Технологиясы


Құбырлық трассаны және құбыр төсемелерін дайындау



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет112/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Құбырлық трассаны және құбыр төсемелерін дайындау.
Құбыр желілерін төсеу үшін трассаны дайындау олардың орны мен 
белгісін таңдаудан басталады. Жұмыс сызбаларында көрсетілген 
құбыр трассаларының бағыттары мен ұзақтықтары, олардың 
технологиялық осьтерге және жинақтық құрылғыларға таңылуы, 
ұзын жәшіктерді орнату орны мен электр қабылдағыштарға 
құбырларды шығысы сол жерде нақтыланады. 
Құбырлардың бекітілу нүктесінің арасындағы белгіленген 
нормативті қашықтықтар, олардың иілу радиусы мен басқа 
өлшемдерін құбыр трассаларын белгілеу кезінде қатаң сақтау керек.
 
10^ 20, 25... 32, 40...80, 100 мм диаметрлі болат құбырларды 
бекіту сәйкесінше 2,5; 3; 3,5.4 және 6 м, иілістерінде бұрылыс 
бұрыштарында 
150-200 
мм 
арқылы 
жүргізеді. 
Жылыту 
құбырларынан және ыстық су жабдықтамасынан трассаға дейінгі 
параллель төсем кезіндегі қашықтық 100 мм кем болмауы, ал 
қиылысу кезінде 50 мм кем болмауы керек. Суға жасырын төсеу 
кезінде құбырларды 20 мм кем емес тереңдету және цементтік 
ерітінді қабатымен қорғау қажет. Ұзын қораптар арасындағы 
қашықтық тік учаскелерде – 75 м, құбырдың бір иілісі кезінде – 50 
м, екеуінде – 40 м, үшеуінде – 20 м аспауы тиіс. 
Құбырлардың иілісі кезінде бұрылыстың қалыптандырылған 
бұрыштары (90, 105, 120, 135 және 150°) және иіліс радиусын (200, 
400 және 800 мм) пайдалану керек. Ашық төсем кезінде диаметрі 50 
мм құбырдың минималды мүмкін иіліс радиусы құбырдың төрт 
сыртқы диаметріне, үлкен диаметрде алты, бетон массивтерде 
құбырларды төсеу кезінде – он; қорғасын, алюминий және 
поливинихлоридті қабықшасы бар құбырларда төсеу (ашық және 
жасырын) кезде – он (құбыр желісіе ашу қиын болмаса, жасырын 
төсем кезінде алтыға да жол беріледі). 
15, 20, 25, 32, 40 және 50 мм диаметрлі полимерлі құбырларды 
бекіту нүктелері арасындағы қашықтық сәйкесінше 1; 1,4; 1,8; 2,2 
және 3 м, ал 25, 50, 70 және 80 мм диаметрлі параллель төселетін 
құбыр остері арасында сәйкесінше 65, 105, 140 және 150 мм болуы 
керек. 
Сонымен қатар, құбырлық трассаны белгілеу кезінде келесілер 
қажет: 
барлық тармақталатын қораптарды ғимараттың архитектуралық 
желілеріне параллель бір сызықта тарқатудың тікелей учаскелерінде 
орналастыру; 
отырғызу және температуралық жіктердің қиылысатын 
жерлерінде компенсаторы немесе иілгіш компенсаторы бар арнайы 


267 
жәшіктерді орнату; 
бу 
конденсациясынан 
ылғалдың 
жиналуы 
немесе 
су 
көпіршіктерінің түзілуін болдырмау үшін кедергілерді қараған 
кезде бір жаққа қарай құбырлық трассаларды бұру; 
үш тік бұрышпен құбырлық трассаларды орындау; 
ыстық беттермен және жылу трассасының құбырларымен 
қиылысуды және жақындасуды болдырмау; 
кедергілердің айналма жолын және басқа коммуникациялармен 
құбырлардың қиылысу орындарын қысқарту. 
Құбырлық трассалардың басын жұмыс сызбалары бойынша 
анықтайды, сол жерде қалқандардың, шкафтардың және басқа да 
электр құрылымдарының орналасуын анықтайды, содан соң 
олардың дәл өлшемін жүргізеді. Бұдан әрі биіктіктегі белгісі мен 
остердің орналасуы бойынша электр құрылымы мен электр 
қабылдағыштарды өзара байланыстыратын сызықты жүргізеді. Дара 
құбыр желілері үшін бұл желі олардың нақты орналасқан жері 
болып табылады; құбырлық блоктар үшін белгінің тік желілері 
олардың орташа осін, ал көлденең жоғарғы шектерін анықтайды. 
Монтаждау орнында құбыр желілеріне құбыр дайындамаларын 
жинау құбыр төсемелерінің жобалық сызбалары және құбыр 
дайындайтын тізімдеме бойынша жүзеге асырады. Монтаждау 
орнына келіп түсетін дайындама элементтерінің тізімдеме мен 
сызбада 
көрсетілген 
реттік 
нөмірі 
болады. 
Құбыр 
дайындамаларының жеке элементтері, құбырлық пакеттер және 
блоктарды құбыр желілеріне тізбектеп жинайды (басына соңына 
дейін екі ұшынан бір-біріне қарама-қарсы) және де жинау 
шамасына қарай оларды тірек құрылымдарына бекітеді. 
Құбырлардағы электр сымдары жасырынған және ашық болуы 
мүмкін, осылайша оларды монтаждау технологиясы бірдей. 
Құбырлардың ашық төсемі монтаждалатын электр желісіне жақсы 
сыртқы көріністі беру үшін мұқият өңдеуді қажет етеді, сондықтан 
да бұл жағдайда құбырды бұруды аз радиупен жүргізеді. 
Болат құбыр желілерін тікелей түрлі атқарымдағы (8.24 а..е 
сурет) құрылыс негіздемесіне немесе тірек құрылымына (төбе және 
қабырғалық) төсейді. Осылайша ашық төсемде дара құбырларды 
қапсырмамен бір немесе екі табанмен бекітеді (8.24 ж сурет). Тірек 
құрылымдары белгілеу желісі бойынша бір жазықтықта орнатады: 
алдымен екі шеткі құрылымды жеке бөліктерімен олардың 
арасындағы шнурды тартып орналасады. 
Атыздарға жасырын түрде орналастырылған құбырлар албастер 
ерітіндісімен ерітіледі және сылақпен қапталады. Жасырын 
құбырлардағы сымдарды тартуды монтаждау сапасын тексергеннен 
кейін жүзеге асырады, сонымен қатар, құбрларды жалғау сапасы 
тексеріледі. 


268 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау