Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет59/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73

140 
 
• 
Екіншіден,  психологиялық  жағынан  қарастыру,  яғни,  оқушының  жеке 
тұлғасын қалыптастыру мәселелерін қарастыру; 
• 
Үшіншіден, кибернетикалық жағынан қарастыру. 
 
Дамыта  оқытудың  басты  ұстанымдары  ретінде  мынадай  ұстанымдар 
алынады: 
-
Сабақтың құрылымын проблемалық сабақ ретінде құру ұстанымы; 
-
Оқушылардың 
ойлау 
қызметін 
белсендіруде 
көрнекі–нақты, 
практикалық,көрнекі–бейнелі,  дерексіз,  теориялық  сияқты  түрлі  ой 
операциялары  мен ой амалдарын  қолдана отырып,  сапалы  түрде  теориялық 
ойлауын дамыту ұстанымдары; 
-
Пәнді  оқытуда  индивидуалдық  және  саралай  оқыту  талаптарын  ескеру 
ұстанымы; 
-
Оқушылардың тілдік құбылысты оқып-меңгерудегі ой қызметінің қадамдық, 
сатылық, алгоритмдік, эвристикалық, проблемалық, шығармашылық қызмет 
түрлерін қалыптастыру, ұстану; 
-
Оқытудың ғылымилығы мен жүйелілігі ұстанымы. 
Осы ұстанымдар негізінде  пәнді дамыта оқыту әдіс-тәсілдері, құралдар 
және  оқытудың  негізгі  формалары  сабақ  пен  сабақтан  тыс  жұмыстардың 
құрылымы,  оқушылардың  ізденімдік  қабілетін  дамытуға  арналған  басқа  да 
жұмыс түрлері анықталады. 
Дамыта  оқытудың  дәстүрлі  оқытудан  айырмашылығы:  көздеген 
мақсатында,  мәнінде,  мазмұнында,  дамытудың  негізгі  факторында, 
мұғалімнің  рөлі  мен  атқаратын  қызметінде,  оқушының  білім  алу 
белсенділігінің  түрінде,  оқу  үрдісінің  мүшелерінің  әрекеттестік 
ерекшеліктерінде,  олардың  қарым-қатынас  сипатында,  танып-білу  үрдісін 
ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т.б.  
Кәсіби  білім  беру  мақсатының  бір  шама  тұжырымы  бар.  Маман 
тұлғасын  дамыту,  ол  оның  толық  кәсіби  маман  ретінде  өсуінің,  кәсіптік 
қалыптасуының,  маман  ретінде  жетілуінің  амалы  ретінде  қарастырылады. 
Сондықтан,  кәсіби  білім  беру  орындарының  мақсаты  оқушының  кәсіби 
жоғарғы деңгейдегі маман ретінде барлық жағдай жасау болып табылады. Ол 
үшін  маман  тұлғасының  дамуын  көздейтін  кәсіби  білім  беру  үрдісін 
ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.  
Дамыта оқыту – кәсіби білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті 
қарым-қатынаста, кәсіби оқу орнында және одан тыс істе асырылатын өзекті 
мақсаты,  сонымен  қатар,  болашаққа  болжаған  оқушы  тұлғасын  өзіндік 
жетілдіруіне,  өзіндік  қалыптасуына  жеткізетін  амал.  Маман  тұлғасының 
дамуы  түсінігіне  оның  қалыптасуына,  біртұтастығына  және  бөлек 
бөліктеріне позитивті өзгерістер енеді.   
Қазіргі  кезде  дамыта  оқыту  кәсіби  білім  беру  орынын  қалыптастыру 
жер-жерлерде ынталы  жүргізіліп  жатыр.  Кәсіби  білім беру  ісінде  уақыттың 
көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты 
өнімсіз  еңбекке  жұмсалып  жатады.  Осының  нәтижесінде  кәсіби  білім  беру 
орындарында дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін «осылай істе» деген 


141 
 
ұстаным  бойынша  танымал  және  тәжірибелік  міндеттерді  шешуге 
бағытталған  жалпы  заңдылықтар  мен  интеллектуалды  іскерлікті  саналы 
қолдану  негізінде  емес,  оқытушы  берген  үлгілерді  ұғынбастан  орындау 
негізінде құрылып жүргені жасырын емес.  
Әлемдік  тәжірибеде  бірнеше  түрлі  өзара  балама  кәсіби  білім  беру 
орындар  баршылық,  әрбіреуінің  ұтымдылығы  әр  түрлі.  Мысалы,  дәстүрлі 
кәсіби білім беру орын түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, 
ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға 
іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Маман тұлғасының 
дамуына  айтарлықтай  ықпал  жасауды  кәсіби  білім  беру  орнының  іргесінде 
іске асыру  –  қазіргі  кездегі білім беру  жүйесінің дамуындағы  елеулі  бағыт. 
Яғни,  мемлекеттік  білім  беру  стандарты  бойынша,  базистік  оқу  жоспарына 
негізделген,  топты-сабақты  ұстанымды  сақтайтын,  бірақ  үнемі  өзгерістегі, 
заманға  қарай  икемделудегі  білім  беру  жүйесі  және  кәсіби  мамандылық 
жетістіктерге ашық оқу орны болуы тиіс. 
Маман  тұлғасының  дамуына  максималды  себепкер  болу  үшін  дамыта 
оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан. Соның ішінен сабақ 
беруге басшылыққа алып, қолдануға ыңғайлысын келтіре кетейік.  
1. 
Оқыту үрдісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеру уәжіне 
оқушының қызығуын тудыру.  
2. 
Оқытушы білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісін маман 
өз мамандығы бойынша біліктігі мол, не басқа білім алу мәселесін шешу 
барысында білікті мамандарға сүйене білу, ал нәтижесі оның үздік білікті 
маман болатындай етіп жасау керек.  
3. 
Жұмысты  тексеруде  баға  оқушының  жеткен  нәтижесіне  емес,  оның 
еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек. 
4. 
Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне 
қарқынды  ой  еңбегін  қажет  ететін  тапсырманы  орындау  арқасында  өзі 
жетуі керек. 
5. 
Оқушы  санасына  әл  бастан  болашақ  маман  ретінде  қарап,  соған 
байланысты  қиын  тапсырмалар  беріп,  дұрыс  орындалуын  тексеріп  отыру 
керек.  
 
Дамыта  оқыту  идеясы  бойынша  оқушыға  оқу  мақсаттарын  қоюда, 
шешуде  ешқандай дайын  үлгі  берілмейді.  Мақсатты  шешу  іштей  талқылау, 
сосын  жинақтау  арқылы  жүзеге  асады.  Оқытушы–сабақ  үрдісін 
ұйымдастырушы,  бағыттаушы  адам  рөлінде.  Шешім  табылған  кезде  әркім 
оның  дұрыстығын  өзінше  дәлелдей  білуге  үйретіледі.  Әр  оқушыға  өз  ойын 
білдіріп,  пікір  айтуға  мүмкіндік  беріледі,  жауаптар  тыңдалады.  Әрине, 
жауаптар  барлық  жағдайда  дұрыс  бола  бермес.  Дегенмен,  әр  бала  жасаған 
еңбегінің  нәтижесімен  бөлісіп,  дәлелдеуге  талпыныс  жасайды,  жеке 
тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. 
Маман  дамуына  ықпал  жасайтын  сабақтар  үлгісінің  бәріне  жүктелетін 
міндеттер жүйесі төмендегідей: 
− 
оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру; 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау