50
Педагогикалық технология - әлеуметтендіру мен оқытудың түрлерін,
әдістерін, құралдарын, тәсілдерін үйлестіретін, тәрбиелеу амлдарын
анықтайтын психологиялық - педагогикалық құрылымдардың жиынтығы,
яғни ол педагогикалық үрдістің құралы болып табылады (Б.Т.Лихачев).
Педагогикалық технология - оқу үрдісін іске асырудың мағыналы
технологиясы (В.П.Беспалко).
Педагогикалық технология – оқытудың жоспарлы нәтижесі үрдісін
суреттеу (И.П.Волков).
Педагогикалық технология – оқушы мен оқытушының толық
жабдықталған шарттарын қамтамасыз ететін оқу үрдісін жобалау,
ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ бірлескен педагогикалық іс-
қимылдарының жан - жақты ойластырылған моделі (В.М.Монфосьев).
Педагогикалы технология - білім беру түрлерін оңтайландыруды
өзінің тапсырмасы ретінде қарастыратын техникалық қорларын және адам
факторын есепке ала отырып, өзара бірлескен білімді меңгеру мен
оқытудың барлық үрдісін анықтау, қолдану, құру тәсілдерінің жүйесі.
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін
қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдердің
жүйелі жиынтығы және ретті жұмыс істеуі (М.В.Кларин).
Педагогикалық технология - алдыңғы авторлардың барлық
анықтамаларының мағынасын бойына сіңірген мағыналы қортынды
(Г.К.Селевко).
«Педагогикалық технология» түсінігі үш түрлі құбылыс ретінде
ұсынылады:
- ғылыми;
- іс жүргізу, суреттеу;
- ықпалды іс жүргізу.
Сонымен, педагогикалық технология оқытудың ұтымды жолдарын
зерттейтін ғылым ретінде жұмыс істейді және оқуда қолданылатын
тәсілдер жүйесі ретінде, оқытудың шынайы үрдісі ретінде де
қарастырылады.
Педагогикалық технологияның негізі болып педагогикалық,
психологиялық және әлеуметтік ғылым жетістіктері, сонымен қатар
алдыңғы қатарлы педагогикалы тәжірибеде, халықтық педагогикада,
отандық және шетелдік педагогиканың озық тәжірибесінің жиыны болып
табылады.
Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары
1.
Педагогикалық
технология
тәжірибеде
жүзеге
асатын
педагогикалық жүйенің жобасы қандай?
2. Педагогикалық жүйенің табысты жүзеге асуы үшін не қажет?
3. Педагогикалық инновация дегенімізді қалай түсінесіз?
51
4. «Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап
жанар оты», - деген тұжырымдаманы кім айтқан?
5. Дамыта оқыту технологиясын қарастыратын болсақ, ол ең
алдымен «Нені дамыту керек?» деген сұрақ туындайды. Сол сұрақтың
жауабын қалай түсінесіз?
6. Модульдік оқыту технологиясының артықшылықтары қандай?
7. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру білім алушыларға қандай
мүмкіндік береді?
8. Интеграция ұғымын қалай түсінесіз?
9. Дәстүрлі - сабақ технологиясының ерекшеліктері қандай?
10. Оқыту технологиясы жүйелі ұғым. Оның құрылымына не кіреді?
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. «Педагогикалық технология - оқу үрдісін іске асырудың мағыналы
технологиясы» тақырыбында баяндама жасаңыз.
2. Ахмет Байтұрсынұлының «Мектеп керектері» деген еңбегі туралы
конспект жасаңыз.
3. «Сабақта қолданылатын ойындар» тақырыбында реферат
дайындаңыз.
Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары
1. Бүгінгі таңдағы оқу орындарындағы алдында тұрған мәселе
қандай?
А) білім алушыларды дамыта оқыту
Б) білім алушыларды ішкі себептермен оқыту
С) білім алушыларды дамыта қаржыландырумен оқыту
Д) білім алушыларды мониторингпен дамыта оқыту
Е) білім алушыларды білім беру жүйесімен оқыту
2. «Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті,
өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық
мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен
әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы»- деген тұжырымдаманың
авторы кім?
А) В. Кларин
Б) А.С.Макаренко
С) Е.Смирнов
Д) С.Пейперт
Е) Ю.Первин
3. Инновация дегеніміз...
А) белгілі бір жүйедегі ішкі өзгерістер
Б) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру
С) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
52
Д) оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасын жүйелі
ұйымдастыру
Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
4. «Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап
жанар оты»,- деген тұжырымдаманың авторы кім?
А) В.Ф.Сухомлинский
Б) А.С.Макаренко
С) Е.Смирнов
Д) С.Пейперт
Е) Ю.Первин
5. Ж.Қараев оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін неше
түрге бөліп қарастырады?
А) төрт
Б) бес
С) алты
Д) жеті
Е) сегіз
6. Іс - әркеттің ең өнімдісі - неше деңгейден тұрады?
А) 3-4
Б) 4-5
С) 1-2
Д) 5-6
Е) 2-3
7. «...мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни,
мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол
мектептен балалар көбірек білім біліп шығады. Солай болған соң, ең әуелі,
мектепке керегі - білімді педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін
мұғалім », - деген тұжырымдаманың авторы кім?
А) Ахмет Байтұрсынұлы
Б) Абай Құанбаев
С) Мағжан Жұмабаев
Д) Ыбырай Алтынсарин
Е) Шоқан Уалиханов.
8. Пәндердің өзара байланыс деңгейі қалай шешіледі?
А) білім алушылардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты
негізгі дидактикалық міндеттер арқылы
Б) оқулықты зерттеу, талдау, жүйелеу арқылы
С) дәрістерді зерттеу, талдау, жүйелеу арқылы
Д) кітапты зерттеу, талдау, жүйелеу арқылы
Е) дәптерді зерттеу, талдау, жүйелеу арқылы.
9. Оқытудың мазмұны мен сипаты қалай белгіленеді?
А) қоғамның материалдық және мәдени даму дәрежесіне сай
белгіленді
Достарыңызбен бөлісу: |