Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет168/282
Дата21.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#43484
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   282
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

негізгі қызметтері: 
- оқушы қызығушылығын, икемділіктерін, мінезін, тұлғаның мораль-
дық сапасын және бағытын айқындау; 
- кәсібилік туралы әңгімелесу, белгілі бір кәсіпке (мамандыққа) 
бағытын анықтау; 
- оқушының кәсіптік қызығулары және икемділіктерін тексеру;
- кәсіптік және жоғары оқу орындары туралы мәліметтермен, 
мамандықтармен таныстыру; 
- әрбір кәсіптің қажеттілігі туралы түсініктемелер жүргізу; 
- республика мен аймақтағы еңбек сіңірген адамдарымен та-ныстыру; 
- белгілі бір кәсіп және мамандық талап ететін білім, іскерлік, дағ-
дыны сипаттау; 
- жаңа техника мен технологияға байланысты кәсіптің сипаты-ның 
өзгерулерімен таныстыру. 
Кәсіптік бағдарды іске асыра отырып, кәсіптік бағдар мектептің 
барлық оқу және тәрбие бағдарламасында мектептегі және мектептен тыс 
жұмыстарда басты орын алуы қажет. Бастауыш сыныптардан ба-ланы 


214 
мектепте тәрбиелеу және дамытудан оқудың алғашқы жылдары-нан 
бастапжүргізу, оқу-тәрбие үдерісінде мамандық таңдау мотивте-рін 
қалыптастыруға және дамытуға аса көңіл бөлу қажет.
Кәсіптік бағдар беру - көп салалы әрі қиын үдеріс. Мектепті бі-тірген 
жастардың алдында қаншама кәсіптің ішінен өзіне қажетті бі-реуін таңдау 
міндеті түр. Оқушылардың мамандық әлемінде адаспауы үшін оларға бағыт-
бағдар беру керек.
Оқушыларға кәсіби бағдар берудің негізгі формалары:
оқу дәрістері, 
саяхаттар, пәндік сабақтар және техникалық үйірмелер, кә-сіптік бағдар 
әдебиеттері, кино және сахналық қойылымдар, курстар, оқу өндірістік 
практикасы, конференциялар, олимпиадалар, тақырып-тық кештер, 
диспуттар, әр-түрлі маман иелерімен, оқушылардың ата-анасымен мектеп 
түлектерімен кездесулер, қоғамдық пайдалы еңбек, әр түрлі жиындар, 
кәсіптік бағдар кабинеті немесе кітапханаларда орналасқан кәсіп таңдау 
бұрышы.
Кәсіптік бағдар әдістері оқушыны зерттеу мақсатында педагоги-калық 
бақылауды, іс - әрекет қорытындысын оның анкеталық, интер-вью алу, 
әңгімелесу, 
социометрия, 
психоло-педагогикалық 
экспери-менттер, 
психологиялық тестілерді қолданылады. 
Мектептегі оқу - тәрбие үдерісінде негізі кәсіптік бағдар беру 
жұмысын жүргізу арқылы тұлғаның қандай мамандыққа бейім екенін 
айқындау үшін диагностика әдісін жүргізу ең тиімді әдістердің бірі болып 
табылады. Әр оқушыны бақылау әдісі арқылы оның бойындағы 
темпераментке, іс- әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы қасиеттер мен 
қабілеттін, ішкі жан дүниесінің сұранысын нақтылау үшін және ар-найы 
мамандар арқылы медициналық диагностика әдісі жүргізіледі. Сынып 
жетекшісі пән мұғалімдерімен, мектептің тәрбие жұмысы бойынша 
директордың орынбасары, әлеуметтік педагог, психологтар-мен бірлесе 
отырып сауалнамалар жүргізу арқылы, яғни қандай маман-дықтар сізді 
қызықтырады, болашақта қандай маман болар едіңіз, елі-міздің әлемдік білім 
көшіне еркін араласу үшін қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыз, елімізді 
өркендету үшін қазіргі таңда қандай ма-мандықтарды жетілдіру қажет деп 
тұлғаның бейімділігін айқындай алады. Диагностикалық әдісті қолдану 
арқылы оқушының мамандық таңдауда қателіктерін алды ала болжау, 
болдырмауға мүмкіндік туады.
Мектептерде оқушыға кәсіптік бағдар беру жұмысында әдісте-мелік 
жүйе толығымен қамтылады. Бірінші, пән сабақтарының мүмкін-діктері, 
мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, құзыреттілігі, екінші тәрбие және 
сынып сағаттары, мектептегі жүргізілетін оқу- тәрбие ша-ралары ерекше 
орын алады. Мектептерде кәсіптік бағдар беруге байла-нысты мектепшілік 
кәсіби бағдар беру жоспары, сыныпта кәсіби бағ-дар беру бағдарламасы, 
кітапханаларда кәсіби бағдар беруге байланыс-ты бұрыш, көрмелер 


215 
ұйымдастырылады және білім беру мекемелермен тікелей байланыста 
жұмыс бағыттарын айқындайтын іс- шаралар жос-пары дайындалады. 
Арнайы кәсіби білім беретін оқу орындарына бару, олардың келіп 
мектептердегі ашық есік күніне қатысуы, оқушылардың білім беру ме-
кемелеріндегі ашық есік күндеріне қатысу іс - шаралары оқушының болашақ 
кәсіп таңдауына маңызы зор. Сынып жетекшісі, пән мұғалім-дерімен, білім 
беру ұйымдары қызметкерлерімен, оқу орындарымен көптеген өндіріс 
орындарымен кездесу, кәсіби кеңес алу, кәсіптік бағ-дар беру формалары 
арқылы әңгімелесу, диспуттар өткізу, дөнгелек үстелдерге қатысу оқушының 
болашақ мамандық таңдауына игі ықпал етеді.
Сонымен қатар, оқушының болашақ кәсібін таңдауда отбасында ата - 
ана, ата –әже, туыстарының, мамандық таңдауда әулеттің кәсіби 
династиялық жалғастығы да әсер етеді.
Жаһандану заманында оқушыға кәсіптік бағдар беруде ақпарат-тық 
жүйенің алар орны ерекше. Ақпараттық жүйедегі орта кәсіптік және жоғары 
оқу орындары туралы мәліметтер де болашақ кәсіп таң-дауға ықпалы зор. 
Интернет жүйесінде кез келген оқу орындары тура-лы мәліметтер оқу 
орнының тарихы, ондағы мамандықтар, сол маман-дықтарға білім беретін 
профессор - оқытушылар құрамы, мамандық-тардың керекті құрал 
жабдықтармен қамтамасыз етілуі, тұлғаны әлеу-меттендіруге байланысты іс - 
шаралар, оқу орнының әлемдік білім ме-кемелерімен байланыс т.б. жан -
жақты ақпараттандырылған. Мек-тептегі кәсіптік бағдар беру тұлғаның мінез
- құлқындағы, іс әрекетіндегі, қарым - қатынасындағы қасиеттер мен 
қабілеттерін, ішкі жан дүниесінің сұранысын негізге ала отырып, болашақ 
мамандық таңдауға ықпал ету, көмектесу арқылы тәуелсіз елімізді құзіретті 
кәсіби маман-дармен қамтамасыз етуге ықпал ететін негізгі жұмыс болып
табы-лады.

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   282




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау