137
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда сабақ беру кезеңіндегі өз тәжірибемнің
нәтижесінен
түйіндегенім,әрине
«дәстүрлі»
сабаққа
үйренген
оқушыларымды жаңа жүйеге үйрету бірден аспағанын, белгілі бір уақыт
қажет болғанын айтпай кетуге болмас, дейтұрғанмен өзім үшін де, оқушы
үшін де жаңа бетбұрыс болғаны анық. Сабақтарымда топтық тәсілді тиімді
қолданудың оқушының өзіндік білім алудағы нәтижелілігін ұғындым.
Қазіргі біздің қоғамға жоғары білікті, кәсіби дайындалған,
шығармашылықпен ойлайтын оқушылар қажет. Заманауи білім берудің
стратегиясы әрбір адамда табиғаттан берілген шығармашылық тума талантты
жан-жақты дамыту болып табылады.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ӨМІР ҚАЖЕТТІЛІГІ
Кулмуханбетова Жанна Жумабаевна
Ақтөбе облысы, Темір ауданы
№4 Шұбарқұдық жалпы білім беретін орта мектебінің технология пәні мұғалімі
Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын,
енгіземін) немесе енгізілген білім беру–жалпы білім беру мектептерінде
ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін
пайдаланылатын термин.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму
деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен
болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ)
балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға
үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не
арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық
түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына балаларын бергісі
келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы
бойынша жеңілдетілген бағдарлама мен оқытуына толық құқылары бар.
Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның
қорытындысы бойынша көрсетілген,яғни,баланың деңгейіне қарай
жеңілдетілген бағдарлама мен кемтар балаларды тәрбиелеуге және
инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы
мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі,
логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық
игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана
алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп-интернатқа жібергісі келмесе,
жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай,
жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.
Қазіргі таңда олардың мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған
бағдарламалар және де әдістер бар. Алайда бұл тұрғыдан аса дарынды
және талантты балаларды анықтау проблемасы мен орлардың
ерекшеліктерін зерттеу әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған