7 Қайта баптамалы айлабұйымдар
Осы айлабұйымдар шағын – сериялы және орта – сериялы өндіріс түрлерінде қолданылады. Мұндай өндірістерде бір біріне құрылым және технология жағынан ұқсас бірнеше тетіктер өңделеді. Сондықтан аталған айлабұйымдар реттеліп; қайта бапталып әр бір тетікке қатысты қолданылады.
Мұндай айлабұйымдар үш түрге бөліп ажыратуға болады:
- топтық;
- қайта бапталатын (өндірісте айналмалы);
- әмбебап-құрастырылатын.
Топтық айлабұйымдар
Топтық айлабұйымдар топты өңдеу технологияларда қолданылады. Бұларда түрлі типтік өлшемді тетіктер орнықтандырылып бекітіледі.
Мысалы, екі сақина тәрізді тетіктерді өңдеуге арналған айлабұйым.
7.1-сурет – Топтық айлабұйым
7.1-суретте көрсетілген топтық айлабұйым екі сақина тетіктерді орнықтандыруға арналған. Оларда тесік бұрғыланады.
7.1 Қайта бапталатын (айналмалы) айлабұйымдар
Осындай айлабұйымдар аз уақытта және бірнеше рет қайта бапталып іске қосылады. Олар орта сериялы өндірісте қолданылады. Осы жүйенің екі түрі ажыратылыды: әмбебап қайта бапталатын айлабұйымдар (ӘБА) және әмбебап-құрастырылатын айлабұйымдар (ӘҚА).
ӘБА құрамында тұрақты негізгі бөлшегімен ауыспалы бапталатын бөлімдері болады. Тұрақты негізгі бөлім ретінде әмбебап қалыптандырылған айлабұйым дар қолданылады. Ауыспалы бапталатын бөлім ауыспалы орнықтандыратын және қысатын құрылғылырдан құрастырылады.
Мысалы
7.2-сурет – Әмбебап қайта бапталатын айлабұйым
Әмбебап қалыптандырылған айлабұйымдар ретінде машиналық іскенжелер, айналатын кезеулеткіштер, ауысатын жұдырықшалары бар қысқылар және басқа қолданылады.
Тұрақты негізгі бөлім құрамында:
- күш беретін жетекпен бірге тұрқы;
- ауысымды баптарды орнықтырып бекітетін элементтер (тақталар, орнату гильзалар және басқа);
- қысып бекітетін механизмдер.
Ауыстырылатын баптың құрамында тетікті орнықтандыратын элементтер; олар тетіктің пішінімен өлшемдеріне сәйкес жобаланады.
Айлабұйымның және тетіктің құрылымдарына байланысты бапту үш әдіспен жүргізіледі:
1) орнату элементтердің орындарын ауыстыру;
2) орнату элементтердің орындарын ауыстыру және оларды қайта қысып бекіту;
3) толық не толық емес орнату элементтерді ауыстыру және олардың орындарын ауыстыру.
Бірінші екі әдіс геометриялық пішіндері ұқсас бірақ орнық беттерінің өлшемдері әртүрлі тетіктерге қолданылады.
Үшінші әдіс тетіктердің пішіндері және өлшемдері әртүрлі тетіктерге қолданылады.
ӘБА қолдану тиімділігі олар өндірісті техникалық дайындау мерзімін қысқартады және экономикалық шығындарды төмендетеді. Ауыстырылатын тетіктер жұмыс орнында сөрелерде сақталады; керегінде жұмысшы пайдаланады.
7.2 Әмбебап құрастырылатын айлабұйымдар
Бұл жүйе 1947 жылы инженерлер Кузнецов В.С. және Пономарев В.А. жасаған. Осы жүйенің мағынасы, қалыптандырылған тетіктердің жиыны бар, олардан әр түрлі айлабұйымдарды жинап құрастыруға болады. Бір құрастырылған айлабұйым арнайы бір тетікке ғана арналады. Қолданып болғаннан кейін айлабұымның тетіктері ажыратылып алынады және олар қоймаға тапсырылады. ӘҚА элементтерінің жинағы 25-30 мың тетіктерден тұрады, олардан бір кезде 300 айлабұйымдар құрастыруға болады. Зауытта не экономикалық аймақта ӘҚА жалға беретін пункт болады. Негізгі жиындағы тетіктер атқаратын міндеттеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді:
1) ӘҚА-ның негізі тетіктері - орнық тетіктері есептеледі; оларда Т-пішінді ойықтар бар. Бұлар төрт бұрышты және дөңгелек тақтайшалар, оларға басқа ӘҚАның тетіктерімен бөлшектері құрастырылады;
2) тұрқы және тірек элементтер - призмалар, тірек бұрыштықтар, төсемдер және басқа;
3) қондыру тетіктер (қондыру кілтектер, қондыру саусақтар, тіректер);
4) бағыттаушы тетіктер (кезеулеткіш төлкелер, ашалар, бағыттаушы бағанашықтар);
5) қысу тетіктер (бұрамалар, бұрандамалар, сомындар және басқа);
6) қыспақ тетіктер (әртүрлі ұстағыштар).
Негізгі орнық тетіктермен тұрқыларда Т-пішінді кілтектер 6 – 7 квалитет дәлдігімен жасалады және олардың орналасу қадамдары 600,05 мм.
Кілтектердің перпендикулярсіздіктері мен параллельсіздіктері 200 мм ұзындықта 0, 01 мм ден аспайды. Жалпы тетіктердің өлшемдерінің дәлдіктері 6-7 квалитетті құрайды, беттерінің кедір-бұдырлығы Ra 0,32 – 0,16 мкм. Кейбір негізгі тетіктер 7.3 суретте көрсетілген.
7.3-сурет – ӘҚА жүйенің тетіктері
Т-пішінді кілтектер арқылы ӘҚА жүйенің тетіктері бір біріне қосылып бұрамалармен қосылады. Аталған кілтектердің ені 12 мм, одан басқа 8 мм және 16 мм болады.
7.4-сурет – ӘҚА жүйесімен жобаланған айлабұйым
Мысалы, 94 суретте ӘҚА жүйенің элементтерінен құрастырылған айлабұйым білікте кілтек ойықты жоңғылауға арналған. Білік призмаларға орнықтырылып ұстағыштармен және бұрамалармен қысып бекітіледі. Айлабұйымның бәрлық элементтері негізгі тақтайшаға құрастырылған.
ӘҚА жүйесінің тетіктері көп сан рет құрастырылуға түседі, сондықтан олар үйкеліске тұрақты болулары тиіс. Негізгі тетіктер 12ХНА болаттан жасалады, термоөңдеу көміртектендіру, одан кейін HRC 60-64 каттылыққа дейін шынықтыру. Қыспақ тетіктер 38ХА болаттан жасалады, олар шынықтырылады, одан кейін болат босандатылады, қаттылық HRC 40-45. Бағыттау және қондыру тетіктер У8А және У10А болаттардан жасалады, олар HRC 50-55 қаттылыққа шынықтырылады. Қалған тетіктер 45 (ұстатқыштар) не 20 (тығырықтар) болаттардан жасалады.
ӘҚА жүйесінің артық жерлері:
1) ӘҚА жүйесін қолданса өндірісті әзірлеу циклының уақыты қысқартылады, сонымен бірге технологиялық құрал-жабдықтарды жасау мерзімдері де қысқарады. Қалыпта бір айлабұйымды құрастыруға 2,5- 6 сағат уақыт кетеді;
2) осы жүйені қолдану экономика тұрғысынан да тиімді – материалдарға шығын шықпайды және еңбек сыйымдылықта төмендейді.
3) шыққан шығын 2-3 жылда қайтарылады және қолдану мерзімі 15 – 20 жыл.
ӘҚА жүйенің кемістік жерлері:
1) бірнеше тетіктер қосылатындықтан тоғысу жерлері көп болады, сондықтан қатаңдық төмендейді;
2) жинақта тез іске қосылатын әмбебап күш жетектердің жоқтығы;
3) жүйенің тетіктернің дәлдіктері және беттерінің кедір-бұдырлықтары жоғары дәрежеде болғандақтан бастапқы бағасы қымбат.
Достарыңызбен бөлісу: |