151
Білім жүйесін ақпараттандыру және мәселені шешу құзыреттілігін әрі қарай
дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кенінен оқу
процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады.
Міне осыған байланысты тұлғалық өзекті тақырыптын мақсаты:
-
оқу танымдылық коммуникативтік құзіреттіліктің және ақпараттық оқу
технологияларын жетілдіре отырып, математикаға деген қызығушылығын
арттырып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі. Осы
мақсаттарды жүзеге асырғанда оқушының пәнге деген қызығушылығы
артады. Математика сабағында оқушыларды шығармашылық жұмысқа
жұмылдыра отырып, электронды оқулықты пайдалануға болады. Электронды
оқулықта барлық тақырыптар, тарау бойынша тест сұрақтары, өзіндік
есептер, функциялардың графиктері толықтай қамтылған. Оқушылар
электронды оқулықты пайдаланғанда, үлкен ізденіс үстінде жұмыс істеуге,
оқуға, тақырыпты біліп-тануға қабілетін шыңдай түседі.
Оқытудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық
ерекшелігі – оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілетіндігінде.
Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын
арттыруға септігін тигізеді. Оқытудың техникалық құралдар арқылы
оқылатын тақырып пен құбылыстарға тереңірек бойлай аламыз.
Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен
оқушыларға колледж жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес
құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен,
оның ішінде экрандық-дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын
ғылыми ақпараттық тұрғыдан бере аламыз. Сонымен компьютермен
оқытудың техникалық құралдары төмендегі мәселелерді қамтиды:
1.
Оқушыларға оқылатын тақырып туралы дәл ақпаратты бере отырып, оқу
сапасын арттырады;
2.
Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі
материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
3.
Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқыту материалын түсіндіру
мүмкіндігін арттырады;
4.
Оқушылардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
5.
Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта
олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
6.
Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Сонымен оқыту үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін
белсендіруде дәстүрлі әдістер мен жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды
өзара сабақтастықта пайдалану, дәстүрлі сипаттағы жұмыс түрлерін жаңаша
тұрғыда өзара ықпалдастықта пайдалану, математикалық білім беруді
ақпараттандыру оң нәтиже береді деп есептейміз.
Пайданылған әдебиеттер:
1.
Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы. – Егемен Қазақстан, 19 қаңтар 2006 жыл (№16)
152
2.
Математика және физика. №3-2005 жыл
3.
Қазақстан мектебі. №9-2006 жыл
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Нурманова Гульнара Салимгереевна
Ақтөбе қаласы №50 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Еліміздің Ата заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы
тиістігі жазылса да, өкінішке қарай, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
өзекті мәселе күйінен түспей тұр. Олардың қатары жыл сайын өсіп
жатқандықтан, жарымжан балаларға білім беру жүйесін жетілдіру қажет.
Мәселен, 2002 жылы олардың саны 120 мыңды құраса, 2009 жылы 150 мыңға
жеткен.Оның тек 38 пайызы ғана арнаулы білім бағдарламасымен
қамтылыпты. Республика бойынша 101 коррекциялық мектепте және жалпы
білім беретін мектептердің 1096 арнайы сыныптарында 24 мың бала білім
нәрімен сусындауда. Ал жалпы білім беретін мектептерде 56 мыңнан аса
мүмкіндігі шектеулі балалар оқып жүр. Қазір олардың мүмкіндіктерін ескере
отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасау қажет. Сондықтан
мамандар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажет екендігін алға
тартады. Осы мақсатта Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми –
педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтта
бас қосқан педагогтар, мүгедек балаларға инклюзивті білім беруді талқыға
салып жатыр.
Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының
эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.
Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие
сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Осы ретте мектебімізде
әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі
ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі
шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін
мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл
сыныптың мақсаты: әр сыныптағы ерекше оқушыларды бір сыныпқа
топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай
білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар.
Ерекше білім берудің мақсаты–даму мүмкіндігі шектеулі балаларды
қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне,
шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі
болып табылады. Ерекше білім беру–мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-
үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде
қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды.
Ерекше оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік
мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер
бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік
Достарыңызбен бөлісу: |