3-сұрақ. Баланстың топтастырылған баптарын кесте түріндекөрсету орынды болады.
Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А,) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ, ал екінші бөлігі керісінше.
г Актив пен пассив баптарының I тобының жиында-салыстыру жақында келіп түскен кірістер төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді. Актив пен пассив баптарының II тобын салыстыру уақытта күтілетін төлем тәртібінің (3 айдан дейін) жағдайының жақсаруы немесе нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының I және II топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ол қарастырылып отырған мезгілге жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін (төлем қабілетсіздігін) көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорынның жыл басында да, аяғындада баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі болмаған. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердің сомасы жыл басында 18570 мың тг. (122+18448) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер - 28075 мың тг. (22325+5750), бүл 9505 мың теңгеге [(28075-18570) немесе (22203+12698)] төлем қаражатынан көп. Жыл соңында төлем жетіспеушілігі 15195 мың теңгені [(3751+10168) 26564+2550-13919-29114 немесе (-22813+7618)] құрады.
Баяу өткізілетін (жүретін) активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттарының айтарлықтай артықшылығы болған. Егер жыл басында оның мөлшері 6365 мың теңге болған болса, жыл аяғында 10740 мың тенгені құрады, немесе есепті жылы 1,7 есе өскен.
Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның онын иеленушілері (меншік иелері) алдындағы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз айналым капиталының болуы талап етіледі. Олжоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс: А4< П4, меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болу керек. Талданып отырған кәсіпорында теңсіздік сақталмаған.
Жыл басы мен аяғында баланс активінің баптарыныңжиыны пассив баптарының жиынынан сәйкес 3140 мың тг. және 4455 мың теңгеге көп болған, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлағанын көрсетеді, себебі оның өзінің үздіксіз қызметін жүзеге асыру меншікті айналым капиталы болмаған.
Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі -бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жургізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа (оның мөлшеріне, төлеу уақытына, дебиторлардың есеп айырысу көздеріне) аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |