|
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. ЕӨзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
|
бет | 16/226 | Дата | 19.06.2023 | өлшемі | 0,96 Mb. | | #43014 | түрі | Оқулық |
| Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. ЕӨзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Қазіргі кездегі білім берудің 4 қыры өзара қалай байланысқан?
Білім беру құндылығы қандай компоненттер арқылы сипатталады?
Қазіргі педагогикалық парадигманың ерекшеліктері неде?
Білім берудің өзгеруіне әсер ететін қандай негізгі факторлар бар?
Кәсіби-педагогикалық құзіреттіліктің мәні неде?
2-тақырып. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІП ПЕН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2.1.Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның өзгешеліктері.Мұғалімдік кәсіптің ежелгі замандардан бастап қалыптасқаны баршамызға мәлім. Алғашқы қауымдық құрылыстан бастау алып, ғасырлардан ғасырларға түрленіп мән-мағынасы жағынан көптеген өзгерістерге ұшырап, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан тәрбие феноменінің өзектілігі жылдан жылға күшею үстінде.Әр қауымда балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелейтін, олардың есейгендігін дәлелдеуге дайындайтын қарапайым «жастар үйі» деп аталатын мекемелер пайда болған. Ондағы тәлім-тәрбие беруші беделді адамдар балаларды өмірге дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын меңгертіп, садақ атуға, аң аулау өнеріне, ептілікке, шыдамдылыққа, батылдыққа үйретіп отырған.
Сонымен қатар қарапайым пиктографиялық жазу түрлері (picture – сурет, бейне), петроглифтер (ежелгі грек πέτρος -тас және γλυφή - қашау) пайда бола бастады. Осындай жазу түрлері арқылы алғашқы адамдар келер ұрпаққа мұра ретінде өз тәжірибесін, тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін, әдет-ғұрыптарын бейне ақпарат ретінде жеткізбек болған. Сол көне замандағы петроглифтер мен пиктографиялық жазулар жер шарының түпкір-түпкірлерінен табылып, тарих қойнауынан сыр ақтаруда.
Алғашқы қоғам өмірінің жетілуіне жүйелі түрде ықпал етіп келген тәрбие феномені педагогика ғылымының негізгі категорияларының бірі. Адамдар қай қоғамдық формацияда болмасын жас ұрпаққа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөлі адамзат қоғамының қай даму сатысында болмасын ерекше жоғары бағаланған.
Білім берудің өзін қазіргі таңда кең ауқымы әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыра отырып, болашақ мұғалімдерді даярлау барысында кәсіпке баулу және әлеуметтендіру үдерісін ұштастыру қажеттілігін аңғарамыз. Педагогикалық жоғары оқу орындарына келген әрбір студент жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін меңгеруі қажет, сондықтан нағыз мұғалім, нағыз педагог тұлғасы қалыптасады, және кәсіптік білімберу ұғымы өзінің бастапқы мәнін де жоғалтып алуы мүмкін.
Педагог мамандығының маңыздылығы оныңқоғам дамуындағы рөліжайлы жетекші идеяменөзекті. Педагог мамандығындағы негізгі міндет– қоғам дамуының мақсаттарын жете түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау. Яғни, мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап, ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жасөспірімдердің бойында қалыптастыруға еңбектенеді.
Сонымен қатар мұғалімдер жасөспірімдердің дуниетанымын, ұлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын қалыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысыретінде қабылдауға болады. Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері ақиқатпен астарласады.
Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтар екенін атап айтуға болады. Бұл педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарға сұраныс туындамаушы еді. Педагог мамандығы мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби құзыретті мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын көбейе түсуде.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|