Дәрістің мазмұны
Қаржылық бақылаудың ұғымы.
Қаржылық бақылаудың субъектілері, объектілері, пәні, мақсаттар, міндеттері және әдістері.
Қаржылық бақылаудың жіктелуі.
Қаржылық бақылау органдары және олардың құзыреті.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері мемлекеттің уәкілетті, мамандандырылған қаржылық бақылау органдарының жүйесін айқындайтын және олардың мемлекеттік қаржылар аясындағы тиісті бақылау – тексеру құзіретін, сондай-ақ қаржылық бақылаудың нысанын, қаржылық тексерудің түрлері мен жүргізілу тәртібін белгілейтін арнайы, құзіреттік (тиісті органның өкілеттіктері мен қызмет аясын белгілейтін) және басқа да қаржылық құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институтын қалыптастырады.
Қазақстан Республикасы аумағындағы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына:
Қазақстан Республикасының Есеп комитеті;
Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі;
Қазақстан Ұлттық Банкі;
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Мәслихаттардың ревизиялық комиссиялары;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі жатады.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдістері: қаржылық жоспарлардың есептеулерін тексеру; алғашқы қаржылық құжаттарды тексеру; бухгалтерлік есеп регистрындағы жазбаларды тексеру; статистикалық және бухгалтерлік есептемелерді тексеру; тауарлық-материалдық құндылықтарды, негізгі қорларды және қолма-қол ақшаларды ішінара немесе жаппай түгендеу; кредиттік қаржылық мекемелердегі ақша құжаттарының шынайылылығын тексеру; өндірістегі материалдық шығындар мен басқа да мән жайлардың негіздемелеріне сараптамалық баға беру; құқық қорғау органдары мен соттардан түсетін ақпараттарды талдаужәне оларға қорытынды беру; қаржылық операцияларды жүргізуге қатысы бар лауазымды тұлғалар мен азаматтардан ауызша және жазбаша түсініктеме алу; банкке және басқа да кредиттік мекемелерге ресми сұранс жасау; ревизия (тексеріс) жүргізу сипатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің түрлі мән-жайларына орай:
Жүргізілетін уақытына байланысты:
а) алдын - ала мемлекеттік қаржылық бақылау;
ә) ағымдағы мемлекеттік қаржылық бақылау;
б) кейінгі мемлекеттік қаржылық бақылау.
2. Жүзеге асырылатын қаржылық қызмет аясына байланысты:
а) бюджеттік бақылау;
ә) салықтық бақылау;
б) инвестициялық бақылау;
в) валюталық бақылау;
г) қаржылық-сақтандыру бақылауы;
ғ) ақша жүйесінің ұйымдастырылуына және жұмыс істеуіне қатысты жүргізілетін бақылау;
д) бюджеттен тыс мемлекеттік қорлардың жұмыс істеуіне жүргізілетін бақылау;
е) мемлекеттік банктердің қызметіне жүргізілетін бақылау;
ж) қаржылық-шаруашылық бақылауы.
3. Билікті бөлу позициясы тұрғысынан:
а) өкілді билік органдарының бақылауы;
ә) атқарушы билік органдарының бақылауы;
б) сот билігі органдарының бақылауы.
4. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдардың құқықтық мәртебелеріне және жүргізілетін бақылаудың сипатына байланысты:
а) функциялық қаржылық бақылау;
ә) мамандандырылған арнайы қаржылық бақылауы.
№ 6 дәріс
Тақырып: Қаржылық-құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу
Дәрістің мазмұны
1. Мемлекеттік мәжбүрлеу және мемлекеттік қаржы саласындағы құқықтық жауапкершілік.
2. Қаржылық құқықбұзушылық пен қаржылық-құқықтық жауапкершілік.
Қаржылық-құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу қаржылық құқық бұзушылық түрлерін айқындайтын және оларды жасағаны үшін заңи жауапкершілік түрлерін негіздейтін, мемлекеттік мәжбүрлеу (заңи жауапкершілік) шараларын қолдану тәртібі мен ережелерін белгілейтін, сондай-ақ заңи жауапкершілікке тарту мән-жайын реттейтін қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты болып табылады.
Кешенді сипатта болатын осы институттың нормалары: әкімшілік-құқық бұзушылық; қылмыстық-құқық бұзушылық; қаржылық-құқық бұзушылық түрлерін белгілейді.
Аталған интитутта осындай қаржылық құқық бұзушылықтар үшін заңи жауапкершілік; қаржылық-құқықтық жауапкершілік сияқты түрлері көзделген.
Қаржылық құқық бұзушылық өзіне тән мына:
әрекет немесе әрекетсіздік;
қоғамға қауіптілігі;
құқыққа қайшылық;
кінәлілігі;
залалды зардапты (мүліктік зиянды) салдарының болуы;
құқыққа қайшы әрі кінәлі әрекет пен оны жасау нәтижесінде келтірілген зиянды салдардың арасындағы себептік байланыс;
жаза (тиісті заңнамалық актілерде көзделген заңи жауапкершілікке тарту) сияқты белгілерімен мазмұндалады.
Қаржылық құқықта Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес мына:
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасына өсімпұл есептеу (ҚР СК, 46-бап);
Салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру (ҚР СК, 47-бап);
Салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімшығару (ҚР СК, 48-бап);
Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу (ҚР СК, 50-бап);
Салық берешегі сомасын қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу (ҚР СК, 51-бап);
Салық төлеушінің салық берешегі сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу (ҚР СК, 52-бап);
Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі есебіне өндіріп алу (ҚР СК, 53-бап);
Салық төлеуші (акционерлік қоғам) акцияларының мәжбүрлі қосымша эмиссиясы (ҚР СК, 55-бап);
Салық төлеушіні банкрот деп тану (ҚР СК, 56-бап);
Құжаттарды алып қою (ҚР СК, 539-бап) сияқты және т.б. мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары көзделген.
Қазақстан республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде қаржылық-құқықтық сипаттағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың мына:
166-бап. Бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді толық мөлшерде және дер кезінде төлемеу;
167-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулар туралы заңдарын бұзу;
173-бап. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдарда белгіленген талаптарды бұзу;
176-бап. (2-тармағы). Мемлекеттік нысаналы кредитті не мемлекет кепілдігімен берілген кредитті тікелей арналған мақсатқа пайдаланбау;
171-бап. Бюджет қаражатын дер кезінде есептемеу немесе мақсатсыз пайдалану;
204-бап. Мемлекеттік мекеменің және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (қазыналық кәсіпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақшалай міндеттемелерді қабылдау жөніндегі заңсыз әрекеттері сияқты түрлері белгіленген.
Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарға:
205-бап. Салық органында салық есебіне қою мерзімінің бұзылуы;
206-бап. Салық есеп-қисабын, сондай-ақ төлеушінің мониторингін
жүргізу үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу;
207-бап. Салық салу объектілерін жасыру;
208-бап. Кірістерді, шығыстарды және салық салу объектілерін есепке алу ережелерін бұзу;
209-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын кемітіп көрсету;
210-бап. Салық агентігінің және өзге де уәкілетті органдардың (ұйымдардың) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ұстап қалу және (немесе) аудару жөніндегі міндеттерді орындамауы;
211-бап. Жалған шот-фактура жазып беру;
212-бап. Базар аумағына жіберу тәртібін бұзу;
213-бап. Акцизделетін тауарларды әкелу, тасымалдау, өндіру, сақтау және өткізу ережелерін бұзу;
214-бап. Таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу;
215-бап. Фискалдық жады бар кассалық – бақылау машиналарын қолдану тәртібін бұзу;
Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында көзделген міндеттерді орындамауы;
217-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгіленген міндеттерді орындамауы;
218-бап. Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер табыс ету;
219-бап. Салық қызметі органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау сияқты түрлері жатады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 7-тарауында (Ерекше бөлім) қаржылық – құқықтық сипаттағы:
191-бап. Заңсыз банктік қызмет;
194-бап. Кредитті заңсыз алу не мақсатсыз пайдалану;
214-бап. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару;
219-бап. Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер табыс ету;
221-бап. Азаматтық салық төлеуден талтаруы;
Ұйымнан алынатын салықты төлеуден жалтару сияқты қылмыстар көзделген.
№ 7 дәріс
Тақырып: Бюджет құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |