Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Сиыр етінен әзірленген кәуап



жүктеу 0,77 Mb.
бет86/176
Дата09.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#44597
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   176
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org

Сиыр етінен әзірленген кәуап. Кесінді бөлігіне тұз, бұрыш сеуіп,
таяқшаларға немесе ағаш түйреуіштерге шпик тілімдерімен (ет бөліктері
шеткі болуы тиіс) алма-кезек тізеді. Табада аз мөлшердегі малдың ерітілген
майында қуырады.
Берер алдында тәрелкеге төбешіктеп бөктірілген күрішті, оның үстіне
таяқшадан алынған, бірақ бөлек бөліктерге бытырамаған кәуапты салып,
үстіне шыжып тұрған майда қуырылған пияз шеңберлерін қояды. Бөлек
«Оңтүстік» тұздығын береді.
Сонымен қатар, шұжықты, шұжықшаны, қысқа шұжықты, шошқаның
сүрленген етін, субөнімдерді қуырады.
Қызанақтармен немесе лимон шырынымен қуырылған бүйректер.
Бүйректерді қабықшасы мен артық майларынан тазартады. Өзіне тән иісті
кетіру үшін сиыр етінің бүйректерін 2-3 сағат ішінде екі мәрте
ауыстырылатын суға салып қояды. Одан кейін таза су құйып, қайнатады.
Суын төгіп, бүйректерді жуып-шайып, қайтадан таза су құйып (1 кг бүйрекке
3 л су), дайын болғанша пісіреді.
Сиырдың пісірілген немесе қой, бұзау, шошқаның шикі бүйректерін
тілімдеп турап, тұз бен бұрыш сеуіп, 3-6 минут ішінде қуырады.
Берер алдында бүйректерге қуырылған қызанақтардың жарты бөліктерін
салып немесе лимон шырынын құяды. Қуырылған бүйректерді сақтауға
болмайды. Өйткені олардың дәмі тез бұзылады.
Гарнирге пісірілген картоп, картоп езбесі, қуырылған картоп, картопты
крокеттер, май қосылған піскен көкөністер беріледі.
Шарап қосылған қызыл тұздықтағы саңырауқұлақ қосылған 
бүйректерді, бүтіндей қуырылған бүйректерді (ұсақ малдың) әзірлеуге
болады.
Маймен немесе пиязбен қуырылған бауыр. Бауырды 1 үлеске 1-2
кесектен кесіп (шошқа бауырын булайды), тұз және бұрыш себеді. Ұнға
аунатып, дайын болғанша аударып, бірақ күйдіріп жібермей (бауырдан ащы
дәм шығады) қуырады. Берер алдында бауырға май құяды немесе оған




97 
қуырылған пияз салады. Гарнирге шашыраңқы ботқа, пісірілген картоп,
қуырылған картоп, май қосылып пісірілген көкөністерді береді.
Сонымен қатар, строгановша бауыр әзірлеуге болады.

жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау