Технологиясы



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет68/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Шамшырақтарды ілмекке немесе түйреуішке ілу 
негізінен тұрғын үй, 
әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда қолданылады. Ашық және 
жасырын сымдар жүйесі кезінде жабынның бос қуысты темірбетон 
тақталары бар ғимараттарда салмағы 15 кг асатын шамшырақтарды ілу 
үшін У623Б ілмектері және У632А түйреуіштері қолданылады, ал салмағы 
30 кг дейін болатын шамшырақтар блоктарын ілу үшін – ШБП сериялы 
түйреуіштер. 
Ілмектер, 
түйреуіштер 
орнатуға 
және 
сымдарды 
шамшырақтарға шығаруға арналған саңылауды УК-6 пиротехникалық 
бағанасымен немесе электрлік балғалармен теседі. 
6.1 сур. Жабын арматурасына дәнекерлеу арқылы ілмекті орнату: 
1 — жабын; 2 — металл арматура; 3 — ілмек; 4 — шамшырақ 


162 
6.2сур. ЛД254 төбе қорабының құрылымы: 
1 — қақпақ; 2 — корпус; 3 — анкерлік тақтайша; 4 —
Л249ілмегі; 5 — оқшаулағыш қалпақша 
Салмағы 5 кг асатын 
шамшырақтарды 
жабынның 
тұтас 
плиталарына бекіту У625 
ілмектері немесе У626 
түйреуіштері 
көмегімен 
жүзеге асырылады, олар 
жоғары 
орналасқан 
қабаттың бастапқы еденін 
салғанға жейін ғимаратты 
салу 
кезеңіне 
дайын 
саңылауларға қаланады. 
Егер 
жабын 
панельдерінде 
өтпелі 
ілмектерді 
немесе 
түйреуіштерді орнатуға арналған саңылаулар болмаса, онда олардың 
орнына темірбетон тақталар арматурасына дәнекерленетін ілмекті 
сырғалар (ЭДШ бұйымдары) қолданылуы мүмкін (6.1 сур.). 
Электрлік сымдар жүйесі монолиттелген пластмассалық құбырларда 
өткізілген, ірі панельді тұрғын үйлерде салмағы 15 кг дейін болатын 
шамшырақтарды бекіту және жалғау үшін Л249 ілмектері бар ЛД254 
монолиттелетін төбе қораптары қолданылады (6.2 сур.). 
Жоғары қаупі жоқ орынжайларда (пәтерлер, тұрғын үйлер, 
жатақханалар, шағын қоғамдық ғимараттар және т.б.) шамшырақтарды 
жерге тұйықтамайды, сондықтан темірбетон жабындарда орнатылатын 
ілмектер оқшаулану керек, ал шамшырақтарды ілуге арналған 
құрылғыларда оқшаулағыш сақиналар болу керек. Осы шаралар 
шамшырақтың тоқ өткізбейтін металл бөліктерінің металл арматурамен 
жерге тұйықталған жабын тақталарымен кездейсоқ жанасуының алды 
алады. 
Шамшырақты ілгеннен және аспашамдық қысқышты қолданумен 
топтық желі сымдарына жалғағаннан кейін саңылау оның жинағына 
кіретін төбе розеткасымен жабылады, ал ол болмаған кезде – ілмекте 
немесе түйреуіште бекітілетін РП сериялы төбе розеткасымен. 
Шамшырақтарды жалғағаннан кейін ЛД254 монолиттелетін төбе 
қораптары сәндік қақпақтармен жабылады. 
Люминисцентті шамдары бар шамшырақтарды қабырғаларға және 
төбеге тікелей бекітудің барынша кең тараған әдістерінің бірі жолақты 
болаттан жасалған құрылымдардың (ЭДШ бұйымы) қолданылуы болып 
табылады, онда шамшырақтың бекіністік саңылауларына сәйкес 
орналасқан бұрандамалар сығымдалған немесе дәнекерленген (6.3, а сур.). 
Соңғы уақытта люминисцентті шамшырақтарды ДВ-М8 дюбель- 
бұрамаларында бекіту әдісі кең қолданыс тапқан, осы кезде үлкейтілген 
тығырықтар және сомындар орнына метизсіз бекітуге арналған 
құрылымдар қолданылады (6.3, б сур.).


50

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау