4.4 Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерек-шелік кезеңдері.Педагогика баланың дамуын – өте нәзік, күрделі диалектикалық үдеріс деп қарастырады. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім, сияқты психикалық үдерісінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл-ойы дамудың жаңа кезе-ңіне көшеді.
Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік ке-зеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама беретін болсақ балалардың ана-томиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай балалық шақты тө-мендегідей жас кезеңдергебөлінеді:
жаңа туған бала (1-2 ай);
нәрестелік шақ (1-2 айдан 1жасқа дейін);
ерте сәбилік шақ (1-3 жастар);
мектеп алды балалық шақ (4-5 жастар);
бастауыш мектеп (6 -10 жастар);
жеткіншек шағы (11-16 жастар);
жасөспірімдік шақ ( 17-18 жастар).
Әр жастағы баланың өсіп-жетілу дәрежесін білу мұғалімдерге оқу-тәрбие жұмысының әдістерін дұрыс таңдап алуға, оқушылардың ішкі жан дүниесін, мінез-құлқының ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектеседі.Мұғалім балалардың жас ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі қажет. Жеке адамның дүниені сез-гіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі әрекет-терінен көрінетін дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды:
Холерик – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті болады. Бірақ сезім жүйелері ауытқып тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашу-ланғыш болып келеді.
Сангвиник– эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақ-танбайды, ол қызулы, жеңілтек келеді, бір немесе бірнеше іске бірдей кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп, кейде оны орындаудан бас тартады.
Меланхолик – эмоциялық қызуы шабан, тұрақты. Ол момақан, тұйық, жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жүреді. Өзін ұжымнан оқшау ұстайды, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе, аяқтап шығады.
Флегматик– эмоциялық қозуы әлсіз. Ол байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске баяу кіріседі, бірақ тиянақты орындайды.
Бала денесінің өсіп-жетілуінің негізгі көрсеткіштері: бойының өсуі, салмағының артуы, бұлшық етінің шынығуы, ұлғаюы. Өсіп, дамып келе жатқан организмде болатын барлық өзгерістерді нерв жүйесі мен секреция бездерінің қызметі реттеп отырады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – орталық нерв жүйесі. Өйткені, адамның психикалық әрекеттері осы орталық нерв жүйесіне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |