Егер біртекті магнит өрісінде жазық рамка бірқалыпты айналса, онда рамкада айнымалы ЭҚК пайда болады, айнымалы ЭҚК гармониялық заңмен өзгереді. Электродвигательдердің жұмыс істеу принципі осыған негізделген. Электродвигательдер арқылы механикалық энергияларды, электр энергиясына айналдырады. Қазіргі өндірістегі айнымалы электр тогының жиілігі .
Контурдың индуктивтілігі. Өздік индукция Қандайда бір тұйық контур арқылы ток жүрсе, оның магнит өрісі осы контур мен шектелген ауданды қиып өтеді. Контурдағы токтың шамасы өзгерсе, онда оның контуры арқылы өтетін магнит ағыны да өзгереді. Сондықтан контурда индукциялық ток пайда болады. Осындай контур арқылы жүретін ток өзгергенде, контурда индукциялық токтың пайда болуын өздік индукция құбылысы деп атайды. Ол электромагниттік индукцияның бір түрі. Катушкада ток өзгергенде оның магнит өрісі де өзгереді, демек катушканың өзінде ЭҚК пайда болады. Оны өздік индукциялық ЭҚК деп атайды. Био-Савар-Лаплас заңы бойынша екенін білеміз, олай болса магнит ағыны да тоққа тура пропорционал, яғни
Достарыңызбен бөлісу: |