11
2.1 Тоқ трансформаторлары орамаларының қосылуының типтік
сұлбалары
2.1.1 ТТ және реле орамаларының толық жұлдызшаға қосылу
сұлбалары.
Тоқ трансформаторлары барлық фазаларда орналастырылады. ТТ
екіншілік орамалары мен реле орамалары жұлдызша болып қосылады, және
де олардың нөлдік нүктелері нөлдік деп аталатын бір сыммен қосылады (2.1
сурет). Нөлдік нүктеге ТТ орамаларының бір аттас қыстырғыштары
қосылады. Жебемен ТТ орамаларының полярлығы ескеріліп біріншілік және
екінішілік тоқтарының оң бағыттары шартты түрде көрсетіліп, нүктемен
белгіленген.
2.1 сурет - ТТ және реле орамаларының жұлдызшаға
қосылу сұлбасы
2.1 суретте көрсетілгендей үш фазалы ҚТ және қалыпты режимде,
I,
II және
III
релелерде I
а
=
I
A
/ K
I
; I
b
= I
B
/K
I
;
I
c
= I
C
/ K
I
,
фазаларының тоғы
өтеді; ал нөлдік сымда олардың геометриялық суммасы:
I
н.п
= (I
а
+ I
b
+ I
с
), (2.1)
Олар симметриялық режимде нөлге тең (2.2, а сурет). Екі фазалық ҚТ
кезінде тоқ зақымдалған екі фазада ғана және сәйкесінше зақымдалған фазаға
қосылған ТТ релесінде өтеді (2.2, б сурет
)
, зақымдалмаған фазада ток
болмайды:
I
C
= -I
B
.
Нөлдік сымдағы ток жүктелген (симметриялық) режимде, және де екі
және үш фазалық ҚТ да болмайды. Бірақ ТТ қателіктері мен
12
сипаттамаларының бірдей болмау себебінен нөлдік сымда баланс емес тоғы
өтеді I
н.п
= I
нб
: қалыпты режимде оның шамасы 0,01-0,2 А, ал ҚТ кезінде
өседі.
Бір фазалық ҚТ кезінде біріншілік тоқ тек зақымдалған фазада өтеді
(2.2, в сурет). Оған сәйкестендірілген екіншілік тоқбір реле арқылы өтеді де
нөлдік сымға тұйықталады.Жұлдызшаға қосылу сұлбасының нөлдік сымы
НТ (НП) тоқтың сүзгіші болып табылады.
а) б) в) г)
2.2 сурет- Тоқтардың векторлық диаграммалары
Тік және кері тізбектегі тоқтар 2.3 а, суретте көрсетілгендей, нөлдік
сымда өтпейді, себебі осы тораптағы векторлардың қосындысы нөлге тең
(2.3,
б, в
сурет). НТ тоғы фаза бойынша сәйкес келгендіктен, нөлдік сымда
осы тоқ шамасы үш еселенеді: I
н.п
= 3I
0
.
Бір ТТ екіншілік тізбегінің зақымдалуы (үзілу) кезінде нөлдік сымда
фаза тоғымен бірдей тоқ өтеді, ол нөлдік сымдағы орналастырылған реленің
қарастырылмаған жұмысына алып келеді.
Қарастырылған сұлбадағы фазаларда орналасқан реле ҚТ барлық
түріне, ал нөлдік реледегі реле тек қана жерге ҚТ әсер етеді. ТТ және реле
орамдарының жұлдызшаға қосылу сұлбасы ҚТ барлық түріне қолданылатын
РҚ қолданылады. ТТ және реленің қосылу сұлбалары қарастырылған және
де басқа да сұлбаларда реленің тоғы I
р
фазаның тоғының I
ф
қатынасымен
сипатталады, ол сұлбаның коэффициенті деп аталады:
k
сх
= I
p
/ I
ф
.
(2.2)
Жұлдызшаға қосылу сұлбасы үшін k
сх
= 1.
Достарыңызбен бөлісу: