Жатырішілік препараттар. Бұл әдіс кең қолданылады, Индекс Перля бойынша 2 балл. Жүктіліктен сақтану үшін спираль орнатуды арнайы маманданған медициналық қызметкер жүргізеді. Жатыр қуысында 5-10 жыл тұра алады, содан кейін ауыстырған жөн. 2 түрі бар: - Нейтральді
- Медикаментозды.
Әсер механизмі: сперматозоид активтілігін бәсеңдетеді, эндометрийде жұмыртқа өмірін қысқартады, жатыр түтігі перисталтикасын төмендетеді. Контрацептивті әсері гормон бөлуші түрі әрдайым өзінен гормон гестаген бөліп отырады, бұл эндометрий пролиферациясын төмендетіп, жалпақ клеткалар атрофияланады. Жатырға орнатуды көп дәрігерлер 1 ші менструация күні, аборттан кейін, туғаннан кейін, шұғыл контрцепция мақсатында жасауды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |