Мета-анализдің кемшілігі:
автор оң нәтижелерді баспаға жариялап, теріс нәтижелерді жасыруы мета-анализ нәтижелерінің бұрмалануына әкеледі;
ақпаратты іздеуді соңына дейін жүргізбеу және білім көздерін дұрыс таңдамау нәтижелердің бұрмалану себептері болады.
Мета-анализ жүргізу кезінде кездесетін қиындықтар:
зерттеу түрлерін таңдау, табу;
ақпараттың біркелкі болмауы;
маңыздаы ақпараттың жоғалып қалуы;
салыстырылатын топтар дұрыс сәйкестікпен талданбайды.
Кумулятивті мета-анализ жаңа мәліметтер пайда болған кезде жинақталған мәліметтердің кумулятивті қисығының пайда болуын қамтамасыз етеді.
Проспективті және ретроспективті мета-анализ жаңа нәтижелер мен ескі нәтижелерді біріктіреді.
Жекеленген мәліметтердің мета-анализі - жекелеген науқастардың емдеу нәтижелерін зерттеуге негізделген талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |