CӨЖ
Тақырып: Торғай өңіріннен шыққан мәдинет қайраткерлері
Орындаған: Ақжигитов Жасулан ХБ-21
Қабылдаған: Байбосын Ләйлә Сәндібекқызы
Файзолла Сатыбалдыұлының ғибратты ғұмыры.
ЭССЕ
Файзолла Сатыбалдыұлы-діни қайраткер, ақын, қари. Әкесі - белгілі діни оқымысты Сатыбалды ишан Ғабдоллаұлы. Діни білімді 1900 жылы дейін Троицкіде (Ахунхазіреттен)және Бұхарада алады.Торғай қаласындағы уездік мешіт, медреселерде Науан хазірет, дамолла Байту, Бейіс хазірет, Оспан қожа,қайраткерлермен бірге қызмет етеді. Батпаққарада Сатыбалды ишанның мешіт-медресесінде ұстаздық құрып, мешіттерде имамдық етеді. 1928 - 1935 жылдары нағашысы Міржақып Дулатовпен бірге айдауда болады. Туған жері Батпаққара. Ф.Сатыбалдыұлы артына мол поэтикалық мұра қалдырған, араб, орыс әдебиеті үлгілерінен тәржімелер жасаған. Қ.Халидтің «Тауарих Хамсасын» аударған. Ақын 1920 жылы жазған «Халқыма» атты өлеңінде «Құрбандығың болар едім жолына, Ел болсаң сен өз алдына іргелі'» деп жазады. «Тырнақша қадаса да инесін, Білсін тағдыр өнер басын имесін» дейді 1928 жылы Қостанай түрмесінде жазған «Тас түрмеле» атты жырында. «Шафағат яр соллаллаһ'» және «Мүнажат» циклымен жазған жырлары Аллаһтың хақтығына, әділдіктің күні туатынына деген сенімге толы. «Ахмет қайтыс болды дегенде», «Мағжан түсіме кіргенде», «Ахметсафа Юсуповқа хат» сынды өлеңдері тарихилығымен құнды. Ақын «Тас мешіт» (1914), «Тоқымбет - Гүләйім» (1929), «Адамзат шежіресі» (1930), «Ұзақ жол» (1935), «Аязби» (1946) атты дастандар жазған. «Әбдіғаппар хан» атты ұзақ поэмасын 1916 жылы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісіне арнаған.
Нұрқан Ахметбеков - халық ақыны.
ЭССЕ
Нұрқан Ахметбеков (1902–1961) Қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданындағы Тосын ауылында туған. Әкешешеден ерте айрылып, жетімдік қасіретін шеккен болашақ ақын жалшылықта жүрсе де, тиіпқашып ауылдық молдадан хат таниды. Халықтың ауыз әдебиетімен танысу Нұрқан талантының көзін ашып, көңілін оятады. Ол он жасынан өз бетімен өлең, жыр айтуға машықтана бастайды.
Халық ақындарының Алматыда 1943–1946 жж. өткізілген айтыстарында ол Қазақстан жұртшылығына суырыпсалмалығымен танылды. Нұрхан Ахметбеков — Қазақстанның халық ақыны (1963). Торғай өңірінде алғашқы ауданаралық театр құрып, оның тұңғыш директоры болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жалынды жырларымен халықтың жігерін жандырып, жеңіске деген үмітін оятты.
Ақынның ұзақ жылдар талмай жырлаған сүйікті кейіпкері — Амангелді батыр бейнесі. “Үрпек соғысы” (1944) өлеңі кейін “Амангелді” дастанына ұласты. “Жасауыл қырғыны” дастаны оқырмандардың жоғары бағасына ие болып, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1951). Ахметбековтың өзі шығарған “Күй басы”, “Июнь толқыны”, “Жеңіс” сынды күйлері де бар. Қостанай облысы Торғай аудандық мәдениет үйіне, орта мектепке, көшеге Н.Ахметбеков есімі берілген.
Ғафу Қайырбеков – ақын,аудармашы, жазушы
ЭССЕ
Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды. 1968—1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті. 1973—1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды. 1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты. «Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыздар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Рудакидің, Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Шевченконың, Мақтымқұлының, Л.Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың және басқа да сөз зергерлерінің туындыларын аударды. Бүгін назарларыңызға ақынның өмірінің соңғы шақтарында, яғни 1994 жылы жазған "Мемлекетім менің" атты өлеңін ұсынамыз.
Сейіт Кенжеахметұлы- сатирик, ақын, жазушы.
ЭССЕ
Сейіт Кенжеахметұлы 1939 жылы 12 қаңтарда Қостанай
облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел аймағындағы «Сарықопа» деген жерде
туған.
1949 жылы 3 сынып оқыған. Қазіргі Жанкелдин ауданындағы Шеген
ауылында Бұхарадан оқыған дәмолла Кәтен әулиенің үлкен үйі мектеп
болған. Осы үйдің бір бөлмесі осы кісінің үй әрі кітапханасы болған.
Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында оқыған. Кейін ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген.
Еңбек жолын аудандық «Жаңа өмір» газетінің бөлім меңгерушілігінен
бастаған. 1966-1977 жылдары Қостанай, Торғай облыстық газеттерінде әдеби
қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді.
1977-1989 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Торғай
облысындағы кеңесшісі, 1989- 2002 жылдары Торғай облыстық «Қазақ тілі»
қоғамының төрағасы әрі Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика
институтында доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды, қазақ
әдебиеті тарихынан дәріс оқыды.
1990-1995 жылдарда Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының
төрағасы міндетін қоса атқарды. 2003 жылдан Л.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми-зерттеу
орталығында аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болды.
Қазір Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық
институт ректорының кеңесшісі әрі осындағы ғылыми-зерттеу орталығының
аға ғылыми қызметкері.
Әдебиетте алғашқы қадамын сатиралық өлеңдер мен мысалдар жазудан
бастаған. Тұңғыш туындылары 1957 жылдан бастап «Лениншіл жас» (қазіргі
«Жас Алаш»), «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Ара»,
«Мәдениет және тұрмыс» («Парасат»), «Қазақстан әйелдері» журналдарында
жариялайды. Әзіл-сықақ әңгімелерімен бірге шағын интермедиялар жазды.
Оның интермедиялары «Тамаша» ойын-сауық отауында 30 жыл бойы
қойылып келеді. Этнографиялық-танымдық еңбектері үшін «Ана тілі»
газетінің «Ана тілінің саңлағы» құрметті атағын алды (1992). «Жеті
қазына» атты 4 кітаптан тұратын ұлт мәдениетіне арналған ғылыми еңбегі
үшін Қостанай облысы меценаттарының «Қазына» атты сыйлығын алды
(2002). «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» (2004- 2007), «Қазақтың дархан
дастарханы» (2006-2007) атты көлемді энциклопедиялық
еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік, Әзірбайжан, т.б. тілдерде
басылып шықты. «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» деп аталатын
этнографиялық танымдық еңбегі 2006, 2007 жылдары Мәскеуде өткен
әлемдік кітап баспаларының көрмесінде 2 рет үшінші дәрежелі диплом мен
бағалы сыйлыққа ие болды. Соңғы аталған үш жинақ шетел баспаларында да
басылып шықты және әлемнің 30-дай астам мемлекеттерге тарады.
Қойшығара Салғарұлы – жазушы, тарихшы.
ЭССЕ
Салғарин Қойшығара 1939 жылы 1 сәуірде Торғай облысының Көкалат ауылында туған. Еңбек жолын шопандықтан бастаған ол, ҚазМУ-дің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген соң, 1964–1965 жж. «Ауыл өмірі» газетінің редакторы, 1965–1971 жылдары Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, 1971–1975 жж. Торғай облыстық телерадио комитетінің редакторы болған. 1975–1990 жж. «Егемен Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1990–1993 жж. Әдебиет және өнер институтында қызметкер. 1993–1997 жж. ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес хатшысының орынбасары, хатшысы, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған. ҚХР-да жүріп «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «100 құжат», «Таным тармақтары», «Анықтамалық» атты кітаптарын жазды.
«Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы», «Қазақтар» роман-эссе, «Қазақ қазақ болғанға дейін», «Қазақ қазақ болғаннан кейін» деген ІІ томдық романдары жарық көрді. «Қазақтар» трилогиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Екі рет медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Төлен Әбдіков – жазушы, қоғам қайраткері.
ЭССЕ
Белгілі қаламгер Төлен Әбдіков 1942 жылдың 4 қыркүйегінде, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Еңбек ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген Қайраткері. 1965 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. 1965-70 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1970-77 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977-79 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор, 1979-90 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды. 1990-92 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды. 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі. 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.
Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. Бірінші "Көкжиек" жинағы 1969 жылы, одан кейін "Күзгі жапырақ" 1971 жылы жарық көрді. 1974 жылы "Ақиқат" атты повестер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді. 1979 жылы "Айтылмаған ақиқат " әңгіме-повестер жинақтары, 1980-1981 жылдары орыс тілінде "Истина" әңгімелері мен повестері деген атпен жарық көрген. 1985 жылы "Өлі ара", "Біз үшеу едік" пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары "Эллада ерлерін" қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған. 1987 жылы "Ақшоқыда қыс қатты" және 2002 жылы "Парасат майданы" жазылған. «Парасат майданы» повесі тосындылығымен ерекшеленіп, бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафка атындағы орденімен марапатталды. Халықаралық Ф. Кафка атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының лауреаты. Еуропалық алтын медальдің, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері
Сәбит Досанов - жазушы, ақын, драматург.
ЭССЕ
Сәбит Айтмұханұлы Досанов—жазушы, драматург, сыншы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат орденінің иегері.
Алғашқы “Қайырлы таң” очерктер мен әңгімелер жинағы 1966 жылы жарық көрді. Бұдан кейін “Соны іздер” әдеби-зерттеу еңбегі жарияланды. Кейіннен Досанов көркем жанрға бет бұрып, “Қыран қалғымайды” повестер жинағы мен “Тау жолы”, “Екінші өмір” романдарын жариялады. “Жер тағдыры”, “Сексен бестің көктемі”, “Адаспаңдар адамдар”, “Тотем под чадрой”, “Тензор стенного кургана”, “Сыңсып ұшқан сыңар аққу” шығармалары жазушыны өмірдің өзекті мәселелерін көтерген, өткір көркем сөз шебері ретінде танытты. Осы аралықта әдеби-зерттеу мәселелеріне қайта оралып, “Қазына”, “Жүректің отын сөндірме” монографияларын жариялады. Досанов соңғы жылдары “Жиырмасыншы ғасыр”, “Аптаның екінші күні”, “Қылбұрау”, “Ұйық”, “Тұйық” романдары мен “Дүние жалған”, “Жусан исі” повестер мен әңгімелер жинақтарын жарыққа шығарды. “Дауыл”, “Ертең бюро”, “Тозақ шеңбері” пьесалары республикалық және облыстық театрлар сахнасында қойылды. “Тау жолы”, “Ақ аруана ”, “Жиырмасыншы ғасыр” роман, повестері орыс тілінде, “Ақ аруана” француз тілінде жарық көрді.
Нағашыбай Мұқатов- ақын, журналист.
ЭССЕ
Нағашыбай Оразбайұлы Мұқатов Қостанай облысы, Жанкелдин ауданына қарасты Торғай селосында 1949 жылдың 15 наурызында туған. Осы аудандағы Аралбай ауылында Жанкелдин атындағы орта мектепті бітірген. Жоғары сыныпта оқып жүргенде жергілікті баспасөзге мақала, өлең жазған. 1967 жылы орта мектепті бітірген соң Жанкелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінде қызмет істеген.
Аудандық, облыстық ақындар айтысына бірнеше мәрте қатынасып, жеңімпаз атанған. 1968–1970 жылдар аралығында Мари АССР–і Йошкар-Ола қаласында азаматтық борышын өтеген.
Нағашыбай Мұқатов - Алматы қаласындағы Әл–Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Ол Қазақстан радиосы және теледидары саласында 40 жылға жуық қызмет еткен. Байырғы Торғай, Қостанай облыстық радиолары редакциасында журналистік қызмет атқарған. «Қазақстан–Қостанай» телерадио компаниясында 1990 жылдары қазақ редакциясын, «Шаңырақ» шығармашылық бірлестігін басқарған. Жеңістің 40 жылдығына, ұлы ақын А. Құнанбаевтың 150 жылдығына, «Жүректен–жүрекке» деп аталатын республикалық теледидар хабарлары фестиваліде үш мәрте жүлдегер болған. Қазақ радиосының Торғай облысындағы меншікті тілшісі болып жұмысын істей жүріп, ел өмірін кеңінен насихаттаған.
Сырбай Мәуленов-ақын.
ЭССЕ
Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келген. Туған өлкесінде орта білім алып, одан кейін Қызылорда педагогикалық институтында филология факультетінде оқыды. 1940 жылы Қызылорда педагогикалық институтының екінші курсында оқып жүрген кезінде Қызыл Армия қатарына шақырылды. Сол жылдың аяғында ол ауруына байланысты әскери қызметтен босатылады.
1942 жылы Сырбай Мәуленов Волхов майданында лейтенант болып, саяси мәселелер жөніндегі командирдің орынбасары болды. Ал 1943 жылы Ленинград қоршауы бұзылған кезде жауынгер Сырбай ауыр жарақат алып, ауруханада емделгеннен кейін әскерден қайтарылды.
1943-1950 жылдары Мәуленов Қостанай облыстық газетінің редакторының орынбасары міндетін атқарып, кейін Жазушылар одағының кеңсесінде жұмыс істеді. Онда «Қазақ әдебиеті» республикалық әдеби газетінің бас редакторы болды. Сондай-ақ, «Жұлдыз» республикалық әдеби журналының бас редакторы болып қызмет атқарды.
Сырбай Мәуленовтың алғашқы өлеңдер жинағы 1948 жылы жарық көрді, содан кейін отыздан астам поэтикалық кітабы басып шығарылды. Соғыс тақырыбына көп қалам тартқан Сырбай Мәуленовтың көптеген еңбектері орыс тіліне және КСРО халықтарының тіліне аударылды. Солардың ішінде «Кеңестік жазушы» баспасында жарық көрген “Новая весна” (1956), “Синие горы” (1964), “Апрельский дождь” (1972), “Зарница” (1976) және «Көркем әдебиет» баспасында жарық көрген “Листья горят” өлеңдер жинағы.
Достарыңызбен бөлісу: |