10.5.
Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйым-
дастырудың дара түрі.
Бұл әр оқушы өзінің дайындығы мен оқу
мүмкіншілігіне сәйкес арнайы таңдалған тапсырманы өз бетімен орың-дайды
дегенді білдіреді. Ондай тапсырмалар ретінде кітаппен, басқа да ғылыми
әдебиетпен, әр түрлі білім көздерімен жұмыс, есеп шығару, мысалдар қарау,
шығарма жазу, мазмұндама, реферат, баяндама даяр-лау болуы мүмкін. Дара
жұмыс бағдарланған оқытуда кең қолда-нылады.
Педагогикалық әдебиетте оқытуды ұйымдастырудың даралық түрінің
дара
және
дараланған
екі жолы ерекшеленеді. Алғашқысы - жалпы
сыныпқа арналған тапсырманы оқушының басқа оқушылармен араласпай
отырып бір қалыпты орындауы, екіншісі - оқушылардың оқу-танымдық
әрекетінде арнайы тапсырмаларды орындауы болып та-былады. Ол әрбір
оқушының оқу қарқынын реттеуге оның даярлы-ғына, оқу мүмкіндіктеріне
сәйкес мүмкіндік береді.
Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы.
Оқушылардың сабақтағы топтық жұмысының негізгі белгілері:
-
сынып оқушылары сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау
үшін топтарға бөлінеді;
-
әр топ өздеріне арналған тапсырманы алып, оны топ басы немесе
мұғілімнің басқаруымен шешеді.
-
топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін да-ра
бағалайтындай етіп орындалады, топтың әр мүшесінің оқу мүм-кіндіктері
ескеріледі.
Топ құрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүм-
кіндіктерін тиімді жүзеге асыруына сай топтың құрамы әртүрлі. Ол 3-6
адамнан құралады. Топ құрамы тұрақты емес. Ол келешек жұмыстың
мазмұны мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде топ-тың
жартысы дара жұмыспен айналыса алатын оқушылар болуы керек.
Топтардың жетекшілері және топтар құрамы түрлі оқу пәнде-рінде
түрлі болуы мүмкін және олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері
бірін - бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқушылардын
құралады, осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі,
оқушылардың бір-бірімен бірігіп жұмыс істей алуы есепке алынады. Топта
бірін-бірі ұнатпайтындар болмау керек.
Оқушыларды өзара оқыту, ұжымдық танымдық іс-әрекет, оларды
мұғалімнің басқару ерекшеліктері нақтыланады.
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: «авторлық
сабақтар», конференция-сабақ, пікірталас-сабақ, брифинг-сабақ, семи-нар-
сабақ, бинарлы сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ,
ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б
Достарыңызбен бөлісу: |