Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


(8-сурет. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздерінің құрамы)



жүктеу 0,96 Mb.
бет85/226
Дата19.06.2023
өлшемі0,96 Mb.
#43014
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

(8-сурет. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздерінің құрамы).98-беттен суретті әкелу.


3.3.Педагогикалық зерттеудің әдістері. Ғылыми-педаго-гикалық танымның эмпирикалық әдістері. Зерттеу әдісі белгілі бір ғылыми міндетті, амалдар мен рәсім-тәртіптерді орындауға бағыт-талған зерттеу әрекетінің нормативті моделі арқылы түсіндіріледі. Неғұрлым ғылымдар әдістерге бай болса, соғұрлым ғалымдардың істері сәттірек болады. Ғылыми міндеттердің күрделілігі өскен сайын, зерттеу құралдарының өңделуіне алынған нәтижелердің дәрежесінің тәуелділігі арта түседі. Педагогика ғылымының әдістерінің сипаттама-сынан бұрын, нақты зерттеу міндеттерін шешуге арналған екі негізгі таңдау ұстанымдарын есепке алу қажет. Олардың біріншісі - зерттеу әдістерінің көптүрлілігіұстанымыкез келген ғылыми мәселені ше-шуге бір емес, бірнеше әдіс қолданылатынын білдіреді. Екіншісі - алынған әдістің зерттелетін пәннің мәніне және алынатын нәти-жесіне сәйкестігі ұстанымы.
Педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістеріне тоқталайық. Оларды ғалымдар эмпирикалық және теориялық деп бөліп қарастырады.
Эмпирикалық білім – зерттелетін пәннің нақты қасиеттері, фактілер, істің мән-жайы туралы білім. Бұл мәліметтер эмпирикалық деп аталатын танымның арнайы әдістерінің көмегімен алынады. Олардың қатарына байқау мен эксперимент енеді.Байқау– жаңа педа-гогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдап, оларды бұрынғы қоғамның даму кезеңдеріндегі мектептер мен педагогикалық ойлардың даму сатыларындағы ұқсас құбылыстармен салыстырып, олардың ара-ларындағы сабақтастықты, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі кемші-ліктер мен жетістіктерін саралап дәлелдейді. Байқау әдісі өте қара-пайым ұйымдастырылады.
Әңгімелесу қосымша ақпарат алуда педагог ғалымдармен, бі-лім беру саласына еңбегі сіңген адамдармен алдын-ала күрделі мәсе-лелерге байланысты, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу арқылы тиісті жауаптар алынып, жүйеленеді. Сұхбат бұл зерттеудің дербес және қосымша әдісі, байқаудың жетіспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында қолданылады. Сауалнама жүргізу ма-териал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттел-ген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алу үдерісі.
Эмпирикалық танымда байқаудан бөлек экспериментті қол-данады. Эксперименттің мақсаты, пәні, анықталған шарттары, құрал-дары, әдістері және т.б. нақты болғанда ғана толыққанды ұйымдас-тырылады. Педагогикалық эксперименттің мақсаты - заңдылықтарды орнату, фактілерді табу.
Педагогикалық эксперимент жүргізу күрделі және біршама еңбектенуді талап етеді. Көбінесе экспериментті дайындау оны өткізуден күрделі рәсім.
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдісіне сондай-ақ, сұ-рақ–жауап (сұхбат, тест); қызметтің нәтижесін зерттеу мен бағалау (тәуелсіз эксперт немесе құзырлы сот әдісі) және т. б. жатады. Педа-гогикалық консилиум әдісі.Оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағ-дарлама арқылы және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау, қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулары себептерін табу немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге талқылауды қамтиды. Диагности-калық бақылау жұмыстары әдісі. Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін.

жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау