Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскерліктерін өздігінен тәр-биелеуі



жүктеу 0,96 Mb.
бет53/226
Дата19.06.2023
өлшемі0,96 Mb.
#43014
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскерліктерін өздігінен тәр-биелеуі. Мұғалім өз іс-әрекеттерімен қатар оқушылардың да іс-әрекет-терін ұйымдастыратын тұлға. Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскер-лігінің мәні - оқушыларға жасататын іс-әрекеттердің олар үшін қан-шалықты маңызды екендігін түсіндіре алу, сол іс-әрекет түріне ынта-ландыра білу. Оқушыларды ынталандыра білу үшін мұғалімнің өзінің ынтасы жоғары болуы керек. Ынтаны оятудан кейін сол іс-әрекет маз-мұнын қызықты етіп көрсете алу, күрделілгін бағалау, оқушылар үшін жақын арадағы даму аймағын аша білу маңызды. Сонымен қатар іс-әрекет нәтижесі бойынша кері байланыс жүргізу, барлық оқушыларды ортақ мақсатқа жұмылдыруға үйрену арнайы дайындықты қажет етеді. Бұл іскерлікті өздігінен дамыту үшін әріптестерінің өткізетін іс-шараларына қатысу, өткізуге көмектесу, тренингтер мен коучингтерге қатысу, оқушылардың арасында қызықты ойындар мен жарыстар, көр-мелер, дебаттар ұйымдастыру жоспарлап, соларды өткізу арқылы мұ-ғалім ұйымдастырушылық іскеріліктерін дамыта алады.

    1. Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тәрбиелеу негізі.Әр болашақ маманның кәсіби дамуында оның өзіндік ой-толғаныстары, өмірлік мақсаттарын болжай алуы сияқты сапалар маңызды рөл ат-қарады. Адамның «Мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай қабыл-дайды?», «Мен өз қабілеттерімді толық аша алдым ба?» деген сұрақ-тарға жауап іздеуі рефлексиялық үдеріс болып табылады. Рефлексия(лат. сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену, артқа көз жүгірту) – толғану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау. Сондықтан адамның өзін-өзі түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жай-лы өзін талдап бағалауы рефлексия деп аталады.

Рефлексия - адамды, оның шеберлігін, ішкі қабілеттерін дамы-тудың маңызды шарттарының бірі. Рефлексияның мәні – адамның өзі-нің білімін, біліктілігін, қабілеттерін, қарым-қатынас дағдыларын анықтап, бағалай алуы. Әр болашақ маманның саналы түрде өзінің кәсіби маңызды қасиеттерін, білім, біліктерін қорытындылауы рефлек-сия нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Осының бәрі бір күндік іс-әрекет емес, оған көп уақыт, үздіксіз жүйелі ізденіс қажет. Сондықтан қазіргі таңда әр маманның кәсіби тұрғыдан өзін-өзі тануында рефлексиялық мәдениеттің қалыптасуы өзектене түсуде.
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан маман өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін шығармашылықпен өзгерте алады. Рефлексия өзіндік сана, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексиялық дағдылар адамның өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (та-нымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады.

жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау