалғанады. Бұл қосылыс желінің нөлдік сымы (нөлдік жұмыс сымы) немесе 
арнайы нөлдік қорғаныс сымы арқылы жүзеге асырылады (5.2, в сур.) және 
нөлдеу деп аталады. Нөлдеу бар желіде 
А
фазасы оқшауламасының тесілуі 
орын алғандығы туралы болжам жасайық. Желі металл бөліктерден 
құралатындықтан, онда қандай да бір елеулі кедергісі бар учаскелер жоқ. 
сондықтан нөлденген корпусқа тоқ өткізгіш бөліктердің кез келген жерге 
тұйықталуы қысқа тұйықталу болып табылады, осы жағдайда зақымдалған 
учаске қорғаныс аппаратурасымен (сақтандырғыштар немесе автоматтар) 
дереу сөндіріледі. Нөлдеудің қорғаныстық рөлі осыда негізделеді. 
Жерге тұйықтау құрылғысының минималды кедергісін қамтамасы етумен 
қатар, қорғалатын аппарат айналасында және электрлік қондырғының 
(мысалы, қосалқы станса) барлық ауданы бойынша кернеудің біркелкі 
үйлестірілуін қамтамасыз ету маңызды. 


139 
5.3 сур. Қадамдық кернеу 
туындайтын сұлба
Максималдыпотенциалға(U
3
) зақымдалған аппарат корпусымен жалғанған 
жерге тұйықтаушы, және жерге тұйықтаушымен жанасатын топырақ ие. 
Жерге тұйықтаушыдан алыстау шамасына қарай жер бетіндегі потенциал 
төмендейді, біртіндеп нөлдік мәнге дейін жетеді (15 ...20 м шектерінен тыс). 
Осы қашықтықта топырақ кернеуі 
ағылуға қарсы кедергі
деп аталады
.
Оқшауламасы зақымдалған аппарат корпусына жанасатын адам кернеу 
астына түседі, оның мәні ол апаратқа жанасатын нүкте және аяқтармен жерге 
жанасу нүктесі арасындағы учаскедегі (ұзындығы шамамен 0,8 м болатын 
учаске) потенциалдың төмендеуімен анықталады. Осы кернеу
жанасу 
кернеуі

жан
) деп аталады. Зақымдалған аппаратқа жақындайтын адам 
табандары арасында да 
қадам кернеуі

қад0
) деп аталатын потенциалдар 
айырмасы болады, оның мәні қадам енінен және зақымдалған жерге дейінгі 
қашықтықтан тәуелді. 
Осыны толығырақ қарастырайық. Егер жерге тұйықталған желіде жерге 
бір фазалы тұйықтау орын алса, қадам кернеуі және жанасу кернеуі 
туындайды. 0 нүктесінде орналасқан тік жерге тұйықтаушы 3 арқылы (5.3 
сур.) жерге бір фазалы тұйықтау тоғы ағады. Жерге тұйықтаушыдан алыстау 
шамасына қарай тоқ тығыздығы және онымен тудырылатын кернеудің 
төмендеуі үздіксіз азаяды, яғни, егер 0 нүктесінде максималды потенциал 
(жерге тұйықтаушының өзіндегі төмендеуге тең) болса, онда жерге 
тұйықтаушыдан 20 м қашық орналасқан топырақ нүктесіндегі потенциал 
нөлге тең деп айтуға болады. 0 нүктесіне дейінгі қашықтыққа байланысты 
топырақ потенциалының өзгеруі АМ қисығымен сипатталады.0М 
қашықтығын ұзындығы 0,8 м болатын тілімдерге (адам қадамының орташа 
ені) бөліп, осы қисық бойынша жерге тұйықтаушыдан белгілі бір қашықтықта 
орналасатын адамның қандай кернеу астына түсетіндігін білу оңай. Мысалы, 
егер жүріп бара жатқан адам аяқтары жерге тұйықтаушыдан 1,6 бастап 2,4 м 
дейінгі қашықтықта орналасса, онда топырақ потенциалдары АМ 
қисығының В және Г нүктелерімен 
сипатталады, ал ВЖ тілімі белгілі 
бір 
масштабта 
потенциалдар 
айырмасы, 
яғни 
кернеуді 
анықтайды. 
Жер бойынша бір фазалы жерге 
тұйықтау тоғы ағатын аймақта 
жүріп 
келе 
жатқан 
адамға 
түсірілетін кернеу қадам кернеуі 
деп аталады. Жерге тұйықтаушыдан 
алыстау шамасына қарай (ВЖ < БЕ 
< АД) осы кернеу азаяды және 
жерге тұйықтаушыдан 20 м астам 
қашықтықта ол толықтай дерлік 
жойылады.


140 
Жерге бір фазалы тұйықтау жағдайында қадам кернеуінің пайда болуынан 
адамдардың зақымдануы осы кернеудің кіші мәндері нәтижесінде өте сирек 
орын алады. Бірақ егер осы кернеу әуе желісінің үзілген сымы жерге түскен 
кезде туындаса, ол үлкен мәндерге жетуі мүмкін. Осындай жағдайларда қадам 
кернеуі әрекет ететін аймақтан шыққанда, құрғақ тақтайлар, пластик 
тілімдерін және басқа оқшауламалық материалдарды пайдалану керек, ал олар 
болмаған кезде – кішігірім қадамдармен. 
Сонымен қатар қорғаныстық жерге тұйықтау жұмысы кезінде, жерге бір 
фазалы тұйықтау режимінде туындайтын кернеу де қауіпті. Егер жерге 
тұйықтайтын жерге тұйықтаушы арқылы 1
ж
тоғы ақса, онда R жерге 
тұйықтағыш құрылғы кедергісінде ол /
з
Л
з
кернеудің төмендеуін, яғнижанасу 
кернеуін тудырады. Осы жағдайда оқшауламасы зақымдалған аппарат 
корпусына жанасып, адам /
з
Л
з
толық кернеуі астына, немесе оның бөлігі 
астына түсуі мүмкін. Оқшауламасы зақымдалған қабылдағыш және оған 
жанасқан адам жерге тұйықтаушыдан 20 м астам қашықтықта орналасатын, 
және адам тікелей жерде дымқыл немесе шегелермен тесілген аяқ киімде 
тұратын жағдайлар аса қауіпті. 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау