4) Сөйлесу барысындағы сөздің түсініктілігі тілдік құралдар-дың дұрыс таңдалуына байланысты. Сөздің түсініктілігі біріншіден, әңгімеге қатысушылардың қай тілде (орыс, қазақ, қытай, ағылшын т.б.)сөйлейтіндеріне байланысты. Екіншіден, мұғалім өз оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеруі қажет, себебі күрделі ғылыми тіл қанша-лықты маңызды болғанымен, оқушылар санасына сыйымсыз болуы мүмкін.
5) педагогтың тіл байлығы – оның сөздік қорының жеткіліктілігі. Әр адамның сөз байлығы оның лексикалық қорындағы сөздердің саны-мен байланысты болып келеді. Әдеби кітаптарды көп оқу, көптеген мағыналы бағдарламаларды тыңдау, газет-журналдарды көп оқу сөздік қордың байи түсуіне көп септігін тигізеді. Бірақ тіл байлығын тек сөз санымен өлшеу де дұрыс болмауы мүмкін, себебі ол педагогтың ой байлығымен де тығыз байланысты. Мысалы, өткен ғасырларда бұқа-ралық ақпарат құралдары болмаған кездің өзінде қазақ даласында қан-шама шешен-билеріміз, ақындарымыз, жырауларымыз, жазушылары-мыз ой шеберлігінің шыңынан орын алып отырғанын ұлттық тарихы-мыздан білеміз. Ана тілінің мол байлығын игерген адам оның құді-ретін, қадір-қасиетін түсіне алады.
6) тіл тазалығы сөйлеу әдебінің негізгі шараларының бірі. Кей-бір адамдарда сөйлеу барысында қисынсыз бір сөздерді қыстырып сөйлеу әдетке айналып кеткен. Тіл тазалығы сөйлеу барысында қажет-сіз артық сөздердің, бөтен, бөгде элементтердің болмауын талап етеді. Қисынсыз қолданылған сөздер, немесе қажетсіз болса да қайталана беретін сөздер мұғалімнің тілін шұбарлап, тыңдаушының көңілін бө-ліп, онда жағымсыз әсер қалдырады. Мысалы, «яғни», «әрине», «демек», «жалпы», «жаңағы», «мысалы» т.с.с. сөздердің орынсыз қайталана беруі тыңдаушыларға жақсы әсер береді деп айту қиын. Керісінше бұндай сөздердің көп қайталануы адамның сөз қоры-ның аздығын немесе сөйлеу мәдениетінің төмендігін аңғартады.
Жаһандану салдарынан басқа тілдерді үйрену қажеттілігі туындап, білім беру жүйесінде үштілділік тұжырымдамасы жүзеге асырылуда, бірақ сол тілдердің ішінде әр адам мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, оны келер ұрпаққа жеткізіп отыруы оның азаматтық парызы.
Қазіргі кезде екі тілді, немесе үш тілді араластырып сөйлеу де көп кездеседі. Қазақша сөйлеу барысында кейбір адамдар орысша сөздерді араластырып кететінін өздері де байқамай қалады.. Тереңірек ойланып қарасақ, бөтен тілдерден сөз алмастырып, қазақ тіліне қосатындай қазақ тілі сондай кедей тіл емес, керісінше әлемдегі ең бай тілдердің бірі.
Осы тұрғыда тіл мәдениетін бұзатын диалект сөздерге де тоқ-талып өтуге болады. Диалект сөздер әр аймақтың адамына түсінікті болғанымен, қазақ тілінде сөйлеушілердің барлығына бірдей ұғынық-ты болмауы да мүмкін. Мысалы, көршілес елдермен шекаралас жер-лерде (Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, т.с.с.) тұратын адамдар-дың да сөйлеу ерекшеліктері көп байқалады. Мысалы, «қай жақта» - «қай йақта», «келсеңші» - «келсей» деген сөздерді естігенде өзіміздің ұлттық тіліміздің біртіндеп бұрмаланып бара жатқанын және тіл мә-дениеті деңгейін көтеру қажеттілігінің сеземіз.
Достарыңызбен бөлісу: |