Тараз мемлекеттік педагогикалыќ институты


Компьютерлік технологиялар



жүктеу 0,82 Mb.
бет2/3
Дата26.02.2018
өлшемі0,82 Mb.
#10763
түріСабақ
1   2   3

Компьютерлік технологиялар





Материалдарды көрсету



Процестерді көрсету

Геоақпараттық оқытулар

Білімді тексеру

Оқушылардың өзбетінше орындалатын жұмысы

2-сурет. Компьютерлік технология


І. Бағыт материалдарды көрсету: көрнекі құралдар және карталар. Экологиядан көрнекті құралы экологиялық карталар болып табылады.

Мультимедиа экология пәнінің мұғаліміне экранда әр түрлі статикалық материалдарды бейнелеуді көрсетуге мүмкіндік береді. Мультимедиа көмегімен бір объектіден басқа кез келген тізбекке фрагментті үлкейтіп, сонымен қатар бір экранда бірнеше сюжеттерді енгізуге болады. Бұл экология пәнінің мұғаліміне өте үлкен көмегі тиеді, себебі лекция сабағына бірнеше көрнекі құралды тасып жүрмейді. Сондықтан мультимедиа аппарттардың жетістіктері жоғары екенін байқаймыз.

Болашақ педагогтар үшін мультимедианы қолдану көптеген жұмыстар іске асады. Яғни оқушылардың пәнаралық ойлау қабілеттері артып, дүние жүзінің экологиялық жағдайын біледі. Мұнымен қатар аэрокосмостық және фотосуреттер, арқылы оқушылардың экологиялық білімі қалыптасады. Міне, осы кезде мультимедиа көмекке келеді.

ІІ-бағыт – процесстерді көрсету.

Экологиялық процесстерді ұйымдастыру туралы көп және әр түрлі салада түсіну керек. Өздерінің химиялық заттардың ластануы туралы диаграммаларды сызып көрсету.

Мультимедианың көмегімен компьютерлік карталардың құрылуын және геоақпараттық жүйелердің (ГАЖ) тізбектелуін көрсетуге болады.

Құбылыстарды салыстыру. Жоғарыда келтірілгендей визуальды құбылыстарды салыстыруда және көрнекі материалдарды көрсеткенде бір экранда әр түрлі ақпарат жинақталады. Құбылыстарды салыстыру, яғни экологиялық карталарды қоршаған ортаның ластану жолдарын қарастырады және әртүрлі бояу арқылы боялады (ластану көрсеткіштері көрсетіледі).

Ш – бағыт – Геоақпараттық оқыту.

Жоғары оқу орындарында және жалпы орта білім беретін мектептерде геоинформатика пәні енгізу. Мұнда оқушылар компьютерлік технологияны игеруге өздері талпынады.

ІҮ. Бағыт – білімді тексеру.

Мұнда әр түрлі жолмен білімгер және оқушылар информатика кабинетінде компьютер және мультимедия көмегімен: компьютерлік тест; жеке тапсырманы орындай алады.

Әр түрлі пәнге және тақырыпқа тестермен бақылау жұмыстары жүргізілуде. Білімді тексеру үшін компьютерлік технологияны қолдана отырып, сараптама жасайды.

Ү. Бағыт. Оқушылардың өз бетінше орындалатын жұмысы.

Оқушылар мұғалімдердің берген тапсырманы компьютерлік технологияны игеріп, мультимедия технологиясы бойынша орындайды.

Орта мектептің оқылатын пәндердің, барлығында компьютерлік технологияны пайдалану мүмкіндіктерді қарастырылуда және қолданылып та жүр (Шульгина, 2003, В.В.Горечко, А.В.Чернышев, 2004, Перфильев, 2003, Брукс, Кент, 2002, Таможняя, 2002).

Қазіргі таңда компьютерлік технологияны қолдану екі бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыт – білімді меңгере білу және компьютерді жоғары деңгейде пайдалана білу, бір сөзбен айтқанда компьютерді күнделікті өмірде қолдана білу. Екінші бағыт бұл - компьютерлік технология білімділік құралы болып табылады.

Қазіргі таңда компьютерлік бағдарламаның түрлерін Д.В.Новенко, О.В.Шульгина, А.А.Лобжанидзе ғалымдардың еңбектерінде көруге болады (3-сурет).


3-сурет.Компьютерлік бағдаламаның түрлері

Оқулық.

Компьютерлік бағдарламаның түрлері




Жаттығу.

Бақылау.



Демонстрациялық.


Анықтамалық- ақпараттық.

Мультимедиялық оқулықтар.

1.Оқулық бағдарламалар – жаңа білімді меңгеруді көздеген. Бұл бағдарламаға проблемалық оқытуды кіргізуге болады.

2.Жаттығу бағдарламасы- бұл білім алуға, оқушылардың өздігімен дайындалуға арналған бағыт.

3.Бақылау бағдарламасы – бұл бағыт жеке білімділік пен біліктілікке арналған. Бұл бағдаралама типі әртүрлі тексеру есептермен және тестік жүйеге арналған.

4.Демонстрациялық бағдарлама – көрнекі-құрал ретінде пайдаланады. Мұнда әртүрлі көрнекі-құралдар (суреттер, видеофрагменттер) көрсетіледі.

5.Имитациялық және модельдеу бағдарламасы – мұнда объектілер мен құбылыстарды көрсетеді.

6.Анықтамалық - ақпараттық бағдарламалар – бұл білім саласындағы тақырыптарға және интернет жүйесіне енгізілген ақпараттар.

7. Мультимедиялық оқулықтар – комплексті бағдарламамен көптеген тақыраптар жиынтығы.

Жаңа ақпараттық технологияны экология сабағында пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін қорытындылай келе, орта мектептерде экология пәнің оқыту кезінде компьютерлік технологияны пайдалану болатындығына көз жеткізуге болады. Сонымен, ақпараттық технологияны экология сабағында пайдаланудың үш негізгі түрі бар:



  • Ақпараттық технологияны экология сабағында үздіксіз пайдалану.

  • Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс уақыттырда экология пәнінен өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалану.

  • Ақпараттық технологияны танымдық қабілетін дамытуға пайдалану . (дамытушылық ойындар , электрондық энциклопедия т.б.)

Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен салыстырғанда төменгі нәтиже берді . Кампьютерді пайдалану оқушының экологияны терең танып білуіне ғана емес сондай-ақ , есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру – уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Экология сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді [167].

Қорыта айтқанда оқушылар үшін электрондық оқулық мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындалуға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырманы қызыға орындайды, сонымен қатар өз қатесін табады. Оқушының жас ерекшеліктеріне сай және әркімнің шамасына, мүмкіндігіне қарай тапсырма беруге қолайлы.

Мұғалімдер үшін - электрондық оқулық бұл күнбе –күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Сол себепті электрондық оқулықтардың әзірлеп, оны дамытудағы жұмыс та қайта оралып келіп, түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігі бірте-бірте артады. Электрондық оқулықтарды пайдалануда мұғалім ғылыми -әдістемелік потенциялын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Электрондық оқулықтар арқылы сабақтың ыңғайына қарай қосымша материал ретінде де, факультативтік және қосымша сабақтарда да қолдануға болады. Әсіресе, саясат, білім, экология тақырыптары қазіргі өмірмен байланыста болады. Электрондық оқулығы көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да оқытушыларға көп көмек көрсетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тестер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық, бейнелеу мәтіндері түрінде, мультимедиялық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ретінде пайдалану – алғашқы қадам, бірақ бұл білім жүйесін дамытудың көрнекі белгісі, ол мұғалімнің қазіргі кездегі ролін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Енді мұғалім білім мен ақпарат беретін тұлға емес, ол алға қойған мақсатқа жету жолындағы керекті мәліметтерді әр жерден тауып алуға көмектесетін кеңесші әрі әріптеске айналып кетеді.

III.2.Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой-тұжырымдардағы гуманизм идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды.

Жаңа педагогикалық технологияны құруда С.Л.Рубенштейннің еңбектеріндегі «Ойлау барысында объектісін жаңа байланыстарға қосуға педагогикалық, психологиялық берік негіз бар» - тұжырымдамасын еске түсіруге болады. Бұл тұжырымдамада баланың өнертапқыштық пен жаңалық ашуға жетелейтін жаңа қасиеттерін көрсете отырып, оқытудың жаңа бір деңгейлеп саралап оқыту технологиясын береді.

Технологиямыздың тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготский оқыту процесінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу туралы теориясы. Бұл ауысу- тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1-ші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғарғы деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.

Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:



  1. Деңгейліп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

  2. Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  3. Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минимальды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.

Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.

  1. Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:

    • жеке тұлға ерекшеліктеріне;

    • психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне);

    • пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімі мен іс - әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек 4- кесте)

Деңгейлеп оқытуға қойылатын шектеулер:

  1. Мектептің деңгейлеп оқытуды ұйымдастырудағы мүмкіндігі.

  2. Әрбір топтар үшін талаптардың нақты болуы.

  3. Мұғалімнің бір деңгейдегі оқушылармен жұмыс жүргізуі барысында топтың даму динамикасын меңгеру.

Н.П.Гузик өз жүйесімен деңгейлеп оқытудың екі түрін: деңгейге қарап сынып ішілік саралап оқыту және дамытушы сабақтар циклі бар «қиыстырылған оқыту жүйесі» - деп атаған.

Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.




Деңгейлеп оқыту барысында оқушы мен мұғалім іс - әрекетінің жүйесі

4-кесте


Кезеңдер

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Дайындық кезең

Оқушылардың оқу материалын базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау.




Диагностикалық кезең

Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Оқушылардан сауалнама алу, сынып жетекшілермен, оқушылар және олардың ата – аналарымен әңгімелесу.

Диагностика нәтижелері мен өз қызығушылықтары негізінде пәнді оқыту деңгейі таңдалады. Оқушы өзіндік таңдау жасайды.

Оқушыларды топтарға бөлу кезеңі

Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру. Әр топ үшін мазмұнын анықтау. Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау. Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.

Белгілі топты оқушының таңдауы. Топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу. Оқушының таңдауы қатаң ескеріледі.

Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі

Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру.

Таңдалған топта өзінің оқу іс - әрекетін ұйымдастыруы.

Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгерту нәтижелерін бағалау кезеңі

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау (Кері байланыстың дұрыс орнауы, жүзеге асуы).

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін - өзі бағалуды жүзеге асыру.

Бірінші – тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).

Екінші қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарының оқу материалының тереңдей талдануы.

Үшінші – қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынақтар деп те аталады).

Төртінші – материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары (олар тақырыпты, тапсырмалады қорғау деп аталады).

Бесінші практикум сабақтары.

Оқушылардың даму деңгейінің біріңғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктері мен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдеріне : жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп-саралап оқытуды ұйымдастырады.

Онда әртүрлі қиындық дәрежесіндегі үш типті «А», «В», «С» деңгейлеу бағдарламасы алынады. Деңгейлеу бағдарламалары маңызды екі аспектіні, екі тұсты қарастырады.

а) белгілі деңгейдегі білім, білік дағдыны меңгерілуін қамтамасыз етеді (репродуктивтік деңгейден шығармашылыққа дейін);

ә) оқушылардың белгілі деңгейде өз бетімен оқуына білім алуына жағдай жасалады.

«А» ,«В» , «С» бағдараламаларының арасында қатаң сабақтастық бар. Олардың баяндау логикасында үздіксіздікті, жартылай болсада негізгі ұғымының бүтін суретін көрсететін әр тақырыптың міндетті минимумы беріледі.

«С» бағдараламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып, оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалдарды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының сан рет қайталауын, мағыналық топтарды бөлу. Негізгі ойларды табу білігін, есте сақтау тәсілдерін білуді т.с.с. талап етеді. Сондықтан «С» бағдарламасының мазмұнына қалай оқыту керек, неге назар аудару керек, бұдан қандай қорытынды жасау керектігі туралы нұсқаулар енгізіледі.

Күрделенген тапсырмаларды бұл бағдарламадан кейінгі бағдарлама десе де болады. Орындауға кіріспестен бұрын «С» бағдарламасындағы тапсырмаларды әрбір оқушы орындауға міндетті.

«В» бағдараламасы қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой әрекетінің арнайы тәсілдерін қамтамасыз етеді.

Сондықтан бұл бағдарламаға нақты тапсырмаларымен қатар бірінші деңейдегі-материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымының қолданылуы мен жұмыс істуін көрсететін қосымша мәліметтер кіргізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп негізгі материалды терең көрсетеді.

«А» бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығармашылықпен қолдынылатын деңгейге көтереді.

Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді.

Оқушыға мектепте алған білім негізінде шешуге болатын мәселе түйініне жетуде материалмен оның логикалық негізін тереңдете түсетін дамытушылық мәліметтер беріп, оны шығармашылықпен қолдану перспективасын ашады.

Сондай – ақ, бұл деңгей балаға өзін қосымша жұмыста көрсетуге де мүмкіндік береді.

Материалды қайталауға әр деңгейдегі тапсырмаларды еркін талдау әдістемесі кеңінен қолданылады.

Өзіндік жұмыс, есептер шығару, зертханалық және сарамандық жұмыс тапсырмалары үшін дайындалатын дидактикалық материалдардың деңгейлік нұсқасын бөлуге болады.

Бірінші (С) нұсқасы оқытудың міндетті нәтижесіне сәйкес.

Екінші (В) нұсқасы оқулықтан қосымша есептер мен жаттығулардың енгізілуін көздейді.

Үшінші (А) нұсқасы қосымша оқу - әдістемелік әдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады.

Әр пәндегі оқу бағдарламасын таңдау оқушының өзіне базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына да кеңістік ашылады.

Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке жеке алынады.

Пән ішілік деңгейлеу әдістемесінің қағидалары мен мазмұны «толық меңгеру» әдістемесімен ұқсас. Барлық оқушы білім стандарты деңгейін толық игергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы сыныптық, топтық және жеке жұмыстар арасындағы үйлесушілік базалық стандарт деңгейінде оқушылардың біліміндегі алшақтықты анықтауға мүмкіндік береді.

Ол үшін келесі сабақ түрлері қолданылады: топтармен жұмыс (столдар бойынша, қатар бойынша); ой толғау; сұхбаттасу (тұрақты жұптар, динамикалық жұптар); модульдік оқыту; семинарлық – сынақ жүйесі; сыныптан тыс қосымша жеке сабақтар; жеке көмек; кеңес .

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын экология сабағына енгіздік. Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаю арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асады. Бұл технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді [29].

ҒалымВ.П. Беспальконың айтуы бойынша, технология бұл практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша оқушылардың білімін тексеруге болады. Яғни тапсырмаларды қайталауға арналған бірінші деңгей өнімді іс - әрекетті қажет ететін жоғарғы деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл төрт деңгейге бөлінеді.

-бірінші деңгей – міндетті оқушылық;

-екінші деңгей – алгоритімдік;

-үшінші деңгей – эвристикалық;

-төртінші деңгей – шығармашылық.

I деңгей – оқулықта берілген өтілген тақырып немесе тарау бойынша үй тапсырмасы сұрақтарынан құрылады, яғни мемлекеттік оқу стандарт жүйесіндегі білуге тиісті білімді қамтиды.

II деңгей – сол тақырып немесе тарау бойынша тапсырмалар мәліметтер көлемін арттырып, негізгі өтілген тақырыпты, тереңірек түсінуге бағытталады. Қосымша мәліметтер бірінші деңгейде алған білімді кеңейтіп, тиянақтап, дәлелдеп, бастапқы мазмұнын нақтылап, ұғымдардың қалай қолданылатынын көрсетеді. Мұнда берілген тапсырмалар бірінші деңгейдегі тапсырмадан қарағанда күрделі болады. Викториналық сұрақтар, сөзжұмбақ түрінде сұрақ қоюға болады.

III деңгей – пән бойынша экспиременттік есептеулер шығармашылық ізденіс жұмыстарынан тұрады. Үшінші деңгейдегі сұрақтар екінші деңгейге қарағанда күрделі болып келеді. Мұнда танымдық – эвристикалық түрдегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар алғашқы білімдерін жетілдіріп, тереңдетіу керек. Мұнда экспериметтік есептер шығарылып, экологиялық проблемаларды шешуге дағдыланады.

IVдеңгей – олимпиадалық деңгейдегі тапсырмаларды орындайды. Деңгейдегі тапсырмаларды тек өте жақсы оқитын оқушылар ғана орындай алады. Дәстүрлі сабақты мұғалім үй тапсырмасын сұрау, бақылау алу арқылы аяқталады [30].

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушылардың білім сайысы әдісіне құрылған және оқушылар өз білім деңгейін өздері бағалай алуға үйретеді.

Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны «есепке» алынып отырады.

Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан, жұмысын «оқушылық», «міндетті», 1-ші деңгейден, ол үшін жеңіл болса да, тапсфырмаларын орындаудан бастайды.

Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілді бастап: әрқайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді. Бұл барлық оқушыларды тірек білімімне қамтамасыз етеді және Қазақстан Заңымен талаптарына сай келеді. Оқушылардың оқу мақсатына ** процент қол жеткізуінің кепілі болады және оқу пәндерінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың ең төменгі талаптарын орындауғға кепілдік береді.

Есепке алу жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да, кем дегенде, «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемізден байқадық. Себебі, ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейдіі толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілкері ұмтылады., өзіне өзінің сенімі артады.

Олардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары тапсырмаларды орындауға құқылы.

Осылайша бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіріді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.

Деңгейлеп саралап оқыту жүйесі баға мониторингі мен білім рейтингісін анықтау жүйесіне негізделінген. Білім рейтингісі мұғалімнің деңгейлеп саралау сұрақтарының күрделігіне қарай белгілінеді. Мысылы:

I – деңгейдің 5 сұрағы “2” баллдан

II –деңгейдің 4 сұрағы “3” баллдан

III-деңгейдің 3 сұрағы «5» баллдан

IV – деңгейдің 2 сұрағы “1О ”баллдан

Білім рейтингісі:

I – деңгей 5х2=10 балл

II –деңгей4х3=12балл

III-деңгей3х5=15балл

IV – деңгей2х10=20балл

Жалпы 57 балл

Баға мониторингі:

28-377 балл –“3”

38-46 балл -“4”

47-57 балл – “5”

Білім рейтингісі мен білім мониторингін анықтау әр мұғалімнің бағалау жүйесіне байланысты. Технология жүйесінде мұғалімнің функциясы оқу процесін басқару, бақылау және бағалау болып табылады. Бірақ бұл технологияда бұл функцияның қызметінің сапалық жағы өзгереді. Мұнда мұғалім сабақта отырған барлық әрбір оқушының білім деңгейін басқарып, бақылап, бағалай алады. Ал оқушы болса, өз білім рейтингісін бір сабақтан екінші сабаққа көтеруге талпынады.Модульдік оқыту технологиясы бойынша өткізілген экология пәнінің факультативтік сабақтар арқылы оқушылардың білім деңгейін тексеру үшін деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаландым.



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау