Тақырыбы: XVII ғас. Батыс Европа костюмі.
Дәрістің мазмұны:
XVII ғас. Абсолютизмнің гүлденген ғасыры, бұл Еуропадағы ұлттық мемлекеттердің дамып күшейе түскен кезі.
Ерлер костюмі XVII ғас.-ң бірінші жартысыда өте ыңғайлы әрі кең формаға ие болды.
XVII ғасырдың бірінші жартысындағы костюм. Тұлға сұлбасы, көтеріңкі бел сызығымен және ұзын әрі тар панталондармен айқындала түсті. Иыққа дейін жіберілген шашпен және үлкен шляпалармен сұлба толықтырылды. Ерлер костюмінің ең негізгі , әрі керекті бөлігі ақ манжетпен қосылып, сырылған үлкен жаға болды. Жаға мен манжет кружевалармен әшекейленген. Қарапайым халық көйлегін кружевалармен әшекейлемейде киді.
Көйлек сыртынан камзол киілді, камзол өзіндік формаға ие болды: бел сызығы қысқартылды, оны түрлі банттармен сәндеді. Камзол – куртканың етегі артынан қысқа, ал алдынан ашық сүйір мүйіз тәріздес ұзын етіп келтірілген. Жеңі кең әрі ұзына бойына қиықпен кесілді. Сл кескінің арасында түсті астары көрініп тұратын. Камзол көкірекке келіп түймеленетін болған.
Сыртқы киім ретінде тар, жеңі қысқа ,қайырма жағалы кафтан киген. Бұл кафтанды жеңін сұғына кимеген, оны тек иығына жамылғы сұлық ретінде пайдаланды. Жағасына бау тағылып, ол кафтанды ұстап тұру үшін көкірек тұсында келіп байланды. Әсіресе мерекелерде иыққа осындай кафтан жамылған. Оның матасы қымбат матадан тігілген., жорыққа шыққанда оның сыртынан ұзындығы жерге жететін жүн сулық киген.
XVII ғасырға дейін қатаң әскери форма болмаған. Әскери форма XVII ғасырда ұзаққа созылған соғыстардың нәтижесінде пайда болды. Аяқ киім ретінде туфли мен етік пайдаланған. Етікпен балға келуге де болатын.
Әйел костюмі пішіміне қарай ерлер костюміне ұқсас болған. Білінер – білінбес көтерілген бел сызығы , ұзын , тарлаукең емес майда қатпарларымен, көтеріліп тұратын юбкасы, сәл қысқартылған, бірақ үлкен сәнді пішімді жеңімен ерекшеленді. Әйелдер бірден екі көйлек киген: ішкі көйлек ақ, ашық түсті болса, сыртқы көйлегі одаан қоюлау түсті болды. Сыртқы көйлектің алды белден етекке дейін ашық болып астынан ішкі көйлектің ашық түсті атлас юбкасы көрінген. Көйлектің жоғарғы жағы түймемен түймеленген. Бай әйелдер түйме орнына сәнді қайырма ілмектермен ілген. Костюмнің бөлігі ретінде үлкен қайырма жаға болған. Жағаны кестемен сәндеген. Жең онша ұзын еиес, жең ұшына кестелі манжет тігілді. Манжет пішімі үлкен болды. Туфлиі оншалықты биік емес, бірақ торлы банттармен әшекейленді. Аяқ киімдер банттамен сәнделді. Ашық түсті, жібек матадан шұлық киді.Шаш үлгілері екі түрде болды: артына қарай өріп, қайтарып, тәжі секілді етіп сәндеген, екіншісі, кекіл қырқып, жанындағы шашын өріп, желке тұсына шпилькамен түйді. Костюмге қосымша ретінде жинамалы желпеуіш, қолғап, сағат т.б пайдаланған.
Тақырыбы: XVIII ғас.I –ші жартысындағы Батыс Европа костюмі.
Дәрістің мазмұны:
XVIII ғасыр – феодализмнің дамуының ең соңғы кезеңі болып саналады. Феодализмнен капитализмге өте бастаған кезеңінде буржуазиялық төңкерістердің туындауына себепші болды.
Эстетикалық көзқарастың дамуы бірқатар кезеңдерден өтті. Жүзжылдықтың бірінші жартысындағы көркемдік бағыттың мақсаты аристократия мәдениетін дамыту болды. Яғни мұнда барокко стилінің рококо стиліндегі көрінісі байқалды, бұл көрініс барокко стилін ары қарай дамыта түсті. Барокко стилі аристократиялық абсолютизмнің нағыз батып бара жатқандағы кезеңін көрсетеді.
Рококо – сәндік стильді құрады. Ол өте нәзік, әрі әсерлі сипатқа ие болды. Түстер нәзіктігімен мебельде ғана көрініс таппай, интерьерде де әсем өрнек танытты. Рококо стилі қатаң, бұрыш пен түзу сызықтарға қарсы келді. Франция киімдері XVII ғасырда бүкіл Еуропада жоғары сұранысқа ие болды. XVIII ғасырда Еуропаның барлық елдерінде Франция модасы қабылданды. XVIII ғ – аристократия модасының ең соңғы өмір сүрген кезеңі болды.
Ер кісілердің тұрақты киімі ақ көйлек, манжетті, шілтерден тігіді. Көкірегіндегі қиықтар кружевалармен сәнделді. Олар жабо деп аталды. Көйлек сыртынан камзол, ал оның сыртынан кафтан киді.
Камзолды өте ашық түсті маталардан тікті және оларды сәнді тігістермен безендірді.
Кафтанды – барқыттан немесе қатты жүн матадан тікті. Ол түймеленбеген, бірақ мойындарына галстук таққан. Кафтан қара түсті немесе қызыл түсті матадан тігілді. Тарп панталон (кюлот) тізеге дейін келіп, бүйір тұсында тізеден түймеленді.
Дворяндар ақ жібек шұлық киді, буржуаздық ортада шұлық түрлі түсті болуы мүмкін еді. Аяқтарына өкшесі биік емес, темір тағыншақтармен сәнделген башмақ киді. Суық кездерде Англиядан келген гедры киген.
XVII ғасырдың бас кезінде үлкен кимешаш ( парик ) пайдаланды. Рококо стилінде шаш үлгісі аса үлкен емес еді.
XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы киім үлгіліері нәзік талғамда болды. Әйелдер киім пішімі де иықты, тар, жіңішке бел, жұмсақ бөксе сызығы байқалды. Әйеедер корсет және іштен киетін юбканы пайдаланды. Фрепон – ішкі көйлек етегіне дейін сәнделді. Ішкі көйлектің тар болып, оның астынан корсет киілген. Жоғарғы көйлек кеудесі бантпен немесе баумен сәнделген.
Сәнді көйлек түрінің бірі – контуш немесе « Ватто қатпарлары » атты көйлек болды. XVIII ғасыр ортасында контушты қысқартып, үйде киетін жакет ретінде пайдаланды. Олар шаштарын ленталармен, гүлдермен алтын жіптермен сәндеп жинақтады. Кимешеаш опаланатын еді. Үйде чепчик киді. Аяқтарына биік өкшелі туфли киді. Ол атластан немесе түсті теріден жасалынған еді. Модада бұл кезде білезіктер, жүзіктер, алтын сағаттар пайда болды.
Халық костюміне матасы арзан сұр, қаралау түстер пайдаланады.
Тақырыбы: ( 1789 – 1794 ) Ұлы Француз революциясы кезіндегі киімі.
Дәрістің мазмұны:
1789 жылы француздың ұлы буржуазиялық революциясы жеңісінен соң, саяси үстемділікті қолға алу мақсатында, буржуазия революциясын басқарған негізгі күш қала мен деревняның еңбекшілері болды. Ғасырлар бойы қалыптасқан феодалдық құрылым мен салт – дәстүрлер үстем таптың киім киюге деген ерекшелігін айрықша жойды. Француз революциясы феодализмді жойып, капитализнің дамуына жол ашты.
Киім матасы қарапайым болып,пішімі қимыл – қозғалысқа икемделді.Ерлер костюмі « кормоноло » - аты қысқа күртеше мен ұзын көкшіл панталондар болды. Ол қызыл таспа баулармен жиектелді. Ұлттық стильде тігілген қызыл қалпақтарды киді. Күртеше ішінен қысқа жеңсіз жейде киіп, мойындарына қызыл түсті галстук – мойын орағыш байлады.
Суық күндері қалың қоңыр, күлгін түсті сукнодан тігілген упелянд сулығын киді.
Әйелдер киімі – негізінен іштен киетін жейде мен сыртқы екі түймелік көкшіл түсті сукнодан тігілген күртешеден және бел тұсында бүрмеленіп жиырылған белшалғысы корсетсіз көйлек киді. Ал бастарына дөңгелек шляпа киді, оған қауырсындар мен кокарданы тағып жүрді. Киі тігуде көбінесе қызыл, көк, ақ түстер пайдаланылды.
Тақырыбы: XIX ғас. костюмі.
Дәрістің мазмұны:
XIX ғасыр костюмінің қалыптасуына XIII ғасыр киім үлгілері әсер етті. XIX ғасыр ерлер костюмі – жұмыс костюміне қолайлы болды. Бұрынғы ғасыр костюмі жұмыссыздық пен мерекелік болса, XIX ғасыр костюмі батылдық пен жұмыс адамының бейнесін көрсетіп тұрды. Сәнқой кербездердің киімінің жағасы сүйір болып пішіліп оны жоғары көтеріп қойды. Сонымен қатар мойнына галстукті жоғары байлап оның да ұшын сүйір етіп жасады. Аяқтарына шұлық ( гетры ), биік өкшелі етіктер кию 1805 ж. дейін модадан шықпады. Бастарына биік немесе аласа бойлы бас киімдер киіп жүрді. Кешке міндетті түрде қатпарланған шляпалар киді.
Француз революциясы Конвентті костюмдеріне үлкен көңіл бөлді. Буржуазиялық ортада классицизм пайда болды. Классицизм стилі - өзінің қатаңдығы мен қарапайымдылығымен ерекшеленді. Әйелдер жұқа ашық түсті батитен тігілген ешқандай әшекейсіз көйлектер киді. Көйлектің бел сызығы жоғары келіп, юбкасы ұзын, тік пішілді.
XVIII ғасырдың соңғы жылдарында костюмдер негізгі классикалық үлгіде болды.
Француз әйелдері суық кезде де жылы сырт киімін кимеуге тырысты. Олар жылы киімдерді қысқа күртеше спансермен, шляпалармен айырбастады. Бас киімдері мен аяқ киімдері антика формасына ұқсас болды. Дөңгелек, сетка, диодема, страус қауырсындарымен безендірілген, байламдар, барқыт пен жібектен жасалған ленталар грек үлгісінде тігілді.
Аяқ киімдері – қысқа өкшелі болып, ақ түсті ленталармен айқастырып орап байлады. Ерлер костюмі қара жүннентігілген фрак, ақ түсті жилет, биік қатаң үлгідегі шляпалардан құралды.
XIX ғ. 90 ж әйел костюміне жаңадан дүниеге келген модерн стилі. Әр – түрлі банттер. 1804 – 1815 жылдар аралығындағы пайда болған.
Модерн стильінде әйел көйлегі жіңішке лиф, кең юбка тар жең, биік жабық жағадан тұрды. Жаңа корсет формасы S – тәрізді үлгіге ие болды. Кеудесі көтеріңкі, белі тартылып, артқы бойы белден бұрала шыққан сызықтан тұрды. Бас киімдері ғаср соңында биік болды. Шашын биік етіп түйіп, оларды гүлдермен, қауырсындарменәшекейледі. Котюмдерді қолқаптар ( перчатка ), муфта, сөмкелермен толықтырып отырды. Аяқ киімдері биік, өкшесі баумен байланған немесе түймеленген болды. Туфлилері әр түрлі теріден тігіліп, банттармен сәнделді.
1804 – 1815 жылдар аралығындағы пайда болған костюмдер « Ампир стилі » деп атаған. Ампир стилі: алқызыл мен қара , қызыл мен жасыл, көк пен ашық сары түстер қолданды.
Ерлер костюмі ақкрахмалданған жағасы баркөйлек киді. Жағалары өте биік болды. Биіктігі сонша беттерін жауып тұрды. Галстуктері мойыншалғыға ұқсап, мойындарын айналдыра орап, алдына әр түрлі әдістермен байланды. Ерлер етікке дейін ұзын панталондар киді. Олардың белі тарпа баумен тартып байланды. Сонымен қатар ерлер фрак киді. Фрактың белі қыналған, жеңі иық тұсында кеңейтілген, жеңнің аузы аз ғана кең пішіліп, барқытпен қапталып қойды. Жағасын барқыт матасымен көмкеріп, асыл тастармен әшекейленді. Панталондары мен сырт киімдері әр түсті болды. Бірақ панталонның түсі сәл ғана ашық болды. Аяқ киімдері сары қайырмасы бар қара етік және ашық түсті туфли киді.
Атқа мінгенде редингот киді. Сюртук белге қынамалы етіп етегі тізеге дейінал жеңі фрак жеңі секілді болды. Әйелдер костюмі – ампир стиліндегі қарапайым және қатаңдау пішімде болды. Көйлектің бел сызығы жоғары орналасып, көкірек тұсын ерекше сәнді етіп көрсетті.
Сырткиімдері аса көп болмады, соларлың бірі – күртеше спенсер. Сырт киім орнына әр түрлі жамылғылар киді. Әйелдер костюмі әр түрлі бағалы бұйымдармен атап айтқанда, сақина, алқа, сағаттармен толықтырылды.
Тақырыбы: XX ғас. костюмі.(жалғасы)
Дәрістің мазмұны:
XX ғасырдағы өнер тарихында мынадай кезеңдерді атап көрсетуге болады: 1901 – 1914 жылдар, 1919 – 1930 жылдар, 1931 – 1945 жылдар, 1946 – 1966 жылдар, 1967 – 1973 жылдаодың киімі, 80 – 90 жылдар киімі.
XX ғасыр костюм формасының дамуында киімнің көлемі мен массасының дәрежесін анықтау үшін, материал фактурасының мәні ерекше болды. Фактура мен өңді анықтау киімнің көлемділігін, тығыздығын арттырды. Тығыз, бұлыңғыр, жарқырап тұрған ақ атлас киім көлемі көзге үлкен етіп көрсетеді.
XX ғасырдың үшінші жартысында мәдениеттің бірі ретінде « постмодерн » ( эклектика – көп стильдерден құрылды ) стилі модаға, ал ол костюмге үлкен әсерін тигізді.
Классикалық стиль – бұл стильдің отаны Англия болып саналады. Осы стильдегі киім үлгілері қатаң, біртүсті,клеткалы немесе ноқат түсті ( горошок ) маталардан тігіледі. Күнделікті тұрмысқа, жұмысқа белгілі бір маман иесіне арналған, мода ағымынан тыс қалмайтын киім үлгілерін қамтиды. Жакет, пиджак, кардиган, тік әрі қатаң юбка немесе шалбар, камзол және т.б. қатаң, қарапйым киім үлгілерін қамтиды.
Спорттық стиль – XIX ғасырда спортпен шұғылдану немесе басқа ойындар үшін шығарылды. Бүгінгі күндерде бұл киімдер түрлі спорттық жаттығуларды орындау үшін пайдаланылады.
Фантазиялық стиль – кейде оны романтикалық стиль деп атайды. Бұл киім үлгілері формасына қарай түрліше болып келеді. Бұл киім түрлерін желбезек, желбір, қатпарлар, кестелер және тағы басқа сәндік элементтер арқылы әшекейленген кешкі сән – салтанатқа немесе күнделікті тұрмысқа арналған нағыз әйелге тән биязылықты білдіретін киім үлгілерін атауға болады. Бұл стильдегі киім матасы бір түсті, гүлді және абстрактілі болып келеді.
Фольклордық стиль – ұлттық киім үлгілері негізінде әзірленген киім формасы қарапайым, пішімі тиімді, көп қабатты, жоғары әрі құнды әшекейлерімен ерекшеленетін киімдер.
Мода - әлеуметтік статусты білдіретін әдіс емес, массалық коммуникация формасы, адамдардың арасындағы араласу, қарым – қатынас жасау әдісі деген ойды білдіреді В.В Ермилова. XX ғасырдың екінші жартысында мода негізінен жастарға тән болады. Екіншідүниежүзілік соғыстан кейін жас ұрпақтың модасы жақсы дамыды: 1940 жылы – зути АҚШ – та және зазу Францияда, 1950ж. – АҚШ – та бантиктер мен байкерлер, Ұлыбританияда тедди – бойз, СССР – да стилягтар, 1960 жылы Батыс елінде рокерлер модасы.
XX ғасырдағы мода алаңындағы жаңалық мини – юбканың шығуы ұзын аяқ мәдениетін бекітті. Мини – юбка жаңа идеяны қалыптастырды. Моданы шығарушылар жай ғана тігінші немесе суретші ғана емес,олар қоғамда маңызды рөл атқарды.
Тақырыбы: Жоғарғы мода.
Дәрістің мазмұны:
Жоғарғы моданың орталығы – Париж. Оның ішінде Жоғарғы мода палатасы саналады.
От – кутюрдің негізін қалаушы Чарльз Фредерик Ворт ( 1825 – 1895 ) болды. Ол жеті жасынан Лондон қаласында текстил өндірісінің мекемесінде білім алып, осы өнерге ден қойды.
XX ғасырдыңбасындағы ең алғашқы киім реформаторы ретінде француз модольері Поль Пуаре саналады. 1903 жылы Париждегі Рю – Ауберде өз мода үйін ашады. Ол жаңа ғасырға сай жоғарғы мода үлгілерін айқындап, дүниеге жаңа киім үлгілерін әкеледі. Ол мода директоры болып, киім пішімін, өмір стилін ұсынды.
Эльза Скипарелли – Италияның тамаша талантты шығармашылық иесі. Оның шығарған спорттық киім үлгілері мен тоқылған қара көйлегі, кубизм стильндегі киімдердің көпшілігі ғажайып жаңалық болып саналды. Кешкі сән – салтанатқа арналған қара креп көйлек пен ақ жакеті, мойыншалғы бүкілэлегант әйелдердің эталоны болды.
Жоғары тігін өнерінің қағидасын қалаушы Кристобаль Баленсиаганың өнері мен идеясы күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Ол: « Киімді модельдеу жай ғана өнер емес, ол синтетикалық жанр, яғни Куьтюрье пішуші архитектор, түстер суретшісі, форманың мүсіншісі, гармония музыканты және стиль философы болуы қажет» деген.
Кристиан Диор ол киімді түрлі модаға сала отырып, өте әсем киім тігудің асқан шебері атанады. Іскерлігінің нәтижесінде досы Жан – Марк Эфтлермен бірге « Мисс Диор » фирмасын ашады.
Юбер де Живанши 1952 жылдан бастап өзінің мода үйін ашып, онда классикалық стильдегі киім үлгілерін шығарады. Юбер де Живанши туындылары қарапайым, нағыз аристократтық жұмсақ сызықты, силуэті мен формасы айқын, талғаммен таңдалған әшекейлермен, аксесуарлармен ерекшеленген әдемі стильді құрайды.
Пьер Карден унисекс киім коллекциясын ұсынып, онда ерлер мен әйелдер киімдеріндегі ішкі ұқсастықты көрсете білді. Күнделікті киінуге лайықты емес көйлектер мен костюмдерді көрмеге шығарғаны үшін Пьер Карденге дүкен иесі өткір сын ескертпелер айтты.
Вячеслав Зайцев – оның модельдерінің стиліне табиғи формада, қынамалы силуэтті, тамаша жағалы, үлкен әрі кең жиекті шляпалар, иық сызығы тікқысқа, кең немесе тік юбкалар, киім түсіне сай аксессуарлар, үлкен тағыншақтар, басы сәл ғана жабық өкшесі биік туфлилер мен ұлттық дәстүрдегі киім үлгілері.
6.Семинар сабақтардың жоспары.
№
|
Тақырып
|
Мазмұны
|
Апта
|
Әдебиет
|
1
|
Театралдық костюмдер.
|
Театралдық костюмдердің пайда болуы. Театралдық костютердің қажеттілігі
|
1 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
3. Кирсанова Р.М. Сценический костюм и театральная публика в России XIX века. М., 2001
4. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002
|
2
|
Ежелгі Грекия ерлер мен әйелдер костюмдері.
|
Негізгі киім элементтері драпировка (жиырылған) . Хитон және гиматия, фибула және хламида.
|
2 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
|
3
|
Ежелгі Рим ерлер, әйелдер костюмдері
|
Ерлер, әйелдер костюмдері
|
3 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
|
4
|
Орта ғасырдағы Батыс Европа костюмі
|
( IX –XII ғас) роман кезенінің ерлер мен әйелдер костюмдері
|
4 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
3. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979
|
5
|
XV – XVII ғас Мәскеу орыстарының костюмі
|
Мәскеу орыстарының әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, өнері, шаруашылығы. Мата түрлері. Ерлер мен әйелдер костюмдері.
|
5 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
3. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979
4. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002
|
6
|
Қайта өрлеу дәуірінің Испания елінің костюмі
|
Гуманизм дамыған адамның
жаңа бейнесі. XIV – XVI ғ. Қайта өрлеу дәуірінің Испания костюмі. Ерлер мен әйелдер костюмі
|
6 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
3. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979
4. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002
|
7
|
Қайта өрлеу дәуіріннің Англия елінің костюмі. Ерлер мен әйелдер костюмдері
|
Қайта өрлеу дәуірінің Англия елінің костюмі. Ерлер мен әйелдер костюмдері
|
7 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
3. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979
4. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002
|
8
|
XVII ғас. Испания костюмі
|
Испания костюмі.Моданың таралуы осы тақырыптың негізі болады
|
8 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
3. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979
4. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002
|
9
|
XVIII ғас. II –ші жартысындағы Батыс Европа костюмі
|
XVIII ғасырдағы II –ші жартысындағы Батыс Европа елдерінің әлеуметтік жағдайы.
|
9 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
3. Будур М. История костюма. М., 2002
4. Кирсанова Р.М. Сценический костюм и театральная публика в России XIX века. М., 2001
5. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979
6. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002
|
10
|
( 1795 – 1799) Франциядағы Директория кезеніндегі костюм
|
Директория кезеніндегі костюмдерде классицизм пайда болуы. Антикалық кейіпкерлері сияқты костюм киген мода қуғандарды да Париж қаласының көшелерінде кездестіруге болады. Шаш үлгілері антика кезеніндегідей.
|
10 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
3. Будур М. История костюма. М., 2002
|
11
|
Араб халқының киімі.
|
Ертедегі араб елінің мәдениеті. Мекке. Ортағасырлық арабтарының сұлулыққа құштарлығы. Мата түсі мен өрнектері. Оларды дайындау технологиясы. Араб халқының ерлер мен әйелдер костюмі
|
11 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
3. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979
4. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М.,
2002
|
12
|
Жапон костюмі
|
Жапония елінің мәдениеті. Жапондықтардың ұлттық костюмі. Ежелгі Жапонияда белбеулі: ерлер – «хакама», әйелдер – «мо» киімін пайдаланғаны. XYI ғас басында ерлер мен әйелдер барлығы «косэдэ» киімі. Бастапқыда оны ішкі киім ретінде пайдаланса, кейінерік . XYI ғас сырт киім ретінде пайдалануы. Кимоно жапондықтардың ұлттық киімі болып саналуы. Жыл мезгілдеріне байланысты кимононың 3 түрі.аяқ киім, шаш үлгілері.
|
12 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
3. Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. А., 2006
4. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979
5. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002
|
13
|
Қазақ халқының ұлттық киімі.
|
XIX ғас. қазақ ұлттық киімдерінің бөліктеріне бөлуі. Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер деп төртке бөлуінуі. Ерлер мен әйелдер киімі.
|
13 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
3. Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. А., 2006
4. Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979
5. Роберт Хэрольд. Костюмы народов мира. Иллюстрированная энциклопедия. М., 2002
|
14
|
Қазақ халқының әйелдерінің ұлттық бас киімдері
|
Қазақ халқының әйелдерінің ұлттық бас киімдерінің бірнеше түрге бөлінуі. Сәукеле, желек, кимешек, бөрік және т.б.
|
14 апта
|
Қазақ халқының әйелдерінің ұлттық бас киімдерінің бірнеше түрге бөлінуі. Сәукеле, желек, кимешек, бөрік және т.б.
|
15
|
Қазақстандағы танымал модельерлер шығармашылығы
|
«Сымбат» сән академиясының шығармашылығы. Көрнекті модельерлер
|
15 апта
|
1. Блейз Анна. История в костюмах от Фараона до Денди. М., 2001
2. Брук Вольфганг, Макс Тильке. История костюма от древности до нового времени. М., 2000
|
Достарыңызбен бөлісу: |