9
110-220 кВ ЭЖЖ- 0,15-0,3 с кейін ажырату қажет.
б) селективтілік немесе таңдау. Селективтілік дегеніміз релелік
қорғаныстың зақымдалған жерді анықтап, оған жақын орналасқан
ажыратқыштар арқылы ажырату (1.1 сурет).
1.1 сурет – Релелік қорғаныстың селективтілік принципін түсіндіруге
арналған электр құрылғының сұлбасы
К1 нүктесіндегі (1.1 сурет) ҚТ кезінде апатты жою үшін қорғаныс тек
Q1 ажыратқышына әсер етіп сол ажыратқышты ажыратуы қажет. Осы кезде
электр құрылғысының зақымдалмаған бөлігі жұмыс жасап тұрады.
Қорғаныстың мұндай таңдау қасиеті селективтілік деп аталады. Егерде К1
нүктесіндегі ҚТ кезінде Q1 ажыратқышынан бұрын немесе бірге Q4
ажыратқышының қорғанысы іске қосылып ажыратқыш ажыратылса, онда
апатты жою дұрыс болмайды, себебі зақымдалған M1 электр
қозғалтқышымен бірге зақымдалмаған М2 электр қозғалтқышы да кернеусіз
қалады. Қорғаныстың мұндай жұмысы селективті емес деп аталады.
1.1 суреттен байқағанымыздай, К1 нүктесіндегі ҚТ кезінде Q5
ажыратқышының қорғанысы іске қосылып сол ажыратқышты өшірсе, онда
мұндай селективті емес жұмыстың әсері одан да ауыр болады, себебі
зақымдалмаған екі М2 және
МЗ электр қозғалтқыштары да кернеусіз қалады.
Қарастырылған мысалда апатты дұрыс жоюды қамтамасыз ету үшін
селективтілік шартының орындалуы өте маңызды екенін көрсетеді.
в) сезімталдық дегеніміз – жүйе минималды режимде жұмыс жасап
тұрған, қорғалып тұрған бөліктің соңында ҚТ болған кезде қорғаныстың
берік түрде іске қосылуы.
Қорғаныс берілген электр құрылғысы немесе электр торабындағы
зақымдалу мен нормалы режімнен ауытқуға сезімтал болуы қажет. Оның
жұмыс жасауы зақымдалудың басында болуын қамтамасыз етсек, ҚТ болған
жердегі қондырғының зақымдалу аумағы да аз болады;
г) беріктік – қолданылу кезіндегі уақыт ішінде қорғаныстың міндетті
түрде өз қызметін орындау қасиеті. Қорғаныс өзі тағайындалған
қондырғылардағы зақымдалудың барлық кезінде және қалыпты жұмыс
режімі бұзылған кезде дұрыс және мүлтіксіз түрде қызмет жасауы қажет.
Бірақ ол қалыпты жағдайда іске қослмауы керек, сонымен бірге қызметі өзіне
арналмаған қорғаныстың орнына қызмет жасамауы тиіс.