Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет60/282
Дата21.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#43484
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   282
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

3)сөздің нақтылығы 
педагогтың айтып тұрған нәрсесін терең 
білуімен, логикалық ойлау қабілетінің толық пайдаланылуымен, өз ойын 
нақты жеткізе алуымен, сөздерді орынды қолдана алуымен ерекшеленеді. 
Мысалы, емтихандағы оқушы өзінің нашар жауабын «білемін, бірақ соны 
айта алмаймын» десе, ол оның білімінің жүйесіздігін, үстіртін екендігін, 
шалалығын көрсетеді. Сол сияқты мұғалімнің айтатын нәрсесі нақты болу 
үшін ол сол нәрсенің мән-мағынасын ең алдымен өзі жақсы түсініп алуы 
керек.
4) 
Сөйлесу барысындағы 
сөздің түсініктілігі
тілдік құралдар-дың 
дұрыс таңдалуына байланысты. Сөздің түсініктілігі біріншіден, әңгімеге 
қатысушылардың 
қай 
тілде 
(орыс, 
қазақ, 
қытай, 
ағылшын 
т.б.)сөйлейтіндеріне байланысты. Екіншіден, мұғалім өз оқушыларының жас 
ерекшеліктерін ескеруі қажет, себебі күрделі ғылыми тіл қанша-лықты 
маңызды болғанымен, оқушылар санасына сыйымсыз болуы мүмкін.
5) педагогтың тіл байлығы
– оның сөздік қорының жеткіліктілігі. Әр 
адамның сөз байлығы оның лексикалық қорындағы сөздердің саны-мен 
байланысты болып келеді. Әдеби кітаптарды көп оқу, көптеген мағыналы 
бағдарламаларды тыңдау, газет-журналдарды көп оқу сөздік қордың байи 
түсуіне көп септігін тигізеді. Бірақ тіл байлығын тек сөз санымен өлшеу де 
дұрыс болмауы мүмкін, себебі ол педагогтың ой байлығымен де тығыз 
байланысты. Мысалы, өткен ғасырларда бұқа-ралық ақпарат құралдары 
болмаған кездің өзінде қазақ даласында қан-шама шешен-билеріміз, 
ақындарымыз, жырауларымыз, жазушылары-мыз ой шеберлігінің шыңынан 


56 
орын алып отырғанын ұлттық тарихы-мыздан білеміз. Ана тілінің мол 
байлығын игерген адам оның құді-ретін, қадір-қасиетін түсіне алады.
6) тіл тазалығы
сөйлеу әдебінің негізгі шараларының бірі. Кей-бір 
адамдарда сөйлеу барысында қисынсыз бір сөздерді қыстырып сөйлеу әдетке 
айналып кеткен. Тіл тазалығы сөйлеу барысында қажет-сіз артық сөздердің, 
бөтен, бөгде элементтердің болмауын талап етеді. Қисынсыз қолданылған 
сөздер, немесе қажетсіз болса да қайталана беретін сөздер мұғалімнің тілін 
шұбарлап, тыңдаушының көңілін бө-ліп, онда жағымсыз әсер қалдырады. 
Мысалы, 
«яғни», «әрине», «демек», «жалпы», «жаңағы», «мысалы» 
т.с.с. 
сөздердің орынсыз қайталана беруі тыңдаушыларға жақсы әсер береді деп 
айту қиын. Керісінше бұндай сөздердің көп қайталануы адамның сөз қоры-
ның аздығын немесе сөйлеу мәдениетінің төмендігін аңғартады.
Жаһандану салдарынан басқа тілдерді үйрену қажеттілігі туындап, 
білім беру жүйесінде үштілділік тұжырымдамасы жүзеге асырылуда, бірақ 
сол тілдердің ішінде әр адам мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, оны келер 
ұрпаққа жеткізіп отыруы оның азаматтық парызы.
Қазіргі кезде екі тілді, немесе үш тілді араластырып сөйлеу де көп 
кездеседі. Қазақша сөйлеу барысында кейбір адамдар орысша сөздерді 
араластырып кететінін өздері де байқамай қалады.

Тереңірек ойланып 
қарасақ, бөтен тілдерден сөз алмастырып, қазақ тіліне қосатындай қазақ тілі 
сондай кедей тіл емес, керісінше әлемдегі ең бай тілдердің бірі.
Осы тұрғыда тіл мәдениетін бұзатын диалект сөздерге де тоқ-талып 
өтуге болады. 

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   282




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау