Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Тауық немесе күркетауықтан дайындалған мөлдір сорпа



жүктеу 0,77 Mb.
бет42/176
Дата09.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#44597
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   176
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org

Тауық немесе күркетауықтан дайындалған мөлдір сорпа. Бұл
сорпаның негізі бүтін ұшалы, тағам қалдықтарын қайнату арқылы алынған
сорпа болып табылады. Оның түссізденуі үшін созуды ұсақталған тауық пен




54 
күркетауық сүйектерінен дайындайды. Созуды дайындау технологиясы мен
қолдану жоғарыда келтірілгендей. Сорпа кәріптас түсті.
Қауырсынды жабайы құстардан дайындалған мөлдір сорпа. Мұндай
сорпаны қарабауыр, шіл, құрлардың сүйектері мен аяқтарынан жасалған
(жауырыны алынған бүтін тұлыптан сирек) созуды ет немесе тауық
сорпасында әбден қайнату арқылы әзірлейді.
Еттен, ауылшаруашылық құсынан және қауырсынды жабайы құстардан
дайындалған мөлдір сорпаларды екі тәсілмен жібереді:
сорпаны сорпа тостағанына құйып, нан тәрелкесіне кесіліп қуырылған
нанды, бәлішті, самсаны, профитролиді, жүгері немесе бидай қауыздарын
салып береді;
шұңғыл тәрелкеге сорпаны құйып, оған сол немесе өзге гарнирді
(қалталы жұмыртқа, макарон өнімдері немесе үй кеспесі, бөлек қайнатылған
дайын тұшпаралар, қайнатылған көкөністер, бұршақ, ет, омлет, көмештелген
күріш және т.б.) қосады.
Балықты мөлдір сорпа (уха). Алдымен майда балықтан (таутандар,
алабұғалар) немесе балықты тағам қалдықтарынан сорпа қайнатады. Майда
балықты қабыршағын аршымай ішін жарып, желбезегін алып тастайды.
Дайындалған балықты немесе балықты тағам қалдықтарын мұздай суға
салып қайнатады. Қайнап болар алдында көбігін алып, қайнап болғаннан
кейін ақжелкен тамырын және пияз қосып, 40 - 50 минут баяу қайната
отырып пісіреді. Сорпаны сүзгіден өткізіп, түйірсіз уылдырықтан жасалған
созбамен түссіздендіреді. Уылдырықты біркелкі масса пайда болғанға дейін
аз мөлшердегі сумен ұнтақтайды. Оған шикі басты пияз, тұз қосады, салқын
сумен немесе сорпамен араластырады. Дайын болған созбаны температурасы
50-
60°С түссізденген сорпаға құйып, жақсылап араластырып, қайнағанға
дейін апарып, 20-30 минут аралығында пісіреді. Сорпаны сүзгіден өткізеді.
Осындай түссіздену тәсілінде сорпа өте бағалы болып шығады. Әдетте
созбаны бес есе мөлшерде салқын сорпамен араласып, тұз қосылған
жұмыртқа ақуыздарынан дайындайды. Сорпаны тура уылдырықты созба
секілді түссіздендіреді.
Сорпаны сорпа тостағанымен береді. Нан тәрелкеде оған қосып
растегаилар, бәліштер ұсынады. Басқа әдіс бойынша сорпаны тәрелкеге
немесе сорпа ыдысына құйып, оған асылған балық немесе балық бұршық
етінің тілімдерін салады.

жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау