1 -Тақырып: Тарихи өлкетану пәні, оның мақсаты мен міндеттері
Сабақтың мақсаты: Өлкетанудың ғылым ретінде пайда болуы тарихын баяндау, зерттеудің әдістері мен принциптеріне талдау жасап, мектептегі өлкетану жұмысына назар аудару.
1.Өлкетанудың ғылым ретінде пайда болуы
2.Өлкетану жұмыстарының негізгі мазмұны.
3.Мектептегі өлкетану жұмысы
Әдістемелік нұсқау: Студенттер сабақ барысында өлкетанудың ғылым ретінде пайда болуы тарихын баяндау, зерттеудің әдістері мен принциптеріне талдау жасап, мектептегі өлкетану жұмысына назар аудару, тарихнамасы мен деректерін танып білу.
Бекіту сұрақтары: 1. Өлкетану ғылым ретінде қашан пайда болды?
2.Өлкетану жұмыстарының мақсаты мен міндеттері.
3.Мектепте қандай өлкетану жұмыстарын жүргізген маңызды?
Әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.
2.Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987
3.Внеклассная работа по истории краеведения. М., 1975.
2- Тақырып: Қазақстанда тарихи өлкетанудың кезеңдері және негізгі ұйымдастыру формалары.
Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы өлкетанулық жұмыстарының маңызы, негізгі кезеңдері мен сипаттамасын атап өту, Тәуелсіз Қазақстандағы өлкетанудың ерекшеліктерін бөліп көрсету. Өлкетанулық материалдардың баспасөз және басқа арнайы басылымдарда жарияланған материалдарын жинақтау.
1.Қазақстанда өлкетану жұмысының негізгі кезеңдері және оның сипаттамасы
2.Тәуелсіз Қазақстандағы өлкетанудың ерекшеліктері
3.Өлкетанулық материалдардың баспасөз және басқа арнайы басылымдарда жариялануы.
Әдістемелік нұсқау: Студенттер сабақ барысында Қазақстандағы өлкетанулық жұмыстарының маңызы, негізгі кезеңдері мен сипаттамасын атап өту, Тәуелсіз Қазақстандағы өлкетанудың ерекшеліктерін бөліп көрсету. Өлкетанулық материалдардың баспасөз және басқа арнайы басылымдарда жарияланған материалдарын жинақтау, назар аудару, тарихнамасы мен деректерін танып білу.
Бекіту сұрақтары:
1.Қазақстандағы өлкетанулық жұмыстарға сипаттама.
2. Тәуелсіз Қазақстандағы өлкетанудың ерекшеліктері
3.Қандай баспасөз және басқа арнайы басылымдарда өлкетанулық материалдар жарияланған?
Әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.
2.Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987
3.Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане. А., 1982.
3-Тақырып: Қазақстанда революцияға дейінгі кезеңдегі өлкетанулық жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанда болған шет ел саяхатшылары, ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи өлкетанудағы еңбектері және олардың маңызын атап өту, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдарын көрсету.
1. Әр түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстанда болған шет ел саяхатшылары, ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи өлкетанудағы маңызы.
2. Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Әдістемелік нұсқау: Студенттер сабақ барысында Қазақстанда болған шет ел саяхатшылары, ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи өлкетанудағы еңбектері және олардың маңызын атап өту, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдарын көрсету, назар аудару, тарихнамасы мен деректерін танып білу.
Бекіту сұрақтары:
1.Мектепке кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері жөнінде қазақстандық көрнекті ғалымдар айналысты.
2.Қазақстанда өлкетану материалдары қай шет ел саяхатшылары, ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерінде жарияланды.
Әдебиеттер:
Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.
Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987.
Матюшин Г.Н. Археология в школе. М., 1964
Матюшин Г.Н. У истоков человечества М., 1982
Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана, А. 1979
Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана, А., 1993
4-Тақырып: Тарихи өлкетанудағы археологиялық деректер мен материалдар .
Сабақтың мақсаты: Тарихи өлкетанудағы археологиялық деректердің ролі, ескерткіштердің түрлері, негізгі бағыттары жайлы түсіндіріп,археологиялық материалдарды мектептегі өлкетануда қолдану жайлы мәлімет беру.
Тарихи өлкетанудағы археологиялық деректердің ролі
Археологиялық ескерткіштердің түрлері
Археологияда зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары. Археологиялық материалдың өңдеу әдістері.
Археологиялық материалдарды мектептегі өлкетануда қолдану
Әдістемелік нұсқау: Студенттер сабақ барысында тарихи өлкетанудағы археологиялық деректердің ролі, ескерткіштердің түрлері, негізгі бағыттары жайлы түсіндіріп,археологиялық материалдарды мектептегі өлкетануда қолдану жайлы мәлімет беру, назар аудару, тарихнамасы мен деректерін танып білу.
Бекіту сұрақтары:
1.Археологиялық деректер дегеніміз не?
2. Археологиялық ескерткіштердің түрлері
3. Тарихи өлкетанудағы археологиялық деректердің маңызы.
Әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.
2.Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987.
3.Матюшин Г.Н. Археология в школе. М., 1964
4.Матюшин Г.Н. У истоков человечества М., 1982
5.Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана, А. 1979
6.Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана, А., 1993
5-Тақырып: Тарихи өлкетанудағы этнографиялық деректер мен материалдар
Сабақтың мақсаты: Этнографиялық деректер түрлерін, категорияларын айту, өлкетану жұмысының этнография ғылымының дамуына ықпалы , туған өлкені зерттеуде этнографиялық деректерді қолдану маңыздылығын айқындау.
1.Өлкетану жұмысының этнография ғылымының дамуына ықпалы
2.Этнографиялық деректер түрлері
3.Туған өлкені зерттеуде этнографиялық деректерді қолдану
Әдістемелік нұсқау: Студенттер сабақ барысында этнографиялық деректер түрлерін, категорияларын айту, өлкетану жұмысының этнография ғылымының дамуына ықпалы , туған өлкені зерттеуде этнографиялық деректерді қолдану маңыздылығын айқындау, тарихнамасы мен деректерін танып білу.
Бекіту сұрақтары:
1.Этнография ғылымы, этнографиялық деректер түрлері.
2. Тарихи өлкетануда қолданылатын этнографиялық категориялар
3. Өлкетанулық зерттеуде этнографиялық деректерді қолдану
Әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.
2.Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987
3.Громов Г. Методика этнографических исследований. М., 1966
4.Алексеев В.П. Становление человечетсва, М., 1984.
5.Чебоксаров Н.Н., Чебоксарова И.А. Народы, расы, культуры, М., 1985
6.Сейдимбек А. Қазақ әлемі А., 1999
7.Этносы Казахстана: историко-демографичсекий справочник Астана, 2001
6-Тақырып: Тарихи өлкетанудағы жазба деректері
Сабақтың мақсаты: Жазба деректердің түрлері, олардың зерттелуін баяндау. Көне және ортағасырлық қолжазбалардың Қазақстанның тарихи өлкетануын оқытудағы құндылығы баяндау.
1.Жазба деректерінің түрлері
2.Көне және ортағасырлық қолжазбалардың Қазақстанның тарихи өлкетануын оқытудағы құндылығы.
3.Қазақстанға әр түрлі уақыттарда келген шет елдіктер еңбектерінің өлкетанудағы деректік маңызы.
Әдістемелік нұсқау: Студенттер сабақ барысында жазба деректердің түрлері, олардың зерттелуін баяндау. Көне және ортағасырлық қолжазбалардың Қазақстанның тарихи өлкетануын оқытудағы құндылығы баяндау, тарихнамасы мен деректерін танып білу.
Бекіту сұрақтары:
1.Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың бір саласы ретінде ерекшеліктері.
2. Жазба деректерінің түрлері
3. Қазақстанға әр түрлі уақыттарда келген шет елдіктер еңбектерінің өлкетанудағы деректік маңызы.
Әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.
2.Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987
3.Жиренчин А.М. Из истории казахской книги. А., 1971. Истрин В.А. Возникновение и развитие письма, М., 1965г.
4.Мамажанов М.К., Коротковский М.П. Книги Казахстана, А.,1977
5.Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері, А., 1997
6.Елеукенов Ш. Қазақ кітабіның тарихы, А., 1999
7.Аллаберген Қ., Нұсқабай Ж., Оразай Ф. Қазақ журналистикасының тарихы, А., 1996
8.Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі, А., 2000
9.Прошлое Казахстана в источниках и материалах. В 2-х сб. Сб 1. А.,1997 Сб.2 А., 1998
10.Практикум по древней и средневековой истории Казахстана А., 2000
11.Қазақтар. Казахи. Т.7., А.,1998
7-Тақырып: Тарихи өлкетануда ауызша деректер
Сабақтың мақсаты: Өлкетануда ауызша деректердің маңызы, халық ауыз әдебиеті шығармаларының өлкетанулық құндылығы, халық ауыз әдебиетін жинап зерттеуде өлкетанушылардың атқарар ролі жайлы мәлімет жинау.
Халық ауыз әдебиеті шығармаларының өлкетанулық құндылығы.
2. Халық ауыз әдебиетін жинап зерттеуде өлкетанушылардың атқарар ролі.
Әдістемелік нұсқау: Студенттер сабақ барысында өлкетануда ауызша деректердің маңызы, халық ауыз әдебиеті шығармаларының өлкетанулық құндылығы, халық ауыз әдебиетін жинап зерттеуде өлкетанушылардың атқарар ролі жайлы мәлімет жинау, тарихнамасы мен деректерін танып білу.
Бекіту сұрақтары:
1.Халық ауыз әдебиет шығармаларының маңыздылығы.
2. Халық ауыз әдебиеті шығармаларының өлкетанулық құндылығы.
Әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.
2.Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987
3.МурзаевЭ.Н. География в названиях. М., 1979.
4.Тәтімов М.Б. Қазақ әлемі. А., 1993.
5.Нұрғалымова Г.С. Қазақстан топонимикасы. А., 1998.
6.Қазақтар. Казахи. Т. 8., А., 1998
7.Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі А., 1985
8.Ахметжанова Ф.Р., Әлимхан А.Ә Қазақ шығысының жер-су атаулары . Өскемен, 2000
9.Керимбаев Е. Атаулар сыры., А., 1984
10.Нұрмағамбетұлы Ә. Жер-судың аты – тарихтың хаты, А., 1994
11.Габдулин М. Қазақ-халық ауыз әдебиеті. А., 1996
12.Мұқанов С. Қазақ қауымы А., 1995
8- Тақырып: Туған өлке тарихын зерттеудегі топонимиканың деректік маңызы.
Сабақтың мақсаты: Топонимиканың деректік маңызы, соның ішінде туған өлке тарихын зерттеуде ролін айқындау, топонимиканың деректері мен түрлері туралы мәлімет беру.
1. Туған өлке тарихын зерттеуде топонимиканың деректік маңызы.
Топонимиканың деректері мен түрлері.
Әдістемелік нұсқау: Студенттер сабақ барысында топонимиканың деректік маңызы, соның ішінде туған өлке тарихын зерттеуде ролін айқындау, топонимиканың деректері мен түрлері туралы мәлімет беру, тарихнамасы мен деректерін танып білу.
Бекіту сұрақтары:
1.Топонимикалық деректер.
2.Топонимиканың түрлері.
3. Туған өлке тарихын зерттеуде топонимиканың деректік маңызы.
Әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.
2.Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987
3.Памятники истории и культуры Казахстана. Научно-популярный информационный сборник, А., 1986
4.Басенов Т.К., Маргулан А.Х., Мендикулов М.М. Архитектура Казахстана, А., 1959
5.Муканов М. Казахская юрта, А., 1992
6.Алехин А.Д. Изобразительное искусство, М., 1984
7.Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1 А., 1986.Т.2 А., 1987. Т.3 А., 1994
9-Тақырып: Тарихи өлкетанудағы сәулет өнер ескерткіштері мен бейнелеу өнері туындыларының ролі
Сабақтың мақсаты: Сәулет өнер ескерткіштері тарихи өлкетанудағы тарихи маңызын айту, Қазақстан территориясындағы сәулет өнер ескерткіштері жайлы баяндау.
1.Сәулет өнер ескерткіштері тарихи өлкетанудың дерек көзі ретінде.
2.Қазақстан территориясындағы сәулет өнер ескерткіштері
3.Бейнелеу өнер туындыларының түрлері және олардың Қазақстан территориясында таралуы.
Әдістемелік нұсқау: Студенттер сабақ барысында сәулет өнер ескерткіштері тарихи өлкетанудағы тарихи маңызын айту, Қазақстан территориясындағы сәулет өнер ескерткіштері жайлы баяндау, тарихнамасы мен деректерін танып білу.
Бекіту сұрақтары:
1.Сәулет өнер ескерткіштері тарихи өлкетанудың дерек көзі бола ала ма?
2. Қазақстан территориясындағы сәулет өнер ескерткіштері
3.Сәулет өнер ескерткіштерінің тарихи өлкетанулық маңызы.
Әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.
2.Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987
3.Памятники истории и культуры Казахстана. Научно-популярный информационный сборник, А., 1986
4.Басенов Т.К., Маргулан А.Х., Мендикулов М.М. Архитектура Казахстана, А., 1959
5.Муканов М. Казахская юрта, А., 1992
6.Алехин А.Д. Изобразительное искусство, М., 1984
7.Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1 А., 1986.Т.2 А., 1987. Т.3 А., 1994
8.Қазақтың көне алтыны. Древнее золото Казахстана А., 1983
9.Қазақтың зергерлік әшекейлері А., 1985
10.Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері. Народное декоративно-прикладное искусство казахов Л., 1970
11.Ибраева К. Казахский орнамент, А., 1994
12.Очерки изобразительного искусства казахов А., 1977
13.Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана (Альбом) М., 1970
10-Тақырып: Өлкетануда мұражайлар, мұрағаттар атқаратын ролі.
Сабақтың мақсаты: Өлкетануда мұражайлар, мұрағаттар атқаратын қызметі, тарихи маңыздылығын баяндау.
1.Өлкетануда мұражайлар, мұрағаттар атқаратын ролі.
2.Қазақстан Республикалық мемлекеттік мұрағат құжаттары
Әдістемелік нұсқау: Студенттер сабақ барысында өлкетануда мұражайлар, мұрағаттар атқаратын қызметі, тарихи маңыздылығын баяндау, тарихнамасы мен деректерін танып білу.
Бекіту сұрақтары:
1.Қазақстанда өлкетану мұражайлары жөнінде мағлұмат.
2. Өлкетануда мұрағаттың атқаратын ролі
3. Қазақстан Республикалық мемлекеттік мұрағат құжаттары
Әдебиеттер:
1.Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.
2.Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987
3.Памятники истории и культуры Казахстана. Научно-популярный информационный сборник, А., 1986
4.Басенов Т.К., Маргулан А.Х., Мендикулов М.М. Архитектура Казахстана, А., 1959
5.Муканов М. Казахская юрта, А., 1992
6.Алехин А.Д. Изобразительное искусство, М., 1984
7.Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1 А., 1986.Т.2 А., 1987. Т.3 А., 1994
СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау
(студенттердің оқытушымен өздік жұмысы)
1-тақырып Өлкетану жұмысының негізгі мазмұны. Зерттеудің әдістемесі және принциптері, негізгі бағыттары.
МАҚСАТ- Өлкетану жұмысының негізгі мазмұны. Зерттеудің әдістемесі және принциптері, негізгі бағыттары сипаттама жасау, талқылау.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Конспект. Кесте құрастыру.
2-тақырып Археологиялық деректердің өлкетанудағы атқаратын ролі.
1.археологиялық ескерткіштер түрлері
2.археологиялық материалдарды өңдеу әдістері
МАҚСАТ- Археологиялық ескерткіштер түрлері, өңдеу әдістерін талдау.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Талдау, конспект
3-тақырып Этнографиялық деректердің өлкетанулық маңызы
МАҚСАТ- Этнографиялық деректердің өлкетанулық маңызы жайлы түсініктерін толықтыру
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Баяндама
4-тақырып Этнографиялық деректерді өлкенің тарихын зерттеу процессінде қолдану.
МАҚСАТ- Этнографиялық деректерді өлкенің тарихын зерттеу процессінде қолдану туралы түсініктерін толықтыру
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Сараптама.
5-тақырып Тарихи өлкетанудағы жазба деректер.
МАҚСАТ- Тарихи өлкетанудағы жазба деректер саралап көрсету
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Конспект
6-тақырып Белгіленген жазба дерегінің мазмұны бойынша реферат дайындау
МАҚСАТ- Белгіленген жазба дерегінің мазмұны бойынша реферат дайындау
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Реферат
7-тақырып Туған өлке тарихын зерттеудегі топонимиканың деректік маңызы.
МАҚСАТ- Туған өлке тарихын зерттеудегі топонимиканың деректік маңызы жайлы баяндау, мақала материалдарын дайындау.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Баяндама, мақала дайындау
8-тақырып Топонимиканың түрлері, дерек көздері
МАҚСАТ- Топонимиканың түрлері, дерек көздері жайлы жан-жақты түсінік алу.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Конспект
9-тақырып Халық ауыз әдебиеті ескерткіштерінің өлкетанулық құндылығы.
МАҚСАТ - Халық ауыз әдебиеті ескерткіштерінің өлкетанулық құндылығы жайлы түсінік
БАҚЫЛАУ ТҮРІ – Эссе жазу
10-тақырып Сәулет өнер ескерткіштері өлкетанудың дерек көзі ретінде
МАҚСАТ - Сәулет өнер ескерткіштері өлкетанудың дерек көзі жайлы салыстырып айту, түсінік беру.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ – Материал жинау
11-тақырып Қазақстан территориясындағы сәулет өнер ескерткіштерінің ерекшеліктері
МАҚСАТ - Қазақстан территориясындағы сәулет өнер ескерткіштерінің ерекшеліктері жайлы жан-жақты сипаттау.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ – Баяндама
12-тақырып Тарихи өлкетанудағы бейнелеу өнер туындыларының атқаратын ролі.
МАҚСАТ - Тарихи өлкетанудағы бейнелеу өнер туындыларының атқаратын ролі жайлы түсінік.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ – Материал жинау
13-тақырып Қазақтардың бейнелеу өнерінің ерекшелігі
МАҚСАТ - Қазақтардың бейнелеу өнерінің ерекшелігі туралы жан-жақты сипаттау.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ –Конспект
14 –тақырып Қазақстандағы әйгілі сүретшілердің шығармашылығы
МАҚСАТ - Қазақстандағы әйгілі сүретшілердің шығармашылығы
(Ә. Кастеев, С. Романов, Х. Наурызбаев, А. Ғалымбаева, Г. Исмаилова, Е. Сидоркин) реферат дайындау.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ –Реферат
15 –тақырып Өлкетануда мұражайлар, мұрағаттар атқаратын ролі.
МАҚСАТ - Өлкетануда мұражайлар, мұрағаттар атқаратын ролі жайлы материал жинақтау, мұражайлық, мұрағат деректерімен жұмыс жасау
БАҚЫЛАУ ТҮРІ – Материал жинау
СӨЖ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
(студенттердің өздік жұмысы)
1-СӨЖ
МАҚСАТ- аталмыш курс бойынша қалалық және университет кітапханаларының қорымен танысып, семинар мен ОЖСӨЖ тақырыптары бойынша библиографиялық көрсеткіш құрастыру.
Тапсыру түрі – жазбаша жұмыс
Әдістемелік нұсқау - кітапхана каталогтерімен жұмыс істеу үшін қажетті біліктілікті қалыптсатыру, алфавиттік каталогтер мен электрондық каталогтермен жұмыстар жүргізу.
Дәптерге арнайы берілген тақырыптар бойынша әдебиеттерді топтастыруы қажет, мерзімді баспасөз материалдарын да осындай реттілікпен құрастыру керек.
2-СӨЖ
МАҚСАТ – курс бойынша жарияланған монографиялық еңбектермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Тапсыру түрі – реферат рецензия
Әдістемелік нұсқау - Реферат –рецензия жазу үшін төмендегі үлгіні ұстаныңыз: мұнда ғылыми, мемуарлық және библиографиялық жұмыстың мағынасы бойынша:
- автор туралы мәлімет дайындау;
- кітаптың шығуы туралы мәлімет: қашан, қайда, қандай баспаханадан
шығарылған, тиражы туралы мәлімет.
- рецензияланып отырған кітаптың құрамы: бөлімдері мен тарауларының атауы.
- автордың сипаттап отырған оқиғаға, тарихи тұлғаға көзқарасы.
3-СӨЖ Топонимикалық материал жинақтау:
1. Туған өлке бойынша
2. Орта Азия территориясы бойынша
МАҚСАТ - Топонимикалық материалдар бойынша жинақтау, туған өлке бойынша, Орта Азия территориясы бойынша реферат дайындау.
Тапсыру түрі – Реферат
Әдістемелік нұсқау Топонимикалық материалдар бойынша жинақтау, туған өлке бойынша, Орта Азия территориясы бойынша реферат дайындау, Біржақты пікір болып кетпес үшін,осы деректерге берілген кейінгі зерттеушілердің көзқарастарын жүйелеп, зерделеу нәтижесінде талдау жасаңыз.
4-СӨЖ Қазақстан территориясындағы сәулет өнер ескерткіштерінің ерекшеліктері
МАҚСАТ – Қазақстан территориясындағы сәулет өнер ескерткіштерінің ерекшеліктеріне талдау жасап, мәлімет жинақтап, салыстырмалы кесте жасау.
Тапсыру түрі – Хабарлама жасау, талдамалы анықтама жасау. Ауызша және жазбаша
Әдістемелік нұсқау Қазақстан территориясындағы сәулет өнер ескерткіштерінің ерекшеліктеріне талдау жасап, мәлімет жинақтап, салыстырмалы кесте жасау.
5-СӨЖ Қазақстандағы әйгілі сүретшілердің шығармашылығы
(Ә. Кастеев, С. Романов, Х. Наурызбаев, А. Ғалымбаева, Г. Исмаилова, Е. Сидоркин)
МАҚСАТ Қазақстандағы әйгілі сүретшілердің шығармашылығы зерттеп, хабарламалар жасау.
Тапсыру түрі –Терминдер мен хабарламалар жасау. Ауызша және жазбаша.
Әдістемелік нұсқау Қазақстандағы әйгілі сүретшілердің шығармашылығы өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз
6-СӨЖ Өлкетануда мұражайлар, мұрағаттар атқаратын ролі.
МАҚСАТ –Әдебиет, баспа ісі бойынша алған білімдерін пысықтап, толықтыру.
Тапсыру түрі – Тарихи оқиғалардың жүйелілігі мен өзара байланысын дәлелдеу. Жазбаша және ауызша.
Әдістемелік нұсқау Жазбаша жұмысты жазу барысында ұсынылған тақырыптарына сәйкес кейінгі зертреушілердің көзқарастарын жүйелеп, зерделеу
Бақылау сұрақтары
Қазақстанда өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Мектепте өлкетану жұмыстарының түрлері
Тарихи өлкетанудың дерек көздері
Өлкетану жұмысындағы тарих және мәдениет ескерткіштері
Өлкетану жұмысындағы мұрағаттар құжаттары
Өлкетану жұмысындағы баспасөздің ролі
Рефераттар тақырыптары
Тарихи өлкетануды зерттеуде археологиялық деректердің маңызы
Тарихи өлкетануды зерттеуде этнографиялық материалдардың маңызы
Қазақстан өлкетануы бойынша ғалымдар мен саяхатшылардың еңбектері
Қазіргі Қазақстанның шет елдермен қатынастарының кеңеюі және оның өлкетануға ықпалы.
Тарихи өлкетанудағы топонимикалық деректердің маңызы
Тарихи өлкетанудағы демографиялық деректердің маңызы
Қазақстанда өлкетану жұмысының басталуы және оның негізгі кезеңдері
Өлкетану бойынша облыстық, республикалық конференциялар және съездер
Ш.Ш. Уәлихановтың Қазақстан өлкетану бойынша еңбектері
Ә. Диваев және М.-С Бабаджановтардың еңбектеріндегі өлкетану мәселелері
Қазақстан өлкесін зерттеуде Орыс географиялық қоғамы мен оның бөлімшелері және облыстық статистикалық комитеттердің қызметінің ролі
Қазақстанда тарихи өлкетану мұражайларының құрылуы және олардың қызметі.
Пән бойынша тесттік тапсырмалар
1 нұсқа
1.Тарихи өлкетанумен тығыз байланысты ғылым саласы
А. Топонимика Б. Статистика В. Семиотика
2. Тарихи өлкетану ғылымының негізгі қайнар көзі
А. Археологиялық материалдар Б. Демографиялық мәліметтер В. Экология ғылымы бойынша мәліметтер
3. Өлке туралы мәліметтерді қалыптастыруға қатысы бар антика дәуірінің ғалымы, «География» еңбегінің авторы
А. Геродот Б. Страбон В. Диодор
4. Қазақ жеріндегі үйсін, қаңлы, хұндар туралы мәліметтер қалдырған көне жазба деректері
А. Қытай Б.Грекия В. Византия
5. Орыс қалалары туралы өлкетанулық мәлімет беретін 12 ғ. соңында жарық көрген еңбек
А. «Повесть временных лет» Б. «Ипатьевская летопись» В. «Слово о полку Игореве»
6. Өлкені зерттеу әдісінің бірі – ғылыми экспедиция арқылы. Қазақстан өлкесіне қатысы бар 18 ғ. Ресей ҒА жіберген экспедициясының басшысы
А. Г.Ф. Миллер Б. П.И. Рычков В. С.П. Крашенинников
7. Археология өлке тарихын зерттеуде қолданатын деректер көзі
А. Жазба деректері Б. Ауызша деректер В. Заттық деректер
8. Археологияда органикалық қалдықтардың жасын аныңтау үшін қолданылатын әдіс
А. Радиоактивті көмір тегі әдісі Б. Археомагниттік әдіс В. Термолюминисценттік әдіс
9. Археологиялық ескерткіштерді анықтауда затқа зақым келтірмейтін әдіс
А. Химиялық Б. Спектрографиялық В. Рентген
10.Өлкені зерттеуде этнографиямен байланысты ғылым саласы
А. Антропология Б. Биология В. Семиотика
11. «Табу» терминін ғылыми айналымға кіргізген адам
А. Л.Морган Б. Дж. Кук В. Ж.Ж. Руссо
12. Өлкені зерттеуде ертедегі адамдар арасында таралған тиым салу рәсімінің маңызы бар. Рәсімнің аталуы
А. Табу Б. Полиандрия В. Инициация
13. Этнографиялық мәліметтерді жинақтағанда әдетте қолданылмайтын әдіс
А. Халықтың белгілі бір тобының өмірі мен тұрмысын бақылау
Б. Халық ішінде сұрастыру жүргізу В. Қазба жұмыстарын жүргізі
14. Өлкені зерттеуде тұрақты жұмыс жасау этнографиялық жылдан кем болмауы хақ. Оның мерзімі
А.Календарлық жыл Б. Календарлық жылдан 2-3 ай артық В. Календарлық жылдан 2-3 ай кем
15. Өлкетанушы этнографиялық зерттеуде қолданатын жіктеу әдісі
А. Архаикалық әдіс Б. Автохтондық әдіс В. Шаруашылық-мәдени типтер арқылы
16. Өлкетанушылар өлкені зерттегенде көбірек пайдаланатын дерек көзі
А. Сәулет өнер ескерткіштері Б. Бейнелеу өнер туындылары В. Нумизматикалық материалдар
17. Пирамидалар архитектуралық құрылыс ретінде сипаттама беретін өлке
А. Ежелгі Қосөзен аймағы Б. Ежелгі Мысыр елі В. Антикалық Рим
18. Ерте заманның архитектуралық ескерткіштері – мегалиттік құрылыстар. Кейбір өлкеде кездесетін бірнеше тонналық жақпар тастарды тігінен қойып, төбесі жалпақ тақта тастармен жабылатын құрылыс
А. Кромлех Б. Менгир В. Дольмен
19. Қазақстан территориясында 10-11 ғғ. жататын архитектуралық ескерткіш
А. Бабаша хатун кесенесі Б. Айша бибі кесенесі В. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
20. Өлкетанудың қайнар көзі болып табылатын бейнені пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік, ауқымдық) пайдалану арқылы туғызылатын өнер түрі
А. Кескіндеме Б.Графика В. Мүсін
21. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі үлгілері жартастарға салынған суреттер уақыты
А. Палеолит Б. Неолит В. Орта ғасырлар
22. 19 ғ.2-ші жартысында графикалық туындылары Қазақстандағы алғашқы құнды үлгілер болып саналған автор
А. М.-С.Қ.Бабаджанов Б. Ш.Ш.Уәлиханов В. Б.Қаратаев
23. Қазақ топырағына 19 ғ. 70 –ші жылдары келіп, алғашында Жетісу халқының тұрмысынан этнографиялық альбомдар жасаумен шұғылданған орыс суретшісі
А. Н.Хлудов Б. И.В.Мушкетов В. А.Н.Краснов
24. Өлкетанудың қайнар көзі – жазба деректер. Жекелеген сөздерді шартты түрде таңбалар арқылы білдірген жазу түрі
А. Пиктографиялық жазу Б. Идеографиялық жазу В. Дыбыстық жазу
25. Өлкетанушылар 1929 жылға дейінгі қазақ баспасөзін пайдаланғанда қолданатын қазақ тілі графикасы
А. Араб графикасы Б. Латын графикасы В. Славян графикасы (кириллица)
26. Өлкетанушылар б.з.д. 2 ғасырдан бастап жазба материалы ретінде жарғақ тері қолданыла басталғанын біледі.
А. Папирус Б. Пергамент В. Береста
27. Ежелгі Мысырда қамысқа жазылған кітаптардің түрі
А. Оқтауша кітап Б. Бүктеме кітап В. Түптелген парақты кітап
28. Өлкетанушылар үшін құнды 12 ғ. жарық көрген жазба дерегі
А. «Құтты білік» Б. «Диуани хикмет» В. «Тарихи Рашиди»
29. Қазақ өлкесі туралы мәлімет берген, 1913-1918 жж. жарық көрген баспасөз органы
А. «Айқап» журналы Б. «Қазақ» газеті В. «Серке» газеті
30. Жер-су аттары – халық қазынасы, оның өткендегі тарихы. Жер-су аттарын зерттейтін ғылым саласы
А. Топонимика Б. Семиотика В. Палеография
31. Өлкетанудың қайнар көзі болып табылатын топонимиканың елді мекен атауларын зерттейтін бөлімі
А. Оронимия Б. Гидронимия В. Ойконимия
32. Мұражай затының негізгі белгілерінің бірі
А. Жәдігердің көлемі Б. «коллекциялық жәдігер» В. Ұзақ сақтауға бейім зат
33. Мұражай затының көңіл аудару, назарды күшейту қасиетінің атауы
А. Аттрактивтік қасиеті Б. Экспрессивтік қасиеті В. Коммуникативтік қасиеті
34. Әрбір мұражай ғылыми пәндердің немесе өнердің саласына қарай жүйеленеді. Археологиялық мұражайлар жататын мұражай профилі
А. Табиғи-жаратылыстану мұражайлары Б. Тарихи мұражайлар В. Көркем өнер мұражайлары
35. Семейдегі Ф.М.Достоевский мұражайының профилін анықтаңыз
А. Тарихи мұражай Б. Көркем өнер мұражайы В. Әдеби мұражай
36.Мұражайлар түрлі әлеуметтік қызыметтер атқарады. Мұражайдың ұлттық және әлем мәдениетінің мүддесінде мәдени-тарихи құндылықтарды сақтап қалу міндеті
А. Зерттеу қызметі Б. Ғылыми-құжаттау қызметі В. Қорғау қызметі
37. Мұражайтану жіктеуі бойынша кинофильмдер жататын дерек типі
А. Бейне деректері Б. Сөз арқылы берілетін деректер В. Заттық деректер
38. Типті құбылысты көрсететін, көптеген қазіргі уақыттағы заттарға тән қасиеттері бар мұражай заты
А. Типтік мұражай заты Б. Бірегей мұражай заты В. Раритет
39. Мұражай заттарының негізгі қорының құрамындағы қор
А. Мұражай профиліне сай емес заттар қоры Б. Коллекциялық қор В. Артық дублеттік даналар қоры
40. Мұражай заттарының айырбас қорының құрамындағы қор
А. Коллекциялық қор Б. Дублеттік қор В. Артық дублеттік даналар қоры
41. Мұражай заттарын анықтау процесі
А. Атрибуция Б. Акультурация В. Адаптация
42. Мұражайда қор жұмысының бір бағыты – қорды есепке алу. Заңды күші бар есеп құжаты
А. Мұражайға келген адамдар мен топтарды тіркеу кітабы
Б. Мұражай затын ғылыми сипаттау карточкасы
В. Мұражай затын беру туралы акт
43. Мұражай заттарының табиғи ескіруге ұшырауына ең алдымен әсер ететін көрсеткіш
А. Температура Б. Жарық түсу В. Ауаның ластануы
44.Шартты түрде мұражай заттары жарыққа төзімділігі жағынан үш топқа бөлінеді. Фотосуреттер, акварель жататын топ
А. Жоғары төзімділіктегі Б. Орта төзімділіктегі В. Төмен төзімділіктегі
45. Заттың табиғи ескіру процесін тежеу үшін сақтаудың белгілі ережелерін жасау . Терминді анықтау
А. Реставрация Б. Консервация В. Атрибуция
46. Мұражайда уақытша экспозиция ұйымдастыру
А. Мұражай көрмелері Б.Мұражайда ашық қор ұйымдастыру В. Мұражайдан тыс ескерткіштерді көру
47. Мұражай экспозициясында әрбір экспонатқа міндетті түрде берілген аннотациялар жиынтығы
А. Этикетаж Б. Экскурсия В. Жол көрсеткіш
48. Арнайы бағыт пен алдын-ала белгіленген тақырып бойынша экскурсовод-маманның басшылығымен мұражайды білім алу және тәрбиелік мақсатта топпен көріп шығу. Терминді анықтау
А. Этикетаж Б. Экскурсия В. Жол көрсеткіш
49. Экскурсияны топтардың құрамы бойынша жіктеу. Өлке туралы жалпы мәлімет беретін шолу экскурсиясын ең алдымен қажет ететін топ
А. Әлеуметтік жағынан анықталатын Б. Мамандық жағынан анықталатын В. Басқа аймақтан келген қонақтар тобы
50. Мұражай өзінің көпшілік-тәрбие жұмысында қолданбайтын жұмыс формасы
А. Мұражай жанындағы үйірмелер Б. Тақырыптық кештер В. Ғылыми-зерттеу конференциялар
2 нұсқа
1. Тарихи өлкетанумен тығыз байланысты ғылым саласы
А. Этнография Б. Статистика В. Семиотика
2. Тарихи өлкетану ғылымының негізгі қайнар көзі
А. Тарихи еңбектер Б. Демографиялық мәліметтер В. Экология ғылымы бойынша мәліметтер
3. Өлке туралы мәліметтерді қалыптастыруға қатысы бар, «тарих атасы» аталған антика дәуірінің ғалымы
А. Геродот Б. Страбон В. Диодор
4. Түркі дәуірі туралы мәлімет беретін жазба дерегі
А. Розетта тасы Б. Сыма Цяннің «Тарихи жазбалары» В. Күлтегін ескерткіші
5. Біздің уақытымызға жеткен орыс летописьтерінің ішінде ең көнесі
А. «Слово о полку Игореве» Б. «Повесть временных лет» В. «Ипатьевская летопись»
6. Ресей елінде тарихи өлкетанудың қалыптасуына елеулі үлес қосқан, Орынбор өлкесінің зерттеушісі ретінде танылған ғалым
А. П.И.Рычков Б. Г.Ф.Миллер В. С.П.Крашенинников
7. Өлкенің тарихын материалдық мәдениет қалдықтары арқылы зерттеу әдісі
А. Археологиялық Б. Топонимикалық В. Ономастикалық
8. Археологияда ағаштан жасалған заттардың жасын анықтау үшін қолданылатын әдіс
А. Термолюминисценттік әдіс Б. Дендрохронологиялық әдіс В. Археомагниттік әдіс
9. Археологияда затты қолданғанда қалған іздері арқылы зерттеу әдісі
А. Химиялық әдіс Б. Спектрографиялық әдіс В. Трассалогиялық әдіс
10.Өлкені зерттеуде этнографиямен байланысты ғылым саласы
А. Лингвистика Б. Биология В. Семиотика
11. Этнологияда : діни тиым салу рәсімі
А. Полиандрия Б. Табу В. Анимизм
12. Өлкені зерттеуде адамдар арасында ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамдардың материалдық немесе рухани өмірі құбылыстарының маңызы бар. Терминнің аталуы
А. Дәстүр Б. Тотем В. Экзогамия
13. Ең құнды этнографиялық материалды жинау үшін қолданылатын әдіс
А. Мерзімді Б. Стационарлық В. Археографикалық
14. Халықты зерттеу үшін ирокездер тайпасы арасында бірнеше жыл өмір сүрген ғалым
А. Л.Морган Б. Н.Н. Миклухо-Маклай В. Ф.Боас
15. Өлкетанушы этнографиялық зерттеуде қолданатын жіктеу әдісі
А. Архаикалық әдіс Б. Автохтондық әдіс В. Лингвистикалық әдіс
16. Әр қала мен әр елді мекенде кездесетін өлке туралы мәлімет қалыптастыруға мүмкіндік беретін дерек көзі
А. Сәулет өнер ескерткіштері Б. Бейнелеу өнер туындылары В. Нумизматикалық материалдар
17. Ежелгі Рим дәуірінен сақталып қалған архитектуралық ғимарат
А. Эрехтейон Б. Колизей В. Парфенон
18. Ерте заманның архитектуралық ескерткіштері – мегалиттік құрылыстар. Кейбір өлкеде кездесетін үлкен тасты тігінен тұрғызып қойған құрылыс
А. Кромлех Б. Менгир В. Дольмен
19. Қазақстан территориясында 11-12 ғғ. жататын архитектуралық ескерткіш
А. Бабаша хатун кесенесі Б. Айша бибі кесенесі В. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
20. Өлкетанудың қайнар көзі болып табылатын бейнені түрлі сызықтардың қиылысуы арқылы туғызатын өнер түрі
А. Кескіндеме Б.Графика В. Мүсін
21. Қазақстан территориясындағы таңбалы тастар кешені
А. Тамғалы Б. Альтамира В. Тесіктас
22. Қазақ жеріне саяси қуғын ретінде келген, қазақ өміріне өзінің көркем шығармаларын арнаған украин қайраткері
А. Б.Залесский Б. Т.Шевченко В. Т. Аткинсон
23. 20 ғ. басында Қазақстанда кәсіби бейнелеу өнер қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы
А. Ә. Кәстеев Б. А. Ғалымбаева В. Е.Сидоркин 24. Өлкетанудың қайнар көзі – жазба деректер. Жазудың ең соңғы, дамыған жетілген түрі А.Пиктографиялық жазу Б. Идеографиялық жазу В. Дыбыстық жазу
25. Өлкетанушылар 1929-1940 жж. қазақ баспасөзін пайдаланғанда қолданатын қазақ тілі графикасы
А. Араб графикасы Б. Латын графикасы В. Славян графикасы (кириллица)
26. Өлкетанушылар ертедегі Русьте дүниеге келген жазбаларды олар жазылған материал арқылы анықтайды
А. Қыш текшелері Б. Папирус В. Береста
27.Жарғақ теріден жасалған кітаптардың әуелгі кездегі түрі
А. Оқтауша кітап Б. Бүктеме кітап В. Түптелген парақты кітап
28. Өлкетанушылар үшін құнды 11 ғ. жарық көрген жазба дерегі
А. «Құтты білік» Б. «Диуани хикмет» В. «Тарихи Рашиди»
29. Қазақ өлкесі туралы мәлімет берген, 1911-1915 жж. жарық көрген баспасөз органы
А. «Айқап» журналы Б. «Қазақ» газеті В. «Серке» газеті
30. Өлкетанудың қайнар көзі болып табылатын топонимиканың тау, төбе, шың атауларын зерттейтін бөлімі
А. Оронимия Б. Гидронимия В. Ойконимия
31. «Нұра» атауы жататын топонимикалық категория
А. Ороним Б. Топоним В. Гидроним
32. Мұражай затының негізгі белгілерінің бірі
А. Жәдігердің көлемі Б. «коллекциялық жәдігер» В. Нағыз түпнұсқа жәдігер
33. Мұражай затының толқыту,көңілді әсер қалдыру қасиетінің атауы
А. Аттрактивтік қасиеті Б. Экспрессивтік қасиеті В. Коммуникативтік қасиеті
34. Әрбір мұражай ғылыми пәндердің немесе өнердің саласына қарай жүйеленеді. Нумизматикалық мұражайлар жататын мұражай профилі
А. Табиғи-жаратылыстану мұражайлары Б. Тарихи мұражайлар В. Көркем өнер мұражайлары
35. Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы мұражайдың профилін анықтаңыз
А. Тарихи мұражай Б. Табиғи-жаратылыстану мұражайы В. Көркем өнер мұражайы
36.Мұражайлар түрлі әлеуметтік қызыметтер атқарады. Мұражай табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын, құбылыстарын, процестерін ғылыми құжаттауға арналған жұмысы
А. Зерттеу қызметі Б. Ғылыми-құжаттау қызметі В. Қорғау қызметі
37. Жалпы таңбалар жүйесін зерттейтін ғылым саласы
А. Семиотика Б. Топонимика В. Ономастика
38. Қазіргі уақытта бірлі-жарым немесе өлшеулі мөлшерде сақталған және ерекше ғылыми,мәдени құндылыққа ие болған мұражай заты
А. Типтік мұражай заты Б. Бірегей мұражай заты В. Ғылыми-қосалқы материалдар
39. Мұражай заттарының қоры құрамына жатпайтын сала
А. Негізгі қор Б. Айырбас қоры В. Мұражай техникасы
40. Мұражай заттарының негізгі қорының құрамындағы қор
А. Мұражай профиліне сай емес заттар қоры Б. Дублеттік қор В. Артық дублеттік даналар қоры
41. Мұражай заттарын жіктеуде хронологиялық, географиялық, авторлық және т.б. белгілер қолданылады. Бұл жіктеудің аталуы
А. Жалпы жіктеу Б. Жеке-жеке жіктеу В. Тақырыптық жіктеу
42. Мұражайда қор жұмысының бір бағыты – қорды есепке алу. Заңды күші бар есеп құжаты
А. Мұражайға келген адамдар мен топтарды тіркеу кітабы
Б. Мұражай затын ғылыми сипаттау карточкасы
В. Мұражай затын қабылдау акті
43. Мұражай қорларының физикалық сақталуылығын мақсат ететін қор жұмысының бағыты
А. Мұражай қорларын есепке алу Б. Мұражай қорларын зерттеу В. Мұражай қорларын сақтау
44.Шартты түрде мұражай заттары жарыққа төзімділігі жағынан үш топқа бөлінеді. Сүйектен, ағаштан, теріден жасалған заттардың жататын тобы
А. Жоғары төзімділіктегі Б. Орта төзімділіктегі В. Төмен төзімділіктегі
45. Консервация мен реставрация жұмыстарын жүргізетін маман
А. Реставратор Б. Бас сақтаушы В. Ғылыми қызыметкер
46. Мұражай коммуникациясының негізгі формасы, оның білім беру және тәрбиелік мақсаты мұражай жасаған ғылыми тұжырымдама негізінде мұражай заттарын ұйымдастыру, көрсету арқылы жүзеге асырылады. Терминді анықтау
А. Мұражай экспозициясы Б. Мұражай қоры В. Мұражай экскурсиясы
47. Тарихи мұражайларда жиі кездесетін экспозициялық ғылыми-қосалқы материал
А. Кестелер Б. Тарихи карталар В. Схемалар
48. Экскурсияларды тақырыбы бойынша жіктеу. Мұражайға мәдени мекеме ретінде жалпы мәлімет беретін экскурсия
А. Шолу экскурсиясы Б. Тақырыптық экскурсия В. Салалық экскурсия
49. Экскурсия жүргізу әдісі экскурсияның сипатына, мақсатына және топтың құрамына байланысты болады. Әдетте шолу экскурсиясында қолданылатын әдіс
А. Әңгімелеу Б. Эвристикалық В. Тапсырмалар беру
50. Ақпараттық мақсатта мұражай дайындайтын материалдар
А. Кітаптар Б. Экспозиция бойынша жол көрсеткіштер В. Экскурсия
3 нұсқа
1. Тарихи өлкетанумен тығыз байланысты ғылым саласы
А. Археология Б. Статистика В. Семиотика
2. Тарихи өлкетану ғылымының негізгі қайнар көзі
А. Этнографиялық материалдар Б. Демографиялық мәліметтер В. Экология ғылымы бойынша мәліметтер
3. Өлке туралы мәліметтерді қалыптастыруға қатысы бар, антика дәуірінің ғалымы «Тарихи кітапхана» еңбегінің авторы
А. Геродот Б. Страбон В. Диодор
4. Түрік өмірінің энциклопедиясы деп бағаланатын еңбек
А. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы» Б. «Құтты білік» В. «Диуани лұғат ат-түрік»
5. Орыс жерінде алғашқы өлкетанулық мәліметтер жинақтау осы дерек көзі арқылы жүргізілді
А. Монастырлық кітаптар Б. Летописьтер В. Экспедициялар күнделіктері
6. Өлкені зерттеу әдісінің бірі – ғылыми экспедиция арқылы. Қазақстан өлкесіне қатысы бар 18 ғ. Ресей ҒА жіберген экспедициясының басшысы
А. П.С.Паллас Б. П.И. Рычков В. С.П. Крашенинников
7. Өлкенің ертедегі тарихын материалдық деректер арқылы зерттеуде қолданылатын ғылыми сала
А. Ономастика Б. Археология В. Топонимика
8. Археологияда көне қышты зерттеуде қолданылатын әдіс
А. Термолюминисценттік әдіс Б. Дендрохронологиялық әдіс В. Калий-аргон әдісі
9. Археологиялық материалды мектепте қолдану өте маңызды. Бұл іске жатпайтын шара
А. Ғылыми-зерттеу жұмысына баулу Б. Оқу-тәрбие жұмысында қолдану В. Көне мәдениет ескерткіштерін қорғау
10.Өлкені зерттеуде этнографиямен байланысты ғылым саласы
А. Археология Б. Биология В. Семиотика
11. Этнологияда көп неке салтының атауы
А. Моногамия Б. Полигамия В. Табу
12. Өлкені зерттеуде кейбір аймақтарда сақталып қалған жасөспірімдерді ересектер қатарына өткізуге арналған рәсімнің маңызы бар. Рәсімнің аталуы
А. Табу Б. Полиандрия В. Инициация
13. Өлкеде тұрақты этнографиялық жұмыс істеу үшін жұмыстың мерзімі
А. Этнографиялық жылдан кем болмауы керек Б. 6 айдан кем болмауы керек
В. Бір жылдан кем болмауы керек
14. Халықты зерттеу үшін Жаңа Гвинея папуастары арасында бірнеше жыл өмір сүрген ғалым
А. Л.Морган Б. Н.Н.Миклухо-Маклай В. Ф.Боас
15. Өлкетанушы этнографиялық зерттеуде қолданатын жіктеу әдісі
А. Архаикалық әдіс Б. Автохтондық әдіс В. Географиялық әдіс
16. Өлкетанушыға архитектуралық ғимараттарды сипаттауға көмек көрсететін жүйе
А. Готика Б. Архитектуралық ордер В. Базилика
17. Франция елінің нышаны ретінде саналатын архитектуралық құрылыс
А. Колизей Б. Эрмитаж В. Эйфель мұнарасы
18. Ерте заманның архитектуралық ескерткіштері – мегалиттік құрылыстар. Кейбір өлкеде кездесетін әдетте бір немесе бірнеше шеңбер жасайтын тігінен тұрғызылған үлкен тастардан құрастырылған құрылыс
А. Кромлех Б. Менгир В. Дольмен
19. Қазақстан территориясында 14 ғ. жататын архитектуралық ескерткіш
А. Бабаша хатун кесенесі Б. Айша бибі кесенесі В. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
20. Өлкетанудың қайнар көзі болып табылатын бейнені түрлі-түсті бояуды пайдалану арқылы туғызатын өнер түрі
А. Кескіндеме Б. Графика В. Мүсін
21. Қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесі мен бейнелеу тілінің байлығын көрсететін сала
А. Ою-өрнек өнері Б. Белгі, таңба жүйесі В. Барлығы да дұрыс
22. Қазақ өлкесінің өмірін өзінің шығармашылығының тақырыбы еткен орыс суретшісі
А. Н. Хлудов Б. И. Суриков В. Д.Серов
23. Қазақстан бейнелеу өнер тарихындағы педагогтық (ағартушылық) қызметі зор болған суретші
А. Ә. Қастеев Б. Н.Хлудов В. А.Краснов
24. Өлкетанудың қайнар көзі – жазба деректер. Жазудың ең көне түрі А.Пиктографиялық жазу Б. Идеографиялық жазу В. Дыбыстық жазу
25. Өлкетанушылар 1940 жылдан бастап қазақ баспасөзін пайдаланғанда қолданған қазақ тілі графикасы
А. Араб графикасы Б. Латын графикасы В. Славян графикасы (кириллица)
26. Өлкетанушылар ежелгі Мысырда дүниеге келген кітаптарды олар жазылған материал арқылы анықтайды
А. Қыш текшелері Б. Папирус В. Береста
27. Оқтауша кітаптың орнына түптелген парақты бүктеме кітаптың дүниеге келген уақыты
А. Б.з.д. 2 ғ. Б. Б.з. 1 ғ. В. Б. з. 5 ғ.
28. 11 ғасырдағы түрік өмірінің энциклопедиясы деп саналатын жазба дерек
А. «Диуани лұғат ат-түрік» Б. «Құтты білік» В. «Диуани хикмет»
29. Қазақ өлкесі туралы мәлімет берген, 1905-1907 жж. революциялық қозғалыс әсерімен жарық көрген баспасөз органы
А. «Қазақ» газеті Б. «Айқап» журналы В. «Серке» газеті
30. Өлкетанудың қайнар көзі болып табылатын топонимиканың өзен, су, көл атауларын зерттейтін бөлімі
А. Оронимия Б. Гидронимия В. Ойконимия
31. «Алатау» атауы жататын топонимикалық категория
А. Ороним Б. Топоним В. Гидроним
32. Кез келген мұражай жұмысының негізі деп саналатын категория
А. Мұражай ісі Б. Мұражай жәдігері В. Мұражай
33. Мұражай затының мәнерлілік, дәлдік қасиетінің атауы
А. Аттрактивтік Б. Экспрессивтік В. Семантикалық
34. Әрбір мұражай ғылыми пәндердің немесе өнердің саласына қарай жүйеленеді. Картина галереялары жататын мұражай профилі
А. Табиғи-жаратылыстану мұражайлары Б. Тарихи мұражайлар В. Көркем өнер мұражайлары
35. Өлкетану мұражайларының профилін анықтаңыз
А. Тарихи мұражай Б. Табиғи-жаралыстану мұражайы В. Кешенді мұражай
36. Мұражайлар түрлі әлеуметтік қызметтер атқарады. Мұражай ғылыми зерттеудің арнайы орталығы
А. Зерттеу қызметі Б. Ғылыми-құжаттау қызметі В. Қорғау қызметі
37. Мұражайтануда деректердің типін анықтауда көмек көрсететін ғылым саласы
А. Топонимика Б. Семиотика В. Лингвистика
38. Мұражай заттарын зерттеуде және экспозицияға қоюда көмек көрсететін материалдар
А. Ғылыми-қосалқы материалдар Б. Ғылыми материалдар В. Көмекші материалдар
39. Мұражай қорының құрамына жатпайтын сала
А. Ғылыми-қосалқы материалдар қоры Б. Мұражай заттарының қоры В. Мұражай техникасы
40. Мұражай заттарының айырбас қорының құрамындағы қор
А. Мұражай профиліне сай емес заттар қоры Б. Коллекциялық қор В. Дублеттік қор
41. Мұражай заттарын жіктеуде заттың барлық негізгі белгілері ескеріледі. Бұл жіктеудің аталуы
А. Жалпы жіктеу Б. Жеке-жеке жіктеу В. Тақырыптық жіктеу
42. Мұражайда қор жұмысының бір бағыты – қорды есепке алу. Заңды күші бар есеп құжаты
А. Мұражайға келген адамдар мен топтарды тіркеу кітабі
Б. Мұражай затын ғылыми сипаттау карточкасы
В. Мұражайдың кірістер кітабы
43. Мұражай заттарының табиғи ескіруге ұшырауына ең алдымен әсер ететін көрсеткіш
А. Ылғалдылық Б. Жарық түсу В. Ауаның ластануы
44.Шартты түрде мұражай заттары жарыққа төзімділігі жағынан үш топқа бөлінеді. Металдан, тастан жасалған заттар жататын тобы
А. Жоғары төзімділіктегі Б. Орта төзімділіктегі В. Төмен төзімділіктегі
45. Затта табиғи ескіру процесі немесе келтірілген зақымдар нәтижесінде пайда болған өзгерістерді жою және максималдытүрде затты бастапқы жағдайына жеткізу. Терминді анықтау
А. Реставрация Б. Консервация В. Раритет
46. Экспозициядағы мұражай заты
А. Ескерткіш Б. Экспонат В. Раритет
47. Экспозицияның идеялық мазмұнын түсінуді жеңілдететін және экспонаттар туралы ақпарат беретін экспозициялық материалдар
А. Мұражай заттары Б. Мәтіндер мен фонокомментарийлер В. Мұражай заттарының көшірмелері
48. Экскурсияны мақсаты бойынша жіктеу. Оқу бағдарламасы бойынша білімін тереңдету үшін жүргізілетін экскурсиялар
А. Оқу экскурсиялары Б. Ғылыми-ағарту экскурсиялары В. Жалпы білім беру экскурсиялары
49. Экскурсияны сұрақ-жауап арқылы жүргізу әдісінің мұражайтанулық әдебиеттегі атауы
А. Тапсырма беру арқылы Б. Эвристикалық әдіс В. Әңгімелесу арқылы
50. Мұражай өзінің көпшілік-тәрбие жұмысында қолданбайтын жұмыс формасы
А. Мұражай жанындағы клубтар Б. Мұражай олимпиадалары В. Ғылыми-зерттеу конференциялары
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.
Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987
Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане. А., 1982.
Внеклассная работа по истории краеведения. М., 1975.
Громов Г. Методика этнографических исследований. М., 1966.
Кацюба Д.В. Краеведение в воспитании учащихся. М., 1965.
Матюшин Г.Н. Археология в школе. М., 1964.
Матюшин Г.Н. У истоков человечества М., 1982
Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана, А. 1979
Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана, А., 1993
Строев К.Ф. Краеведение. М., 1974.
Ивлев Н.П. Находки краеведа. А., 1977.
Жиренчин А.М. Из истории казахской книги. А., 1971.
Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. А., 1966.
Мурзаев Э.Н. География в названиях. М., 1979.
Тәтімов М.Б. Қазақ әлемі. А., 1993.
Нұрғалымова Г.С. Қазақстан топонимикасы. А., 1998.
Алексеев В.П. Становление человечетсва, М., 1984.
Чебоксаров Н.Н., Чебоксарова И.А. Народы, расы, культуры, М., 1985
Сейдимбек А. Қазақ әлемі А., 1999
Этносы Казахстана: историко-демографический справочник Астана, 2001
Истрин В.А. Возникновение и развитие письма, М., 1965г.
Мамажанов М.К., Коротковский М.П. Книги Казахстана, А.,1977
Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері, А., 1997
Елеукенов Ш. Қазақ кітабіның тарихы, А., 1999
Аллаберген Қ., Нұсқабай Ж., Оразай Ф. Қазақ журналистикасының тарихы, А., 1996
Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі, А., 2000
Прошлое Казахстана в источниках и материалах. В 2-х сб. Сб 1. А.,1997 Сб.2 А., 1998
Практикум по древней и средневековой истории Казахстана А., 2000
Қазақтар. Казахи. т.7,т. 8, А.,1998.
Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі А., 1985
Ахметжанова Ф.Р., Әлимхан А.Ә Қазақ шығысының жер-су атаулары . Өскемен, 2000
Керимбаев Е. Атаулар сыры., А., 1984
Нұрмағамбетұлы Ә. Жер-судың аты – тарихтың хаты, А., 1994
Габдулин М. Қазақ-халық ауыз әдебиеті. А., 1996
Мұқанов С. Қазақ қауымы А., 1995
Заславский Е.Л. Что такое архитектура, Минск, 1978
Памятники истории и культуры Казахстана. Научно-популярный информационный сборник, А., 1986
Басенов Т.К., Маргулан А.Х., Мендикулов М.М. Архитектура Казахстана, А., 1959
Муканов М. Казахская юрта, А., 1992
Алехин А.Д. Изобразительное искусство, М., 1984
Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1 А., 1986.Т.2 А., 1987. Т.3 А., 1994.
Қазақтың көне алтыны. Древнее золото Казахстана А., 1983
Қазақтың зергерлік әшекейлері А., 1985
Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері. Народное декоративно-прикладное искусство казахов Л., 1970
Ибраева К. Казахский орнамент, А., 1994
Очерки изобразительного искусства казахов А., 1977
Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана (Альбом) М., 1970
Байжанов С. Архив-айғақ А., 1995
Кайназарова А.Е. Музейное дело в Казахстане (2 половина 19 – начало 20 в.) А., 1995
Достарыңызбен бөлісу: |