қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері қызметкердің жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не өлімі туындайтын еңбек жағдайлары;
қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
қызметкерлер өкілдері - кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
негізгі жалақы - жалақының тарифтік ставка, лауазымдық айлықақы, кесімді бағалау бойынша төлемді қамтитын, салыстырмалы түрде тұрақты бөлігі және еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер;
өтемақы төлемдері - жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер;
тәртіптік жаза - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы;
тәртіптік теріс қылық - қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек міндеттерін құқыққа қайшы келетіндей кінәмен орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
тынығу уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;
ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;
ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;
б) ОЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар.
ОЖСӨЖ екі қызмет атқарады: кеңес беру және бақылаушы. ОЖСӨЖ – оқытушы мен студенттің бірлескен жұмысы, өйткені сабақ барысында тақырыптарды өзара талқылап, ұсыныстар енгізіп, пікірталас жүргізіп, топтық жобалар мен кестелер құрады. Әрбір ОЖСӨЖ-на арнайы тақырыптар беріледі (оқу-әдістемелік кешенде белгіленген). Орындалатын тапсырмалардың нысаны:
дәріс сұрақтары бойынша пысықтау сұрақтарына жауап беру;
белгілі бір тақырыпта кесте құру;
басқа әдебиет көздерінен қосымша тезистер жазып келу;
еңбек қатынасы саласындағы нормативтік актілермен танысып, конспект жазу;
баяндамалар мен рефераттар жазу;
іс-құжаттарды толтыру және т.б
«ҚР Еңбек құқығы» курсы бойынша оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген ОЖСӨЖ тапсырмалары:
Еңбек құқығы пәніне қатысты библиографиялық материалдармен танысу.
Лекция және семинар тақырыптары бойынша есеп беру
Лекция материалдарын пысықтау.
Практикум бойынша есептер шығару.
ОЖСӨЖ баяндама, реферат, кесте, сөжұмбақ құрау, пікір алмасу нысандарында жүргізіледі.
Тақырыптар:
Еңбек – материалдық және рухани құндылықтар көзі ретінде
Еңбек құқығының басқа құқық салаларымен байланысы.
Еңбек құқығының салалық және салааралық қағидалары
«Еңбек құқығының құқық жүйесіндегі алатын орны»
Жұмыс беруші мен қызметкер еңбек құқығының субъектілері ретінде
Еңбек қатынастарының субъектілері
ҚР Еңбек заңнамасының РФ Еңбек заңнамасынан ерекшелігі
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілер
ҚР Еңбек заңнамасы бойынша еңбек құқығы субъектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттері
Еңбек құқығының негізгі субъектілері
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат
Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау.
Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау.
Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ, оның нәтижесі
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу
Маусымдық қызметкерлердің, үй қызметшілерінің, үйінде жұмыс істейтін қызметкерлердің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдардың еңбегі.
ЕШ-ның тараптары, мерзімі, мазмұны.
Еңбек шартының басқа азаматтық-құқықтық шарттардан ерекшелігі
Жұмыстан шығару және шеттету.
Еңбек шартын тоқтату және бұзу негіздері.
Еңбек шартын тоқтату және бұзу негіздері.
Мерзімінен тыс жұмыстарды шектеу.
Жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу негіздері.
Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы.
Жалақыны реттеу әдістері.
Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқу болған реттерде еңбекке ақы төлеу.
Қызметкерге жарақаттардан не өзге де денсаулығы зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу.
Материалдық жауапкершілік ұғымы.
Еңбектегі табыстары үшін көтермелеу.
Жазалау шаралары
Еңбек дауларын ерекше тәртіппен қарауҰжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі, әдістері
Ұжымдық шарттың ерекшеліктері
Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі, әдістері
Қызметкерлердің еңбекті қорғау құқықтарының кепілдіктері.
Жазатайым оқиғаларды тексеру тәртібі
Азаматтық ықзметшілерге берілетін демалыс. Азаматтық қызметщілерді көтермелеу.
Еңбекті қоғамдық бақылау.
Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау.
Еңбек саласындағы тәртіптік жауаптылық
Еңбек қатынастарындағы коллизиялық мәселелер
Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау
Шетелдіктерді әлеуметтік қамсыздандыру.
Өндірістегі қауіпсіздіктің жалпы ережелері
Өндірістік санитария және гигиена.
Баяндамаға қойылатын талаптар:
- тақырыбы ОӘК сай келуі тиіс;
- 3 беттен кем болмауы тиіс;
- жоспар құрылуы қажет;
- қолданылған әдебиеттер көрсетілуі қажет.
Рефератты орындау бойынша нұсқаулар:
реферат студентке бекітілген тақырыпқа сәйкес орындалуы тиіс;
тапсырма силлабуста белгіленген мерзімге дейін тапсырылуы тиіс;
рефераттың көлемі 10-13 бет болуы тиіс;
рефератта 3 әдебиеттен кем емес қолданылуы тиіс;
рефераттың соңғы бетінде тақырып бойынша схема берілуі тиіс.
Кесте, сөзжұмбақтар А4 бетке жазылуы тиіс.
8. Курстық жобаларды (жұмыстар), лабороториялық жұмыстарды орындауға байланысты методикалық ұсынымдар.
9. СӨЖ, жеке тапсырмаларға әдістемелік материалдар:
«ҚР Еңбек құқығы» курсын оқытудың қисыны, біріншіден жоғарғы білікті маман қазіргі талаптарға сай оқытумен, екіншіден еңбек құқығының теория жүзіндегі арнайы білімін тәжірибеге қолдана білуге студенттердің құқықтық ойлау қабілеттерін дамытуды айқындайды. СӨЖ - дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға , танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі. СӨЖ шығармашылық белсенділікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
«ҚР Еңбек құқығы» пәні бойынша СӨЖ-на берілетін тапсырмалар:
« ҚР Еңбек құқығы» пәні бойынша схема құру;
Еңбек құқығы бойынша нормативті құқықтық актілермен актілермен танысу;
Семинар сабақтарында қарастырылған тақырыптар бойынаш тест сұрақтарын құрастыру;
« ҚР Еңбек құқығы» пәні бойынша ғылыми әдебиеттер тізімін өз бетінше толықтыру (арнайы тақырыптарға байланысты);
«ҚР Еңбек құқығы» пәні бойынша СӨЖ–ын реферат нысанында орындау.
«ҚР Еңбек құқығы» пәні бойынша СӨЖ-н орындауғы байланысты реферат тақырыптары:
Еңбек құқығының түсінігі, пәні және міндеттері
Еңбек құқығы бастамасының жүйесі
Еңбек құқықтық қатынас субъектілері: түсінігі және сыныптары
Халықаралық еңбек құқығының субъектілері.
Халықты жұмыспен қамту қағидалары және еңбек және жұмыспен қамту саласында қысым жасауды болдырмауды қамтамасыз ету.
Еңбек заңдарын нарықтық экономика жағдайларында қайта қараудың құқықтық жәйлері.
Еңбекті қорғау мәселелерін реттеуде халықаралық және ұлттық арасындағы арақатынас.
Халықаралық құқықтық қатынастар аясындағы коллизиялық нормалардың жүйесі.
Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының мәселелері мен жағдайы.
Еңбектік құқықтық қатынастың түсінігі, түрлері және мазмұны.
Ұжымдық шарт және келісім туралы заңдардың жалпы сипаттамасы.
Ұжымдық шарттың түсінігі және маңызы.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары.
Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу.
Жұмыссыз деп танылған тұлғаның құқықтық мәртебесі.
Жеке еңбек шартының түсінігі және атқаратын функциялары.
Жеке еңбек шартын жасау тәртібі.
Жеке еңбек шартын вахталық әдіспен жұмыс істеу бойынша жасау ерекшеліктері.
Басқа жұмысқа ауыстырудың түсінігі және түрлері.
Басқа жұмысқа ауыстырудың басқа жұмыс орнына ауыстырудан айырмашылығы.
Жеке еңбек шартын бұзудың негіздері.
Жеке еңбек шарттарын бұзудың негіздері және оларды сыныптау.
Қызметкерді жұмыстан шеттетудің негізі және тәртібі.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбектерін құқықтық реттеу.
Мемлекеттік қызметшілермен жеке еңбек шартын жасау.
Шетел жұмыс күштерін тарту тәртібі және жағдайлары.
Жұмыс уақытының түрлері және оларды сыныптау.
Демалыс уақытының түрлері және оларды сыныптау.
Еңбек демалысының түрлері және оларды сыныптау.
Жалақының түсінігі және оны реттеу әдістері.
Еңбек тәртібінің түсінігі және оны нығайту әдістері.
Тәртіптік жауапкершіліктің басталу негіздері және жағдайлары.
Еңбек дауларының түсінігі және оларды сыныптау.
Ереуілге шығудың негіздері және тәртібі.
Рефератты орындау бойынша нұсқаулар:
реферат студентке бекітілген тақырыпқа сәйкес орындалуы тиіс;
тапсырма силлабуста белгіленген мерзімге дейін тапсырылуы тиіс;
рефераттың көлемі 10-12 бет болуы тиіс;
рефератта 3 әдебиеттен кем емес қолданылуы тиіс;
рефераттың соңғы бетінде тақырып бойынша схема берілуі тиіс.
«ҚР Еңбек құқығы» пәні бойынша жеке тапсырмалар еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынас субъектілерінің іс-құжаттарының үлгілерін (бұйрық, ереже, өтініш, нұсқау, шешім, анықтама, арыз т.б.) толтырумен, конспект жазумен орындалады.
Үлгі №1
Еңбек жөнiндегi статистикалық есептiлiктi толтыру бойынша нұсқаулықты бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 12 шілдедегі N 38-Г бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 17 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1953.
"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені", 2002 ж., N 34, 678-құжат
Мемлекеттiк статистикалық есептiлiктi жетiлдiру мақсатында және "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Еңбек жөнiндегi статистикалық есептiлiктi толтыру бойынша нұсқаулық бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап қолданысқа енгiзiлсiн.
2. Еңбек жөнiндегi статистикалық есептiлiктi толтыру бойынша нұсқаулықтың республика аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын және еңбек жөнiнде статистикалық есептiлiк нысандарын жасайтын ұйымдарға, филиалдар мен өкiлдiктерге таратылуы қамтамасыз етiлсiн.
3. Жоғарыда аталған Нұсқаулық енгiзiлген сәттен бастап
Қазақстан Республикасы Ұлттық статагенттiгiнiң 1996 жылғы 19 желтоқсандағы N 50 қаулысымен бекiтiлген Жалданып жұмыс iстейтiндердiң саны мен жалақысы статистикасы жөнiндегi нұсқаулықтың күшi жойылды деп танылсын.
Төраға
Келiсiлдi
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi
Вице-Министр
14 тамыз 2002 жыл
Үлгі №2
Қазақстан Республикасы
Статистика жөнiндегi агенттігі
Төрағасының
2002 жылғы 12 шілдедегі
N 38-І бұйрығымен бекiтiлген
Еңбек жөнiндегi статистикалық есептiлiктi
толтыру бойынша
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Бұл Еңбек жөнiндегi статистикалық есептiлiктi толтыру бойынша нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) еңбек жөнiндегi мемлекеттiк статистикалық есептiлiктi жасауды тәртiпке келтiру және оны уақытында әрi заңды алуды қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi.
2. Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын анықтайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi.
3. Еңбек жөнiндегi есептiлiктi статистикалық органдарға барлық ұйымдар (заңды тұлғалар), олардың филиалдары мен өкiлдiктерi меншiктiң иелiгi мен нысанына қарамастан өзiнiң тұрған жерi бойынша табыс етуге мiндеттi.
Басты ұйым есептi өзiнiң тұрған жерiндегi статистикалық органға басқа облыстар аумағында орналасқан және олардың тұрған жерi бойынша тиiстi аумақтық статистикалық органдарға есеп беретiн заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiнiң деректерiнсiз ұсынады.......
2. Қызметкерлер саны
7. Еңбек жөнiндегi статистикалық есептiлiкте ұйымдар қызметкерлердiң саны бойынша мынадай көрсеткiштердi толтырады (есептi кезеңдегi орташа саны):
1) қызметкерлердiң тiзiмдiк саны;
2) қызметкерлердiң нақты саны;
3) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындаушы адамдар.
8. Қызметкерлердiң тiзiмдiк саны - азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс iстейтiн қызметкерлерден басқа, жасасу мерзiмiне байланысты емес жеке еңбек шарты бойынша қабылданған тұлғалар саны.
Тiзiмдiк санда жұмыс берушiнiң актiсiн атқара отырып, белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысты орындайтын, есептi кезеңде ұйымның тiзiмiнде бар барлық қызметкерлер ескерiледi.
9. Қызметкерлердiң нақты саны (орташа жалақыны есептеу үшiн алынатын) - жұмысқа ресми тiркелуi бар (жүктiлiгi және босануы бойынша, балаға күтiм жасау бойынша, және басқа да демалыстарда жүрген адамдар) қызметкерлердiң жекелеген санаттары шегерiлген тiзiмдiк құрамдағы қызметкерлердiң саны.
Орташа жалақыны есептеу үшiн есептi кезеңде ұйымда нақты жұмыс iстеген қызметкерлер саны қолданылады.
10. Жұмысты азаматтық-құқықтық шарт бойынша орындайтын адамдарға (яғни ұйымның тiзiмдiк құрамында тұрмайтындарға) ұйымның iшкi тәртiбiне бағынбай жүзеге асырылатын, белгiлi бiр жұмысты (бiр жолғы, арнаулы шаруашылық, жұмыстың нақты бiр көлемiн орындау үшiн) орындау мерзiмiне ғана шарт немесе келiсiм-шарт бойынша қабылданғандар......
3. Қызметкерлердiң нақты саны
(орташа жалақыны есептеу үшiн алынатын)
22. Қызметкерлердiң нақты санын алу үшiн (орташа жалақыны есептеу үшiн алынатын) тiзiмдiк құрамдағы қызметкерлер санынан мынадай санаттағы қызметкерлер шығарылады:
1) жүктiлiгi және босануы бойынша демалыста жүрген әйелдер, сондай-ақ жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан асырап алған әйелдер (еркектер);
2) республика бекiтiлген заңнамалары белгiлеген жасқа дейiн балаға күтiм жасау үшiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыста жүрген әйелдер, сондай-ақ жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан асырап алған және жалақысы сақталмайтын қосымша демалыста жүрген әйелдер (еркектер);
3) құрылыс, монтаждау және реттеу жұмыстарын орындау үшiн қызметтiк iссапарға жiберiлгендер;
4) бiлiм беру ұйымдарында немесе бiлiм беру қызметiмен айналысуға құқығы бар ұйымдарда оқитын (кешкi немесе сырттай) және емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бiтiру емтихандарын тапсыру кезеңiнде ақы төленетiн немесе ақы төленбейтiн қосымша демалыста жүрген қызметкерлер, сондай-ақ тиiстi бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсетiн және қызметкердiң арызы негiзiнде тараптардың келiсiмiмен түсу емтихандарын тапсыру үшiн жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер;
5) өндiрiстегi iркiлiске байланысты ақысыз демалыста жүргендер.
4. Ұйымның негізгі және негізгі емес қызметiнде
қамтылған қызметкерлер
25. Ұлттық есептер жүйесiне сәйкес, тауарлар мен қызмет көрсету өндiрiсi процесiнде өндiрiстiк бiрлiктер негiзгi және екiншi (негiзгi емес) қызметтi бiр жағынан, және екiншi жағынан қосымша қызметтi жүзеге асырады. Сондықтан еңбек бойынша есептiлiкте ұйымдар қызметкерлер санын негiзгi қызметте қамтылған қызметкерлер және екiншi (негiзгi емес) қызметте қамтылған қызметкерлер деп бөледі.
26. Негiзгi ұйымның қызметтегi қамтылған қызметкерлерге тiкелей негiзгi өнiм (тауарлар немесе қызмет көрсету) және басқа ұйымдарда немесе кәсiпорындарда өткiзiлуi мүмкiн негiзгiмен қатар сөзсiз алынатын жанама өнiмдер өндiрiсiнде қамтылған қызметкерлер жатады.....
5. Қызметкерлер құрамының санаттары
29. Еңбек бойынша статистикалық есептiлiкте қызметкерлер саны негiзгi екi санатқа бөлiнедi: жұмысшылар және қызметшiлер.
30. Жұмысшыларға тауарлар (қызмет) өндiру процесiне тiкелей қатысатын, сондай-ақ жөндеу, жүк алып өту, жолаушылар тасымалдау, материалдық қызмет көрсетумен айналысатын тұлғалар жатады.
31. Әкiмшiлiк-шаруашылық, басқарушылық функцияларын, сондай-ақ инженерлiк-техникалық, экономикалық және басқа жұмыстармен айналысатын адамдар жатады.
32. Ұйымдағы жұмыспен қамтылған барлық қызметкерлер Қазақстан Республикасының қазiргi күшi бар заңдарына сәйкес жұмыс топтары бойынша бөлiнедi.
6. Жалақы қоры
35. Ұйымдар еңбек жөнiндегi есептерiнде қызметкерлер еңбегiне ақы төлеу үшiн есептелген жалақы қорын көрсетедi.
36. Жалақы қоры (еңбегiне ақы төлеу) - Қазақстан Республикасының заңнамаларға сәйкес және олардың қаржыландыру көзi мен оларды нақты төлеу мерзiмiне байланыссыз, салықтар мен басқа да ұстап қалулар (табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарнасы) ескерiлген, ұйымның қызметкерлердiң еңбегiне есептелген ақы төлеу үшiн ақшалай және заттай нысандағы жиынтықты ақшалай қаражаттары (лауазымдық айлықақылар (тарифтiк мөлшерлемелер), қосымша төлемдер, үстеме ақылар, сыйлықақылар және өзге де ынталандыру мен өтемдiк сипаттағы төлемдер).
Жалақы қорында ақша да, сондай-ақ ақша бiрлiгiне ауыстырылған заттай ақы төлеу нысанындағы да барлық төлемдер ескерiледi.
7. Жалақы қорында есепке алынбайтын төлемдер
мен шығыстар
42. Ұйымның (заңды тұлғаның) тарауына, жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметiн тоқтатуына, қызметкерлердiң санын немесе штатты қысқартуға байланысты жеке еңбек шартын бұзу нәтижесiнде оларды шығару (босату) кезiнде төленетiн өтем сомалары.
43. Осы ұйымда жұмыс iстемейтiн адамдарға (зейнеткерлерге, мүгедектерге, қаза тапқан қызметкерлердiң отбасына) көрсетiлетiн материалдық көмек.
44. Қызметкердiң орындаған жұмысына байланысты емес жағдайларда, қызметкерге: үйлену тойына, нәрестелi болған кезде, ақылы медициналық операция жасатуға, жерлеуге бiр жолғы ретте көрсетiлетiн материалдық көмек және құжатпен дәлелденген жағдайда жаппай сипаты жоқ басқа да төлемдер.
45. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен алған жарақатына немесе денсаулығына өзге де зақым келсе келтiрiлген зиянды өтеуге қызметкерге сақтандыру өтемi төленбейтiн кезде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiп пен жағдайларда қызметкерге төленетiн төлемақылар.....
.........63. Жалпы пайдаланудағы көлiкпен, арнаулы маршруттармен, ведомстволық көлiкпен жұмыс орнына бару ақысын төлеу.
64. Жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен ұйымдар өз қызметкерлерiнiң пайдасы үшiн жасасқан жеке басты, мүлiктi және өзге де сақтандыру шарттары бойынша ұйымдар төлейтiн сақтандыру төлемдерi (жарналары).
Үлгі №3
Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімиятының 2005 жылғы 3 қазандағы N 1276 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қалалық әділет басқармасында 2005 жылғы 17 қазанда N 9-1-25 тіркелді
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабының негізінде Қостанай қаласының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулығы бекiтiлсiн.
2. Қостанай қаласы әкiмдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N№207 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (тiркеу нөмiрi 2794, "Қостанай" газеті 2004 жылғы 11 наурыздағы N 32, Қостанай қаласының әкімдігінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 653 "Қостанай қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 207 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен, тіркеу нөмірі N 2981; Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 01 наурыздағы N 232 "Қостанай қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 207 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен, тіркеу нөмірі 3383; Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 07 маусымдағы N 660 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен, тіркеу нөмірі 9-1-14, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) қаулысының күші жойылған деп есептелсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкiмiнiң орынбасары А. Нұрғазиновқа жүктелсiн.
Қала әкімі
Әкімдік мүшелері
Үлгі №4
Қостанай қаласы әкiмдігінің
2005 жылғы 03 қазандағы
N 1276 қаулысымен бекітілген
Достарыңызбен бөлісу: |