2.2. Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары
1. Практик психологтың дарынды балалар және мұғалімдермен жұмыс істеу бағдарламасы. (Матюшкин А.М. бойынша)
Бұл бағдарлама практик психологқа дарынды балалармен түрлі даму кезеңдерінде жұмыс жүргізуде үлкен басшылық рөл атқарады.
Дарынды балалардың жанұяда дамуы.
Мақсаты: баланың шығармашылық мүмкіндігін дамытуға қажетті ата-ана мен тәрбиешілер үшін психологиялық дайындықты қамтамасыз ету.
Жүзеге асыру: ата-аналар үшін дарынды балалар жайлы кеңес беру материалдарын дайындау: баспа, теледидар мен радиохабарларда психологиялық материалдарды үнемі жариялап отыру.
Достарыңызбен бөлісу: |