Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



жүктеу 0,77 Mb.
бет92/176
Дата09.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#44597
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   176
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org

Саңырауқұлақ икрасы. Дайындалған кептірілген саңырауқұлақтарды
дайын болғанша қайнатып, салқындатады. Салқын суда жуылған тұздалған
саңырауқұлақтармен біріктіріп, ұсақтайды. Майдалап туралған басты пиязды
өсімдік майында аздап шала қуырады. Саңырауқұлақтармен біріктіріп, 10-15
минут ішінде қуырады. Сірке суы және бұрышпен дәмдеп, салқындатады.
11.4.
Балық және балық өнімдерінен әзірленген 
тағамдар
11.4.1.
Балық гастрономиясынан жасалған басытқылар
Дәнді немесе кеталы уылдырық. Икра порциясын икра ыдысының
табақшасына салып, лимон тілімімен безендіреді. Бөлек сары май мен нан
береді. Майдың орнынан майдалап туралған көк пияз беруге болады.
Түйірсіз уылдырық. Түйірсіз уылдырық порциясын турау тақтайында
езіп, балық немесе басқа да пішін береді. Майшабақ жаймасына ауыстырып
салып, лимонмен безендіреді. Бөлек дәнді уылдырыққа бергендей өнімдерді
береді.
Тұздалған балық (порциямен). Кета немесе ақсеркені, алабалық,
албыртты жұқа тілімдермен 1 порцияға 2-3 данадан кесіп, лимон тілімімен,
ақжелкен көгінің бұтақшаларымен әрлейді.
Салқын сүрлену балығы (порциямен). Бекіре немесе албырт
балықтардың арқа-жон еттерін жұқа тілімдермен 1 порцияға 2-3 данадан
кесіп, лимонмен безендіреді.
Пияз қосылған табиғи майшабақ. Майшабақтың таза сүбесін жұқа
бөліктермен кесіп, майшабақ жаймасына «шыршалап» салады. Үстіне жұқа
шеңбермен кесілген басты пиязды немесе майдалап туралған көк пиязды
себеді. Берер алдында салат дәмдеуішін құяды.
Гарнир қосылған майшабақ. Майшабақтың таза сүбесін жұқа
бөліктермен кесіп, майшабақ жаймасына «шыршалап» салады. Қырларына
кішкене төбешіктермен («байламдармен») гарнирді (майда текшелеп




105 
туралған пісірілген картоп, сәбіз, қызылша, жұқалап майдалап туралған көк
пияз) салады. Бітеу етіп пісірілген жұмыртқа домалағымен әрлеуге болады.
Берер алдында майшабақ пен гарнирге салат дәмдеуіштерін құяды.

жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау