Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



жүктеу 0,69 Mb.
бет29/226
Дата05.04.2023
өлшемі0,69 Mb.
#42018
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Құзырет – тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті.
Құзыреттілік - оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі.
Ш.Т.Таубаева жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарттардың құзыреттілік форматында жасалуын зерттеу барысында құзыреттілік ұғымының мазмұнын ашуда оның үш түсініктемесін атап көрсетеді:

  1. өзінің ішкі әлеуетін іске асыруға қабілеті (даярлығы) мен ынталылығы (мотивациялық аспект);

  2. табысты шығармашылық іс-әрекет үшін практика жүзінде байқалған өзінің білім, іскерлік, тәжірибесін іске асыра алу қабілеті (когнитивтік аспект);

  3. өз іс-әрекет нәтижелерінің әлеуметтік маңыздылғын және жеке жауапкершілігін түсінуі, оны үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін ұғынуы (құндылық аспект).

Сонымен, осы түсініктемелердің негізінде Ш.Т.Таубаева құзыреттілік депәлеуметтену және оқыту үрдістерінде қалыптасқан және өздігінен іс-әрекетке табысты қатысуына бағытталған білім мен тәжірибеге негізделгенжеке тұлғаның іс-әрекетке даярлығы мен жалпы қабілеттерінен байқалатын интегралды қасиетін түсіндіреді.
Педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерінанықтауда көптеген зерттеушілердің көзқарастары мұғалім іс-әрекетінің бір қырымен бай-ланыстырылып қарастырылады. Мысалы, Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет негізінде құзыреттілікті «тұлғалық қасиет» деп қарастырса, Л.А. Петровская коммуникативтік құзыреттілікке М.В.Прохорова басқарушылық құзыреттілікке көп көңіл аударады.
Л.М.Митина өз зерттеулерінде «педагогикалық құзыреттілік» ұғымының «білім, білік, дағдыны және оларды іс-әрекетте, қарым-қатынаста, тұлғаның дамуында іске асыру амалдары мен тәсілдерін» қамтитынын ашып көрсетеді.
Кәсіби құзыретілік мәселесі халықаралық деңгейде Еуропалық кеңес форумдарында және конференцияларда жиі талқыланады. ЮНЕСКО құжаттарында құзыреттер (компетенции) білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылып, олардың негізгі түрлері айқындалған.
В.А.Сластениннің,М.И.Мищенконың пікірлерінше,педагогтыңкәсіби құзыреттілігііс-әрекетті атқарудағы теориялық және практикалық даярлықтарының бірлігі.
Салыстырмалы түрде талданған тағы басқа анықтамалар негізінде кәсіби құзыреттіліктің екі тұрғыдан қарастырылуын аңғарамыз:
- біріншіден, көптеген зерттеушілер кәсіби құзыреттілікті мамандардың даярлық деңгейлерімен байланыстырады;
- екіншіден, ғалымдар кәсіби құзыреттілікті маманның тұлғалық қасиеттерімен байланыстырып зерттейді.
Құзыреттілік тұрғыдан оқыту барысында білім беру нәтижесіне, оның тұрақтылығына, оның өлшемдеріне басты назар аударылады. Бұл бағытта оқушылардың дербестігі, өз беттерінше жұмыс істей алулары ескеріледі. Егер дәстүрлі оқытуда тек оқушылар үлгерімінің пайыздық көрсеткіштері маңызды болса, құзыреттілік тұрғысынан оқытуда олардың оқу жетістіктері, мүмкіндіктер деңгейі, тұлғасының қалыптасуы, әлеуметтенуі, іскерліктері жоғары мәнге ие болады.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, мамандардың кәсіби құзыреттілігі мынандай түрлерге бөлінеді:практикалық (арнайы) құзыреттілік,әлеуметтік құзыреттілік,психологиялық құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік,комуникативтік құзыреттілік,экологиялық құзыреттілік,валеологиялық құзыреттілік.
Мұғалім жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісінде кәсіптік денгейі жоғары болуы үшін педагог мамаңдығына тән іскерлік пен дағдыларды толық меңгеруі негізінде ғана кәсіби құзыретті маман бола алады. Педагогтың кәсіби құзіреттілігінің құрылымы оның негізгі іскеліктер жүйесі арқылы қарастырылады.

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау