Технологиялар



жүктеу 0,87 Mb.
Pdf просмотр
бет13/39
Дата13.11.2018
өлшемі0,87 Mb.
#19231
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39

37 
 
-  кіші  мектеп  жасындағыларда  компьютерлік  сауаттың  жекелеме 
элементтерін ғана емес, информатиканың бастауыш білімін, іс әрекетіндегі 
әдіс  
-  тәсілдері  жөніндегі  негізгі  түсініктерді  қалыптастыру  (компьютер 
құрал емес, оқыту арқылы меңгерілетін пән). 
Қазіргі  уақытта  «қоғамды  ақпараттандыру»,  «білім  беруді 
ақпараттандыру»  деген  сөз  тіркестері  біздің  сөздік  қорымызда  жиі 
кездеседі.  Олай  болса,  қоғамды  ақпараттандыру  дегеніміз  –  ғылыми  - 
техникалық  үрдіс  жетістіктерінің  күнделікті  тұрмысқа  ауқымды  енуінің 
нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттік интеллектуалды түрлерінің жан - 
жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті үрдіс.  
Ол  оқыту  мазмұны,  әдісі  мен  ұйымдастыру  түрлерінің  өзгерісін 
тездетеді.  Бұл  үрдістегі  негізгі  мәселе:  білім  берудің  мазмұны  мен 
мақсатын өзгерту болып отыр. 
Қазіргі  заман  талабы  бойынша  білім  беруді  ақпараттандырудың 
негізгі талаптарының бірі - оқу үрдісіне элекрондық оқулықтарды енгізу. 
 Өйткені,  бүгінгі  тандағы  білім  беру  саласында  тек  мұғалімнің 
айтқандарын  орындау  немесе  оқулықты  пайдалану  заман  талабын 
қанағаттандырмайды.  Сондықтан  қазіргі  ақпараттандыру  коғамында 
электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. 
Оқу  материалдарын  ұтымды  игеруде  электрондық  оқулықтардың 
атқаратын  рөлі  зор.  Электрондық  оқулықтарда  теориялық  тақырыптар 
кеңінен беріліп,  түсіндіріледі.  
Теориялық  материалдар.  илюстрация  түріндегі  әр  түрлі  суреттер, 
сұлба  тәсілдер  арқылы  толықтырылып  отырса,  онда  теориялық  білімді 
оқып,  көзбен  көріп,  түйсіну  және  оны  мида  бекіту  үрдістері  бір  уақытта 
өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. 
Электрондық 
оқулықтар 

ғылыми 
негізде 
дайындалған 
педагогикалық ақпараттық өнім.  
Электрондық  оқулық  дайынаудың  тұжырымдық  негізі  оқытудың 
педагогикалық.  теориясы  болып  табылады.  Сонымен  қатар  электрондық 
оқулық  дайындаудың  педагогикалық,  ұстанымдар  жүйесі  оқытудың 
дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Электрондық, оқулықтармен жұмыс 
істеу  әрбір  білім  алушының  өз  мүмкіндігін  есепке  ала  отырып,  оқып 
үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады. 
Электрондық  оқулық  -  оқу  пәнінің  негізгі  ғылыми  мазмұнын 
қамтитын  компьютерлік  технологияға  негізделген  оқыту,  бақылау, 
модельдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы.  
Электрондық  оқулықтардың  өте  тиімді қосымша мүмкіндіктері бар, 
атап айтқанда: 
-  кері  байланысты  тез  арада  қамтамасыз  етіледі  және  оқулықтағы 
ақпаратты  іздеу  мүмкіндіктері  біраз  уақыт  алатын  болса,  электрондық 
оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді; 


38 
 
-  гипермәтінді  түсіндірулерге  өту  барысында  уақытты  үнемдеуге 
көмектеседі. 
Ең  бастасы,  электрондық  оқулықтарды  дайындаудың  бір  жүйеге 
келтірген  заңдылығы  болуы  керек.  Осыған  байланысты  электрондық 
оқулықтарды  дайындауда  мынадай  дидактикалық  шарттарды  ескерген 
жөн:  
-  белгілі  бір  пәнге  байланысты  дайындалтын  электрондық 
оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;  
-  электрондық,  оқулықтар  курста  оқытылатын  тараулар  мен 
тақырыптарға  қатысты  дәріс  мәтінін  қамтитын  негізгі  зертханалык  және 
тәжірибелік  тапсырмаларды  орындауға  арналған  қосымша  материалға 
қатысты  анықтама,  библиогрофиядан  тұратын  көмекші,  аралык,  және 
корытынды  бақылау  сұрақтарынан  тұратын  тест  тапсырмалары, 
материалдарды  дайындауда  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі  бөлімдерін 
қамтуы; 

электрондық 
оқулықтың 
кәдімгі 
оқулықтар 
мазмұнын 
қайталамауын,  яғни,  берілетін  тақырыпқа  катысты  ақпараттың  нақты  әрі 
қысқа берілуін ескеру; 
- белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық 
болмауы. 
Егер  мәтін  көлемі  бірнеше  экрандық.  бетті  қамтитын  болса,  онда 
экрандағы жылжыту сызықтарын көп пайдалануға тура келеді. Мұның өзі 
пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғыры - 
төмен,  оңға  -  солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да 
әсер етеді.  
Сондай  -  ақ  кейбір  пәндерге,  атап  айтқанда,  физикаға,  химияға,  
биологияға  қатысты  үрдістерді  анимация  арқылы  көрсету,  тіпті 
кинофильмдер  мен  диафильмдер  үзінділерін  сақтап,  оларды  гипермәтінді 
формат  арқылы  электроңдық  оқулыққа  кірістіру  оқулықтың  көркемдік 
әдістемелік  деңгейін арттырады. 
Электрондық оқулықты құруға қолданбалы бағдарламаны қолдануға 
болады.  Қолданбалы  бағдарлама  арқылы  презентация  жасауға  мүмкіндік 
бар.  
Презентация  дегеніміз  -  баяндама  жасау,  ғылыми  ұсыныс  жасау, 
диплом  немесе  курстық  жұмысты  қорғау,  бизнес  -  жоспарды  немесе 
техникалық  ұсынысты  талқыға  салу, сонымен бірге қандай да бір қызмет 
түрін ұсыну. 
Кез  келген  жаңа  идеяны  немесе  өндірілген  өнімді  ұсынуда 
презентацияның  атқаратын  рөлі  зор.  Біздің  мақсатымыз  —  презентация 
даярлаудың  техникалық  құралымен  таныстыру.  Презентация  өтізуде 
көрнекі  құралдар  (графиктер,  диаграммалар,  фотоматериалдар)  кеңінен 
қолданылады.  Қазіргі  дербес  компьютерлердің  мүмкіншіліктерінің  артуы 
оны презентация даярлау құралы ретінде пайдалану қажеттілігін туғазды. 


39 
 
Бүгінде  интернетте  автоматты  режимде  жұмыс  істейтін  көптеген 
презентацияларды  көруге  болады.  Екінші  жағынан  алғанда,  презентация 
деп  айрықша  мәтінді  электрондық  құжатты  айтады.  Ол  өзінің 
мультимедиялық  мазмұны  мен  құжатты  экранға  шығаруды  басқарудың 
мүмкіншіліктерімен  ерекшеленеді.   
Құжатты  экранға  шығару  автоматтандырылған,  интерактивті  және 
қашықтықтан  оқыту  түрінде  өтеді,  тектес  құжаттарды  арнаулы 
бағдарламалық құралдардың көмегімен дайындайды. 
Презентация  даярлаудың  автоматтандырылған  құралдарының  бірі  - 
MICROSOFT  OFFICE  кестесімен  бірге  қойылатын  Місrosof  Power  Point 
қолданбалы бағдарламасы болып табылады.  
Бұл презентацияны даярлау мен безендіруге арналған әмбебап құрал, 
ал  құралдың көмегімем дайындалған жұмысты оның кез келген кезеңінен 
көрсетуге болады. 
Роwer Роіnt-тағы кез келген құжат слайд деп аталатын жеке алынған 
кадрлардың  жиынтығынан  тұрады.  Презентациядағы  слайдтардың  саны 
көп  бола  береді.  Құжаттағы  әрбір  слайдтың  өзінік  жеке  нөмірі  болады, 
слайд құрылғанда ол бірден міндетті түрде нөмірленеді. 
Құжаттағы  слайдтар  сызықта  тізбектеле  орналасады.  Слайдтарды 
жою,  кірістіру,  орын  ауыстыру  немесе  көрсету  олардың  сызықтық 
құрылымын бұзбайды. 
Слайдтар әр текті нысаңдардан тұрады. 
Слайдта  орналастырылатын  барлық,  нысандар  Роwег  Роіпt  ішкі 
құралдарымен де, сонымен қатар сыртқы қолданбалы бағдарламаларда да 
құрылып, безендірілу мүмкіндігіне ие.  
РОWER  POINT  бағдарламаcында  презентацияны  даярламас  бұрын 
оның мазмұнды бөлігі дайын болуы қажет.  
Компьютер  автор  үшін  презентацияның  мазмұның,  мақсатын, 
құрылымын  анықтай,  алмайды,  ол  тек  идеяларды  жүзеге  асыруда 
колданылатын техникалық құрал болып табылады. 
 
Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары 
 
1.  Қазақстан  Республикасының  алдыңғы  қатарлы  дамыған  50  елдің 
қатарына қосылуы туралы алға қандай мақсат қойылып отыр? 
2.  «Тәлім  -  тәрбие  мен  оқыту  ісінің  нәтижесі  әрекеттерден  гөрі 
мұғалімдерге көбірек тәуелді», - деген тұжырымдаманың авторы кім? 
3.  Педагогикалық  шеберхана  технологиясы  оқытушыдан  нені  талап 
етеді? 
4. Шеберхананы құрушы шебер қағидасы қандай? 
5.  Жаңа  оқыту  технологияларының  ішінде  компьютермен  оқыту 
технологиясының орны қандай? 
6.  Компьютерді  оқу  барысында  оқушының  қолдануы  дегенімізді 
қалай түсінесіз? 


жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау