Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



жүктеу 6,98 Mb.
бет23/25
Дата20.02.2018
өлшемі6,98 Mb.
#10202
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Алаботаның Қазақстанда таралуы. Қазақстанда алабота шөлді және сортаң далаларда өсетін өсімдік ретінде танымал. Алабота тұқымдасы Мойынқұмда, Таласта, Жамбыл, Сарысу, Қордай аудандарында тұзды, сорлы, жартылай құмды жерлерде айқындалған. Сонымен, зерттеудің нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік аймақтарында Жамбыл және оңтүстік Қазақстан облыстарында, адыраспанның табиғи жағдайда өсетін өндірістік маңызы бар таралу аймағын анықтап, картаға түсірдік.

Алабота дараларынан алколоидтарды дайындау технологиясын жасау.

Жүргізілген эксперименттің нәтижесінде бірінші сатысында алабота ұнтағынан алколоидтарды экстрациялау қабілеті сіркесу ерітіндісінде жоғары деңгейде болды. 9% сірке суы қышқылы 2 тәуліктен соң күшті қаныққан сұйықтық (+++) Ѫұзды спирт ерітіндісінің ᡍкстрациялау қабілеті орташа (++) болды, ал судыкі болмайды(-). Тәжірибенің екінші сатысында сірке суының 9%–ік және 3%-ік ері тінділерінің экстракциялау қабілеті бір деңгейде жоғары болды, ал 1%-ік сірке судың осы қабілеті төмен болды. Сонымен экстракция жасайтын қолайлы концентрациясы 3% болатынын анықтадық.

Келесі сатыдағы тәжірибеде түрлі химиялық заттардың ішінде сірке суы тұнбасынан алколоидтарын тұндыру әрекеті ас тұзында ғана бақыланды. Ол 10мл тұнбадан бақылау мерзімінде 0,1г затты тұндырды.

Экспертменттің келесі сатысында көзделген затыңызды көп мөлшерде(10мл сұйықтан 0,2г)50-тық режим көрсетті. Сүзетін материалға дәкені алдық.

Жүргізілген эксперименттің нәтижесінде алаботаның алколридтарын экстракциялау технологиясын жасап шығардық.

Алаботаның ұнтағын(кофемолкада, қол дирменде) алып, үстіне 3%-ік сірке су қышқылын құйады. Содан кейін тұнбаны фильтрлеп алады. Бірінші ерітіндіні қатты шай ситасынан өткізіп алады, келесісінде мата немесе фильтрлейтін қағаздан өткізіп алады да осы процесті қайтадан қайталайды. Қайтадан шыққан қоңыр массаға қышқылды ерітінді құйып, 2 тәулік тұндырады. Қоңыр массаны тастап, ерітіндіге ас тұзын қосып араластырады да, фильтрлеп, кептірген кезде алколоидтардың кристалдарын көруге болады.

Міне, осы алабота алколоидтарын экстракциялау технологиясы болып табылады.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.М.Қожабеков, Г.Қожабекова «Дәрілік өсімдіктер». Алматы, Қазақстан, 1982

2.Л.К.СафинаЕ.П.Петров «Жасыл аптека».

3.М.Қожамуратов «Пайдалы өсімдіктер» Алматы, Қайнар, 1986.

4.Ә.Әметов «Ботаника» Алматы 1990.

4.Б.Мусакулов «Ботаника» Алматы 1980.

5.А.Мухидинов «Өсімдіктер систематикасы» Алматы 1980.

6.«Денсаулық» жуналы №2 2007


Аннотация. Алабота лекартвенное растение, распространенная во всем земном шаре.

Annotation. Аlabota is a medical plant which is spread all around the world.

Б33

502.3
"ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ" ӨТПЕЛІ
Бегалиева С., Желеубай Қ.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,

44 Ш.Смаханұлы атындағы орта мектеп, Тараз қ.


Қазақта:"Қыз – қуыршақ,бала-құлыншақ"-дейді.Біздің қоғамның күрделі дамуы қауіпті экологиялық орта оқушылардың денсаулығына да өз әсерін тигізуде.Оқушылар "өтпелі кезеңді" мектеп жасында басынан кешіреді."Өтпелі кезең" әр балада әр түрлі деңгейде өтеді.Осы кезеңде мұғалімдер тарапынан түсінушілік,психологиялық көмек керек.Ең басты міндет дұрыс тәрбие беру.Тәрбиені мектептен бұрын оқушы өз отбасынан алады.Сонымен бірге қазақ мәтелі: "Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің" деген ұлағатты сөзі осы тәрбиенің бпстауы болып табылады.Көптеген ғплымдардың пікірінше,бала мінез құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда,әсіресе ұл балаларда байқалады делінген.Бірақ соңғы жылдары мінез-құлқы қиын оқушылардың арасында "жасару" тенденциясы байқалады.Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л.С еңбектерінде талқыланды,сондай-ақ А.С Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды. Мінез-құлқы ауыр оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй-іші көп еркелетсе,онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып,күйіп-пісетіні кездеседі.

Керісінше күтпеген жағдайда"жақсы" "өте жақсы" деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды. Мазасыз түрге жататын балалпр тыныш,қайырымды жағдайды қажетсінеді.Сонымен бірге тәртіп бұзушылық салдарының негізі-сабаққа үлгере алмаушылық.Кейбір оқушылар қатар құрбыларынан сабақта артта қалып қойып,тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды.Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді.Бұл мінез көбіне менменсуден,бала мінезінің дұрыс тәәрбиеленбеуінен болады.Тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес.,оның үй ішіндегі жағдайларға да,айталық ата-ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әр түрлі болып кетуіне байланысты. Бала үнемі жақсы,жайлы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі,оқуы,өсуі қажет.Сонда балада жағымды "МЕН" бейнесі қалыптасады,өзіне деген сенімділігі,өзіндік сезімі қалыптасады. Мұндай "МЕН" бейнесі кез-келген баланы жақсы жағдайға,нәтижеге жетуіне,дұрыс дамуына мүмкіндік береді.Мектеп қабырғасында баланың бар қылығы мұғалімдердің көз алдында өтеді.Мұғалім ата-анамен тығыз байланыста болуы керек.Әр ұстаз шамасынша сабағында өрескел тәртіп бұзған,талаптан тыс мінез көрсеткен,болмаса бәсең сабаққа үлгерімі нашарлаған оқушының ата-анасымен жүзднсіп,пікір алысып,тәрбие жұмысын жүргізуі тиіс.

Абайдың тағылымындағы көңіл бөліп, назар аударатын және бір мәселе – баланың бойына өзі жақсы көген адамынан жақсы, жаман мінездердің тез даритындығы. Жақсысынан жаманы тезірек дариды. Сондықтан,ата-ана мен мұғалімнің баланың кімге еліктеп, кіммен достасып, шүйіркелесіп жүргеніне назар аударуы қажет. Сонда ғана біз "Баланың жақсысы қызық, жаманы - күйік" деген Абай сөзінің шынайылылығын сезініп, өзін күйікке қалдырмайтын ұл мен қыз тәрбиелейтініміз сөзсіз.
Пайдаланған әдебиеттер:

1.Денсаулық журналы 2006, №2010

2.Жас ерекшелік физиологиясы, Дүйсенбин А.

3.Валеология журналы 2009, №6

4.Психология журналы 2006 ж, №6,7

5.Өзін-өзі тану журналы 2010, №3


Аннотация. В этом предложении учащийся "переходного возраста" начало школьного возраста (периода).

Annotation. In this article "the transitional" stages of teenagers are considered.

УДК 633.36:631881:541:144,7
ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА КАРТОП ӨСІРУДІҢ КЕЙБІР

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мәлікқызы Г., Тулеубаев Ж., Мырзалиев Қ.

Тараз мемелекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Жуалы ауданы – Жамбыл облысының оңтүстігінде 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 4,2 мың км, жерінің басым бөлігін Жуалы таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м, шет жақтарында 1200 м) алып жатыр, жері негізінен таудың қызыл-қоңыр және қара топырағынан тұрады. Басты өзені – Теріс, оның ең ірі саласы – Шақпақ өзені. Климаты - қоңыржай континенттік, қысы салқын, жазы ыстық, қуаң. Қаңтарда орташа температура – 2°С, шілдеде + 18°С. Ауданның солтүстігінде климат тым континенттік және құрғақ. Қаңтарда –8°С, шілдеде 24°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-500 миллиметр шамасында. Ауылшаруашылық дақылдарының ішінде Жуалы ауданында ең көп өсірілетін бұл - картоп дақылы, өйткені Жуалы табиғаты картоп өсіруге өте қолайлы..

Алқа туысы:(Картоп –SOLANUM) оның 1,5 мыңдай түрлері бар, ең көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. Картоптың бір мыңнан астам тамаққа пайдаланатын, малдарға қорек болатын және әртүрлі техникалық заттар алатын сорттары белгілі. Картоп өте маңызды ауылшаруашылық дақыл ретінде әр түрлі тағамға пайдаланылады



Картоп біздің елімізде негізгі тамақ өнім­дерінің бірі болып табылады және өзінің мәні жағынан наннан кейін екінші орын алады. Оны негізінен картоп тамақ, жеңіл және фармацевтикалық өнеркәсіпте шикізат ретінде пайдаланылады, сол сияқты малдар­ды азық­тан­дыру рационына да кіреді. [1-2,4-6] Бұл тұқымдастың ішіндегі мәдени жағдайда көп таралған түрінің бірі және экономикалық жағынан ең маңыздысы картоп - S. Tuberosum, ол бір жылдық өсімдік ретінде отырғызылады. Гүл серігі актинамофты, күлте жапырақшаларының түсі ақ, ашық сия көк, сарылау-қызғыш, аталықтары аналықтың мойнының айналасына конус түзіп орналасады. Гүлінің формуласы: *Cа(5)Со(5) А5 G(2). Екі ұялы шырынды жемісі болады, тамырлары жіңішке. Сабағының жер асты бұтағы- столондары болады, олар тамырдан оңай ажыратылады. Столондардың түйнектері жетіледі, оларда 12-25% дейін крахмал және 78% дейін су болады.

Картоп түйнегінде 22-25% құрғақ зат, оның ішінде 80-85% крахмал және 3% дейін белокты заттар болады. Картоп белогы өзінің биологиялық құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогынан анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында жануарлар организмдерінде синтезделмейтін амин қышқылдары (ванелин, лизин, трифтофон, тағы басқа) көп. Картоп түйнегі адам организімінің қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы витаминдер (С,В,А,Р,К) мен минералдық тұздардың маңызды көзі.

Мәдени сортты картоп қоңыржай-климаттың өсімдігі, температурасы айтарлықтай жоғары емес орта ендік аудандарында тұрақты мол өнім алынады. Тыныштық күйінен өткен түйнектер топыраққа отырғызғаннан кейін +3-50 температурада өне бастайды. Бірақ бұл температура да оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Температура +7-80 дейін көтерілгенде түйнектердің қалыпты өнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы температура +16-180 деп есептеледі.

Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16-180С немесе +22-250С ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы +60-тан төмен және +230-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26-290-та түйнектің түзілуі мүлде тоқтайды. Жоғарғы температура өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 420С-тан жоғары температурада жер бетіндегі өсімдік қарайып өліп қалады.



Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы БТЖ (+100-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400-16000С, орташа мерзімді пісетін сорт үшін 1600-18000С ортада кештеу және кеш пісетін сорт үшін 1800-20000С. Бұл көрсеткіштер Солтүстік Қазақстанда 1800-22000С аралығында, ал негізінен 16000-ден 26000-қа дейін өзгереді. Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Бүршіктердің өнуі мен өркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есебінен қанағаттандырылады.

Тәжірибелік бақылаулар көрсеткендей жапырақтардың ассимиляциялық бет аудандарының қалыптасуына сорттың өсіп-даму ерекшелігі мен вегетациялық кезеңдегі ауа-райы әсер етеді. Картоптың өсуі мен активті ассимиляция үшін ауаның орта тәуліктік оптимальды температурасы күндіз +С, ал түнде +С болғаны тиімді, ал +С-тан жоғары температура картоп түйнектері солып немесе түйнек салуы мүлдем тоқтайды. [1-6 ]. Температура жоғарылаған сайын картоптың вегетациялық кезеңі қысқарып, түптегі түйнектер саны мен протейн мөлшері азайып, ондағы С-витамині мен фосфор, калий, нитраттар мөлшері көбейеді. Картоптың ерте пісетін сорттарының өнімі толық дамуы үшін эффективті температура жиынтығы С, орта ерте пісетін сыртқы үшін +С, орта кеш пісетін сорттар үшін +С, ал кеш пісетін сорттар үшін +С болуы қажет.

Картоп жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтары сарғаяды, бүршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Сондықтан алқапқа өсімдікті дұрыс орналастыру арқылы бұтанның жан-жақты жарықталуын қамтамасыз ету қажет, ал бұл фотосинтездің қолайлы жағдайда өтуіне мүмкіндік береді. Өйткені фотосинтез процесі мен дақылдың өнімділігі өсімдіктің жарықталыну жағдайына байланысты болады. Өсімдіктің жарық режимі – жарықталыну интенсивтілігінен, сәуленің спектрлік құрамы мен күн ұзақтығынан тұрады. Картоп дақылы үшін оптимальды жарықталыну шамасы 40-60 мың люкс. Фотосинтез процесі үшін картоп дақылы өзіне келіп түсетін барлық күн сәулесінің энергиясын пайдаланбайды, ол тек ғана толқын ұзындықтары 380-720 нм аралығындағы көрінетін сәулелер спектрінің энергиясын қолданады, бұл энергия жапырақтың жасыл пигменті мен хлорофильде жұтылады, оны радиацияның фотосинтетикалық активтілігі (ФАР) деп атайды.

ФАР энергиясы шамамен Күн радиациясының жалпы энергиясының жартысына тең болады, ал қалған жартысы жылулық сәулелену энергиясын құрайды, бұл энергия фотосинтез процессіне қатыспай топырақты, ауаны және өсімдік мүшелерін қыздыруға жұмсалып, жылулық режимді қамтамасыз етеді. Бактериялық фотосинтезге пайдаланылатын сәулелердің толқын ұзындығы 350-900 нм. аралығында болады. Фотосинтез процесі қалыпты өтуі үшін жарықталыну интенсивтілігі 450-600 Вт/ болуы керек. Жарықталыну әлсіз болғанда жапырақтағы хлорофиль мөлшері азайып, фотосинтез өнімділігі мен дақылдың өнімділігі кемиді, өсімдік сабағы жіңішкеріп, ұзарып, ерте құлап жапырақтың онсызда әлсіз жарықталынуын нашарлатады. Жарықтың шамадан тыс көп болды, инфрақызыл сәуле есебінен жылуды арттырып, ауаның температурасын С-тан да арттырып, өсімдіктің қатты қызып, транспирацияға кететін ылғалдың көп шығын болуын туғызады. Бұл өсімдіктің ерте солып қалуына себепші болады.

Өсімдік жамылғысы мен агротехникалық тәсілдер күн радиациясының қуатын өзгертетін негізгі фактор болып саналады, олар жапырақ массасының дамуын ретке келтіріп, күн сәулесінің режиміне елеулі түрде ықпал ете алады. Оптимальды жағдайда картоптың фотосинтез өнімі 7-9 гр//тәулік болып бұлыңғыр және өте ыстық ауа райы кезінде нөльге дейін төмендейді.

Фотосинтетикалық әрекет картоп өнімінің негізі болып саналады. Фотосинтетикалық өнімнің максимальды мәніне жету үшін экзогендік факторлар – ылғал, жарық, минералды қоректену мен температура жағдайларының оптимальды мәндері үйлесімді болулары қажет, өйткені дақылдың өнімділігі тек ғана өсімдік сабағы мен жапырағына байланысты емес, сонымен қатар фотосинтездің энергиясына да байланысты.

Картоптың жақсы өсіп дамуы үшін өте көп мөлшерде қоректік заттар мен элементтер қажет. Тамыр жүйелерінің жер бетіне жақын орналасуына байланысты, жер бетіндегі сабақтары мен жапырақтарының жақсы өсіп дамуына және биологиялық ерекшеліктеріне байланысты бес химиялық элементтерге өте тәуелді болады. Олар: азот (N), фосфор (P), калий (K), кальций (Ca) және магний (Mg). Картоптан орташа 100ц өнім алу үшін: 50 кг таза азот, 20 кг таза фосфор, 90 кг таза калий, 40 кг таза кальций және таза 20 кг магний қажет. Вегетациялық өсіп даму кезеңдерінде қоректік элементтерге тәуелділігі топырақтың құрамы мен құнарлығына, климаттық жағдайларына, және агротехникалық іс-шаралардың дұрыс орындалу сапалары мен мерзімдеріне байланысты болады. Картоптың өсіп даму кезеңдерінде қоректік элементтерге тәуелділігін сабақтары мен жапырақтарының сыртқы көріністеріне қарап анықтауға болады. Картоптың қоршаған орта факторларына үлкен талап қояды, кейбір қоятын талап параметрлері 1-кестеде келтірілген.


Кесте-1. Картоптың қоршаған орта факторларына қойатын талап параметрлері

Әр түрлі даму кезеңдеріне сәйкес сыртқы орта факторлары

Қойылатын талаптар параметрлері

Минимум

Оптимум


Экстремальды әсер ету шегі

Топырақ температурасы,0С - егукезінде

- көктеу кезінде - түйнек салу кезінде


3-6 5-6


10

15-17 15-17 15-18


<2, > 35

<4, >36

>9-, > 36



Вегетативтік массаның өсу кезіндегі, ауа температурасы 0С

вегетативтік массаның өсуі -гүлдеуі мен түйнек салу кезінде - жиналғаннан кейінгі пісу кезінде -күз-қыс мезгілінде сақтау кезінде



Эффективті температура жиыны 0С, -ерте пісетін сорттар -орта мезгілде пісетін сорттар -кеш пісетін сорттар

10-14 13 10-14

1-2
1000 1200

1400


20-21 18-21 15-16 3-5


1200-1300

1300-1500 1500-1800





<2, > 30

< 12, > 25 <10 0
-

- -


Жарықтылық, люкс

20000

40000-60000

<20000

Күннің ұзақтығы, сағ.

13

14-18

<10

топырақ ерітіндісінің РН

<4,1

5,5-6,5

≤7,4

1 кг түйнек қалыптасуына қажетті судың мөлшері, литр

-


80-100



250-300ц/га өнім алуға қажетті су, т/га

-

1500-200

-

Вегетация кезеңіндегі жауын-шашын, мм

60-70

300




Топырақтың ең аз су сыйымдылығы,%

60

70-80

<40

Топырақ тығыздығы, г/см3

<0,85

0,90-1,00

>1,20

1 т.өнімнің топырақтан алып кететін қоректік элементтер, кг, -азот

-


5

-


фосфор

-

2

-

калий

-

8

-

кальций

-

4

-

магний

-

4

-

Жиналғаннан кейінгі пісіп жетілуі, күн

-

2

-

20

42-45

-

Оптимальды отырғызу жиілігін таңдап алу сортқа, отырғызылатын материалдың көлеміне, ылғалмен қамтамасыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты. Нақты жағдайда бір гектарда 40-50мың м2 жапырақ беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең қолайлы деп есептеледі.[3]

Суармалы жерлерде, механикалық құрамы ауыр топырақтар жаздың екінші жартысына қарай өте тығыздалып, аз өнім береді. Картопты қолайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің аяғында байқалады. Қазақстан аймағында көптеген картоп сорттары түйнектерінің ең қарқынды өсуі тамыз айына сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60-80 %, ал кейбір жылдары 93-95 % дейін жетеді. [4-5].

Картоптың сорттары: Қазіргі кезде Республика бойынша картоптың 30 сорты аудандастырылып өсіріледі, олар вегетациялық кезеңнің ұзақтығына байланысты шартты түрде бірнеше сорттарға бөлінеді: ерте пісетіндер-көктеп шыққаннан сапалы түйнектер құралғанға дейін 40 тәулік, орташа ерте пісетіндер -60 тәулік, орташа мерзімде пісетіндер 70-75 тәулік, орташа кеш пісетіндер 90-120 тәулік. Бұлардың түйнектер құрауы көктеп шыққаннан кейін 20-22 тәулікте басталады. Картоптың негізгі сорттары: Прикульский ранний, Мурманский, Шортандинский (Агнес улученный), Огонек, Весна, Полет, Невский, Тулунский ранний, Лорх, Рекорд, Алатау, Гатчинский, Уляновский, Тениз, Санте, Тоқтар, Арал, Алгериа, Биргит НН, Бирте, Гала, Романце, Сорая, Алладин, Красная зара, Амароза, Латона.т.б.

Қәзіргі таңда КазККШҒЗИ-да картоптың 2000-нан астам тектік қоры қалыптастырылған және отандық 30 картоп сорттары Республикамызда аудандастырылған. Осы тектік қор еліміздің жарқын болашағына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. [6]

Картоптың аурулары: Картоп шаруашылығына қатерлі ісік, фитофтороз, макроспориоз және тағы басқа аурулар үлкен залал келтіреді. Осы аурулардың қоздырғыштары - саңырауқұлақтар. Картоп  бактериялармен және вирустармен де зақымданады. Картоп аурулары өнім түсімін, түйнектердің тауарлық құндылығын (дәмдік сапасы нашарлайды, азық-түліктік қалдықтары көбейеді және нашар сақталады)  төмендетеді.

Картоптың итофторозы-қоздырғышы: Phytophthorainfestans  omycetes класы, Peronosporales қатары)- картоптың ең көп тараған зиянды ауруы. Саңырауқұлақтың дамуы үшін картоп жапырақтарында шықтан кейін немесе жаңбырдан соң қалатын су тамшысы және ауа температурасы жеткілікті болады. Түнде ауа температурасының   төмендеуі аурудың дамуы мен таралуын күшейтеді. Ауру гүлдену алдында байқалады. Жапырақ тақтасының шетінде қара-қоңыр түсті сулы дақтар пайда болады. Жапырақтардың астыңғы бетінде, зақымданған және сау ұлпалардың арасында жаңбырлы күні немесе шықтан кейін жақсы байқалатын ақ түсті өңез түзіледі. Сабақтары мен жапырақ сағақтарында ұзынша қоңыр дақтар, ал түйнектерінде ойық, анық шектелген, қоңыр түсті, қатты дақтар пайда болады. Түйнекті бөлгенде тат түстес пішіні тілге ұқсаған, түйнектің ішкі бөлігіне кіре орналасқан бүлінген бөліктерін көруге болады.Түйнектер негізінен жапырақтардан жаңбырмен немесе шықпен  шайылып түсетін және топырақтың жоғарғы қабатында болатын саңырауқұлақ спораларымен зақымданады. Түйнектерге саңырауқұлақ споралары  жинаған кезде ауру сабақтардан жұғады. Аурудың қоздырғыштары түйнектерде мицелий, ал өсімдік қалдықтары мен топырақта споралар түрінде сақталады.  Ауру түйнектерден жердің бетіне сұр түсті өскіндер шығады, олар  көбіне дамымай өліп қалады. Осы жерлерден ауру жаңбырмен және желмен көрші өсімдіктерге таралады. Көктемде ауру түйнектерді еккен кезде аурудың қоздырғыштары топыраққа таралады да, сау түйнектерден шыққан өскіндерді зақымдайды.

Күресу шаралары: Жинаудан 1,5-2 апта бұрын картоптың сабақтарын шауып тастайды; іріктелген түйнектермен отырғызады; қатар аралықтарды уақытымен өңдейді; картопты құрғақтай жинайды; сақтау қоймаларына аурудан таза картопты салады; тұқымдық картопты жарықпен шынықтырады (түйнектерде жарықтан пайда болатын соланин, оларды шіруден сақтайды). Қоздыратын ауруға қарсы күресу үшін түйнектерді отырғызар алдында беномил, фундазол немесе фенорам препараттарының бірімен бүріккен дұрыс (2-1,5 тоннаға – 2 л препарат жұмсалады). Вегетация кезінде -фитофтороз,  макроспориоз, т.б. аурулардың дамуын тежеу үшін егістікті 1 – 2 дүркін ридомол, ридомол голд, даконил фунгицидтерінің бірімен (1гектарға 2 – 2,5 л) бүрку қажет.

Темір дақ, немесе түйнек  таты- жұқпалы ауруларға жатпайды. Егер түйнекті кессек әр түрлі пішіндегі және мөлшердегі тат дақтарды көруге болады. Түйнек таты темір мен алюминий көп жиналып кальций жетіспесе, немесе тотықтырғыш ферменттердің әсері күшейіп фосфор жетіспегенде пайда болуы мүмкін. Топырақтың қатты  қызуы ауруды асқындырып күшейтеді.

Күресу шаралары: Аурудың себептеріне байланысты фосфорлық, азоттық тыңайтқыштарды тиімді мөлшерде беру, қышқыл топырақтарды әктеу, ылғалдылықтың тиімді мөлшері аурудың алдын алуға көмектеседі.

Картоптың макроспориозы-қоздырғышы: Macrosporium solani - жапырақтар мен сабақтарда гүлдеу кезеңінен бұрын құрғақ, қоңыр түсті, аумақтық дақтар түрінде білінеді. Жапырақтардағы дақтардың астында дөңгелек пішінді қара түсті өңез пайда болады. Зақымданған жапырақтар біртіндеп сарғаяды және қурап қалады. Сабақтардағы дақтардың айырмашылығы түсі қара-қоңыр болады. Ауру өсімдік қалдықтарында мицелий түрінде сақталады. Ауру жаз ыстық болғанда және өткінші жаңбырлар мен түнгі шық мол болғанда қатты дамиды.

Күресу шаралары: Танапты терең жырту; ауыспалы егісті пайдалану; тыңайтқыштар енгізу.

Картоптың зиянкестері: Колорадтық картоп қоңызы -қоңыздар отрядына жатады. Қоңыздың ұзындығы – 9-12 см. Қанаттары қызыл, қоңыр, үстінде 12-14 қара дағы бар. Дернәсілінің 3 жұп аяғы бар, ашық сары түсті, ұзындығы 15-16 мм. Қоңыз топырақта 20-60 см тереңдікте қыстайды. Топырақ 14-15ºС жылығанда топырақ бетіне шығады. Ұрғашы қоңыздар жапырақтың астыңғы бетіне 20-80 данаға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқасы 10-15 күнде құртқа айналады. Құрттары картоп жапырақтарымен 20-30 күн қоректеніп, қуыршықтары топырақтың астына 10-15 см тереңдікке түсіп кетеді. Қуыршақтан 20-25 күнде ересек қоңыз шығады. Бір жылда 3-4 ұрпақ береді.

Күресу шаралары: Картоп ішінде колородтық қоңыз табылса, бромды метилмен түтіндеу қажет; және мына препараттарды қолдануға болады -валатон 50 % к.э.(1,0-1,5 л/га м дилор 80 % с.ұ.-1,7-2,3 кг/га).

Картоп күйесі. Көбелек құртының  ұзындығы - 10-13мм, сарғыш-қызғылт немесе сарғыш-жасыл реңді болып келеді. Дене ортасын бойлаған ақ жолақ бар. Басы күңгірт қоңыр немесе қара, көкірегіндегі сақина қара, ортасында ақ жолақ болады. Көкірек аяқтары қара. Картоп күйесінің көбелегі қанатының өрісі 12-15 мм дейін болады. Еркектері ұрғашыларына қарағанда 2,0-2,5 мм-ге кіші. Алдыңғы қанаттары сұр, ортасында ұзыннан орналасқан қара жолақ бар, соны бойлаған қанаттар шеттеріне жақын ірі күңгірт нүктелер болады. Алдыңғы қанаттардың шеттері ашық сұр. Артқы қанаттары сұр түсті, шеттері сарғыш реңді. Жұмыртқасы сопақ, ұзындығы - 0,3 мм, ені - 0,35-0,56 мм ақшыл, жұмыртқаның бір шеті кейде ісіңкірек болады. Ересек құрты немесе қуыршағы топырақта қыстап шығады. Ерте көктемдегі көбелек ұшып шығады. Көбелегі, әсіресе түнде, таңертең жақсы ұшады. Көбелек жапырақтарының астыңғы бетіне 150-200 жұмыртқа салады. Бір жазда 10-13 ұрпақ береді.

Күресу шаралары: Картоп күйесі таралған жерлерде фозалон және гардон препараттарын бүрку тиімді деп есептеледі. Одан басқа 0,3 пайыздық севин және карбофос, хлорофос ерітінділерін қолданады. Картоп түйнектерін бромды метилмен түтіндендіруден  өткізу керек. [4].

Жуалы ауданында картоп дақылының аумағы жылдан-жылға өсіп келеді, 2013 жылы 1800 гектарға егу жоспарланған. Картоп өсіруді қолға алған шаруашылықтар көп, олар Нұрлыкент, Қызыларық, Ақтөбе, Көкбастау ауылдық округтердің диқандары және Түктібай ауылындағы «Зылиха» шаруа қожалығы.

Бұл қожалық иелері Қарағанды облысындағы «Астра-Агро» ауыл шаруашылығы кәсіпорнынан картоп өсірудің инновациялық жобасын, ал Германиядан жаңа технологиямен картоп жинайтын техникасын алып келді. Соның себебінен, бұрын әр гектардан 120-170 центнер картоп жинаса, жаңа технологиямен оны 250-350 центнерге жеткізді. Картоп егілген жерге бір-екі жыл жоңышқа немесе бидай егіп, жерді тыңайтып отырады.

«МТЗ-1221» трактор тіркемесіндегі көп функционалды германиялық GRIMME картоп орналастырғышпен картоптар егіледі. Картопты екі түрлі әдіспен шаршы ұялап және бір-бірлеп отырғызады. Ол екі әдіске байланысты отырғызғыштардың да жұмыс технологиясы әртүрлі болады. Қазіргі өндірістен шығатын картоптың қатар аралығын 60 - 70 және 90 см етіп отырғызылады. Кейбір картоп отырғызатын машиналар органикалық тыңайтқыштар себетін Ау-4 қондырғысымен жабдықталады. Ол картоп отырғызғыштықтың артына тіркеледі. Қазуға түскен картоп тікелей қоймаға тасымалданады.

2011 жылы Нидерланды мемлекетіндегі картоп тұқымын дайындайтын фирмамен келісім шартқа отырып, 50 тонна элиталық картоп сатып алды. Бұл ауылда голландиялық тәсілмен жасалған, «Сантэсін» картоп сақтайтын қойма бар. Ондағы желдеткіш, жылытқыш сияқты шетелдік құрылғылар картоп сақтауға қажетті температураны ұстап тұрады. Картопты сақтау тәртібі көп жағдайларға, оның ішінде түйнектердің сапасына, ауаның температурасы мен ылғалдығына және басқа факторларға байланысты. Картоп қоймаға сақталуға салынғаннан кейін алғашқы 15-18 күн ішінде ауаның температурасы +15-180С, ылғалдылығы 95% болуы шарт. Тәулігіне 5-6 рет 30-35 минут бойы әрбір 1,5-2 сағаттан кейін картоп түйнегі желдетіліп тұруы керек.



«Зылиха» шаруа қожалығы 2013 жылы картопты ерте 12-13 сәуірде екті, себебі көктем ерте шығып, күн ыстық болды. Жалпы картоп егілген жердің аумағы - 3,5 гектар шамасында. Биылғы егілген сорттар – Латона, Амороза – ақ картошка, ал Красная зара, Алладин - қызыл картошка.

Аудан шаруашылық қожалықтары 2013 жылы Қырғыз елімен бір келісімге келе алмаудың салдарынан Көксайдың суын тиімді пайдалана алмады. Картоп тиісті алты рет ішетін суының, тек үш суын ғана ішті. Картоптың ауруына қарсы Акробат, Рендамилголд дәрі-дәрмектері мен Целитра тыңайтқышы –пайдаланылды.

Өнімді тамыздың 29-шы жұлдызынан бастап жинай бастады. Жалпы 2013 жылдың өнімі шамамен 207 центнер болды, бір сеткада шамамен – 26-30 кг картоп шықты. Қызыл картошканың бір түбінде – 4-5 дана, ал жалпы массасы – 1кг 200 гр шамасындай болды. Ақ картошканың бір түбінде – 8-9 дана, ал жалпы массасы – 700-800 гр болды.

Өнім жиналған кезде бір сетка картоптың бағасы – 1100-1300, ал 1 кг картоп – 40-45 теңге болды. Қазіргі таңда картоп бағасы қымбаттады. Яғни, бір сетка картоптың бағасы – 1700-1800, ал 1 кг картоп – 80-85 теңге болатын болса онда түскен пайда екі есеге артады. Егер судан тапшылық көрмегенде бұл алқап гектарына 400-450 центнерден өнім берер еді. (Кесте-2)
Кесте-2. Жуалы өңіріндегі жалпы картоп сорттарының өнімі(центнер)

Сорттары

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Амароза

55,4

35,2

45,9

Красная Зара

84,9

49,7

72,2

Латона

45,1

63,6

36,2

Алладин

44,6

41,5

52,7

Жалпы өнімі:

230 ц

190 ц

207 ц

Егілген аумағы, га

3,0

3,2

3,5

Бағасы, теңге

920 мың

855 мың

1 млн. 035 мың

1.Картоп өте маңызды ауылшаруашылық дақыл. Картоп түйнегі кеңінен әр түрлі тағамға пайдаланылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін энергия береді. Картоп түйнегінде 22-25 процент құрғақ зат, оның ішінде белогі өзінің биолгиялық құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында және жануарлар организмдерінде синтезделмейтін амин қышқылдары (ванелин,лизин,трифтофон,тағы басқа) көп. Картоп түйнегі адам организімінің қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы витаминдер (С,В,А,Р,К) мен минералдық тұздардың маңызды көзі.

2.Республика бойынша картоптың 30 сорты аудандастырылып өсіріледі, олар вегетациялық кезеңінің ұзақтығына байланысты шартты түрде бірнеше сорттарға бөлінеді: ерте пісетіндер-көктеп шыққанан сапалы түйнектер құралғанға дейін 40 тәулік, орташа ерте пісетіндер -60 тәулік, орташа мерзімде пісетіндер 70-75 тәулік, орташа кеш пісетіндер 90-120 тәулік

3.Картопты зақымдайтын зиянды жәндіктерге – колородтық қоңыз, сым құрттар, күздік қоңыр көбелек құрттар, зауза, шыртылдақ, қара қоңыздар, қызыл басты шпанка, өрмекші кене, қандала мен цикаттар және басқалары жатады. Картоптың өсу кезеңінде терең культивация жүргізу, алғы дақылдарды таңдап алу, құрттардың қуыршаққа айналатын кезінде егісті арам шөптерден тазарту жақсы нәтижеге жеткізеді.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Коршунов А.В. Картофель России .-М.: Колос-2003. –Т.1

2.Писарев Б.А. Книга о картофеле –М.; Моск. Рабочий. -1977.-с.230

3.Садовникова Е.В. Ганзин Г.А. Оптимальные ширина междурядий и густота посадки картофеля. // Картофель и овощи М. 2005. №1. С.-13

4. Браун Э.Э. Пути повышения урожайности и качества картофеля. Уральск. Западно-Казахстанский ЦНТИ. 2006. 130 с.

5.Рабаев М.Т. Культура картофеля и ее требования к условиям произрастания. //Ғылым және білім №2(15), 2009. 43-49 б.

6.Айтбаев Т.Е. Қазақстанның картоп және көкөніс-бақша дақылдары тектік қоры мен селекциясы бойынша тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері. //Жаршы № 06., 2011. 17-20 б.



7. Мирзалиев К.М., Кулкеев Е.Е., Альдеков Н.А., Тулеубаев Ж.С., Последействие органо-минеральних удобрений на фотосинтетическую деятельность растений и продуктивность картофеля после сахарной свеклы. //Вестник с/х. науки Казахстана. №02, 2013, с. 14-17.
Аннотация. Приведены биологические особенности сортов картофеля, их болезни и вредители, меры борьбы с ними и продуктивность.

Annotation. Given biological characteristics of varieties, thtir illness and vriditeli, their control and productivity.


УДК 575.12

Ш 62
ВЛИЯНИЕ СРОКОВ ОПЫЛЕНИЯ НА ПРОЦЕНТ ЗАВЯЗЫВАНИЯ

ГИБРИДНЫХ ЗЕРЕН
Нурбеков С.И., Тулеубаев Ж.С., Шинышерова Ғ.Б.

Таразский государственный педагогический институт, г. Тараз
Природно-климатические условия Казахстана характеризуются резкой континентальностью. Часто период цветения пшеницы совпадает с резким повышением температуры воздуха, что сокращает время цветения пшеницы и тем самым влияет на результативность скрещивания. При проведении гибридизации следует учитывать погодные условия, от которых зависит продолжительность ее разрыва между кастрацией и опылением, а также завязывания гибридных зерен. Учитывая явление протерогинии у пшеницы необходимо определить оптимальные сроки опыления. Опыт по выяснению оптимального срока опыления проводился по следующей методике: в один день кастрировались выбранные материнские растения, имеющие в средней части колоса еще не созревшие пыльники. В колосе оставляют по 20-24 цветка. После кастрации колосья закрываются изоляторами. Опыление проводилось в 5-10 часов утра несколько колосьев в день кастрации, другой части колосьев через день после кастрации, затем через два дня и так далее. За материнское растение брался сорт ОПАКС-1, за отцовское – сорт Безостая 1 озимой мягкой пшеницы. Из таблицы 1 видно, что при опылении в день кастрации процент завязывания гибридных зерен равно 0. Завязь не готова к приему пыльцы. Оптимальным сроком опыления является третий и четвертый дни после кастрации цветков с зелеными пыльниками. Наивысший процент завязывания гибридных зерен составляет соответственно 53,4 и 67,3%%. На седьмой день и далее процент завязывания гибридных зерен равен 0.


жүктеу 6,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау