Технологиясы



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет238/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

 
556 
жалғайды. 
Шиналарды 
құрастырғаннан 
кейін 
тасымалдау 
уақытына 
бөлшектелген аспаптарды және аппараттарды орнатады, және оларды 
сұлбаларға сәйкес біріншілік және екіншілік тізбектерге жалғайды. 
Құрама шиналардың түйіспелік беттерін бензинмен жуып, вазелиннің 
жұқа қабатымен майлайды. Осы беттерді егеумен немесе егеуқұм 
қазғазымен осы беттерді тазартуға болмайды, себебі олар зауытта 
коррозиядан қорғау үшін мырыш қосылған арнайы қалайы қоспасымен 
қапталған. Барлық секцияның құрама шиналары орнатылғаннан кейін 
түйіспелік қосылыстарда бұрандамаларды қатайтады, кейін екіншілік 
тізбектердің магистралды шиналарын төсеу орындалады.
Құрастырылған шкафтарды, камераларды немесе блоктарды 
шаңнан және дақтардан мұқият тазартады және жабдықтар 
ревизиясына кіріседі. Барлық элементтерді тексереді, бұрандамалық 
бекініс қосылыстарын, сонымен қатар қысқыштардағы, түйіспе-
блоктардағы және екіншілік тізбектің басқа құрылғыларындағы 
бұрамаларды қатайтады.
Ажыратқыштарды және жетектерді тексереді. Ажыратқыштарға 
таза құрғақ трансформторлық май құйылу керек. Барлық үйкелетін 
механизм бөліктерінде майламаның болуын тексереді және қажет кезде 
оны 
қосады. 
Кейін 
мегаомметрмен 
өлшеуіш 
тоқ 
трансформаторларының 
екіншілік 
орамалары 
оқшауламасының 
кедергісін өлшейді. Қолмен қосу кезінде жетектердің және майлы 
ажыратқыштардың, түйіспе-блоктардың реттелуін, ЖТҚ арбашаларын 
жеткізу, бұғаттау және шығару механизмдерінің жұмысын, сонымен 
қатар зауыттық нұсқаулық бойынша айырғыш және басқа түйспелердің 
жұмысын тексереді. Кейін жоба сызбалары бойынша тармақталатын 
және қоректендіргіш шоғырсымдарды және екіншілік тізбектер 
шоғырсымдарын жалғайды. 
Тарату құрылғыларын уақытылы индустриалдық құрастыру кезінде 
негізгі операциялар келесілер болып табылады: жиналған блоктарды 
құрастыру орнына жеткізу, оларды орынжай ішінде тасымалдау, 
көтеру және орнату. ТҚ шкафтарын немесе камераларын құрастыру 
орнына дейін қапталған күйде тасымалдайды, ЖТҚ шкафтарын және 
блоктарын – тек тік орынжайда. КСО көлденең жайғасымда қасбеттік 
жағы жоғары қарайтындай тұрақты немесе уақытша саңылаулар 
арқылы тасымалдауға рұқсат етіледі. Блоктарды жүктеу және түсіру 
көтергіш кран көмегімен орындалады. Матауыштар иілетін жерлерде 
матау кезінде жабдықтардың сыр жабынының зақымдануының алдын 
алатын сенімді кергілер орнатады. Таза еден бойынша орын 
ауыстыруды ТПБ типті арбашаларда жүргізу ұсынылады, олардың 
көмегімен ЖТҚ блоктарын өздігінен жүктеу және өздігінен түсіру 
қамтамасыз етіледі. 
Өндіруші-зауыттар ЖТҚ және КСО атмосфералық жауын-
шашындардың ұзақ әсеріне есептелмеген ағаш қаптамада жөнелтеді, 


557 
сондықтан белгіленген жерге келгеннен кейін оларды құрғақ жабық 
орынжайға жеткізеді, қаптамадан босатады, шаңнан, жоңқалардан 
тазартады және мұқият сыртқы тексерістен өтеді. 
Егер жергілікті жағдайлар мүмкіндік берсе және сәйкес көтеру-көлік 
құралдары бар болса, онда құрастыру орнына үш шкафтан жинақталған 
блоктарды жеткізеді. Өзге жағдайда ЖТҚ шкафтарында тасымалдау 
кезінде арбашаларды бекітуге арналған қапсырмаларды шешеді, оларды 
шкафтардан шығарады, шкафтарды өзара бекітетін бұрандамаларды 
шешіп, әр шкафты жеке жеткізеді. 
ЖТҚ және КСО электрлік жабдықтарын құрастыруға қабылдау кезінде 
қаптама 
тұтастығын, 
қаптама 
тізімдемесіне 
сәйкес 
жабдықтар 
элементтерінің толымдығын, аспаптарда пломбалардың бар болуын және 
тұтастығын, бекініс бұрамаларының болуын, құрама және тармақтау 
шиналарының толымдығын және т.б. тексереді. 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау