Әдістемелік нұсқаулық: Оқулық құралдарды пайдалана отырып, төмендегі әдебиеттердегі мәтінді жазып, Қозу физиологиясына анықтама беру.
Өткізу формасы: Жекелеп, тақырыпқа сай көрнекіліктерді пайдалана отырып, сурет салып, суретке бойынша жауап қайтару.
Бағалау критерийлері (12-ші пункте көрсетілген):
Суреттері болу;
Мәтіндік жинақтың болуы,
Берілген сұрақтарға сай бағаланады:
Организмнің физиологилық функцияларын зерттеу
тәсілдері;
Тітіркену әдісі;
Жеке бөліп алу әдісі;
Әдебиеттер: Ж. Н. Нургалиев. Қалыпты физиология бойынша практикум 9- бет
СӨОЖ 1. мазмұны:
Жас кезеңдері
Жас — адам ғұмырының белгілі бір кезеңін белгілейтін өлшем. Жас адамның физиологиялық, морфологиялық және психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады. Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:
1) туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең; 2) 1 мен 3 жас арасындағы сәбилік кезең; 3) 3 пен 7 жас арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең.
Мектеп жасының өзі 3-ке бөлінеді: 7 мен 9-дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар); 10 мен 14-тің арасындағы ортаңғы сынып оқушылары (жасөспірімдер); 15 пен 18-дің аралығындағы жоғары сынып оқушылары (бозбалалар).
Жас кезеңдерінің бұдан кейінгілері жастық шақ (18 — 21 жас), кемелдену (22 — 60 жастың арасы), егделік (61 — 74 жас), кәрілік (75 — 90 жас) деп бөлінеді. Бұл кезеңдерді психология ғылымының жас ерекшелік психологиясы деп аталатын арнаулы саласы зерттейді. Мысалы, баланың туған уақытынан бастап бастауыш білім алғанға дейінгі психикалық даму жолын жас ерекшеліктері психологиясының балалар психологиясы бөлімі зерттейді. Жас кезеңдерінің қалған түрлерінің ерекшеліктерін жас ерекшеліктері психологиясының жасөспірімдік, жастық, егделік, кәрілік деп аталатын бөлімдері қарастырады. Кәрі адамдардың жас ерекшеліктерімен арнайы түрде геронтология ғылымы айналысады. Сонымен бірге, жас — қоғамдағы маңызды демографиялық көрсеткіштердің бірі саналады. Халықтың құрамы мен демография қуатын есептеуде жас ерекшеліктері ескеріледі. Жас ерекшеліктеріне байланысты халық санында болатын өзгерістердің динамикасын демографиялық статистика ғылымы қарастырады.
Әдебиеттер:
Сатпаева Х.Қ Адам физиологиясы 1995 ж 13 бет
СӨОЖ 2 мазмұны:
Ағза дегеніміз не , оның қандай түрлері болады.
Ағза немесе Организм – белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе. Тұқым қуалаушылық қасиеттеріне сәйкес өзіне тән құрылысы мен даму ерекшелігі бар.
Құрылысы мен қызмет ерекшелігіне байланысты органдар жүйелері мен аппараттары:
дене (сомалық),
ішкі органдар (висцералды) және
байланыстырғыш (интегралды) органдар жүйелері болып бөлінеді.Органдар жүйелер құрылысы әртүрлі, бірақ белгілі бір қызмет атқаратын мүшелер (ағзалар) құрайды.
Құрылысына байланысты органдардың:
қабатты (тері),
түтікше (ішкі мүшелер) және
паренхималы түрлері болады.
Организмнің құрылым бірліктері – жасушалар, ұлпалар (тіндер), мүшелер. Организмдер бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді. Бір жасушалы Организмдердің ішінде колониялы (шоғырлы) түрлері де бар. Мысалы, вольвокс, т.б. Әрбір жеке дарабастар да өз алдына жеке ағза болып саналады.
Әдебиеттер:
Т. Н есіппаев. Адам және жануарлар физиологиясы Ғылым баспасы
2005ж 8- бет
СӨОЖ 3мазмұны:
1-кесте
Препараттың тіршілік қасиетін үзақ уақыт сақтауға арналған ерітінділер
Әдебиеттер:
Ж. Н. Нургалиев. ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ БОЙЫНША ПРАКТИКУМ 9- бет
Достарыңызбен бөлісу: |