Ғылыми жұмыстың мақсаты: Тамшылатып суарудың негізгі ерекшеліктері мен әдіс тәсілдерін меңгеру, өнімнің сапасын көтеру. тамшылатып суару негізінде қияр мен қызанақтың өсіру технологиясын жасау, суару суын тиімді пайдалану, өнімділікті арттыру, өсіруге кететін шығындарды азайту, топырақ құнарлығын сақтау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету. Қызанақ пен қиярды әртүрлі суару және себу тәсілдерімен өсіруді Сарығаш, Келес аудандарының тәжірибелік танаптарында 2014-2016 жылдары жүргізілді. Жүргізілген зеттеулердің нәтижесінде республиканың осы аудандарда тамшылатып суару оңтайлы әдіс екені анықталды. Бұл әдісті қолдану суару суын 1,5-2,0 есеге үнемдейді. Дақылды суару үшін жабынды ілбір астында суару тиімді болып табылады. Сонымен қатар қияр мен қызанақты тамшылатып суару танаптарында егудің оңтайлы тәсілі – екі ізді таспалы (30х70 см). Дақылды осындай сұлбамен себу дәстүрлі кең қатарлы қатараралығы 60 см нұсқаға қарағанда тамыржемістер өнімділігі орташа есеппен 53,4% артады. Тамшылатып суаруда өнім өсіру танаптың арамшөптермен ластануын бақылау нұсқасымен салыстырғанда 6-8 есеге азайтады.
Міндеттері: -Кәдімгі суару мен тамшылатып суарудың айырмашылықтарын бақылау.
қандай өнімдер осы әдісте өнім бере алатынын анықтау.
-тамшылату құрылғыларымен танысу.
Қияр мен қызанақтың қандай сорттары тамшылатып суаруда өнім бере алады.
Ауылымыздағы егістік алқаптарда тамышатып сурау қаншалықтың тиім не тиімсіз екенін анықтау.
Кәдімгі суарауға немесе көлдетіп суаруға мүмкіншіліктерді бақылау.
Зерттеу нысаны: Қарғалы елді мекеніндегі Былтырығы жылы тамшылатып суарумен өнім алнған бақшалардың бірі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Алғаш рет қияр мен қызанақты өсіруде тамшылатып суарудың әртүрлі суару тәсілдерін зерттеу арқылы тиімді әдіс жасалынды. Жоғары өнім алу үшін өңірімізде көкөністерді таспалы әдіспен 60х30 см аралығында егудің, танапты қолдануда көкөніс көшетімен тұқымын оңтайлы себу тәсілінің тиімділігі анықталды. Жоба идеясының негізгі айырмашылығы – суармалы егіншілікте қияр мен қызанақтың тамшылатып суару жолымен суару суының шығынын 1,5-2,0 есе қысқарту арқылы су ресурсын үнемдеу және топырақ эрозиясын болдырмау. Сонымен қатар, топырақтың су-физикалық және агрохимиялық қасиеттерінің суару тәсілдеріне және режимдеріне байланысты өзгерулері, қияр мен қызанақтың өнім қалыптастыру ерекшеліктері белгіленді.
Достарыңызбен бөлісу: |